Автор: admin

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сонымен бірге көліктерде Күндуз Жолдыбаева мен Фарид Ниязовтың жақтастары бар. Келіссөздер ұзаққа созылды, бірақ соған қарағанда Алмазбек Атамбаев өзі берілген. Бұрынғы президенттің жақтастары машинаны өткізбей жатыр. Атыс басталған. https://youtu.be/NpZtea9YhvY

Read More

Шымболат Тналиев, АҚШ-тағы Вирджиния университетінің студенті: Зияткерлік мектеп оқушыларымен бір командамыз Оралдағы Зияткерлік мектеп түлектері мен оқушылары тамақтану орындарына арналған жаңа төлем жүйесін жасақтады. «Pie Pay» бойынша тұтынушы мекеме ұсынған арнайы pау карта арқылы төлем жасай алады. Жоба жетекшісі – АҚШ-тағы Вирджиния унисерситетінің студенті, мектеп түлегі Шымболат Тналиев. Талапты жас Финляндия, Түркияда білім алып жатқан мектеп түлектері мен оқушылардың басын қосыпты. – Шет елде қазақстандық студенттер маған көп көмектесті. Мен де білген-түйгенімді өзгелермен бөлісуді парызым деп санаймын. Біздің шетелде жинақтаған тәжірибе мен оқушылардың білімі бір арнада тоғысты, – деп бөлісті Шымболат. Команда мүшелерінің әрқайсысына түрлі міндеттер жүктелген: бірі бағдарламалаушы қызметін атқарса, қалғандары дизайн жасау, қаржылық сұрақтарды реттеу, маркетинг, ұйымдастыру жұмыстарына…

Read More

«100 жаңа оқулық жобасының» негізгі мақсаты — мемлекеттік тілде гуманитарлық білім бағыттары бойынша студенттердің толыққанды білім алуы үшін жағдай жасау болып табылады. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша бейнеролик даярланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Әлемнің озық оқулықтарын түп нұсқадан қазақ тіліне аудару. Бүгінгі таңда жоба аясында аударылған 50 кітапты Тараз қаласындағы ТарМУ, ТарМПУ, ТИГУ-дің кітапханаларынан оқуға болады. https://youtu.be/PubwN-M5tVw Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және…

Read More

Тараз қаласының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы аула клубтарына материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін айтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Қазіргі таңда баланың қызығушылығына септігін тигізіп, икеміне қарай жаңа қырынан танылуына, өмірлік жолын анықтауда аула клубтарының маңызы зор. Аула клубының мақсаты —  оқушылардың мектептен тыс өмірін тиімді пайдаланып, өздері оқып жүрген пәндерін тереңдетіп оқыту, жалпы баланы жан-жақты  дамытып, бейімін жетілдіру болып табылады.  Жастар ресурстық орталыққа қарасты 4 аула клубтары «Арай» (Самал м\а 14 үй,  2-Б пәтер), «Ботақан» (Төле би көшесі 11 үй), «Балауса»(Қарасу м\а 5 үй, 24 пәтер), «Жас балғын» (Талас м/а 10Б)  тұрақты жұмыс атқаруда. «Аталған аула клубтарында 4 жастар ісі жөніндегі инспектор 206…

Read More

Жамбыл облысының орталығы Тараз әкімі Қайрат Досаев қала бойынша 51 спорт алаңы салынатынын айтты, – деп хабарлайды Тarazy.kz. «Аймағымызда бұқаралық спортты дамыту басты назарда. Қала бойынша спорт алаңшаларын салу, қалпына келтіру және жаңғырту жол картасы әзірленіп, жалпы 51 спорт алаңшаларын салу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде, 9 — жеке меншік, 27 – бюджет және 5 — демеушілер есебінен салынуы, ал 10 спорт алаңшасын қайта қалпына келтірілу жұмыстары жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 5 спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, 6 спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары басталып кетті. Алдағы уақытта қалған спорт алаңшаларын салу жөнінде конкурс жарияланатын болады», — деді Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев. Айта кетейік, биыл…

Read More

2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен паралимпиада ойындарының жеңмпазы, әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Ғабидуллина Зүлфия «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша бейнеролик даярланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz. https://youtu.be/LN_Hop0FER0 Ғабидуллина Зүлфия Раухатқызы – қазақстандық спортшы, жүзу бойынша халқаралық класстағы Қазақстан Республикасының спорт шебері 1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1971 жылы жол апатына ұшырап, омыртқабас, қол және аяқ жарақатын алған. 2013-2015 жылдардағы әлем чемпионаттарының күміс және 3 мәрте қола жүлдегері, Бүкіләлемдік ойындардың бернеше мәрте жеңімпазы, әлемнің 12-мәрте рекордсмені. Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиялық жазғы ойындарда 100 метр қашықтыққа…

Read More

Биыл күзде Жамбыл облысында екі кәсіпорын іске қосылады. Кәсіпорынның екеуі де «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында іске қосылады. Қос жобаның құны 130 млрд теңге шамасында. Қыркүйектің соңына дейін Жамбыл облысында каустикалық сода мен хлор өндірісінің бірінші кезеңі іске қосылады. 7kun ақпараттық порталының хабарлауынша, жобаның құны 60 млрд теңге деп бағалып отыр. Кәсіпорын каустикалық сода, кальций хлориді, тұз қышқылын және өзге де өнімдерді шығарады. Ал екінші өндіріс орны – интеграцияланған химиялық кешен. Оны іске қосу арқылы өңірдегі гербицид пен үш хлорлы фосфор өндірісі жолға қойылады. Кешен глифосфат, формулят, ас тұзын және басқа да химикаттарды шығаратын болады. Арнайы экономикалық аймақтағы қос жобаның…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражатының бөлігін алтынға ауыстыру туралы жарлығын түсіндірді. «2 тамыздағы Жарлығыма сәйкес Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді. Енді Ұлттық қордың жинақтаушы активтеріндегі алтынның үлесі 5%-ға дейін жетеді. Бұл Ұлттық қордың әлеуетін сақтап, қорғау үшін қажет», — деп жазды Президент Twitter желісінде. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тоқаев Ұлттық қор активтерін әртараптандыру саясатын жүргізу туралы Жарлыққа қол қойған. «Жинақ қоржынының активтерін стратегиялық бөлу активтерді әртараптандыру саясатын жалғастыруға бағытталған және консервативті бөлуден (облигациялардағы 80 пайыз акциялардағы 20 пайыз) ұзақ мерзімді күтілетін кірістілікті арттыруға бағытталған теңгерімді бөлуге (облигациялардың 60 пайызы, акциялардың 30 пайызы, баламалы құралдардың 5…

Read More

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев 1 қыркүйекте Жамбыл облысының орталығында IKomek 109 іске қосылатынын айтты, – деп хабарлайды Тarazy.kz. iKomek орталығының алдағы уақытта қызмет жасау мақсаты – түрлі сауалдармен жүгінген тұрғындардың арыз-шағымының 90 пайызын алыстан\қашықтықтан шешіп беру. «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде IKomek 109 қаланың коммуналдық қызметтерінің бірыңғай диспетчерлік орталығын құру жұмыстары жүргізілуде. «Бұл-халықпен кері байланыстың бірыңғай жүйесі – бұл қала тұрғындары үшін әмбебап көмекші. Енді әкімдікке келіп, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Қоңырау шалу немесе хабарлама, сурет жіберу жеткілікті, және сіздің мәселеңізді шешетін болады. Аталған диспетчерлік қызмет Төле би көшесі, №35, 2-ші қабатында 248 шаршы метр аумағында орналасатын болады. Бүгінгі күнге, тиісті…

Read More

Тараз қаласының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешенін қайта қалпына келтіру, абаттандыру және жаңа ғимараттар салынатыны жайлы айтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz. «Тектұрмас» мәдени — тарихи кешенінде магистралдық инженерлік — коммуникациялық желілерінің құрылысы (су, электр, газ, су бұру желілері)» нысанының ЖСҚ әзірлеу бойынша жобалаушы «Архстрой-2005» ЖШС танылған, жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешеніндегі «Көне-Қамал» ғимаратының салу және «Әулие-Ата» ескерткішінің аумағын абаттандырудың жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жоба ағымдағы жылы аяқталуы жоспарлануда. «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешені маңындағы Талас өзенінің жағалауын абаттандыруға ЖСҚ әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсына өтінім 22 тамызда беріледі. Шығу…

Read More