Автор: admin

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламаларына кеңінен тоқталуы, оның қаншалықты маңызды екенін айқындай түсетіндей. Жалпы Жолдаудан туындаған міндеттер мен бағдарламаларды басшылыққа ала отырып әкімдіктің негізгі жұмыс жоспары жасалды. Соның бірі – қаланың бас жоспарын жасау. Бұл бағыттағы жұмыстардың қолға алынғанына да біраз жылдың жүзі болды. Қаланың бас жоспарына сәйкес шаһарымыз күн санап көркейіп, сәулеттік келбеті жаңа түрге еніп келеді. Бүгінгі таңда қаланың тазалығымен ғана шектелмей, көріктендіру мен абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінуде. Шаһардағы саябақтар, скверлер және аллеялар қайта жаңғыртудан өткізілуде. Сонымен қатар биыл бірқатар жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысын, атап…

Read More

Жамбылдықтар  жалпы республикалық сипат алған #Birge #TazaQazaqstan  экологиялық акциясынан шет қалмады, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Бір жұма бұрын Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасынан бастау алған акцияның негізгі мақсаты су айдындарын күл қоқыстан тазарту болып табылады. Аталмыш акция жарияланған алғашқы күні ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері мен елорда тұрғындары Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қоянды су қоймасының аумағын тазартқан болатын. Міне, бүгін жамбылдықтар да экосенбіліктен қалыс қалмай өңірдегі барлық жаға-жайларда тазалық жұмыстарына кірісті. Сенбілік облыс орталығы Тараз қаласының аумағындағы «Қарасу – 1», «Қарасу — 2», «Түйте», «Төрегелді», «Базарбай», «Үшбұлақ», «Сеңкібай», «Оңтүстік құрғату дренажды» каналдары, «Тайвань» дренажды каналардың…

Read More

Тараз қаласының әкімдігі жергілікті тұрғындарды «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға шақырады, — деп хабарлайды Tarazy.kz. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы №922 қаулысымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекітілген. «Аталған бағдарлама аясында Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта көлемі 80м2, 116м2, 125м2 құрайтын 255 жеке тұрғын үйдің құрылысын «Ремстрой-СС» ЖШС, «Компания Сырым Блеке» ЖШС, «KCC Construction» ЖШС, «Damdes құрылыс invest» ЖШС жүргізуде. Осыған байланысты, 2005 және 2006 жылдар аралығында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер теліміне арнайы кезекте тұрған азаматтарды «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға шақырамыз», — делінген хабарламада. «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру бойынша арнайы құрылған штаб Тараз қаласы, Жүнісалиев көшесіндегі №1…

Read More

Таразда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебі өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Ашылу барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова, «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қорының директоры Ольга Шиян, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев құттықтау сөзін айтып, жазғы мектеп қатысушыларына шараның маңыздылығы туралы айтып өтті. Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту болып табылады.…

Read More

Алдын ала дерек бойынша, тіркемесі бар жүк көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қатты жылдамдықпен келіп, жартасқа соғылған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасап. Қайғылы жол-көлік оқиғасын полиция капитаны Тайман Аңшыбаев пен аға лейтенант Нұрлан Қаштаев рейд жүргізу кезінде анықтады. Тайман Аңшыбаев қозғалмай тұрған тіркемесі бар жүк көлігі жартасқа соғылып, қисайып қалғандығын айтады. Тіркемесіне картоп тиелген көліктің кабинасы қатты соққының салдарынан мыжылып, жүргізуші қысылып қалған. Тайман Аңшыбаев оқиға орнына бірден тергеу-жедел тобын шақырған. Белгілі болғандай, қайғылы жол апаты тамыздың 1-нен 2-не қараған түні Шетпе мен Бейнеу ауылдарының арасында, Маң ата өткелінің қауіпті…

Read More

Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматы-Ташкент тас жолында жүкті әйелді босандырып алды. Ерлі-зайыптының көлігі бұзылып, ауруханаға жете алмаған, — деп хабарлайды КТК арнасы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2 тамызда ерлі-зайыпты Қордай аудандық перзентханасына жолға шыққан, алайда Алматы-Ташкент тасжолының 183-ші километрінде көліктері бұзылып, жол ортасында тоқтауға мәжбүр болған. Осы кезде Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының офицерлері кетіп бара жатқан. Қызметтік көліктегі полиция қызметкерлері жүкті келіншек пен оның күйеуін перзентханаға жеткізіп салмақ болады, бірақ оған жете алмаған — жолда әйелдің толғағы басталған. «Полиция қызметкерлерінің көмегімен қызметтік көліктің салонында ер бала дүниеге келді», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі. Көп ұзамай…

Read More

1 тамызда білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарламасына сілтеме жасап. Тізімнің толық нұсқасын мына жерден қарауға болады: 2019 жылғы орыс тіліндегі гранттар тізімі 2019 жылғы қазақ тіліндегі гранттар тізімі Сондай-ақ білім грантының иегерлері Egemen.kz, Kazpravda.kz сайттары мен @testcenterBot — Телеграм-ботында жарияланған. Мемлекеттік білім грантын тағайындау бойынша республикалық байқау комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Республикалық комиссияның құрамына мемлекеттік органдар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Жоғары оқу орындары қауымдастығы, қоғамдық бірлестіктер, ҚР БҒМ Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің, педагогикалық қауымдастықтың өкілдері кірді. Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, биыл білім гранттары білім бағдарламасының топтары бойынша берілген. Жоғары оқу орнына түсер кезінде түлек алдағы…

Read More

Нидерландыда адам бетін жауып тұратын киімдерге тыйым салынды, — деп хабарлайды Deutsche Welle. Заң 1 тамыздан бастап күшіне енді және мынадай киімдер үлгісіне тыйым салында: мұсылмандар жамылғысы — паранжа, сондай-ақ никаб. Мұндай киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салынады, оның ішінде мектептер, ауруханалар, мемлекеттік мекемелер және көлікте. Ішкі істер министрлігі құзырлы органдар мен муниципалдық билікті осы тыйым салу шаралары қадағалауды тапсырды. Қауіпсіздік органы қызметкерлері қоғамдық көлікте паранжан не никаб киген әйелге бірінші бет-әлпетін тұмшаламауды талап етуі тиіс. Егер әйел бұл талапты орындамаса оған ғимаратқа тыйым салынуы мүмкін немесе 150 еуро көлемінде айыппұл салынады. Тыйым салу мотоцикл шлемдері мен балаклаваларға да қатысты айтылған. Кейбір…

Read More

Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебековтың қолдауымен Арыстық балалар аудандағы «Тау Самалы» жазғы лагерінде демалып жатыр. Бұл Арыс қаласынан жазғы лагерге демалуға келген балалардың екінші легі. Бүгінгі күнде балалардың алғашқы легі аталған лагерьде демалып, ата-аналарының жанына оралды. Аудан басшысы «Тау Самалы» жазғы лагерінде демалып жатқан Арыс қаласының балаларымен кездесуге арнайы барды. Мұнда Нарбай Әбілқасымұлы балалармен етене жақын әңгімелесіп, Арыс қаласында болған зардапты ұмытып, лагерьдегі күндерін жақсы әрі пайдалы өткізулеріне тілектес екенін жеткізді. Мұнда балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін танымдық байқаулар, ағылшын тілі курсы, спорттық ойындар, 5 мезгілдік дұрыс тамақтану өз деңгейінде ұйымдастырылған. Сондай-ақ, Нарбай Ергебеков демалыс орнының басшылығына Арыстық балалардың…

Read More

Шешенстандық 16 жастағы Магомед Ахматов әлеуметтік желіде республика басшысына жазған сыни пікірлері үшін «Грозный» мемлекеттік телеарнасының эфирінде кешірім сұрады. Бағдарламаның видеосы YouTube хостингінде жарияланды. Шамамен 46 минутқа созылатын видеода Шешенстан мүфтиі Салах Межиев Ахматовпен сөйлеседі. Ол жасөспірімге айтылған биліктің сыни пікірінен үзінді оқыды. Сюжетте жігіт жылап жіберіп, шешен елі мен халқының алдында кешірім сұрайды. Ол түрлі интернет-насихатқа алданып, билік туралы негізсіз теріс пікірлер қалдырғанын мәлімдеді. Олардың бірінде жасөспірім билікті жемқор деп айыптап, Рамзан Қадыровты «діннен безген» деп жазады. Төрт бала тәрбиелеп отырған Магомед Ахматовтың анасы ұлына ие бола алмағанын айтты. Ал жасөспірімнің ағасы жиені тегін масқаралағанын мойындап, енді барлық шешен заңына сай жауап беруі керектігін мәлімдеді. Жасөспірім…

Read More