Автор: admin

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Үкіметпен, Мәжіліспен, мәслихаттармен өзара іс-қимылдарды күшейту, бастауыш партия ұйымдарын нығайту қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды уәделердің орындалуы үшін партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге назар аударды. «Партияның міндеті — сайлауалды уәделердің орындалуы үшін қоғамдық бақылауды күшейту. Халықтың барлық аманатының орындалуын қатаң бақылауға алып, олардың нақты орындалуын қамтамасыз ету керек. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін халыққа уақтылы әрі тиімді жеткізу маңызды», — деді Қазақстан Президенті. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінде және жас мамандардан президенттің кадрлық резервін жасақтауда партияның жұмысын жандандыру…

Read More

Жамбыл облысында 2018 жылы бойынша 6041 орындық 66 мектепке дейінгі ұйым ашылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырованың қатысуымен өткен брифингте айтылды. Облыста 535 мектепке дейінгі білім мекемелерінде 55 207 бала, 171 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 14 984 бала тәрбиеленуде. Сондай-ақ, биыл 2899 орындық 27 мектепке дейінгі ұйым ашу көзделуде.Оның ішінде 390 орындық 5 жекеменшік балабақша ашылды. Бұған қоса, 2018-2019 оқу жылында облыстағы 446 жалпы білім беретін мектептерді 222 801 оқушы бітірді. Ал бітіруші 8813 түлектің 75-і ЖОО грант иегері атанған. Ағымдағы жылдың 11 маусым күні «Достық үйінде» облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбековтың…

Read More

Еуропада аптаптан 8 адам қайтыс болды. Олардың төртеуі Франция тұрғыны болса, қалғандары Испания мен Италия азаматтары, — деп хабарлайды «Хабар 24». Францияда күннің ысуына байланысты 4 мың мектеп уақытша жұмысын тоқтатты. Елдің бірнеше аудандарында қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды. Мамандардың айтуынша, елде аптап ыстық рекордтық деңгейге жетті. Осыған орай жергілікті билік аймақта төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын қолға алды.

Read More

Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов брифинг өткізді. Онда жарылыстан зардап шеккендерге облыс тарапынан ұйымдастырылып жатқан көмек туралы баяндалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік апат орын алған күні 24-26 маусым күндері Жамбыл облысының Жамбыл, Луговое және Шу станцияларында 11 жолаушы пойызы тоқтаған болатын. Ондағы жолаушыларға облыс тарапынан тиісті жағдай жасалды. Теміржол станцияларында тәулік бойы медицина қызметкерлерінен 4 бригада кезекшілік ұйымдастырылып, медициналық қызмет көрсетті. Вокзал маңындағы мектептер мен қонақ үйлерден төсек орындар әзірленіп, тамақтану пункттері ашылды. Сондай-ақ, 25 маусымда Тараз қаласына Арыс қаласының («Һибатулла Тарази» мешітіне) 134 тұрғыны жеткізіліп, орталық мешітке жайғастырылған. Оларға жергілікті…

Read More