Автор: admin

Биыл Таразда тұңғыш үшем дүниеге келді, — деп хабарлайды «Хабар 24». Сәбилер жоспарланған мерзімнен бірнеше апта ерте жарық көрген. Сондықтан олар алғашқы күннен қарқынды терапия бөлімшесінде жатты. Өмірге аман-сау келген Ислам, Марғұлан және Аслан есімді нәрестелер қазір салмақ қосып, өздерін жақсы сезінеді. 34 жастағы ана Эльвира Қожагелдиева перзентханадан үйіне жіберілді. Айта кету керек, өткен жылдың осы кезеңінде облыста 2 үшем дүние есігін ашқан болатын. Жалпы жыл басынан бері қалада 3296 бала туған. «Өзімнің 1 балам, 2 қызым бар. Енді сол төртінші баланы дүниеге әкелсек деп ойлаған едік. Үшем Алланың берген сыйы деп ойлаймын бізге. Өте қуаныштымын», — дейді үшемнің анасы Эльвира Қожагелдиева.

Read More

Облыста жасөспірімдер қылмысы — 25,7%, балаларға қатысты қылмыстар — 29,1%, ал суицид — 3 есеге көбейді, — деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Бүгін өткен үйлестіру кеңесінің отырысында осы келеңсіз статистика айтылды. Облыста кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 12 облыстық, қалалық және аудандық комиссия жұмыс істейді, онда 250-ден астам мәселе қаралып, 1759 түрлі алдын алу іс-шарасы өткізілді. Алайда, бір де біреуінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер қаралған жоқ. Әлсіз профилактиканың екінші себебі — ювеналдық полиция кадрларының тәжірибесіздігі. 202 қызметкердің 60%-ның ғана бір жылдық жұмыс өтілі бар, тек 114-і ғана жоғары заңгерлік білім алған. Үшінші себеп — жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың өзгермеуі.…

Read More

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасына милиция мен шекара қызметінің қосымша күштері жіберілді, жағдай тұрақтанды, — деп хабарлайды Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Тәжікстанның Исфара қаласына баратын жол бойындағы Ақ-Сай ауылының тұрғындарымен кездесті. Сооронбай Жээнбековтің айтуынша, Баткен облысының шекарасындағы жағдай бақылауда. Ол құқық қорғау органдарына, қарулы күштерге, барлық министрліктер мен ведомстволардың басшыларына тиісті тапсырмалар бергенін атап өтті. © Қырғызстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі «Бүгінгі таңда тәжік тарапымен бірге қабылданған шаралардың арқасында жағдай тұрақтанды. Баткен облысына ішкі істер органдары мен мемлекеттік шекара қызметінің қосымша күштері жіберілді. Өздеріңіз көріп отырсыздар, бұл жұмыс біздің өткен кездесулерден кейін жедел түрде өткізілді. Енді шекарадағы жағдайды бақылау бойынша патрульдік…

Read More

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 4 триллион теңге салық түсті, — деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. ҚР ҚМ МКК құзырындағы мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджетке 102,6 пайызға, республикалық бюджетке 101 пайызға және жергілікті бюджеттерге 107,5 пайызға орындалды. Бұл туралы бүгінгі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен алқа отырысында белгілі болды. Алқа жұмысына аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары, ҚР ҚМ МКК орталық аппаратының басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік бюджетке 4 126,0 миллиард теңге жоспар кезінде 108 миллиард теңгеге асыра орындалып, нақты 4,234 миллиард теңге түсті, оның ішінде:…

Read More

Соңғы үш жылда жиі айтылатын сөз тіркестерінің бірі «Қоғамдық кеңес» дегеніміз не өзі? Мақсат, міндеті қандай? Оған кімдер мүше бола алады? Кімге бағынады? Осы сұрақтардың жауабын іздеп көрелік. Негізінде, қоғамдық кеңес – қоғамдық бастамамен, дербес жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші, байқаушы орган болып табылады. Қоғамдық кеңестер – коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін атқарушы органдар, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар. Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге, орталық атқару органдарының, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жұмысына араласуға, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқылы. Қоғамдық кеңеске он сегіз жасқа толған,…

Read More

Таразда автобус аялдамаларының 50 пайызы әбден тозған, — деп хабарлайды «Хабар 24». Ал жаңаларын орнатуға соңғы бес жылда мүлдем қаржы бөлінбепті. Мұнымен қоса, облыс орталығындағы жолдардың да жайы мәз емес. Ал оның тауқыметін қарапайым халық тартып отыр. Мәселе қашан шешімін табады? Бұл – шаһардағы «Тайвань» ауданы. Мұндағы жолдардың жөндеу көрмегеніне бірнеше жыл болған. «Көлік түгілі аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал діттеген жерге жетудің өзі мұң», — дейді тұрғындар. Қазір қалада жылу құбырлары ауыстырылып жатыр. Салдарынан жүргізушілер айналма жолмен және жеке секторлармен қатынауға мәжбүр. Бұл жұмыстар осымен екінші жыл қатарынан жалғасып отыр. Кей учаскелер биыл қайта қазылып жатыр. Жауаптылардың айтуы…

Read More

Өткен демалыс күндері Тараздағы әскери әуе айлақтан қазақстандық әскери қызметшілер Моңғолияға аттанды. Ондағы мақсат — Армия халықаралық ойындары аясында өткізілетін «Әскери бәйге» байқауына қатысу, — деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әскери бәйге — Халықаралық армия ойындарының құрамына биыл алғаш рет өткізілгелі жатқан жаңа байқау. Бұл ойын тамыз айында басталмақ. Бірақ команда жарыс өтетін жерді барлап, бейімделу үшін  он күнге бұрын шықты. Ерте шығудың да өзіндік мәні бар, моңғол аттарын шабыста сынап көру. Себебі жарыс шартына сәйкес аттарды конкурс өткізетін тарап береді. Қазақстаннан «Әскери бәйге» байқауына қатысатын команда шеберліктерін шыңдаған, мықты топ. Биыл елімізден армия ойындарына қатысатындардың ішінде…

Read More

Facebook қолданушылардың жеке мәліметтерін таратқаны үшін 5 миллиард АҚШ доллар көлемінде айыппұл төлемек. Бұл туралы АҚШ Федералдық сауда комиссиясы (FTC) мәлімдеді. Федералдық сауда комиссиясы (FTC) сондай-ақ Facebook директорлар Кеңесінде қолданушылардың жеке деректерін қорғауды бақылайтын комиссия құруды талап етіп отыр. Тәуелсіз сарапшылардан тұратын комиссия компания басшысы Марк Цукербергке бағынбайды. Facebook-ке салынған айыппұл соммасы тарихта АҚШ үкіметі қолданушылардың жеке ақпаратын сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартқан кез келген компаниямен салыстырғанда рекордтық болып отыр. Өткен жылы компания Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген қолданушылардың жеке мәліметтерін заңсыз таратқаны үшін дауға қалған еді. Құпия мәліметтерге қол жеткізген Cambridge Analytica саяси консалтингтік фирмасы деректерді саяси науқандарда қолданды…

Read More

Тараздағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысының пара алу дерегін анықтады. Ол жүзу бассейнін пайдалану үшін оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін жеке компания өкілінен делдал арқылы 100 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. «Күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасады. Күдіктіге қатысты оның кінәлілік дәрежесін анықтаумен соңғы үкім сот арқылы шығарылады», — делінген агенттік хабарламасында.

Read More

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда, Шымкентте және Қызылордада заңсыз қару-жарақ сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, — деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. Сегіз Калашников автоматы мен екі тапаншаны алу дерегінің құжаталған. Қару тәркіленді. © knb.gov.kz 2019 жылы 18-19 шілдеде Алматы мен Шымкентте қылмыстық топ мүшелерін құрықтау бойынша арнайы операция жүргізілді. Олардың кейбіреулері деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар болып табылады және «ұрылар қауымдастығының» өкілдерімен тұрақты байланыста болады», — делінген ҰҚК хабарламасында. Фото:knb.gov.kz Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде қаруды қолдан құрастыруға және қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылған. «Арнайы операция барысында Қазақстан аумағына қару сатумен айналысқан ірі желісі жойылды. Ұсталған адамдар бұрындары сатқан қаруды заңсыз айналымнан алу шаралары…

Read More