Автор: admin

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табысы өмір сүру деңгейінің көрсеткішінен аз қазақстандықтарға кредит беруді доғару керектігін айтты. «Тұтынушылық несиелермен қалыптасқан жағдай одан әрі қайталанбауы тиіс. Ұлттық банк реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдауға, қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейтуге міндетті. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға одан әрі жағдайдың нашарлануына және қаржылық жағдайды болдырмау үшін қарыз беруге тыйым салу қажет», — деді Тоқаев. Мемлекет басшысы Ұлттық банк кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беруді реттеудің қосымша шараларын қабылдауы тиіс екенін атап өтті.

Read More

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен “28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні” кәсіби мерекесіне арналған Халық жазушысы Шерхан Муртаза атында журналистер арасындағы спартакиада өтуде.

Read More

Жамбыл ауданында мемлекеттік қызметшілерге арналған қоғамдық дәрістер өтті. Республикалық ақпараттық-насихаттау апталығының аясында Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ақпараттық-насихат тобы мемлекеттік қызметшілерге арналған қоғамдық дәріс жүргізді. Дәріске өңірлердің Тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, Тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, тіл мамандары қатысты. Лекторлар  Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғ.Мелдешов, ҚР Парламенті Сенаты депутаты М.Бахтиярұлы, «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Е.Тілешов болды.

Read More

26 маусымда Ауғанстанда АҚШ-тың екі сарбазы қаза тапты. Бұл туралы НАТО миссиясының өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды «Лента.ру». «Талибан» террорлық ұйымы осы шабуылдарды өз мойнына алды. Шабуылға дейін бір күн бұрын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ауғанстан президентімен келіссөздер жүргізуге келген. 29 маусымда Вашингтон мен талибтер арасында келіссөздердің жетінші раундты басталады. Осыған дейінгі келіссөздерде «Талибан» өкілдері басқа да экстремистік ұйымдармен қарым-қатынасты үзуге міндеттелген. 2019 жылдың басынан бері Ауғанстанда кемінде америкалық сарбаз қаза тапты. Жалпы 2015 жылдан бері Ауғанстанда қаза тапқан АҚШ әскерінің саны 65-ке жеткен. Қазіргі уақытта елде шамамен шетелдік 20 мың әскер бар, оның көпшілігі — америкалықтар.

Read More

Мемлекет басшысы Арыс қаласын аралап шықты, — деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Қаланы айналып шығу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын аралап көрді. Сурет: akorda.kz Қазақстан Президентіне эвакуация жұмыстарының барысы және жарылыс ошақтарын тоқтатып, өртті сөндіру жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысы Ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқару органдарының қызметкерлеріне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бір күннің ішінде өте ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты және жұмыстардың осы қарқынын бәсеңдетпей, жалғастыра беруді тапсырды. Сурет: akorda.kz

Read More

Арыста ұрлық жасады деген күдіктілер ұсталды, — деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы. Арыс қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті дамылсыз күзетіп жүрген Ұлттық ұланның жауынгерлері ұрылардың жолын кесіп, травматикалық тапаншамен жүрген бір азаматты ұстады. Түнгі патрульге шыққан капитан Елдос Берденов және қатардағы Алмат Құлғарашев ішкі істер органының қызметкерімен бірге қалалық әкімдіктің маңында жүрген бір азаматты байқайды. Жүрісі күдік тудырған азаматты тексеру барысында, оның травматикалық тапанша мен төрт оқты қойнына тығып алғаны белгілі болды. Сондай-ақ, «Арыс — Монтайтас» тас жолы бекетін бақылап тұрған аға лейтенант Думан Калкеев және кіші сержант Ғалым Байбатшаев өтіп бара жатқан автокөлікті құжаттарын тексеру үшін…

Read More

Әулиеатадан Арысқа гуманитарлық көмектің алғашқы легі аттанды. Қазіргі уақытта жалпы құны 8 млн теңгеден аса қаржы көлемін құрайтын 40 тонна азық түлік тиеліп, одан бөлек 60 тонна құрылыс материалдары жөнелтіледі. Анықтап айтқанда, 10 тонна ұн, 10 тонна қант, 18 мың дана құс жұмыртқасы, 1,5 тонна тауық еті, 350 келі шұжық өнімдері, 1 тонна сүт өнімдері, 200 келі макарон өнімдері, 1 тонна өсімдік майы, 400 келі печенье, 700 келі қияр және 1000 дана бөлке нан дайындалды. Сонымен қатар, Арыс қаласына медициналық қызмет көрсету мақсатында арнайы 4 бригада жіберілді. 2,2 млн теңге қаражат көлемінде қажетті дәрі-дәрмек бөлінді. Жалпы Жамбыл облысында көмек көрсету…

Read More

Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Абха әуежайына ұшқышсыз басқарылатын аппаратпен шабуыл жасады, — деп хабарлайды «Хабар 24». Атыс-шабыс салдарынан бір адам көз жұмды. Шамамен 20 тұрғын жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында үш әйел мен екі бала бар. Оқиғадан кейін, әуе қозғалысы 1 сағатқа тоқтап қалды. Хуситтердің бұл әрекетін Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Мысыр мен Кувейт билігі қатаң сынға алып отыр. Еске салайық, аймақтағы жауласқан тараптардың ұрысы 2014 жылдан бері жалғасып келеді.

Read More

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы брифингте Арыста радиация жоқ екенін айтты. «Ешқандай радиациялық снарядтар болмады. Ешқандай радиация жоқ», — деді қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев. Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Ал қала әкімдігі тұрғындардың жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған. Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс істейді — тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Read More

Жамбыл облысында ақ халатты абзал жан қылмыскердің жолын кесіп, қолға түсірді. Оқиға кәсіби мерекеге пара-пар яғни,  Тараз қаласындағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алған. Әдеттегідей тиесілі кезекшілігін аяқтап,үйіне бет алған түзеу мекемесінің санитарлық-медициналық бөлім бастығы, әділет капитаны Бегжан Асанов түзеу орнының А.Асқаров көшесі бойынан күдікті көлікті байқайды. Жылдамдығын бәсеңдетіп, көлік айнасынан назар салса, жеңіл автомобилден түскен жігіт қалың көлік нөпірін өткізе мекеменің ішкі күзет аумағына қоршауды асырып барып, дөңгелек пішіндес ораманы лақтырып жіберіп, ізін суытуға асығады. Мұны байқаған дәрігер шапшаң әрекет етіп, еш ойланбастан бұзақыны құрықтауға бел байлайды. Көлігімен жолын қақпайлап, күдікті азаматты бірден тұтқынға алды. Ол 29.03.1988 жылғы Тараз қаласының тұрғыны…

Read More