Автор: admin

Биыл Жамбыл облысында 545 мүмкіндігі шектеулі адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлы айтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Бүгінде облыс бойынша 45 326 мүгедек бар болса, оның ішінде 1-ші топтағылар — 4164, 2-ші топтағылар — 18535, 3 топтағылар — 16342 адам. Оның ішінде 6285-і 18 жасқа толмағандар. Ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында облыстық бюджеттен 764,1 миллион теңге қаржы бөлінген. Әлеуметтік оңалту құралдарға мұқтаж 5655 мүгедекті тиісті бұйымдармен (сурдо-720, тифло-880, кресло-қорап-617, емдеу-сауықтыру-2138 және протез-ортопедия — 1300) қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұдан басқа Тараз қаласы мен аудан…

Read More

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдегі ЖОО-ның 2019-2020 жылдарға арналған оқу ақысы мен білім гранттары төңірегінде баспасөз-конференциясы болып өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Іс-шараға М.Х Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ректоры Махметқали Сарыбеков және Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы аталған тақырып аясында баяндама жасап, журналисттер сұрағына жауап берді. «Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына 53785 мемлекеттік білім гранты бөлінді. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 191 грантқа артық. 2019-2020 оқу жылына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 13484 мемлекеттік білім гранты бөлінді немесе 2018 жылмен салыстырғанда 980 грантқа артық. 2019-2020 оқу…

Read More

Жамбыл облысы Шу ауданында бүгінде қуаттылығы 100 мегаватты құрайтын күн электр стансасының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Аталған инвестициялық жобаның жалпы құны — 60 миллиард 737 миллион теңге. Осынау жобаның құрылысын жүргізуді міндеттеріне алған француздық «Total Eren» мұнай-газ компаниясының еліміздегі өкілі және «M-Kat Green» ЖШС-ның бас директоры Илья Чернодаров мұндағы құрылыс жұмыстарының 45 пайызы аяқталып, қажетті жабдықтардың 70 пайызы жеткізілгенін айтады. «Жалпы, бұл іс кестеге сай жүзеге асырылуда. Барлығы 350-ге жуық адам жұмыс істейді. Ал нысанды келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында толық іске қоссақ деп отырмыз. Станса аумағы қоршалып, тегістеу жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Қазір күн панельдеріне арналған…

Read More

Жамбыл облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысындағы биылғы алты айдағы жұмыстары бойынша қорытынды шығарды. Оның ішінде, ағымдағы жылдың жартысында жалпы несие сомасы 1 миллиард 447 миллион теңгені құрайтын 40 кепілдендіру шартына қол қойылған. Бұл ретте «Даму» Қоры шығарған кепілдіктердің жалпы сомасы 435,6 миллион теңгені құрап отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Жамбыл облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалының ағымдағы 6 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері, сондай-ақ облыстағы кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың іске асыру нәтижелері жарияланды. «Даму» Қоры мемлекеттік қолдаудың жан-жақты және тиімді құралдарын енгізу арқылы Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты дамуын…

Read More

Жамбыл облысында апатты жағдайдағы — 1, үш ауысымды — 1 және орын тапшылығы бар — 3 мектептің құрылысы аяқталып, биыл 1 қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Осылайша биылғы жылы облыста үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырова мәлімдеді. «Ағымдағы жылы облыс бойынша 12 білім нысанының құрылысын жүргізуге қаржы бөлінді. 5 мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Олар Жамбыл ауданындағы Бірлесу еңбектегі, Меркінің Қазақ дихан ауылындағы, Шу қаласының Тоғай массивіндегі орын тапшылығы бар мектебі, Байзақ ауданындағы үш ауысымды Ақшолақ мектебі және Жалпақсаздағы апатты мектеп», — деді басқарма басшысының орынбасары. Күрделі жөндеу жұмыстарын қажет…

Read More

Жамбыл облысында автомобиль жолдары саласында атқарылып жатқан игілікті істер жет­кі­лікті. Бүгінде, облыста жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді-мекен көшелерінің желісі — 9 690 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары – 1152 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 1987 шақырым, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары – 1188 шақырым және елді-мекендер көшелерінің желісі – 5363 шақырым. Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында соңғы жылдары елімізде ірі магистралды жолдар салынып, күрделі жөңдеуден өтуде. Оның ішінде, өте маңызды және iрi жобалардың бiрi «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізі жобасы аясында облыста республикалық маңыздағы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы қайта жаңғыртудан өтті. Соның нәтижесінде, Қазақстанның өзге елдермен…

Read More

«Қазфосфат» жылдан-жылға еңбек өнімділігін тұрақты түрде еселеп, арттырып келеді. Барлық филиалдары заманауи үлгіде әрі ыңғайлы тұрмыстық кешендермен жабдықталған. Бүгінде «қазфосфаттықтар» 20-ға жуық өнім түрлерін шығарып, оның басым бөлігі АҚШ, Еуропа және Азия елдеріне экспортталады. Жалпы серіктестіктің «Минералды тыңайтқыштар» зауыты ҚР Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылып, бүгінде  ауыл шаруашылығы үшін фторсыздандырылған минералды тыңайтқыш өндірумен айналысуда. Жылдық қуаты 300 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін минералды тыңайтқыш шығаратын технологиялық жүйенің жұмысы туралы айтқанда, өндіріс орнында жергілікті шикізат пайдаланылатыны, Қаратау қаласының фосфат шикізаттары өңделетінін айта кету керек. Осы орайда өзінің бәсекелестік қабілетін жоғалтпас үшін компанияда автоматтандырылу мен бизнес жүйесін жақсарту бойынша…

Read More

Қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченконың жекпе-жегі 5 қазанда Madison Square Garden аренасында өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Боксшылар орта салмақтағы IBF титулына таласады. «Өзімнің екінші үйімдей болып кеткен MSG рингіне оралуға қуаныштымын. 5 қазанда жақсы жекпе-жек өтеді.  Madison Square Garden мен  DAZN-ға Big Drama Show-ды қайтарамыз. Нью-Йоркте кездескенше!», — деп жазды Головкин Instagram желісіндегі парақшасында. https://www.instagram.com/p/B1bpCIgHAjI/?utm_source=ig_embed

Read More

Суть программных документов — Послания Президента Республики Казахстан от 5 октября 2018 года и Дорожной карты по модернизации органов внутренних дел на 2019-2021 годы, разъяснили курсантам Таразского филиала военно-технической школы Министерства обороны РК руководители Управления полиции города Тараз, передает пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. В частности, заместитель начальника УП г.Тараз подполковник полиции Сексенбаев С. и начальник отдела кадровой политики подполковник полиции Рахишев К. подробно объяснили курсантам, какие цели преследует модернизация органов внутренних дел и переход на сервисную модель работы, для чего открываются фронт-офисы и как будет осуществляться обратная связь с населением. Ведь именно общество выставляет оценку работе полиции, и повысить уровень…

Read More

2019 жылдың 12 тамызындағы түнде «Көкнар-2019» жедел-алдын алу  іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданында Жаңа жол ауылының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Одан өзіне тән ерекше иісі бар, өсімдік тектес заты бар төрт қап табылып тәркіленді, — деп хабарлайды Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 125 келі 800 грамм «кептірілмеген марихуана» есірткі заты болып табылады. Күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More