Автор: admin

Әне-міне дегенше күз де келді. Жұмыс науқаны қызып, дүйім жұрт қыстың қамына кірісіп те кетті. Ал қала жұртшылығын алаңдататын – әрине, жылыту маусымы. Бұл орайда, ыстық су мен жылуды уақтылы ала аламыз ба? Қала көшелерінде көктем айларынан басталған жылу құбырларын жөндеу жұмыстарын мердігер компания мерзімінде аяқтайды ма? Бұл сұрақтардың жауабын рейд барысында табуға тырыстық. Тараз қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясы жанындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту жөніндегі комиссия шаһардың бірқатар нысандарын аралап көрді. Жалпы Тараз қаласы жылу құбырларының ұзындығы 190 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда соның 9,3 шақырымында ескірген құбырларды қайта…

Read More

Начальник Байзакского районного отдела полиции полковник полиции Асылхан Заурбеков встретился с местными жителями, — передает пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. В сходе, прошедшем в районной школе, население приняло активное участие. В своем выступлении полковник полиции А.Заурбеков осветил итоги деятельности РОП за 8 месяцев т.г., согласно которым общее количество преступлений в районе уменьшилось на 12%. В их число входят убийства, кражи, изнасилования и хулиганства. Кроме того, задержано четыре преступные группы, за которыми числится более 20 краж. В ходе диалога к начальнику РОП обращались по многим вопросам. В первую очередь людей беспокоили вопросы дорожной безопасности. В частности, родители учащихся подняли проблему парковки автотранспорта…

Read More

Жамбыл облысында өткен жылы заңсыз аң аулауға қатысты 60 дерек тіркелсе,  ағымдағы жылдың  8 айында 25 браконьер ұсталған. Қорықшылар соңғы жылдары браконерлердің азайғанын айтады. Дегенмен, әлі де болса оңай олжаға кенелгісі келетіндер жеткілікті. Мәселен, өткен жылы заңсыз аң аулауға қатысты 60 дерек тіркелсе, соңғы 8 айда 25 браконьер анықталған. Бұл орайда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция қызметкерлері қаскөйлермен күрес жүргізудегі бірқатар түйінді мәселелердің барлығын  айтады. «Атады да, көліктерімен қашып кетеді. Артынан қуып тоқтатуға біздің құқымыз жоқ. Сес көрсетеді. Мылтықпен қорқытатын жағдайлар орын алады. Өйткені біздің құқықтарымыз нақты қаралмаған. Мемлекеттік қаруды пайдалану жөнінде аңшылық алқапта болсын, басқа жерде болсын,…

Read More

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметтің сапасына кадр тапшылығы тікелей әсер ететінін жеткізді, — деп хабарлайды Tarazy.kz. «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердің тапсырысы бойынша өңірімізде 322 бос орын жарияланған болатын. Оны толтыру мақсатында республикадан 185 жас маман жолданғанымен, әлі де 130-дан астам маман қажеттігі туындап тұр. Басқарма мұны өз бетімен келетін оқу орындарының түлектерімен толықтыруды жоспарлап отыр», — дейді Марат Жаманқұлов. Басқарма тарапынан облысқа қандай мамандар қажеттігі зерделеніп, нәтижесінде акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог мамандарының тапшылығы анықталған. Осы орайда облыстық бюджеттен 8,7 миллион теңге бөлініп, 9 маманды оқыту жоспарлануда. Сонымен қатар, мамандар…

Read More

Жамбыл облысында 12 қап есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің Instagram желісінде жарияланды. «Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен Бірлік-Мойынқұм — Ұланбел тас жолының 33-шақырымында Шу қаласының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Toyota Runner» маркалы автокөлігі ұсталды», — делінген хабарламада. Көліктен жалпы салмағы 287,5 келі болатын 12 қап кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Тараз қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. https://www.instagram.com/p/B2QdgWCgzMD/?utm_source=ig_embed

Read More

Формула-1 жарысының әйгілі шабандозы, әлемнің жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер есін жиды. Бұл туралы аурухана өкілдері хабарлады. Айта кетейік, қазір әйгілі спортшы Париждегі Жордж Помпиду атындағы клиникада емделуде. Еске салсақ, Михаэль Шумахер 2013 жылдың 29 желтоқсанынан бастап төсекте жатыр. Ол Австрияның Альпі тауында шаңғы тебу кезінде бас жарақатын алып, артынан комаға түскен еді.

Read More

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, — деп хабарлайды Тұңғыш Президент сайты. Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, Елбасына Jas Otan жастар қанатының қызметін жандандыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдауларының жедел әрекет ету және өңірлердегі азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстарын баяндады. Кездесу соңында партия Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Read More

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалар жайы қаралды. Онда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды, – деп хабарлайды Tarazy.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетсек, жыл басында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалардың бірыңғай базасын құру тапсырылған болатын. Осы орайда 238 жобаның тізілімі түзілген. Бүгінде оның 63 жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде десек, 42 жоба жыл соңына дейін толығымен аяқталады деп күтілуде. Бұлар – әлеуметтік саладағы нысандар. Осы жобалардың 39-ы білім саласына қатысты. Дәлірек айтқанда, мектептердегі асханалардағы қызмет көрсету барысын мемлекеттік-жекеменшік аясында…

Read More

Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры пара берді деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. «Ол ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру және жалпы қамқорлық туралы мәселені оң шешкені үшін бес мың АҚШ доллары сомасында пара берді деген күдікке ілінді», — делінген хабарламада. Ведомство өкілдері сондай-ақ, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасының пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Read More

Қытайлық ең бай кәсіпкер Джек Ма отставкаға кетті, — деп хабарлайды Time. Қытайлық ең бай кәсіпкер, Alibaba компаниясының құрылтайшысы Джек Ма бір жыл бұрын басшылықтан алшақтайтынын айтқан еді. Енді міне ресми түрде директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Оның орнына компанияның бас директоры болып Дэниэл Чан тағайындалды.

Read More