Автор: admin

Ко Дню медицинского работника профессиональная деятельность врача-хирурга ГУ «Госпиталь и поликлиника Департамента полиции Жамбылской области» Букимбая Утешова была отмечена наградой Министерства здравоохранения РК — нагрудным знаком «Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» Во время многолетней работы в госпитале, начавшейся с 2005 года, через умелые руки хирурга Б. Утешова прошло огромное количество пациентов, среди которых сотрудники органов внутренних дел, департамента по борьбе с экономической и коррупционной преступностью, прокуратуры, уголовно-исполнительной системы. Высокую оценку работе коллеги дала начальник госпиталя ДП Жамбылской области Айгуль Масельбекова, отметив его ответственное отношение и преданность делу, высокий профессионализм, заботу и внимательность к пациентам. На торжественной церемонии вручения нагрудного знака «Денсаулық…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы қаулыға қол қойды, — деп хабарлайды Ақордаға баспасөз қызметі. Президент мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту және жекеше секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында мына қаулыға қол қойды: 1. 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар: 1) қызметін әлеуметтік салада және (немесе) елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 2) жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (біріктіру немесе қайта құру) жолымен оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғалар; 3) жарғылық капиталында дауыс беретін акцияларының елу және одан да аз проценті (қатысу үлесі) квазимемлекеттік сектор…

Read More

Андрей Аршавин ажырасты, — деп хабарлайды РИА Новости. Санкт-Петербург аудандық соты қазақстандық «Қайрат» футбол клубының экс-футболшысы Андрей Аршавин мен жары Алиса Казьминаның (Аршавина) некесін бұзды. Мұндай мәліметтерді адвокат Виктория Савицкая мәлімдеді. «Олар ажырасты. Шешім заңды және негізделген», — деді Аршавиннің адвокаты Савицкая. Оның айтуынша, сот баланы анасымен қалдыруға шешім шығарған. Адвокаттың мәліметтері бойынша, Андрей Аршавин ажырасу шарттары бойынша 300 мың рубльге жуық алиментке беріп отырады. Үш баласы бар Аршавин 2016 жылы қыркүйекте журналист Алиса Казьминға үйлерген еді. 2017 жылы ақпанда олардың қызы дүниеге келді. Айта кетейік, Аршавин спорттық мансабын аяқтағанға дейін ол «Қайрат» сапында өнер көрсетті. Ол алматылық клубта 2016 жылдың наурыз…

Read More

Өңірде бекітілген алгоритмге сай атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында, облыс әкімі Асқар Мырзахметов Байзақ ауданында жұмыс сапарымен болды. Өңір басшысы алдымен Қызыл жұлдыз ауылдық округінің тұрғындармен бетпе-бет жүздесті. Бұдан кейін округтегі ауылдық клубта шаруа қожалық басшылары, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы ауылдықтардың әлеуетін арттырудың басты бағыттарына тоқталды. Еркін форматтағы кездесуде Асқар Исабекұлы тұрғындарға тиімді табыс көзіне бейімделудің негізгі тетіктері мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы, қосалқы шаруашылықтар жөнінде қарапайым тілде түсіндіріп өтті. Жұмыс сапарын қорытындылап, аудан активімен жиын өткізілді. Жиында ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, арнайы келген жұмыс тобы мүшелерінің елдімекендердегі зерделеу шараларының қорытындысы баяндалды. Кездесу…

Read More

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты мәселелерін шешуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Тengrinews.kzтілшісі. «Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс», — деп жазды Тоқаев. https://twitter.com/TokayevKZ/status/1146284343893078018?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1146284343893078018&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fkazakhstan_news%2Ftokaev-kostanaydagyi-kazaktld-mekteptn-maselesn-sheshud-299241%2F

Read More

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді. Ол процессуалдық келісімге келіп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Вице-министр бойынша, қорғаушы-адвокат жүгінгенін ескере отырып, ол процессуалдық келісімге келу жолымен іс жүргізуге дайын. Іс жедел түрде сотқа жіберілді», — деді Шпекбаев білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңсенің ашылуында. Соттың шешімімен Суханбердиева 6 тамызға дейін қамауда болады. Оған пара алды және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. «Тестілеу орталығың директоры бойынша іс әлі тергеуде. Жақын арада аяқтаймыз деп ойлаймын. Бізде көпэпизодты, созылмалы істер болды. Бірақ қазіргі…

Read More

АҚШ Мексикамен арадағы шекарада мигранттардың мәселелерін шешуге 4,6 миллиард доллар бөледі, — деп хабарлайды «Хабар 24». АҚШ Президенті Дональд Трамп сәйкес заң жобасына қол қойды. Аталған қаржының басым бөлігі, Құрама штаттарға жалғыз өзі келген балаларды күтуге жұмсалады. Сонымен қатар, заңсыз мигранттарды азық-түлік, баспанамен қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсетуге де қомақты қаржы бөлінген. Айта кетейік, бұған дейін Техастағы мигранттарды күту орталықтарындағы жағдай көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Онда жүздеген бала бірнеше апта бойы жеткіліксіз ауыз су мен тамақсыз өмір сүріп келген. Осыған байланысты АҚШ Кеден қызметінің басшысы Джон Сандерс отставкаға кеткен болатын.

Read More

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Қазақстан Президентіне Парламенттің жоғарғы палатасының қазіргі жұмыстары және сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, соның ішінде азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты жоспарлары туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы, есірткі таратқаны, әсіресе интернет арқылы таратқаны үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол астындағы қызметкерлердің жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығы үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін заңнамалық нормаға енгізудің маңызды екенін атап өтті.

Read More

Жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер Арыс қаласын қалпына келтіру, әлеуметтік шараларды атқару бойынша қызу жұмыстар жүргізуде. Бұған дейін айтылғандай қала аумағы 17 секторға бөлінген десек, 3-секторға қарасты 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары Жамбыл облысына жүктелген болатын. Бұдан бөлек бұл бөліністе тағы 14 әлеуметтік және коммерциялық нысандар анықталған. Бүгінде облысқа тиесілі аумақтағы 11 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйдің барлығы толығымен зерделеніп аяқталды. Нәтиежесінде қираған 3 үйдің екеуіне толық, біреуіне жартылай қалпына келтіру шаралары атқарылатын болды. Бұған жұмсалатын шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жиналған қаражаттан қарастырылмақ. Айта кетейік, қазіргі таңда жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 150 құрылысшысы Арыстағы 35 жеке…

Read More

Бәзбіреу Шешенстанның полиция бекетіне шабуыл жасаған. Ол гранатаны бекеттің бастырмасына лақтырып, кейін оны қуған полицейді пышақпен жарақаттаған, — деп хабарлайды РИА Новости. Оқиға Ачхой-Мартанов бақылау-бөгеуіл бекетінде болған. Бекет Бамут ауданына жақын маңда орналасқан. Шешенстанның қарулы күштері қызметкерлері оның көзін жойған. Полиция қызметкері алған жарақатынан емханаға бара жатқан жолда қаза тапқан. Полиция бекетіне жасалған шабуылды ДАИШ террористік ұйымы өз мойнына алды (Қазақстанда тыйым салынған). Бұл туралы SITE Intelligence Group мәлімдеді. Бұл портал лаңкестердің ғаламтордағы әрекеттерін бақылап отырады. Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров қаза тапқан полицейдің туыстарына көңіл айтты. «Мен ерлікпен қаза тапқан полицейдің жанұясына, туыстарына және оның жақындарына көңіл айтамын», — деді Қадыров Telegram-арнасында. Ол лаңкестердің аяусыз, дөрекі…

Read More