Автор: admin

Ауғанстанның Нангархар провинциясында үйлену тойында жарылыс салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, 40-тан аса адам зардап шекті, — деп хабарлайды «Лента.ру». Провинцияның билік өкілдері кәмелетке толмаған баланың өзін-өзі жарып жібергенін айтады. Үйлену тойын жасап жатқан Пачерагам ауданында үкіметтік қозғалыс командирі болған. Куәгерлер қаза тапқандардың саны бесеу емес онға жеткенін айтады. Ауғанстандық қарулы қозғалыс ауған билігіне «Талибан» және «Ислам мемлекеті» жақтастарына қарсы күресуге көмектеседі. Әзірше үйлену тойына жасалған шабуылды ешкім өз мойнына алған жоқ. 1 шілдеде Ауғанстан астанасы Кабул қаласында тәліптер адам көп шоғырланған жерде жарылыс ұйымдастырып, қарулы күш өкілдерімен атысты. Салдарынан 65 адам жарақат алды.

Read More

Танымал журналист Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлы бүгін, 12 шілдеде Жамбыл облысындағы Jambyl телеарнасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tarazy. Облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова мен “Қазақстан” РТРК” АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманбек Жұмағали жаңа басшыны ұжымға таныстырды. Мейіржан Әлібекұлы — еңбек өтілін 2005 жылы «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалынан редактор қызметінен бастады. Ол редактор-жүргізуші, тілші, аналитик, телеарна дауысы, шеф-редактор лауазымындарын атқарды. Мейіржан Әлібекұлы 2011 жылы Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталды. 2014 жылы «ҚР Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 2017 жылы әлеуметтік желілер арқылы жүргізілген сауалнама нәтижесінде «Халық сүйіктісі» Ұлттық жүлдесінің «Жыл тележурналисі» болды.

Read More

Тараз қаласының перинаталдық орталығы ұрланған бүлдіршін жайлы жаңа мәліметтерді айтты, — деп хабарлайды КТК арнасы. Орталық қызметкерлерінің сөзінше, оқиға босанған әйелдер түскі асқа кеткен кезде болған. Нәрестелердің жанында акушер мен санитар әйел қалған. «Ол баланы алып, қызметтік есіктен шығып бара жатты. Орталық қызметкері нәрестеге қарап отырып, бір сәтке қызметтік телефонға жауап берген. Артына қараса, бала жоқ», — деді аудандық перинаталдық орталықтың бас акушері Сәуле Альжанова. Жас ана алаңдап, дабыл қаққан. Дәрігерлер нәрестені аурухана бөлмелерінен іздеген, алайда баланың ғимаратта жоқ екенін сезгесін, полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Тәртіп сақшылары камера жазбаларын анықтап қарай бастады. Бейнежазбадан баланы ұрлаған адам ретінде босанған әйелдердің бірін таныды. Ол жаңадан туылған…

Read More

Бүгінде жартылай автоматтандырылған фермалар үйреншікті нәрсеге айналды. Енді олардың орнын біртіндеп автономды шаруашылықтар басып келеді, — деп хабарлайды «Хабар 24». Осы ретте ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын британдық компания жүргізушіні тіпті операторды да қажет етпейтін трактор нұсқасын ұсынды. Бұл көлікте жүргізуші кабинасы жоқ. Және ол түгелдей дерлік электроникамен жабдықталыпты. Құрастырушылардың айтуынша, олар толықтай бағдарламаланған. Сондықтан тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп, шаруалардың өнімділігін арттыруға септігін тигізе алады. Дей тұрғанмен, озық технологияны шаруашылыққа енгізу үшін әлі де уақыт керек секілді. Себебі мұндай көліктер бір жағынан өте қымбат болса, екіншіден кез келген аймаққа жарай бермейді екен. https://youtu.be/fwxB4ngKRKE

Read More

Шымкентте автоцистерналарды толтыруға арналған газ құю станциясындағы өрт сұйық отынды құю кезіндегі технологиялық процестің бұзылуынан болған. Оқыс жағдайды бір айға жуық зерттеген арнайы топ осындай қорытындыға келді, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Еске салайық, қайғылы оқиға 7 маусымда болған еді. Өрт салдарынан 20 жастағы Ерлан Анар қайтыс болған. Денесінің 98 пайызы күйіп қалған марқұм отбасындағы сегіз баланың тұңғышы екен. Ол газ құю станциясында өткен жылдың күзінен жұмыс істеп келген. Зардап шеккен отбасыға берілетін материалдық көмек мөлшері әзірше айтылмады. Ал тексеру тобы шыққан қорытындыны полиция департаментіне жолдайды. Комиссия төрағасының айтуынша, сиымдылығы 60 текше метр автоцистернадан газ құю кезінде шланг толық бұралмай, ажырап кеткен.…

Read More

Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасында сырт алаңда босниялық «Широки Бриегті» жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz. Бірінші іріктеу кезеңіндегі ойын 12 шілдеге қараған түні «Пецара» стадионында өтіп, қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. «Қайрат» матчтың 29-минутында алға шықты — жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның пасынан кейін украиналық форвард Адеринсола Эсеола қанжығасын майлады. Бірақ «Широки Бриег» ойыншылары есепті жылдам теңестіріп тастады — 34-минутта ресейлік хавбек Иван Ениннің алыстан бағыттаған добы Стас Покатилов қақпасына еніп кетті. Ойын тағдыры екінші таймда шешілді. «Қайрат» 58-минутта айып соққысын голға айналдыра алды: Исламхан допты сол қанатқа жеткізді, мұнда жалғыз тұрған қорғаушы Елдос Ахметов айып алаңына пас асырған, Эсеола дубль жасап, матч нүктесін…

Read More

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына арнайы келді. Қаланы қалпына келтіру бойынша өңірлердің штаб жұмыстарын барлаған үкімет басшысы Жамбыл облысының штабына да бас сұқты. Штабтың белсенділігін, жамбылдық құрылысшылардың жемісті жұмысын атап өтіп, жоғары бағасын берді. Сондай-ақ, өзге де өңірлердің штабтарының жоспарлы шараларымен танысқан Асқар Ұзақбайұлы қаланы қалпына келтіру жұмыстары уақытылы әрі сапалы орындалуы керектігіне көңіл бөлді. Айта кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша Жамбыл облысының штабы жемісті жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде кешеге дейін 21 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Сондай-ақ, қазіргі таңда жамбылдық 300-ден астам құрылысшы 180 жеке тұрғын үйдің демонтаж жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін xабарлағанымыздай өңірімізге тиесілі…

Read More

Ресейлік музыкант, продюсер Бари Алибасовтың продюсерінің көмекшісі дәрігермен музыкантты ауруханаға жатқызу туралы алдын ала келісіп алған. Олардың хат алмасу үзіндісі «Бірінші арнадағы» «На самом деле» бағдарламасының эфирінде көрсетілді, — деп хабарлайды Lenta.ru. Эфирде көрсетілген хабарламаларға қарағанда, Алибасов уланғанға дейін бір ай бұрын оның көмекшісі дәрігермен сөйлескен. Ол музыкантты емдеуге жатқызудың алдын ала себептерін талқылаған. «Емдеуге жатқызу себебін ішімдіктен емес, асқазан немесе бауырға қатысты сылтау ойлап табу керек шығар? Кеңсе мен мысықты өзім реттеймін», — деп жазған көмекші. Дәрігер онымен келіседі. «Бірінші арна» скриншоты Скриншоттар жариялағаннан кейін Алибасов студиядан шығып кетті. Оның алдында ол қайда уланғанын және қандай ауруханада жатқанын есіне алмайтынын мәлімдеген. Бағдарлама…

Read More

Қазгидромет экс-басшылары 10 жылға сотталды, — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі. «Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Н.Қ. Сұлтанов ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі («Пара алу») бойынша кінәлі деп танылды. Оған осы баппен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Р.И. Андрианов ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген елордалық баспасөз қызметінде. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 17 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері пара алды деген күдікпен «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшыларын ұстады. Кейін Қазгидромет өкілдері…

Read More