Автор: admin

С 24 — 28 июля текущего года сотрудниками Батальона патрульной полиции Местной полицейской службы Департамента полиции Жамбылской области проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Безопасная дорога», целью которого является предупреждение нарушений правил дорожного движения, повышение транспортной дисциплины среди водителей и снижение количества дорожно-транспортных происшествий. В первый день ОПМ сотрудники полиции выявили 634 факта административных правонарушений. Стоит отметить, что рейдовые мероприятия проводятся регулярно. ОПМ направлены на выявление существенных нарушений правил дорожного движения, в том числе по управлению транспортным средством в состоянии опьянения, выезду на встречную полосу, возникновению аварийной ситуации, незаконной перевозки пассажиров, нарушений ПДД среди водителей общественных транспортных средств. Департамент полиции Жамбылской области призывает…

Read More

Алмазбек Атамбаев елден кетті. Қырғызстанның бұрынғы президенті Мәскеуге ұшып кетті. Оның өкілдерінің мәлімдеуінше, Алмазбек Атамбаев бір күндік сапарға барды және ертең еліне қайта оралады. Бұрынғы президент те Қырғызстаннан қоныс аударуға ниеті жоқ екенін үнемі айтып келетін. Алмазбек Атамбаев бұл сапарын елден қашу деп санамауды сұраған. Еске салып кетсек, маусым айында Қырғызстан парламенті бұрынғы президентті дербес құқықығынан айырды. Бұл Бас прокуратура «Атамбаев билік басында болған кезде бес қылмысқа қатысы болған» деген қорытындыға келгеннен кейін қабылданған шара. Тергеушілер Алмазбек Атамабевты бірнеше рет бұл істер бойынша жауап беруге шақырған, алайда ол бұған құлақ асқан жоқ. Бұрынғы президенттің адвокаттары дербес құқықтан айыруға заңды тұрғыдан…

Read More

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтатуды тапсырды. Бұл туралы Президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды. «Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», — деп жазды Мемлекет басшысы. https://twitter.com/TokayevKZ/status/1153916151304544256?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1153916151304544256&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fkazakhstan_news%2Ftokaev-bilet-satudagyi-alayaktyiktyi-toktatudyi-tapsyirdyi-299809%2F Дәл қазіргі уақытта еліміздегі темір жол вокзалдарында жолаушылар билет таппай сандалып, тіпті болмаса, компьютер алдында тасымалдаушы компанияның сайттарына сүзіліп отырғандар өте көп. Жаз шығысымен және ұлық мерекелер қарсаңында үдей түсетін мұндай сабылыс айналып келгенде қоғам тарапынан құзырлы орындардың жұмысына, тіпті мемлекеттік құрылымға сенімсіздік туғызатыны түсінікті. Оның үстіне пойыз билеттерінің делдалдар қолында жүруі де жұртшылықтың ашу-ызасын…

Read More

Жамбылдық учаскелік инспекторларға қызметтік автокөліктер берілді, — деп хабарлайды Tarazy.kz Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін орталық «Достық» алаңында Жамбыл облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеров пен Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев аудандық полиция бөлімдерінің учаскелік инспекторларына салтанатты түрде жаңа қызметтік автокөліктер тапсырды. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Меркі және Шу аудандарының учаскелік полиция инспекторлары су жаңа «Нива» және «Уаз» маркалы 131 бірлік арнайы автокөлікпен қамтамасыз етілді. Ал қалған үш ауданға келесі жылдың 1-жартыжылдығында бөлінетін болады. Салтанатты іс-шарада ең алғаш болып сөз алған Облыс әкімінің міндетін атқарушы Н.Календеров: — Облыс әкімдігі ішкі істер органдарымен бірлесіп аймақта қоғамдық тәртiп…

Read More

Ақмола облысында «Охотзоопром» инспекторы, 43 жастағы Қаныш Нұртазинов браконьерлер қолынан қаза тапты, — деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі. 23 шілдеде шамамен 11:00-де Ақмола бекініс пунктінің «Охотзоопром ӨБ» РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторлары табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау мен бұлтартпау шараларын өткізу барысында Ақмола облысы Жарқайың ауданының аймағында ақбөкен ату дерегі тіркеген. Екі инспектор браконьерлердің соңынан қуып кеткен. «Нива» автокөлігінің мемлекеттік нөмірін анықтау мүмкін болмаған. Нөмірдің Қостанай облысынан екені ғана анықталды. «Қашу барысында «Нива» көлігінен браконьерлер оқ атқан, салдарынан екі инспектор жарақат алды. Олардың бірі қазір ес-түссіз ауыр жағдайда жатыр, ал екіншісінің жағдайы — ауырлықтың орташа деңгейінде», — дейді…

Read More

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Adidas фирмасының 3000 аяқ киімдер мен жейделері тегін таратылатыны туралы хабарламаның қазақстандықтарға қауіпті екенін ескертеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Шілде айының басынан бастап қазақстандықтардың WhatsApp мессенджерінде Adidas-тың туған күнін мерекелеу құрметіне 3000 жұп аяқ киім мен футболкаларды сыйға тартылатыны туралы хабарламалар қаптап кетті. KZ-CERT командасының мамандары да осындай хабарлама алды, сондықтан да хабарламада көрсетілген adidas-footwears.club ресурсына талдау жүргізілді. Бұл интернет-ресурс «Интернет желісіндегі алаяқтық интернет-ресурс / фишинг деп жіктелді», — делінген Facebook хабарламасында. Сарапшылар компанияның ресми сайтында (www.adidas.com) мұндай акция туралы ақпарат жоғын айтады. «Фишингтің бұл түрі тек ұялы телефоннан жасалды, яғни тарату телефоннан жіберілді. Алаяқтар мессенджерден фейк…

Read More

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ахметжан Әбдіжәмілұлы Пірімқұлов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі. Ахметжан Пірімқұлов 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 2000 жылы «экономист» мамандығы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2003 жылы «заңгер» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысының прокуратура маманы ретінде бастады, сот жүйесінде жұмыс істеген. 2012–2016 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төраға орынбасары, ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төраға орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылғы маусымнан…

Read More

20 шілдедегі жағдай бойынша, Арыс қаласында 1620 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бүгінгі таңда құрылысшылар жеке тұрғын үй құрылысы  және көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 4798 нысанда жұмыс жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, Арыс қаласының тұрғын үй қорын қалпына келтіруге 7136 құрылысшы тартылған. Олардың саны күн сайын артып келеді (бір күн бұрын 7037). Қала 17 секторға бөлінген, онда 213 құрылыс компаниясы және 213 арнайы техника жұмыс істейді. Тағы да 1914 құрылысшы әлеуметтік нысанды қалпына келтіреді. Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді.…

Read More

Оңтүстік Кореяның Порён қаласында дәстүрлі лай фестивалі өтіп жатыр. Осымен 22-ші мәрте ұйымдастырылып отырған шараға әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам қатысып жатыр, — деп хабарлайды «Хабар 24». Фестиваль осы өңірдегі туризмді дамытып, лай саяжай мекендерін насихаттауға бағытталған. Осы мақсатта қызықты фестивальде балшықта күрес, жүгіру, би жарысы сынды түрлі сайыстар өткізіледі. Жалпы биыл жергілікті билік 55 ойын-сауық шарасын өткізуді жоспарлаған. Фестиваль шілденің 28-іне дейін жалғасады. «Мен фестивальге достарыммен бірге келдім. Қазір мұнда күн ыстық. Бірақ балшықты бассейндерге шомылып, салқындап рахаттанып қалдық. Бір жағынан ем алдым деп ойлаймын. Себебі балшықтың теріге пайдалы екені белгілі», — дейді Пак Хё Гён есімді жергілікті тұрғын. Суреттер AP Photo/ Lee Jin-man

Read More

Индонезияның Джакарта провинциясында екі құрылысшы өте көп энергетикалық сусын ішіп қайтыс болды. Бұл туралы AsiaOne порталына сілтеме жасап Lenta.ru сайты хабарлады.  Полиция ақпараты бойынша, Агус пен Ахмад Рийононың денесін 16 шілдеде олардың басшысы тауып алған. Ер адам құрылысшылар жұмыстан қашып жүр деп ойлап олардың жалдамалы пәтеріне барған. Үйде жұмысшылардың денесінен бөлек, ұнтақты энергетиктердің бос пакеттері, екі бөтелке энергетикалық коктейль мен екі бөтелке су табылған. «Олар энергетикалық сусындарды артық мөлшерде ішкеннен қаза тапты деп ойлаймыз. Екеуі құрғақ энергетиктің бір қаптамасын ішіп қойған. Оның үстіне, күні бойы ештеңе жемеген», — дейді криминалист Том Сираит. Полицейлер ер адамдардың денесінен зорлық-зомбылық ізін таппаған. «Оқиға орнында күрес белгілері болмады. Олар қарапайым…

Read More