Автор: admin

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Жамбыл Сматов Тараз қаласының прокуроры болып тағайындалды, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. Сматов 1985 жылы 26 шілдеде дүниеге келген. 2008 жылдан бастап прокуратура органында жұмыс істеп келеді. Бұрындары Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданы және Тараз қаласы прокуратурасында қызмет етті. Бас прокуратурада жұмыс істеді. 2017 жылы қазаннан бастап Нұр-Сұлтандағы Сарыарқа ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Read More

Жергілікті тұрғындар көтеріп отырған мәселелерді зерделеу, халықпен кері байланыс орнату, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тәртібін жүйелендіру және оның тиімділігін арттыру мақсатында Жамбыл облысында Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс алгоритімдері бекітілген болатын. Бұл ретте халықпен тиімді кері байланыс орнату – басты талап. Бүгін облыс орталығы Тараз қаласының әкімдігінде Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған қала активі жиналысы өтті. Жиынға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Тараз қаласы бойынша ақпараттық топтың жетекшісі Б.Орынбеков, Президент Жолдауын түсіндіру жөніндегі облыстық, қалалық ақпараттық топтардың мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен ұлттық-мәдени орталықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының…

Read More

Жамбыл облысында  «Н.НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР. ТҰЛҒА. ҚОҒАМ.» көшпелі көрмесі ашылды. Бұл көшпелі көрме Жамбыл облысының 80 жылдық мерекесіне тамаша тарту болды, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Н.НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР. ТҰЛҒА. ҚОҒАМ.» атты  көшпелі көрменің ашылуына ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, облыс әкімі Асқар Мырзахметов  және қала тұрғындары мен студенттер қатысты. Өз алғы сөзінде Асқар Исабекұлы іс-шараның мазмұны мен маңыздылығы туралы  айтып өтсе, Әмірхан  Мұратбекұлы Тәуелсіздік жылдарындағы Тараз қаласының дамуындағы Елбасының ерекше рөліне тоқталды. Бұл көрмеде Тәуелсіз еліміздің қалыптасу тарихындағы Тұңғыш Президенттің рөлі жүйелі және мазмұнды көрсетіледі. Қонақтар Елбасының архив, кітапхана, музей қорларынан алынған бірегей материалдармен танысты. Сондай-ақ,…

Read More

5 қыркүйекте, сағат 10.00-де Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, қала тұрғындары мен студент жастар қатысады. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы Тұңғыш Президенттің рөлін жүйелі баяндайтын көрмеде қонақтар Елбасының архив, кітапхана, музей қорларынан алынған бірегей материалдарын тамашалай алады. Тараз қаласының қалың жұрты Н.Ә. Назарбаевтың жоғарғы мемлекеттік марапаттар коллекциясымен, мемлекет басшылары мен беделді жазушылардың қолтаңбасы бар тартулық басылымдар мен Елбасының шет тілде жарық көрген еңбектерімен алғаш рет танысады. Көрме төрт бөлімнен құралған. «Елбасы жолы» бөлімі Тұңғыш…

Read More

Послание к народу Казахстана Касым-Жомарт Токаева от 2 сентября 2019 года это глубокий анализ всех ключевых сфер развития республики. Мы поддерживаем стратегию Президента, здесь затронуты основные рычаги развития страны, определены конкретные задачи. Глава государства дал поручения парламенту и правительству относительно ужесточения уголовного наказания за тяжкие преступления против личности, в том числе особо отметил проблему суицида среди подростков. По данным ВОЗ Казахстан занимает 10 место в мире по числу самоубийств. Суицид как серьезная проблема охраны общественного здоровья заслуживает нашего внимания, к сожалению, предотвращение и контроль самоубийств не просто решаемые задачи. «Следует целенаправленно заняться проблемой высокой суицидальности среди подростков. Нам предстоит создать…

Read More

3 қыркүйекте Жамбыл облысы Қордай ауданы Әлжан ана ауылының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиясы өтті. Оның шымылдығын ашқан Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов жергілікті тұрғындарды «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрме жобасымен қысқаша таныстырды. Елбасы кітапханасының қызметкерлері «Тұңғыш» экскурсиялық концепциясының аясында «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасына тақырыптық экскурсиялар әзірлеген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен тәуелсіз Қазақстанның даму тарихынан сыр шертетін деректі фильмдердің көрсетілімі өтті. Аудан тұрғындарының назарына Елбасы кітапаханасының музей қоры мен Елбасының жеке архивінен жасақталған «Елбасы және жаңарған Жамбыл өлкесі» фотосуреттер көрмесі де ұсынылған. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова…

Read More

2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-ЖомартТоқаев Қазақстан халқына өзінің алғашқы Жолдауын жолдады. Онда елдің әлеуметтік саласын, білім беру мен денсаулық сақтау саласымен бірге мәдениет саласына айрықша көңіл бөлінгенін көреміз. Ел бірлігі-тіл саясаты,халқы тату-тәтті саясаты салиқалы елдің ғана болашағы баянды болатынын дәйекті деректер келтіре отыра көп ұлтты мемлекетіміздің мемлекеттік тілі. Қазақ тілі-ұлт аралық қатынас тіліне айналады деді. Міндетті зейнетақы қорына қосымша 5 процент мөлшеріндегі жұмыс берушіден аударылатын қаржы 2023 жылға дейін тоқталатынын,бұл жаңа кәсібін ашып жатқан кәсіпкерлерге еңсесін көтеруге үлкен көмек болады. Ал бизнесті дамытуға 250 миллиард бөлінетінін, халықтың көңілінде жүрген сұрақ, жер сатылмайтынын ашық айтты. Осының барлығының іске…

Read More

Өздеріңізге белгілі бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған Президентіміздің алғашқы жолдауында еліміз қажет ететін бір қатар күрделі мәселелердің шешімі қамтылып отыр. Әсіресе, білім беру сапасын жақсарту тұрғысында айтылған нұсқаулықтары мына біз, білім саласы қызметкерлерінің көңілінен шығып отыр. Жолдаудағы мәселелер қарқынмен жүзеге асса елімізде жұмыссыз жүрген жастардың саны азайып, білімді, кәсіби қабілеттілігі жоғары жастар саны артары сөзсіз. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз сөзінде, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру керек,- депатапөтті. Расында қазір ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы айқын…

Read More

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты мемлекет басшысы Қасым- Жомарт  Тоқаевтың халыққа Жолдауы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  басшылығымен әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналған еліміздің Тәуелсіздігін нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартудың жаңа сапалы кезеңінің мүмкіндіктері және міндеттері айқындалып отыр. 5 институционалдық реформа және Ұлт жоспарын толық жүзеге асыру қажеттілігін көздейтін Жолдау Президенттің сайлау алдындағы бағдарламасының негізі болып табылады. Саяси жүйенің «Күшті Президент — ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі болып табылатының атап көрсеткен мемлекет басшысы  азаматтық қоғамды қолдау және нығайту қажеттілігіне тоқталды. Осы мақсатта құрылған  Қоғамдық сенімнің ұлттық кеңесі…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған алғашқы Жолдауы бизнес өкілдері үшін тосын, әрі жағымды жаңалықтарға толы болды. Бұл туралы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауовайтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Әсіресе, Президенттің «Жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға шегеріледі», — деген сөзі кәсіпкерлердің еңсесін көтеріп тастады. Бұл мәселе айтылған сәттен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске ары қарай ауыртпалық салуды ұлғайтуға қарсылығын білдіріп, аталған нормаларды қайта қарау бойынша нақты позицияны ұстанған болатын. Сонымен қатар, Ұлттық палата өз кезегінде кәсіпкерлерді, қауымдастықтарды, тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы мәселені жан-жақты талқылауға да шақырды. Міне, бүгін нәтижені көріп отырмыз, Қасым-Жомарт…

Read More