Автор: admin

Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, төтенше жағдай «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. «Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан», — деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов. https://youtu.be/8qeVYEDhuEk Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, тоғыз адам зардап шеккен. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан адамның туыстарына көңіл айтты. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алматы облысындағы төтенше жағдайды прокуратура бақылауға алды Алматы облыстық төтенше жағдай департаменті жедел штаб құрды. Мына телефондар бойынша жедел желі ашылды: (87282) 220213, 220018. Сондай-ақ, Алматы қалалық…

Read More

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматының құрметті азаматы болды. ⠀ Ірі мегаполистің бұрынғы әкіміне айтулы награданы Қала күнін тойлау салтанатында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев табыс етті. ⠀ Биыл Алматының құрметті азаматы атанғандардың арасында жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов, театр және кино актері Юрий Померанцев, ақын әрі жазушы Олжас Сүлейменов сынды әдебиет пен мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ медицина саласына еңбек сіңірген тұлғалар бар. Бұдан бөлек, қоғам дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі тұлғалар, ЖОО ректорлары, қоғам қайраткерлері «Еңбек үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Read More

Субботу второй молодежный форум «БАСТА» собрал в Таразе молодых людей со всей области. В их числе – первые выпускники проекта «Жас кәсіпкер», действующие молодые предприниматели и те, кто только мечтает о собственном бизнесе. «Жас кәсіпкер», стартовавший в текущем году, открывает большие возможности для молодежи, — передает пресс-служба Палаты предпринимателей Жамбылской области. На сегодняшний день по проекту «Жас кәсіпкер» завершилось обучение второго потока слушателей. Всего планируется охватить 1000 молодых людей. По области работают 10 учебных классов. По завершении обучения молодежь может получить гранты или же льготные кредиты на начало собственного бизнеса. Сегодняшний форум мы организовали с целью встречи выпускников проекта «Жас кәсіпкер» с…

Read More

Елімізде жылыту маусымы басталысымен тұрғындар арасында иіс тиіп улану оқиғасы жиілейді. Мамандар «алдын алып, қауіпсіздік ережелерін тұрғындарға түсіндірдік» дегенімен жылдағы статистика көңіл көншітпей тұр. Мәселен, Жамбыл облысында жыл басынан бері осындай 8 оқиға тіркелген. Салдарынан 13 адам зардап шегіп, 3 кісі қаза тапқан. Күз айы түсісімен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірінші болып көшелерді аралауға шығады. Жеке сектордағы үйлерге барып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге кіріседі. Әрине үй иелері кіргізсе немесе есігін ашса ғана. Қазір де сол жылдағы қалыптасқан шара басталды. Мамандар бүгінгі күнге дейін 300 мәрте рейд ұйымдастырған. Айтуларынша былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда қаза тапқандар саны 3 есеге, ал жарақат…

Read More

Су жаңа Seibu 001 немесе Laview деп аталған жапондық пойыздың авторы – архитектор Кадзуйо Сэдзима, ол «қонақ үй» функциясын атқарады, деп хабарлайды CNN. Seibu Railway пойызы наурызда іске қосылды, ол Токио қаласынан тауға қарай күнделікті сапар шегеді. Терезелері жолаушыларға Токионың тамаша табиғатын кең ауқымда көрсетіп тұрады. Ал пойыздың ішіндегі әр деталь, жиһаздар «қонақ үйді» еске салады. Архитектордың айтуынша, бұл – пойыз темір жол компанияларының бәріне ой саларлық жаңалық. Ең басты ерекшелігі, таулы аймақта жүрсе де, пойыздың ішіндегі ыңғайлылықтың қонақ үйден кем еместігі. Laview пойызында 422 орын бар, сағатына 120 шақырымды бағындырады.

Read More

Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы К. Абжановаға қатысты тергеуді аяқтады. К. Абжанова 21 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын өзінің карталық шотына заңсыз аударғаны үшін күдікке ілінген болатын. 12 қыркүйекте №2 қалалық сотының үкімімен Абжанова ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін айыпты деп танылды. Ол 7 жылға шартты түрде сотталды. Айыпталушы мемлекеттік қызметте және жергілікті басқару органдарында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Read More

13 қыркүйекте Арыс қаласының аумағында болған төтенше жағдай салдарынан төрт әскери адам жарақат алды, — деп хабарлайды Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. «Әскери қызметшілер қойманы оқ-дәрі бөлшектерінен тазарту бойынша жоспарлы жұмыстарды орындау кезінде жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстарды орындаған келісімшарт қызметінің төрт әскери қызметшісі жарақат алды. Олардың барлығы әскери бортпен Алматы қаласындағы әскери клиникалық госпитальға жеткізілді. Осы дерек бойынша әскери полиция тексеріс жүргізеді. Бейбіт тұрғындарға қауіп болған жоқ, жағдай бақылауда», — делінген хабарламада. Ведомство өкілдері Арыс қаласында және оқ-дәрілерді сақтау объектілеріне іргелес жатқан аумақтар тазартылғаннан кейін оқ-дәрі бөлшектерінің негізгі бөлігі әскери бөлімнің аумағында орналасқанын және бейбіт тұрғындарға еш қауіп төндірмейтінін еске салады. «Сонымен…

Read More

Испанияда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға жетті, — деп хабарлайды La Vanguardia газеті Азаматтық гвардиядағы дереккөзге сілтеме жасап. Оның денесі Бенферри муниципалитетінде (Аликанте провинциясы, Валенсия автономды бірлестігі) табылды. Қаза тапқан — Редован муниципалитетінің тұрғыны 58 жастағы азамат. Болжаммен оны ағыс алып кеткен. Осыған дейін, су тасқыны салдарынан төрт адамның зардап шеккені туралы айтылған еді. Жұмада ер адамның денесі Гранада провинциясындағы жолдың жиегінен су басқан автокөліктен табылды. Тағы бір ер адам Альмериядағы су басқан тоннельде көліктің салонында қалып қойған. Екі адам бейсенбі күні муниципалитете Каудете (провинция Альбасете, автономды бірлестігі Кастилия-Ла-Манча) елдімекенінде қаза тапты. Эвакуацияланғандардың саны 3,5 мың адамға жеткен. Мектептерде сабақ тоқтатылды.…

Read More

Тараз қаласында 13-14 қыркүйек күндері «Трансфузиялық медицинаның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Қазақстанның ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мемлекеттік органдарының басшылары және Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы тағы басқа елдердің трансфузиология саласындағы сарапшылары қатысты. Халықаралық конференцияның кең ауқымды ғылыми бағдарламасында 30-дан астам баяндама оқылып, қазақстандық мамандарға трансфузиялық медицина саласындағы көптеген қызықты хабарламаларды тыңдауға және түрлі жағдайларды талқылауға мүмкіндік туды. Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды. Онда спикерлер ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Сания Абдрахманова, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Н. И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталықтың» Ресей Федерациясына еңбегі сіңген…

Read More

Қазақстан Қытайға экспортты 1,6 млрд долларға ұлғайтуды ұсынды, — деп хабарлайды LS қаржы агенттігі. Сауда және интеграция министрлігі тауар айналымы 60 тауар позициясы бойынша өсуі мүмкін деп түсіндірді. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары барысында, Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ҚХР Коммерция министрі Чжун Шань өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қазақстандық тарап отандық өнімнің Қытайға экспортын 1,6 млрд долларға ұлғайтып, өзара саудадағы оң трендті нығайтуды ұсынған», — деп түсіндірді Сауда министрлігі. Министрлікте атап өткендей, Қытаймен сауда айналымының үлесі 2018 жылы Қазақстанның жалпы саудасының 12,3% құрады. Өткен жылы өзара сауда көлемі 11,4 пайызға артып, 11,7 млрд долларды құраған. «Биыл біз…

Read More