Автор: admin

Қытайдың шығысына жеткен «Лекима» жойқын тайфунынан қаза тапқандар саны 43-ке дейін артты, тағы 17 адам ұшты-күйлі жоғалып кетті, — деп хабарлады РИА Новости тілшісі Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап. Бұған дейін 32 адам қаза тапқаны және 16 хабар-ошарсыз кеткендер туралы хабар түскен. «12.10-дағы (Нұр-Сұлтан уақытымен 10.10) жағдай бойынша Чжэцзян провинциясында «Лекима» тайфунынан 38 адам қаза тауып, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалып кетті», — деп хабарлады телеарна тілшілері. Құрбандар негізінен Вэньчжоу қаласының Юнцзя уезінде, онда көшкін өзендерді бұғаттап су тасқыны болған. Апатқа байланысты билік өкілдері миллионнан астам жергілікті тұрғынды көшіруге мәжбүр болды. Чжэцзян провинциясындағы апат аймағында жалпы алғанда бес миллионнан астам адамға қауіп төнді. Тайфун салдарынан 173 мың…

Read More

«Қазақфильм» киностудиясына жаңа президент тағайындалды. Бұл қызметке Арман Асенов келді, — деп хабарлайды киностудия баспасөз қызметі. Айта кетейік, 9 тамызда Бақыт Қайырбеков «Қазақфильм» президенті қызметінен кеткен болатын. Арман Асенов 1972 жылы 17 сәуірде дүниеге келген, актер, продюсер. 2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін «Республика алаңы» ЖШС директоры болып қызмет еткен. 1995-2000 жылдары «Қазақфильм» АҚ продюсері қызметін атқарып, осы күнге дейін киностудияда түрлі қызметтерде болған.

Read More

Беларусь палуаны Дмитрий Белайц МАЗ-дың қаз-қатар тізілген үшөстік 15 тартқышын орнынан жылжытып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап. Ол техниканы 7 метр 20 сантиметр қашықтыққа екінші талпыныстан 1 минут 0,75 секундта сүйреп апарды. Жүктің жалпы салмағы 157,5 тонна құрайды. «Бұл рекорд Александр Григорьевич (Лукашенко – ред .) бастаған барша беларусьтықтарға арналады. Біз бірге мықтымыз, бізді ешкім жеңе алмайды», — деді Дмитрий Белайц. Мұндай үлкен трюкті жасамас бұрын (алғаш рет жасалды) палуан ұзақ уақыт жаттыққан. «Басшылық көмектесті. Мен көптеген әлемдік компаниялардан шақырту алдым, алайда Минскі автомобиль зауытын таңдадым. Бүгінде ол Беларусь халқының мақтанышына айналды. Қиыр Шығыс, Қазақстан, Украина елдері…

Read More

Алыс сапарларға қатынайтын көлік жүргізуші бойындағы өнерін ашқаннан кейін көпшілікке таныла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Абылхан Өтепбергенов Айша бибі ауылында тұрады. Мамандығы – зоотехник. Жүргізуші бола жүріп, бүкіл қазақ даласын шарлап шыққан, Ресейдің Иркутск қаласына дейін жүк тасыған. Осыдан төрт жыл бұрын Абылхан ағада кенеттен сурет салу, қолөнер бұйымдарын жасау, ағаш ою өнері ояна бастаған. «Қайдан келгенін білмеймін. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған айтысқа бардық. «Баласағұн» орталық концерт залының дәлізінде ашылған көрмеден көне ағаш ыдысты көрдім. Әдемі нақышты қошқармүйізге қарап тұрып, менің де жасағым келді», — дейді Абылхан Өтепбергенов. Үйінің ауласында жеміс бермей қойған зәулім өрік ағашы өсіп тұрған екен. Көлеңкесінен…

Read More

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында 2019 жылы 2 нысанның құрылысына (1 нысан 2018 жылы өтпелі) бюджеттен 1,7 миллиард теңге (РБ-1,5 миллиард теңге, ОБ-0,177 миллиард теңге) бөлінді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Ы.Дүкенұлы көшесіндегі насос бекетінен бастап, Саңырақ батыр мен Тәуке хан көшелерінен бойлап, РК-4 аралықтағы екі су жүйесін қайта құрып, жаңғырту» нысан құрылысы 2017 жылы басталып, қалалық бюджет есебінен 100 миллион теңге бөлініп, толығымен игерілді. 2018 жылы облыс бюджет есебінен 89,0 миллион теңге, 2019 жылға 444,4 миллион теңге (РБ-400,0 миллион теңге,ОБ-44,4 миллион теңге) бөлініп, толығымен игерілді. республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеуінен нысан 2020 жылы пайдалануға тапсырылады. «Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесі бойында су тартқыш салу» нысан құрылысы 05.06.2019 жылы басталды. Бас мердігер «Тараз строй-2004» ЖШС.…

Read More

Қаланың сыртқы жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстары мердігер «Тараз-Жарық» ЖШС-гімен атқарылуда, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Келісім-шарт құны — 78,267 миллион теңге. 11.12.2018 жылы мердігер «Қазақстан электро» ЖШС-гімен жасалып, С.Сейфуллин, Қ.Тұрысов, Т.Рысқұлов, Шостакович көшелерінің сыртқы жарықтандыру желілері қайта жаңғыртудан өтті. Жұмыс құны — 65,968 миллион теңге (оның ішінде: 2019 жылғы жұмыстарға бөлінген қаржы — 20,154 миллион теңге). Жоба бойынша 4 көшеде 261 темірбетонды бағана, 15,3 шақырым СИП сымдары алынып, 191 монолитті темір бағана, 191 жарықдиодты шам, 7 жарықты басқару шкафы орнатылды, 15,7 шақырым жерасты кабель желілері жүргізілді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасы бойынша 2018 жылы Тараз қаласының 2 даңғылы мен …

Read More

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласын газдандыру барысында биыл 37,4 шақырым полиэтиленді газ құбырлары ауыстырылады, — деп хабарлайды Тarazy.kz. газбен қамтамасыз етуші мекеме — «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы. Қаладағы газ құбырларының ұзындығы 1475 шақырым құрайды, оның ішінде: — 1112 шақырым жерасты құбырлар — (жоғарғы қысымды — 35 шақырым,  орта қысымды — 994 шақырым, төмен қысымды — 83 шақырым), — 363 шақырым жерасты құбырлар — (жоғарғы қысымды — 0,045 шақырым,  орта қысымды — 24 шақырым, төмен қысымды — 339 шақырым). Ағымдағы жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ инвестициялық бағдарламасы бойынша өз қаражаты есебінен «Тараз қаласының газ тарату жүйелерін жаңғырту. 2 кезең» жобасының…

Read More

Жамбыл облысының бас қаласы Тараз қаласындағы М-2 және М-4 магистральдық жылу желілерін ауыстыру жобалары жүзеге асырылып жатыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz. 2019 жылы Тараз қаласында тозығы жеткен жылу желілерін қайта жаңғырту үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2 жобаға 7,6 миллиард теңге сомасына ұзындығы 9,3 шақырым магистралды жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Олар: — М-2 жылу магистралін реконструкциялау жобасына бөлінген 4 181,0 миллион теңгеге жаңартылатын желілердің ұзындығы – 5,169 шақырым құрайды. Жобаның бас мердігері «Корпорация Жилстрй Тараз» ЖШС. Игерілген қаражат 2046,7 миллион тенге немесе 49 пайыз. Бүгінге қазба жұмыстарының орындалуы – 4,9 шақырым немесе 96 пайыз, құбырларды демонтаждау – 4,7 шақырым  немесе 91…

Read More

Ағымдағы жылы «Арай» алқабының барлық көшелері мен бұрылыстарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Жалпы ұзындығы 31,086 шақырым жолға асфальт жабындысы төселеді. Жобаның жалпы құны 584 миллион 522 мың 581 теңгені құрайды. Жалпы жоба 4 комплекске бөлінген.Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды («Айя-Сервис» ЖШС). Бүгінге күнде техникалық қадағалаушыны анықтау конкурсы Қаржы бақылау органында шағымдану сатысында тұр. Шағымдарды қарау мерзімі ағымдағы жылдың 24 тамызында аяқталады. Техникалық қадағалаушы анықталғаннан кейін құрылыс-монтаждық жұмыстар басталады. 2019 жылы қала бюджетінде жол құрылыстарына 2 160 миллион теңге қаралған. Бұл қаражаттарға «Бұрыл А,Б,В» тұрғын алқаптарының 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне қиыршық…

Read More

Биыл Тараз қаласының 78 шақырымдық 148 көше (бұрылыстар тұйықтарымен қоса) жолы орташа жөндеумен қамтылмақ. Бүгінде бұл жұмыстар басталып кетті. «Шалғай Қарасуда» ұзындығы 520 метрді құрайтын Прибалхашская көшесінен Анарбаев көшесіне дейін қалыңдығы 6 сантиметр болатын асфальт жабындысы төселуде. Одан өзге мұнда балалардың қауіпсіздігі үшін № 21 мектепке дейін жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады. Құрылыс сапасы мамандармен қатаң қадағалануда, — деп хабарлайды Тarazy.kz. Айта кету керек биылғы жылы қалада орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылатын «Тайвань», «Арай» тұрғын алқаптары. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 600 миллион теңгеге қаланың көпқабатты тұрғын үйлері орналасқан шағын аудандардағы жол жабындыларын ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылатын болады. Сол сияқты «Бурыл…

Read More