Автор: admin

Нұр-Сұлтан қаласының 20 жастағы тұрғыны Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапты. Ресми нұсқа бойынша, ол өз-өзіне қол салған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сандира Серікханова Чанчжоу қаласындағы Jiangsu University of Technology үшінші курста оқыған. «Ол өз күшімен грантқа түсті, қытай тілін жарты жыл ішінде үйренді. Өте сабырлы қыз болды, ақша тауып та үлгеретін. Осы жылдың басында Қазақстаннан келген басқа қызбен танысты. Ол әлдеқайда үлкен және, біздің пайымдауымызша олардың мінезе екі басқа болған. Анам Сандирадан олардың ортақ немен айналысатынын, неге араласып жүргенін бірнеше рет сұрады», — дейді қыздың тәтесі Альнура Ағаева. 26 сәуірде күндізгі уақытта ол өзінің жаңа танысымен және оның Шымкент пен Алматыдан келген екі жолдасымен кафеге барған.…

Read More

Жамбыл облысы аумағында астық алқабы әлі жанып жатыр, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі. «14 шілдеде Рысқұлов ауданының Қарақыстақ ауылдық округіндегі «Мақсат» шаруа қожалығында (аудан орталығы құланнан 50 шақырым қашықтықта) жалпы аумағы 65 гектар (арпа – 40 га, құрғақ шөп – 25 га) болатын арпа алқабы мен құрғақ шөп жанып кеткен. Өрт сағат 16.30-да ауыздықталып, 17.17-де сөндірілді», — деді ведомствоның баспасөз қызметінен. Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру қызметі мен апаттық-құтқару жұмыстары» ММ күші (5 қызметкер мен бір техника) мен ерікті өрт сөндіру құрылымдары (45 адам мен 12 техника) жұмылдырылды. Бұдан бұрын, осы ауданда өрт…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке елдегі ауылшаруашылық жерлерге аудит жүргізуді тапсырды. «Ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген түгендеу кезінде 16,5 миллион гектар жердің игерілмегені анықтады. Бұл мәселенің бір бөлігі ғана. Үкіметке барлық ауылшаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді, жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрлауды тапсырамын. Жер — өндірістің басты факторы. Осы мәселеде тиімділік көрмей ауыл дамыта алмаймыз. Біз бұл күрделі жұмыс екенін түсінеміз, мұнда ауыл шаруашылығы министрлігі мен цифрлық даму министрлігінің үйлесімді өзара іс-қимылы қажет. Бұл жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау маңызды. Яғни, келесі жылдың соңына дейін тиісті жағдайға келтірілсін. Барлығын цифрлау. Кім жұмыс істесе жер соның иелігінде болуы керек, — деді Президент. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы…

Read More

Жеке кәсіпкер Анар Бексұлтанованың бүгінгі ісі көпке үлгі. Бұл дүниеге екі қолсыз келген ол қыз жасауын тігіп, көпке іскерлігімен, батылдығымен және өжеттілігімен танылып отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Осыдан 4 жыл бұрын Анар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге қайтарымсыз грант ұтып алып, тігін цехын ашқан болатын. Содан бері елден тапсырыс алып қыз жасауын тігуде. Оның айтуынша, қазіргі таңда тапсырыс берушілер өте көп екен. Өткен екі аптада 9-ыз қыз жасауын тігіп беріпті. Өңірімізге іс-сапармен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова келгенде Анар ол кісінің қабылдауында болып, тігін цехын үлкейткісі келетіндігін, мүгедектігіне байланысты екінші деңгейлі банктерден несие…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады. «Қазір біз әскери ведомствоның жүйелі кемшіліктері мен бақылауының әлсіреуі салдарымен күресіп жатырмыз. Сіз Қорғаныс министрлігі жүйесінде салыстырмалы түрде жаңа адамсыз, бірақ істің жағдайы үшін толық жауап бересіз. Мен Жоғарғы басқолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігіндегі істер жағдайына қанағаттанбаймын, сондықтан Сізге қатаң сөгіс жариялаймын», — деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Сондай-ақ, Мемлекет басшысыАрыстағы төтенше жағдайға байланысты кінәлі барлық шенеунікті жазалауды тапсырды. «Оқиғаның салдары өте ауыр. Бұл туралы айтып та керек емес. Қазір біз осы салдарды жоюға бар күш-жігерімізді жұмсадық. Әрине, қаланың басым бөлігі жарамсыз қалды. Қазір тергеу бойынша арнайы комиссия…

Read More

Украина президенті Владимир Зеленскийдің кортежі ұшыраған жол апатына қатысты қосымша мәліметтер жарияланды, — деп хабарлайды РИА Новости. Жол-көлік оқиғасына жоғары лауазымды тұлғалар күзет қызметкерлерінің жеке құрамы отырған Volkswagen Transporter шағын автобусы және жолай бағытта жүріп келе жатқан екі автокөлік түскен. Бұл туралы Украина Мемлекеттік күзет басқармасының Facebook-тегі хабарламасында айтылады. https://www.facebook.com/udoukyiv/posts/1301487263341751 Олардың мәліметінше, қаза болғандар жоқ, ал оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, жарияланымда жүргізушілердің жетіспеуі және олардың демалыс және жұмыс кестесінің бұзылуы туралы хабарламалар шындыққа сәйкес келмейтіні айтылады. Бұрын Страна.ua басылымы Украина президентінің кортежі ұшыраған апат туралы хабарлаған еді, алайда онда Зеленскийдің өзі болған жоқ, өйткені мемлекет басшысы Киевке ұшақпен кеткен.

Read More

Непалда бірнеше күн бұрын басталған жауын-шашын толастар емес. Аймақта су тасқынынан лай көшкіні басталды, — деп хабарлайды «Хабар 24». Жергілікті БАҚ мәліметінше, елдегі табиғат апатынан 43 адам қаза тапты. Тағы 24 тұрғыннын тағдыры беймәлім. Өңірде көлік қозғалысы тежелді. Көпірлер қирап, ғимараттар опырылып жатыр. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Қауіпті аймақтарда мыңдаған адам бар. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді, соған қарағанда жауын әлі де жауатын көірнеді.

Read More

Алматы — Екатеринбург тасжолында жол апаты болған жерде түсірілген суреттер пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол көлік оқиғасы13 шілдеде болған. Алматы — Екатеринбург тасжолының 380-шақырымында SsanYong маркалы автокөлік аударылған Жол-көлік оқғиасы салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзғандарды жеткізу кезінде болған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Read More

Тараздағы облыстық перзентханада болған шулы оқиғадан соң мекеме күзетшісі жұмыстан қуылып, мейірбикелерге сөгіс жарияланды, — деп хабарлайды «Хабар 24». Еске салайық, перзентхана қызметкерінің телефонмен сөйлесу сәтін пайдаланып, бақылаусыз қалған нәрестені 22 жастағы әйел ұрлап әкеткен еді. Ол бұған дейін осы перинатальдық орталықта босанған. Араға бірнеше күн өткен соң қайта оралып, өзгенің баласын алып кеткен. Оны асырап алмақшы болған Алматы тұрғынына сатуды көздеген. Абырой болғанда, күдіктінің арам ойы жүзеге асқан жоқ. Қазірде тергеу жалғасып жатыр. Бүгін қылмысқа барған келіншекті екі ай үйқамақта ұстау туралы сот шешімі шықты. «Перзентханада бала ұрлау дерегінің тіркелуіне байланысты қызметтік тексеру жүргізілді. Оның қорытындысында төрт мейірбикеге сөгіс…

Read More

Полицейлер мінген қызметтік көлік пен көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар Алматы — Екатеринбург тасжолында жол апатына ұшырады, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі. Тасжолдың 380-шақырымында SsanYong маркалы автокөлік аударылғаны туралы хабар Жамбыл облыстық полиция департаменті кезекші бөліміне 13 шілдеде 17:35-те түскен. «Жол-көлік оқғиасы салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзғандарды жеткізу кезінде болған», — делінген хабарламада. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Read More