Автор: admin

SpaceX және Tesla басшысы Илон Маск алдағы 30 жылда адамзаттың даму жолына қатысты болжамын бөлісті, — деп хабарлайды Hi-news. Масктың пікірінше, жақын онжылдықтарда адамзатты «популяциялық бомба» жарылысы күтіп тұр, яғни, ғаламшардың қартайып бара жатқан тұрғындарының саны әлемдік туу деңгейінен асып кетеді. Салдарынан БҰҰ-ның соңғы баяндамасында айтылғандай, 2050 жылы Жер тұрғындарының саны өспейді, керісінше айтарлықтай азаяды. «Әлем тұрғындары өз коллапсына қарай екпінмен жылжып келеді, бірақ ешкім оны байқамай отыр», — деп Маск БҰҰ-ның соңғы есебіне пікірін айтты. Оның айтуынша, «демографиялық мәліметтерде жас стратификациясы төңкерілген пирамидаға ұқсап, қартайған буынның өкілдері жас буынның өкілдерінен көбірек болады». Tesla мен SpaceX басшысы норвегиялық ғалым Йорген Рандерстің пікірін мысал етті, ол «2052 жыл: алдағы қырық…

Read More

Синоптиктер 23 маусымға арналған ауа райы болжамын жасады. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейіп, бұршақ жауады, шығыста — кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тек Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде — ауа райы жауын-шашынсыз, — деп хабарлайды Қазгидромет. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болады, жел түнде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр болады. Шығыс Қазақстан және күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болады, жел секундына 15-20 метрге күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысында және күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20…

Read More

21 маусымда кешкі уақытта Грузияның опозициялық саяси қозғалысының өкілдері және оның жақтастары Тбилисидегі Руставели даңғылының бойындағы парламент ғимаратының алдында наразылық акциясын жалғастырды, — деп хабарлайды Sputnik Грузия. Оқиға орнында «ұлттық қозғалыс» төрағасы Григорий Вашадзе, «Еуропалық Грузия» көшбасшыларының бірі, Тбилиси экс-мэрі Гиги Угулава және басқа да оппозициялық көшбасшылар бар. Осы жерге құқық қорғау органдары жұмылдырылды. Көптеген адамдар жиналуына байланысты Руставели даңғылы жабылды. Наразылық білдіргендер ІІМ басшысы Георгий Гахарияның отставкаға кетуін, ұсталғандарды босатуды және зорлық-зомбылық деректерін тергеуді, сондай-ақ кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді талап етеді. Наразылық білдірушілер кейбір оппозициялық партиялардың өз мақсатында осы акцияны саяси мақсатта пайдалануға тырысып жатқанына шағымданды. Осыған байланысты митингіге шыққандар…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануына орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, — деп хабарлайды Ақорда сайты. БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары лауазымдағы қызметі Қазақстан халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді. «Сізді Біріккен ұлттар ұйымында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз», — деді Гутерриш. Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық Ұйымның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, достас Қазақстанның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті. «Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына…

Read More

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілікбаршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясының барысында ел азаматтарынан келіп түскен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл елімізде нақты жоспарға негізделген жұмыстар қарқынды түрде жүргізіледі деген сөз. Барша Қазақстандықтардың ортақ мүддесіне бағытталған Президент тұғырнамасындағы жоспарлар халықтың тыныштығын, бейбіт өмірін, берекелі ғұмырын қамтамасыз етпек. Орындалу барысы Президент әкімшілігіне жүктелген маңызды құжат сайлауда ел таңдауымен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси тұлға ретіндегі беделін, Тәуелсіз Қазақстанның болашағына деген батыл болжамын айқындай түседі. Әсіресе азаматтарға кепілді әлеуметтік қолдау көрсетуде біріңғай стандарттар белгілеу мен олардың қаржылық мүдделерін қорғау жөніндегі…

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамп ұшы-қиыры жоқ соғыстан шаршағанын айтты. Бұл туралы ол Ақ үйде Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен кездесу кезінде айтқан, — деп хабарлайды «Лента.ру». Мемлекет басшысы «шексіз соғыстардан» шыққысы келетінін және осы бағытта агитация жүргізгенін атап өтті. Америкалық көшбасшы Сириядан әскерді шығару процесін еске салды және Ауғанстандағы әскердің санын қысқарту керектігін айтты. Алайда, Трамп Иранның америкалық ұшқышсыз аппаратты құлатуын жаңа мәселе туындағанын мәлімдеді. Осыған дейін, АҚШ президенті Тегеран кездейсоқ ұшқышсыз ұшу аппаратын құлатуына байланысты қателесуі мүмкін екенін айтқан, алайда Вашингтон мұны жылы жауып қоя салмайтынын ескертті. Журналистің АҚШ бұл жағдайда қандай әрекетке барады деген сұрағына, Трамп былай деп жауап берді: «Көресіздер». Айта кетейік, 20…

Read More

Жамбыл обылсы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Латын графикасы – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауын ұйымдастырды. Байқау мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан меңгергенін анықтау, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында өткізілді. Байқауға мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған 9 команда қатысты. Олар «Сәлемдесу» кезеңінде команда атауы мен ұранын таныстырып, «Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің емле ережелері» кезеңі бойынша емле ережелері бойынша сұрақтарға жауап берді.…

Read More

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында жолаушыға лық толы автобус апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғадан 43 жолаушы қайтыс болып, 30-дан аса адам жарақат алды. Жергілікті билік апаттың нақты себебін жариялаған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, көлікте тым көп адам отырғандықтан автобус шатқалға құлап түскен. Айта кетейік, Үндістанда жолаушылар тасымалына байланысты жол-көлік оқиғалары жиі болады.

Read More

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою ұсынылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, біз жастардың атынан Алматыдағы Назарбаев даңғылында еліміздің негізін қалап, оны дамытуға баға жетпес үлес қосқаныңыз үшін сіздің ескерткішіңізді орнату туралы ұсынысымды қабылдауыңызды сұраймыз», — деді Жас Отан жастар қанатыың өкілі Мәди Ахметов. «Рақмет! Жастардан осындай ұсыныстың түскені қуантады. Бірақ мен өзім мұндай ескерткіштер орнатуға қарсымын. Алдарыңда отырмын ғой. Ескерткіштің не керегі бар?», — деп күлді Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазір барлығы менің қолымда емес. Мен президент емеспін ғой. Бірақ халық қаласа, менің одан бас тартуға құқығым жоқ. Сіздерге рақмет. Бақытты болыңдар», — деді Елбасы.

Read More

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында үкіметтегі ауыс-түйіс пен жаңа тағайындауларға қатысты пікір білдірді. Министр биліктегі ауыс-түйістерді жаңа Президенттің басқару бағыты екенін айтады. «Барлығы теңдестірілген. Бұл атқарушы биліктің Қасым-Жомарт Кемеұлының ұлықтау рәсімінде атаған он бағыттың шешімін табу мақсатында жасалып отырған басқару бағыты болса керек», — дейді Абаев. Ақпарат және қоғамдық даму министрінің айтуынша, бұл бірінші кезекте саяси декларация. «Ресми түрде мұның барлығы іс-шараға қатысушыларға айтылса да, расында бұл бүкіл халыққа айтылып отыр, бір жағынан әлемдік қауымдастыққа та айтылды. Жаңа Президент атаған әрбір бағыттың пункті, онда берілген әр тапсырма проблемаларды шешуге, қарапайым халықтың сұрақтарына жауап беру мақсатында айтылды.…

Read More