Автор: admin

Сауд Арабиясында мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның әпкесі Хасса бинт Салман сантехникке зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отыр, — деп хабарлайды РИА Новости. Бұл оқиға 2016 жылы Францияда болған. Тергеу мәліметінше, ханшайымның оққағары бірнеше сағат бойы сантехникті ұрып-соғып, тізерлеп отырғызып, ханшайымның аяғын сүюге мәжбүрлеген. Ханшайым Хасса бинт Салманның айтуынша, ер адам оны және Париждегі пәтерін рұқсатсыз ұялы телефонына түсірген. Ал мемлекеттік айыптаушылар ханшайымның қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады. Сол себепті прокурор оны жарты жылға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде айыппұл салуды талап етіп отыр. Ал ханшайымның оққағарын шартты түрде сегіз айға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде…

Read More

Жамбыл облысының Шу ауданында Қордай аудандық полиция бөлімі полиция қызметі майорының өртеніп кеткен денесі табылды. Майордың жүрек тұсына пышақ салынған. Бұл қылмыс туралы ақпаратты Экспресс-К газеті анықтады. Басылым мәліметі бойынша, бейтаныс әйел телефонмен Жайсан ауылының (Шу қаласынан 15 шақырым жерде) маңында адам денесін көргенін айтқан. Артынша көрсетілген жерге жедел топ қызметкерлері келіп, әріптесінің өртеніп кеткен денесін көрген. Бұл Қордай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастырушылық-сараптамалық жұмыс тобының инспекторы, полиция қызметінің майоры 30 жастағы Бағдат Мәмілеев болып шықты. Ол екі баланың әкесі болатын. Дененің қасында оның құжаттары болған: жеке куәлік және қызметтік куәлік ұялы телефонмен бірге пакеттің ішінде жатқан, онда азғантай ақша, джинс, екі жейде және басқа да киімдер…

Read More

Ішкі істер органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, — деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. Мәселен, өткен аптада республика өңірлерінде әр түрлі қызмет атқарған полиция қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімі шықты. «Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының үкімімен жол-патрульдік полиция полкі рота командирі полиция майоры М. Каскин жалпы қамқорлығы мен жүк автокөліктерінің кедергісіз жүріп өтуі үшін жеке тұлғадан пара алған. Қостанай қаласының № 2 сотының үкімімен билікті асыра пайдалану және бағынышты қызметкерлерден жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактілері бойынша 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы сотпен жеңгетайлықпен айналысқан адамдардың қылмыстық әрекетіне қамқорлық көрсету арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін…

Read More

Таразда ұялы телефондардың  IMEI-кодтарын өзгерткен екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұялы телефондардың сәйкестендіру кодтарын яғни  IMEI-код заңсыз өзгертті деген күдікпен екі адамнан тұратын қылмыстық топты анықтады. Атап айтқанда, Тараздың 37 және 25 жастағы екі тұрғыны ұрланған смартфондардың IMEI-кодтарын өзгерту дерегі бойынша күдікті деп танылуда. Санкцияланған тінту жүргізу барысында күдіктілердің пәтерінен дербес компьютер, ipad және 60 дана ұялы телефон табылып, тәркіленді. Олардың барлығы ұрланған телефондардың базасы бойынша тексерілуде. Сонымен қатар, аталған азаматтарға ұялы құрылғыларды жеткізіп, сатып алған, кейіннен нарыққа өткізген деген күдікпен 33 жастағы облыс…

Read More

Үндістанның Ассам штатында бірнеше күн жауған жауын тасқынға ұласты, — деп хабарлайды «Хабар 24». Табиғат апатынан 13 мыңнан аса тұрғын зардап шекті. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ең қауіпті деп саналған Джорхат штатында әлі де 6 мыңға жуық адам бар. Баспаналарын тастауға мәжбүр болған тұрғындар уақытша лагерьге орнатылды. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Брахмапутра өзенінің суы қауіпті деңгейге дейін жетіп отыр. Құтқарушылардың эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Әзірге тасқыннан адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.

Read More

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл шоғын қойды. Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында жазды. «Денис Тен. Мәңгі есімізде», — деп жазды Бақытжан Сағынтаев. https://www.instagram.com/p/BzporIBB8ev/?utm_source=ig_embed Айта кетейік, Алматыда қайтыс болған мәнерлеп сырғанаушы, Сочиде өткен Олимпиада-2014 ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге ескеркіш 22 маусымда қойылған еді. Ескерткіш спортшы қайтыс болған Бәйсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында орнатылған. Денис Тен Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 2018 жылы 19 шілдеде автоұрылармен қақтығыс салдарынан қайтыс болған. Олар спортшының сан артериясына пышақ ұрған. Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар сот алдында жауап берген еді. 2019 жылы 17 қаңтарда оларға үкім шықты — Тенді өлтірген жігіттер…

Read More

Мексиканың Чихуахуа провинциясындағы Куатемок қаласының мэрі қалалық мекеме қызметкерлерінің азаматтарға қалай қызмет көрсететінін өз көзімен тексеріп көргісі келген. Бұл үшін қала басшысы Карлос Тена бетіне грим жасатып, мүгедекке айналған, осылайша ол мүгедек арбаға таңылып, көмек сұрауға көшеге шығады. Бұл оқиғаны жергілікті Milenio телеарнасы көрсетті, — деп хабарлайды «Российская Газета». Эксперимент нәтижесін қала басшысы бұлай болады деп ойламаған, барлық жерде ол еленбей, оған қоса кемсітушілікке ұшыраған. Кейін Тена баспасөзге бұл эксперименттің екі ай бойы жоспарланғанын, ал оған азаматтардан үнемі түсіп жатқан шағымдары мен қоластындағы шенеуніктердің баяндамалары үйлеспегені себеп болғанын хабарлады. «Кімге сенерімді білмедім, адамдарға немесе жұмыс бойынша әріптестеріме, сондықтан осындай шешім қабылданды»,-деп атап өтті…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажеті дұрыс бастама екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Құрметт отандастар, құрметті қауым! Ең алдымен баршаңызды үлкен бірегей мерекемен, Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мейрамды ұлттық руханиятты ел, зор құрмет, баршамызға ортақ құндылықты ұлықтау деп түсінуіміз керек. Тарихта халқымыздың өз салтымен дәстүрінен алшақтап, ажырап қалған сәттері болғаны жасырын емес. Алайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген бастамасының арқасында бүгінде халқымыздың дәстүрлі өнерге деген шынайы ықыласы артып келеді. Ұлттық домбыра күні — соның айғағы. Бүкіл халқымыз осы шуақты мерекені айрықша қуанышпен тойлайды. Себебі қазақ пен домбыра егіз ұғым. Ақын Қадір ағамыз қасиетті домбырамызды нағыз…

Read More

Ауғанстанның Газни қаласында лаңкес жүк көлігін жарып жіберді, — деп хабарлайды РИА Новости «Пажвак» агенттігіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта 179 адамның жарақат алғаны және 12 адам қаза тапқаны туралы айтылады. Жарылысты «Талибан» қозғалысы өз мойнына алды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шеккендердің көбісі қарапайым тұрғындар. Оларды ауруханаға жеткізген. Зардап шеккендердің арасында 36 бала бар екені айтылады. Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидың баспасөз қызметінің жетекшісі Садик Садикки талибтердің шабуылын айыптап, мұны теракт деп атады. «Газни қаласындағы жеке мектептің жанында талибтердің террорлық шабуылы бейбіт тұрғындардың өліміне әкеліп соқты, ал бұл адамзатқа қарсы қылмыс болып табылады», — деп жазды баспасөз қызметінің жетекшісі Twitter желісіндегі парақшасында.

Read More

Бір қарағанда, алдымызда жай ғана картина тұрған сияқты, әдеттегідей үйлер, жолдар көрінеді… Бірақ дұрыстап қарасаң, көп ғимараттар зақымданғанын байқайсың. 4 маусымда оқ-дәрілері бар қойма жарылған Арыстың қазіргі көрінісі осындай. Қорғаныс министрлігінің борты Арыс үстімен ұшып өтті. Tengrinews.kz порталының фототілшісі Тұрар Қазанғапов биіктіктен бірнеше эксклюзив кадр жасай алды. Жарылыстар таңертең ерте болды. Снаряд қалдықтары жақын маңдағы үйлерге түсті. Жарылыс толқыны көп тұрғын үйлердің терезелерін шағып, есіктері мен шатырын толығымен қиратып тастады. Арыстың орталығында да қираған ғимараттар көп. Суретте — базар мен сауда кешендері орналасқан қаланың бір бөлігі. Соңғы мәліметтер бойынша, Арыс қаласында 7 709 тұрғын үйді қалпына келтіру қажет. Қаланы толық қалпына…

Read More