Автор: admin

«Теңізшевройл» компаниясы бүгін 29 маусымда болған оқиғаға байланысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Теңіздегі жағдайға қатысты мынаны хабарлаймыз: 29 маусымда үшінші буын зауытының құрылыс алаңында жұмысшылар мен жеке тұлға арасында жанжал болды, нәтижесінде CCEP мердігерлік ұйымының бірнеше қызметкері жарақат алды. Оқиға болған жерде полиция қызметкерлері бар, аумақ қоршалды. ТШО жағдайды тұрақтандыру және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді», — деп хабарлады «Теңізшевройл» өкілдері. Оқиға 29 маусымда сағат 11:00-де «Теңіз» вахталық ауылында болды, «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың жақында жариялаған суретіне қатысты наразылықтарын білдірді, оның…

Read More

Жұмысшылар қатысқан Теңіздегі жанжал басылды. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігінде хабарлады. «Атырау облысының полиция департаменті Теңіз вахталық ауылында бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері оқиғаға қатысушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Қазіргі уақытта қақтығыс аяқталды. Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырды», — делінген ІІМ хабарламасында. Еске салсақ, оқиға 29 маусымда сағат 11:00-де «Теңіз» вахталық ауылында болды, «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың жақында жариялаған суретіне қатысты наразылықтарын білдірген.

Read More

Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов брифинг өткізді. Онда орын алған жарылыстан зардап шеккендерге облыс тарапынан ұйымдастырылып жатқан көмек туралы баяндалды. Айта кетейік апат орын алған күні 24-26 маусым күндері Жамбыл облысының Жамбыл, Луговое және Шу станцияларында 11 жолаушы пойызы тоқтаған болатын. Ондағы жолаушыларға облыс тарапынан тиісті жағдай жасалды. Теміржол станцияларында тәулік бойы медицина қызметкерлерінен 4 бригада кезекшілік ұйымдастырылып, медициналық қызмет көрсетті. Вокзал маңындағы мектептер мен қонақ үйлерден төсек орындар әзірленіп, тамақтану пункттері ашылды. Сондай-ақ, 25 маусымда Тараз қаласына Арыс қаласының («Һибатулла Тарази» мешітіне) 134 тұрғыны жеткізіліп, орталық мешітке жайғастырылған. Оларға жергілікті билік…

Read More

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап. «Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын», — делінген хабарламада. Ал Бауыржан Байбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды. Бүгін Сағынтаев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған еді. Ол әкімшілік басшысы қызметін 2019 жылдың 24 наурызынан бастап атқарды. Президент Әкімшілігінің басшысы болып Қырымбек Көшербаев тағайындалды. Бұрын Сағынтаев мемлекеттік хатшы және премьер-министр қызметін атқарған еді. Одан бөлек, Бақытжан Сағынтаев өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі, Павлодар облысының әкімі болып қызмет істеген.

Read More

Арыс қаласында төтенше жағдайлар орын алған күннің ертесіне-ақ өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың тапсырмасымен Жамбыл облысынан бір топ азаматтар оқиға орын алған аумаққа келіп жеткен болатын. Ақ жол ауылындағы штабта қызу жұмыс басталып, облысқа тиесілі 3- сектор бойынша түгендеу шаралары бірден қолға алынған. Жалпы, 3-секторда 327 жеке тұрғын үй, 13 коммерциялық бағыттағы нысан бар. Бүгінде қаладағы шипажай аумағында Жамбыл облысының штабы орналасқан. Онда керекті құрал-саймандар, палаткалар қамтылған. 200 адам құрылысқа сақадай-сай. Одан бөлек бүгін таңғы сағат 8:00-ден бастап қалаға оралып жатқан арыстықтарды қабылдауға 100 адам бөлінді. Олар өзімізге қарасты 9 көше бойынша арнайы топтарға топтасып, тұрғындарды қабылдап, жайғастырумен, үйлеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз…

Read More

Оралда кәріз коллекторында болған апат салдарынан 120 мың тұрғын сусыз қалып отыр. 26 маусымда Оралда Зашаған мен Деркөл ауылдарының арасындағы автожол маңында төтенше жағдай болған. Нәтижесінде қаланың солтүстік-шығыс бөлігінің тұрғындары сусыз қалып қойған. «Батыс Су Арнасы» ЖШС басшылығының өкілдері қазіргі уақытта жұмыстардың жүргізіліп жатқанын хабарлады. Айтуларынша, кәріз коллекторының апат болған аумағы жөнделеді. «26 маусымда таңғы сағат 9-да Оралдың солтүстік-шығыс және Деркөл ауылында су өшірілді. Уақытша келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз», — деді Орал әкімдігінің өкілдері. «Оралдың 120 мыңға жуық тұрғыны сусыз қалып отыр. Облыс орталығының тоғыз нүктесіне су жеткізіліп жатыр. Апаттың нақты қашан жойылатынын айта алмаймыз. Мамандар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр»,…

Read More

Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыстардан кейін бір тәуліктен астам уақыт өтті. 45 мың қала тұрғыны толығымен эвакуацияланды, көптеген үй қирады, жарылыс қаупі әлі де бар. Қазір қалада тек шұғыл әрекет ету қызметтері бар. Десе де кей адамдар билік өкілдерінің өтінішіне қарамастан, қалаға кіріп кетіп жатыр екен. Қазіргі таңда қаланың бет-бейнесі қандай екені, барша қазақстандықтардың назары қайда ауғаны және жергілікті тұрғындардың қауіп-қатерге қарамастан неге қалаға оралып жатқаны Tengrinews.kz тілшісінің репортажында. Бұл суреттерде әскери бөлім мен қоймалар орналасқан қаланың бөлігіне бөгде адамдарды өткізбеуді қадағалап жүрген әскери қызметкерлер. Жарылыс болған жерлерде әлі де түтін шығып жатыр. Қорғаныс министрлігі өкілдері қоймаларда әлі жарылмаған…

Read More

Арыстықтарға алғашқылардың бірі болып жамбылдықтар қол ұшын созуда, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Арыс қаласында орын алған жарылыстан зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып әулиеаталықтар қол ұшын созуда. “Көрші ақысы – Тәңір ақысы” деген тәмсілге терең бойлаған жамбылдықтар игі іске жұдырықтай жұмылуда. Төтенше жағдайдың зардаптарын жою және жапа шеккендерге көмек көрсету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінде арнайы штаб құрылып, жұмысын бастап кетті. Орын алған оқыс оқиғаға Жамбыл жұртшылығының берген көмектерін бір орталықта жинау мақсатында арнайы пункттер ашылды. Нәтижесінде Жамбыл облысынан 75 тонна азық-түлік, киім-кешек тағы басқа тұрмысқа қажетті заттар тиелген жүк көліктері Арыс қаласына жеткізілді. Бұдан бөлек медициналық…

Read More

Венесуэла президенті Николас Мадуро елде маусым айында үкіметті құлату мақсатында астыртын сөз байласқандардың ұсталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости. «Венесуэла қоғамы мен демократиясына шабуыл жасауға ниеттенген фашистік және террористік банданы әшкере етіп, ұстадық. Олар ұсталды, толық дәлелдерімен қамауға алынды, 14 ай бойы осы қылмыстық фашистік топты аңдыдық», — деп мәлімдеді Мадуро мемлекеттік телеарна эфирінде. Мұның алдында байланыс және ақпарат министрі Хорхе Родригес 24 және 24 маусым күндері оппозицияның АҚШ-тың, Колумбияның және Чилидің қолдауымен билікті құлатып, Мадуроны, әйелі Силия Флоресті, сондай-ақ, Ұлттық құрылтай жиынының басшысы Диосдадо Кабельоны өлтіруге ниеттенгенін айтып берген еді. Родригестің айтуынша, бүлікшілер билік басына генерал Рауль Бадуаэльді келтірмек…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр өмірлік жағдайға қалған отбасылардың кредитін кешіруді тапсырды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды. «Үкімет бір жолғы тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілзатсыз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті келесі талаптарда өтеу жөнінде шаралар қабылдасын: 1) көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар аталған қарыздар бойынша борышкерлер болып табылады; 2) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қарыз бойынша жалпы берешек 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;…

Read More