Автор: admin

21 шілдеде, жексенбіде таңғы 6:00 шамасында Жамбыл облысы Қордай ауданында Соғанды ауылынан 10 шақырым жерде жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты, — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Алдын ала нұсқа бойынша, «Мерседес Бенц Е200» маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлік тізгінінде ұйықтап кетіп, сол бағытта кетіп бара жатқан «Мерседес Бенц 814» маркалы жүк көлігінің артқы бөлігіне соқтығысқан. Оқиға салдарынан жеңіл көлік салонында болған төрт жолаушы қаза тапты. Жүргізуші Қордай аудандық көптеген жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу шарасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша жүріп жатыр.

Read More

16 жастағы жасөспірім Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде суға батып кетті, — деп хабарлайды «Хабар 24» агенттігі. Қайғылы оқиға 19 шілдеде болған. Бала Жамбыл облысының бір топ спортшыларымен «Жас құтқарушы» республикалық жарыстарына келген. Жарыс аяқталғаннан кейін жеке саяхат кезінде балалар көлге шомылуға барған. Жас жігіттің жоқтығын байқап, жаттықтырушы дереу құтқарушыларды шақырды. 10 минутта олар спортшының денесін судан алып шыққан, алайда сол кездің өзінде бала тыныс алмаған. Баланың денесі туыстарына жіберілді. Полиция қылмыстық іс қозғады. «Көкшетауда сот-медициналық сараптама жүргізілді. 20 шілде күні сағат 09.30-да Нұр-Сұлтан қаласына әрі қарай тасымалдау үшін сараптама жүргізіліп, құжаттар ресімделгеннен кейін мәйіт Шымкент қаласына жіберілді. Алайда, рейс белгісіз себептермен екі рет шегерілген. 21 шілде…

Read More

Тараз қаласының 11-мөлтек ауданында жаңа үлгідегі балалар спорт алаңы ашылды, — деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл – паралимпиадалық жүзуден әлем чемпионы Зүлфия Ғабидуллинаның шаһар тұрғындарына тартқан сыйы. Мұнда баскетбол, шағын футбол ойнап, әткеншек тебуге болады. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Жаңа алаңды жасақтау үшін танымал спортшы 4 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсапты. Айта кетейік, соңғы жылдары облыстың дамуына кәсіпкерлер мен меценаттар белсенді үлес қосып келеді. Биыл өңірде «Туған жер» бағдарламасы аясында 52 жоба сәтті жүзеге асқан. Нәтижесінде, жаңа мешіт, балабақша және спорт алаңдары пайда болды. «Балалар алаңын қайта қалпына келтіру көршілерімнің өтініші болатын. Өйткені ол әбден тозып,…

Read More

20 шілдеде кешкі уақытта Байқоңыр ғарыш айлағынынан «Союз-ФГ» зымыраны «Союз МС-13» ғарыш кемесімен ұшты. Қазақстан тұрғындары әуедегі қатты жылдамдықпен қозғалған жарықты тамашалады. Желіде осы сәттің суреттері мен видеоларды жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желі қолданушыларының жазбасы бойынша, зымыранның ізін Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысында көруге мүмкіндік туған. «Мойынқұм ауданында бұл ерекше әсерлі болды. Сөзбен жеткізу мүмкін емес». «Бізде Балхашта әуеде ғажайып нәрсе болып жатыр!» Балқаш көлі. © Tengrinews.kz Фото: Р. Куанышбаев https://youtu.be/g783wSp6cIk https://youtu.be/hO-GTWSQvuA https://youtu.be/D7y2iqodi8s https://youtu.be/_6puhR5J0ZA https://www.instagram.com/p/B0JV0JHhpEK/?utm_source=ig_embed Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 22:28-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-13» ғарыш кемесі жер орбитасына шығарылды. Зымыран тасығыш алғашқы екі сатыдан уақытында бөлініп, ұша бастаған сәттен…

Read More

АҚШ-тың Вирджиния штатының тумасы 42 минут 30 секундта бес мың шақырымға жүгірді, — деп хабарлайды КТК арнасы. Ол 95-99 жас категориясында әлем рекордын жаңартты. 11 шілдеде Эймс қаласында 96 жастағы Рой Энглерт жүгіруден рекорд орнатып, бұрынғы рекордшы Фрэнк Левиннен 8 минутқа ерте келді. Левин дәл осы қашықтықты 50 минут 11 секундта еңсерген. Бұған дейін қария өз жасының дәрежесінде 800 метр, 1,5 мың және 3 мың метр қашықтықта жүгіруден рекорд орнатқан. Энглерт чемпион болу көп еңбекті талап ететінін айтты. Жаттығу кезінде ол үш мыңнан бес мың шақырымға дейін жүгіреді. Жарысқа бірнеше күн қалғанда физикалық жүктемені күшейтіп, жүгіру қарқынын жіті қадағалайды. Зейнеткер өзін баяу…

Read More

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында шілденің 19 мен 20 аралығында Жамбыл облысының Полиция департаментімен ДП бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Үдергеновтің қатысуымен кезекті рет «Жолда қабылдау» акциясы өткізіліп келеді, — деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру және құқықтық көмек көрсету. Полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелердің аумағында, тұрғын үйлердің, шағын аудандардағы үйлердің аулаларында, жеке секторларда, базарлар мен демалыс орындары сияқты адамдар көп жиналатын жерлерде халықты қабылдайды. Таңертеңгі сағат тоғыздан кешкі жетіге дейін аталмыш ауқымды акциямен Тараз қаласының барлық аудандары, соның ішінде…

Read More

Германия канцлері Ангела Меркель журналистерге берген сұхбатында денсаулығына алаңдап жүрген адамдарды түсінетінін жеткізді, бірақ бұл оның жеке мәселесі екенін айтты, — деп хабарлайд РИА Новости. «Менің денсаулығыма қатысты сұрақтарды түсінемін, бірақ мен оған жауап беріп қойғанмын», — деді Меркель Берлиндегі баспасөз мәслихатында. Айтуынша, ол канцлер ретінде өз қызметін атқара алатындай жағдайда болуы керек екенін түсінеді. «2021 жылы саяси жұмысымды аяқтаймын. Бірақ кейін өмірім жалғасады деп үміттенемін, оны аман-саулықта өткізгім келеді», — деді Меркель. 17 шілдеде Германия канцлері 65 жасқа толған болатын. Ол канцлер қызметін 14 жылдан бері атқарып келеді. Соңғы уақытта Ангела Меркельдің денсаулығы сыр бере бастаған еді: Украина президенті Владимир Зеленскиймен…

Read More

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан полицейлердің есімі белгілі болды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. «Өз міндетерін адал атқарып, қызмет бабында қаза болған полиция майоры Саят Қосдаулетұлы Тлеубердиевке жəне полиция аға сержанты Мұрат Базарқұлұлы Базарқұловқа əскери құрмет көрсетілді. Мойынқұм АПБ ғимаратының алдында қызмет бабында қаза болған милиция капитаны Б.Амантаевтің құрметіне орнатылған «Міндет, абырой, ерлік» ескерткішінің алдында АПБ жеке құрамы сапқа түзіліп, бір минут үнсіздіктен соң құрмет салюты үш дүркін атылып, əріптестерімізді соңғы сапарға шығарып салдық. Жатқан жері иманды, топырағы торқау болсын!», — делінген Мойынқұм полициясының Instagram желісіндегі парақшасында. Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова жоғарыда көрсетілген азаматтардың Мойынқұм аудандық…

Read More

АҚШ-та кәмелетке толмаған Instagram-блогер Бьянка Дэвинс кісі қолынан қаза тапты, — деп хабарлайды New York Post. Басты күдікті — Брэндон Кларк. Ол қыз баламен екі ай бұрын танысу сайтында танысқан. Полиция мәліметінше, олар музыкалық концертке, сосын Дэвинстің тамағына пышақ ұрып, өлі денесінің суреттерін әлеуметтік желіде жариялаған. Сондай-ақ, күдікті полиция шақырып, селфи түсірген. «Бәлкім бұл менің соңғы постым шығар. Олар менің соңымнан келе жатыр. Мен өте жаман іс жасадым. Өте өкінішті», — деп жазды ол суреттің сипаттамасында. Кларк құқық қорғау органдарының мамандары келген уақытта өз-өзіне қол салмақшы болған. Алайда оны құтқарып үлгерді. Ер адам ауруханаға жеткізілді. Ота жасалғаннан кейін оған кісі өлтіру бойынша айып тағылды.…

Read More

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы келіп, өңір штабының жұмысымен танысты. Бұл туралы облыс әкімінің кеңесшісі Біржан Сартбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Аймақ басшысы облысқа тиесілі 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру шараларының барысын көзбен көріп, 11 көшенің белсенді тұрғындарымен кездесті. Асқар Исабекұлы аталмыш бөліністегі арыстықтардың пікірлері мен ой-ұсыныстарына құлақ түріп, штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару керектігін тапсырды. Өз кезегінде 3-сектор аумағындағы арыстық тұрғындар әулеиаталық құрылысшылардың жұмысына көңілдері толатындарын жеткізіп, алғыстарын білдірді. Айта кетейік, бүгінде еліміздің барлық өңірлері жұдырықтай жұмыла кіріскен Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілуде десек,…

Read More