Автор: admin

Тараз әкімі Досаев Қайрат қаладағы тұрғын үй мәселесі туралы есеп берді, — деп хабарлайды Тarazy.kz. Тұрғын үй бойынша 26 нысанның құрылысына 11,8 миллиард теңге бөлінді (РБ-2,2 миллиард теңге, ОБ-1,0 миллиардтеңге, ІҚ — 6,9 миллиард теңге, ЖБ — 1,6 миллион теңге).  Олар: әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға  арналған — 5 арендалық тұрғын үй  және  21 кредиттік тұрғын үй. Нысандардың  құрылыс жұмыстары жалғастырылуда. 2019 жылы тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылым құрылысына 43 нысанға бюджет есебінен 15,5 миллиард теңге бөлінді (Республикалық бюджет есебінен – 3,9 миллиард теңге;  Облыстық бюджет есебінен – 2,0 миллиард теңге; Ішкі қарыздар есебінен – 6,9 миллиард теңге; Жергілікті бюджет есебінен – 2,6 миллиард теңге). 21 тұрғын үйдің…

Read More

Желіде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында Айша бибі, Қарахан, Тектұрмас кесенелері және ашық аспан астындағы «Көне-Тараз» археологиялық музейі туралы бейнероликтер жарияланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Видероликтер Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жасалған. Видеода көне заманнан қалған тарихи ескерткіштердің қай жылдары салынғаны, тарихы, қай жылы жөндеуден өткені көрсетілген. Ежелгі Тараз қаласы І-ХІХ ғғ. Жамбыл облысы, Тараз қаласының орталық базары аумағында орналасқан. Қалашық қазіргі Тараз қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Оның аумағында (қамал, шахристан) Орталық рынок орналасқан. Оның маңайын қала үйлері алып жатыр. 20 ғ-дың бас кезінде ұзын дуалдар төңірегінде отыздан астам төмпешіктер-қорғандар, қоныстар, некропольдер қалдығы бар еді.…

Read More

Бүгін Жамбыл облысындағы Отар 40-әскери базасының оқу-жаттығу алаңында халықаралық «АрМИ-2019» әскери ойындары басталды, — деп хабарлайды «Хабар 24». Оған он елдің ең үздік әскери жасақтары қатысады. Ойындардың салтанатты ашылу рәсіміне біздің арна тілшілері де қатысты. Отар әскери гарнизонында халықаралық армия ойындарының салтанатты ашылуы басталды. Жалпы бұл халықаралық ойындар биыл ТМД елдерімен қатар Иран, Қытай, Үндістан және Моңғолия аумағында өтеді. Ал Қазақстанда өткізілетін ойындарға әскерилер «артиллериялық қарудың шебері», «радиобайланыс нақтылығы» және «ұшқышсыз шабуылдау» сынақтарына қатысып бабын байқатпақ. Бұл ойындарға тіпті сонау Венесуэла мемлекетінен, Африканың Зимбабве елінен, тіпті Сирия елінен арнайы келген әскерилер де бар. Жалпы әлемнің 10 елінің аумағында өтетін ойындарға…

Read More

ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен оқдәріні заңсыз сатумен айналысқан шетел азаматтарынан тұратын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті, — деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. Ағымдағы жылдың 25 шілдеде ҚР ҰҚК 4-қызметінің 5-департаменті және ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлескен өзара іс-қимылда арнайы операция өткізіліп, оның барысында Алматы және Павлодар қалаларында «М» және «П» іс бойынша өтетін тұлғалар ұсталды. Заңсыз айналымнан 7 «Калашников» автоматы және 2 «Макаров» тапаншасы, сондай-ақ түрлі калибрлі оқдәрі алынды. Ұсталғандар Тараз қаласына жеткізілді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Read More

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында жарты жылдың қорытындысы бойынша 6829 атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев «Әкім сағаты» хабарында айтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Мемлекет басшысының биыл 27 ақпандағы тапсырмасына сәйкес Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тетігі 1 сәуірден бастап жаңа форматта жүзеге асырылуда. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде келесі өзгерістер енгізілді: күнкөріс деңгейі 50 пайыздан 70 пайызға дейін өсті, отбасының жиынтық табысын есептеу барысында көпбалалы отбасылар, баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы және оқушылар шәкіртақысы есептелмейді. 2019 жылдың 5 сәуірінде Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Заңға тиісті өзгерістерге қол қойылып, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға 20789 теңгеден,…

Read More

Тараз қаласының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы Жамбыл облысының 80 жылдығына орай пайдалануға берілетін «Шахристан» тарихи кешені бой көтеріп жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың идеясымен «Шахристан» сауда орнын тиімді пайдалану жоспары өткен жылдың маусым айында қолға алынды. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында салынып жатқан кешенде өлкетану мұражайы, көрме павильоны, «Руханият» орталығы, көркемдік бейнелеу өнерінің галереясы, қолөнер шеберлерінің галереясы,«Ретро-фестиваль» амфитеатры бой көтереді. Бүгінгі күні кешеннің құрылысын «Өмірзақ» ЖШС және «КДСМ» ЖШС екі ауысымда қарқынды жүргізуде. Осы нысандармен қатар, этно-тарихи кешеннің абаттандыруы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстарын іске асыру ағымдағы жылы жоспарланған. Қаланы көркейту жұмыстарын жалғастыру мақсатында, осы жылы…

Read More

6 августа 2019 года сотрудники батальона патрульной полиции Местной полицейской службы Управления полиции города Тараз выявили несколько нарушений со стороны мотоциклистов, которые устроили сбор на пересечении объездной дороги города Тараз и улицы Толе би, — передает пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. Водителей мотоциклов марки «HONDA», «SUZUKI» и «PEDA»  привлекли к ответственности за нарушение правил эксплуатации транспортных средств. В отношении них составлены административные протокола по ст. 590 ч.1 КоАП РК (управление зарегистрированным транспортным средством с нечитаемыми или несоответствующими требованиям национального стандарта или установленными вне предусмотренных мест государственными регистрационными номерными знаками). Остальные водители мотоциклов предупреждены о соблюдении Правил дорожного движения и недопущении гонок…

Read More

Ақтөбе және Көкшетау қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары «Туған елге тағзым» патриоттық жобасы аясында Тараз жеріне келді. Апталық өлкетану-экспедициясы кезінде оқушылар аймақтың табиғи-климаттық, тарихи-мәдени, ғылыми-оқыту және индустриялды ерекшеліктерімен танысып, зерттеу жүргізді. – Екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласына келіп рухани жаңғырдық десек болады. Жоба жұмысымды да дәл солай атадым. Қаланың тарихымен, нысандарымен танысып, білім көкжиегімді кеңейттім, рухани, мәдени азық алдым. Тараздың әлі де ашылмаған сыры көп, – дейді Ақтөбелік Зияткерлік мектеп оқушысы Ислам Сейтжанов. Экспедицияның алғашқы күнінен-ақ жас туристерді тарихи Тараз жайлы қызықты деректер мен нысандар күтіп тұрды. Жамбыл облыстық мұрағаты, тарихи-өлкетану музейі мен республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш…

Read More

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру аясында қалалық жобалық офис пен қалалық ішкі саясат бөлімі бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Бұл туралы Tarazy.kz тілшісіне Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова айтып берді. Бағдарламалық мақаланы облыс орталығында жүзеге асыру мақсатында 2019  жылғы іс-шаралар жоспарына арнайы бағыттары мен жобалар аясында 86 іс-шара енгізілді. Қазіргі таңда оның 37 іс-шарасы өткізіліп, онда 14842 адам қамтылды. Сондай-ақ, бағдарламалық мақала аясында жалпы 286 іс-шара өткізіліп, оған 57 214 адам қамтылды. Олардың қатарында «Тараздың түрленуі» атты іскерлік-әріптестік кездесу, «TARAZ FILM SCHOOL» кино мектебінің түлектеріне сертификат табыстау…

Read More

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев БАҚ өкілдерімен өткізген брифингте 2019 жылдың бірінші алты айында бюджеттің қалай меңгеріліп жатқаны туралы айтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Бюджет орындалуына тоқталатын болсақ, 2019 жылы 1-ші жартыжылдығы жалпы қала бюджеті трансферттерімен қоса 34,1 миллиард 117,3 теңгені құрап, 99,8 пайызға игерілді. Мемлекеттік бюджетке 21 миллиард 967,7 теңгеге салықтар мен басқада міндетті төлемдер түсіп, жоспар 115 пайызға орындалды. Оның ішінде: республикалық бюджет 105,2 пайызға; облыстық бюджет 106,4 пайызға; қалалық бюджет 133,1 пайызға орындалды. 2019 жылға түзетілген қала бюджеті 71,7 миллиард теңге көлемінде бекітілді, ал 2018 жылмен салыстырғанда 32,5 пайызға жоғары. Оның ішінде қала бюджетінің өзіндік кірістері…

Read More