Автор: admin

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбеков Арыс қаласындағы Жамбыл облысының штабына арнайы келді, – деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Штабтың белсенді жұмыс барысын оң бағалап, жоспарлы шаралармен танысты. Үкімет басшысының орынбасары қаланы қалпына келтіру жұмыстары уақытылы әрі сапалы орындалуы керектігін пысықтады. Айта кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша Жамбыл облысының штабы жемісті жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде бұған дейін 6 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып үлгерді. Өз үйлерінің қалпына келтіру шаралары дер кезінде аяқталғанына риза болған арыстықтар құрылысшыларға алғыстарын жеткізуде. Сондай-ақ, қазіргі таңда жамбылдық 250 құрылысшы 71 жеке тұрғын үйдің демонтаж жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін xабарлағанымыздай өңірімізге тиесілі…

Read More

Әзербайжанда әскери бөлімде жарылыс болды, екі әскери қызметкер қаза тауып, біреуі қатты жарақат алды, — деп хабарлайды РИА Новости. «6 шілдеде таңертең әскери бөлімдердің бірінде жазатайым оқиға болды. Әскери қызметкер танк снарядының зарядын қолынан түсіріп алды, содан кейін жарылыс болды. Салдарынан, екі әскери қызметкер қаза тапты: Агаларов Амиддин Шахмалы оғлу және Салахов Самир Чингиз оғлу. Мамедов Нұрлан Рагим оғлу ауыр жарақат алды», — деп хабарлады Әзербайжан қорғаныс министрлігі өкілдері. ТЖ дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Еске салсақ, 24 маусымда Түркістан облысында Арыс қаласында әскери бөлім аумағында оқ-дәрілер жарыла бастады. Қалада 45 мың адам тұрады, олардың барлығы үйлерін тастап, жақын маңдағы қалаға қашты. Қайғылы оқиғадан бір…

Read More

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы заңсыз митингілерге қатысушы кейбір адамдардан түтіндету құтысы мен қару табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «6 шілдеде, мереке күні, Нұрсұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұшырады. Олардың кейбіреулері басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, Құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады», — делінген ведомство таратқан хабарламада. Астана. 6 шілде. Астана. 6 шілде. Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдағаны айтылады. Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімшелеріне жеткізілген. Жеке тұлғалардан түтін шашкалары…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханды қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Кездесу барысында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмыссыздықты жою, жемқорлықты ауыздықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан жасалып жатқан қадамдарды халыққа жеткізу, түсіндіру мәселелеріне мән беру керектігін айтты. Депутат Бекболат Тілеухан рухани саланы дамытуға, оның ішінде «Абай жылын» атап өтуге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Read More

Аляска штатының бірқатар аудандарында бұрын-соңды болмаған рекордтық жоғары температура тіркелді, — деп хабарлайды РИА Новости. АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметінше, 4 шілдеде Аляскадағы ірі қала Анкоридждағы температура 32,2 градусқа дейін көтерілген. Оның алдындағы ең жоғарғы көрсеткіш 1969 жылдың маусымында тіркелген, ол кезде ауа температурасы 29,4 градусқа жеткен. Сондай-ақ, Кенай елді мекендерінде күн 31,6 градусқа дейін ысыған, мұның алдындағы рекорд 1903 және 1953 жылдары маусымда болған 30,5 градусқа тиесілі, сондай-ақ, Кинг-Салмонда — 31,6 градус (1953 жылғы маусымда 31,1 градус) рекордтық температура тіркелген. Синоптиктердің болжамынша, Алясканың оңтүстік аудандарында демалыс күндері ыстық сақталады.

Read More

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың аудандарға сапары Мойынқұм ауданында жалғасын тапты, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатын көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көрген аймақ басшысы ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Ең алдымен Бірлік ауылдық округінде болған өңір басшысы ондағы тұрғындардың үй іргесінде орналасқан қосалқы шаруашылықтарымен танысып, ауылдағы ағайынның талап-тілегіне құлақ түрді. Ал, облыс орталығынан құмды өлкеге арнайы барған жұмыс тобы өздеріне бөлінген барлық ауылдық округтерге барып, «Қарапайым заттар экономикасы» жобасының елді мекендерде жүзеге асырылуын көріп қайтты. Түстен кейін аудандық мәдениет үйінде өткен қорытынды жиында әр ауылдық оркугке бөлінген жұмыс…

Read More

Жеті адам Багам аралында тікұшақ апатынан қаза тапты, — деп хабарлайды BNO News басылымы америкалық билікке сілтеме жасап. Жетеудің ішінде көмір магнаты әрі миллиардер Крис Клайн болғаны айтылады. Олардың мәліметтеріне сәйкес, оқиға бейсенбі күні таңертең болған. Тікұшақ Багам аралдарының ең Солтүстік аралына жақын Атлант мұхитына құлап кеткен. Бұл ұшудан кейін көп ұзамай болған. Бортта барлығы жеті адам болған, ешкім аман қалған жоқ. Достары өлгендердің бірін Клайн деп тапты. Клайн өзінің 62-ші туған күні қарсаңында қаза тапты. Қалғандарының аты-жөні анықталған жоқ. Forbes журналындағы мәліметке сәйкес, Клайнның қайтыс болған кездегі жағдайы — шамамен 1,8 миллиард доллар, ол 2000 жылдардың басында байыған.

Read More

Арыс қаласын қалпына келтіруге 34,5 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары — ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР Парламент Сенатында айтты, — деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі. Алдын-ала есептеулер бойынша, биыл 1 шілдеде Арыс қаласын қалпына келтіру үшін 34,5 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет, оның ішінде Арыс қаласының әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы беру үшін 4,5 миллиард теңге қарастырылған. Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы мақсаттарда ҚР Үкіметінің қорынан 2 миллиард теңге, Түркістан облысының бюджетінен 1 миллиард теңге, гуманитарлық көмек ретінде 1,5 миллиард теңге бөлінген. «7 709 тұрғын үйді қалпына келтіру қажет, оның ішінде 49 үй бүтіндей қирап қалған. Тұрғын үйлерді қалпына…

Read More

Беларусь астанасы Минскіде ел тәуелсіздігі күніне орай үйымдастырылған мерекелік отшашу кезінде бір әйелдің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды БЕЛТА Тергеу комитетіне сілтеме жасап. «Отшашуды Свислочь өзенінің жағалауында тамашалап тұрғанында жарақат алған 1955 жылғы әйелге дер кезінде көмек көрсетілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмады», — деп мәлімдеді Тергеу комитеті. Қорғаныс министрлігінің дерегі бойынша, отшашу кезінде төрт адам зардап шеккен. Ведомство мәліметінше, «отшашу кезінде қолданылған зарядтар бұдан бұрын да пайдаланылған». Қорғаныс министрлігі мен Тергеу комитетінен құралған комиссия Минскіде отшашу болған кезде азаматтардың жарақат алу себебін анықтап жатыр. https://twitter.com/mc_maxim/status/1146513867956244480

Read More