Автор: admin

Таразда аттракциондағы жазатайым оқиғаларға жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар аясында облыс орталығында орналасқан аттракциондарға, батуттарға жергілікті полиция қызметі, ТЖ департаментінің Тараз қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құрылған комиссиямен рейд жүргізді. Рейд барысында батут иелерімен аттракциондарда қауіпсіздікті сақтау және қамтамасыз ету туралы әңгіме жүргізілді. ТЖ департаментінің қызметкерлері ата-аналарды балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті. Сонымен қатар, аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті шараларды қабылдау мәселелері төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде облыстық комиссияның кезектен тыс отырысында қаралған болатын.

Read More

Жамбылдық полицейлер Президенттік көпсайыста  жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Ағымдағы жылдың 13-16 маусымы аралығында Орал қаласында Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті. Чемпионатқа 15 облыстың полиция департаменттерінің командалары қатысты. Жарыс төрт жас санатында өтті, Тараз құрамасының сапында Жамбыл облысының Полиция департаментінің қызметкерлері болды, олар жоғарғы дайындықта тәсілдік спорттық шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Нәтижесінде 30 жасқа дейінгі жарыс түрінде полиция аға лейтенанты Мадияр Алимкешов 1- орын жеңімпазы атанды, 40 жасқа дейінгі санат бойынша полиция майоры Данияр Құлсеріков 3-орынға табан тіреді. Ал полиция майоры Денис Гузема ең үздік жүзгіш болып танылды. 

Read More

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев «Арай-2» алқабының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін көтерді. Оның біріншісі мәселесі: Д.Баянов. Ш. Руставели, Майлықожа тұрғындары өз көшелеріне баратын жолдың орнына тұрғын үй салып тастаған. Тұрғын үйлер орналасқан төрт жер телімін мемлекет иелігіне қайтару үшін бюджеттен қаражат қарастырылуы тиіс. Бұл ұсынысты шілде айының бірінші онкүндігінде өткізілетін мәслихат отырсында қарастырылатынын жеткізді. Екінші мәселе: аталған көшелерді электрмен жабдықтау. Бұл бойынша «Тараз электр желісі» мекемесінің учаске басшысы А.Бекбауов мән-жайды түсіндірді. Бүгінде көше тұрғындары электр жарығын басқа көшелерден тартылған электрсымдарынан алып отыр.Күннен- күнге алқаптың тұрғындарының санының өсуіне байланысты тораптың күші жетпеуіне байланысты,басқа тұрғындардың бұрынғы электр торабына…

Read More

Қордай ауданындағы жұмыс сапарын өңір басшысы Сарыбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуден бастады, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, кездесулер облыс әкімнің орынбасарлары, аппарат және басқарма басшыларының қатысуымен барлық ауылдық округтерде өтті. 1. Облысымыздың оңтүстік шығысында орын тепкен Қордай ауданының әлеуеті қандай? 2.Ондағы 19 ауылдық округтің аxуалы нешік? 3.Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін арттырудың жолдары қай деңгейде атқарылуда? 4. Ол бойынша берілген xаттамалық тапсырмалардың орындалуы көңіл көншітеді ме? Бұл сұрақтарға бүгін ауданға арнайы келген облыс әкімі Асқар Мырзаxметов бастаған жұмыс тобы жауап іздеп, атқарылып жатқан жұмыстар барысын барлады.  Аталмыш ауылдық округте бүгінде барлығы 7785 xалық тұрады. Сондай-ақ, 1278 аула бар. Ондағы жер…

Read More

Тараздағы көңіл көтеру орынында оннан астам құқық бұзушылық анықталды, -деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Таразда құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар барысында он көңіл көтеру орынына қатысты тексеру жүргізілді. Рейдтер Жамбыл облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен және Тараз қаласының Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлескен түрде өтті. Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК 441-бабына сәйкес (Қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу), әкімшілік құқық бұзушылықтың 12 дерегі анықталды. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 6 «Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы…

Read More

Жамбылдық полицейлер «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы күндері 7 есірткі қылмысын анықтады, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Ағымдағы жылдың 17-21 маусымы аралығында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен республикалық «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – есірткі, психотроптық немесе улы заттарды пайдалану ережелерін бұзуды анықтау, жолын кесу. Сондай-ақ, оның міндетіне шаруашылық жүргізуші субъектілерін тексеру кіреді. Жамбыл облысында өткізілген іс-шараның алғашқы күндері полиция қызметкерлері 7 қылмыстық және 2 әкімшілік құқық бұзушылық деректерін анықтап, тіркеді. Оның ішінде ҚР ҚК 286-бабы (есірткі құралдары контрабандасы) бойынша – 1 дерек, ҚР ҚК 300-бабы (құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз…

Read More

Жамбыл облысының полиция департаментінде мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге арналған тренинг өтті, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Жамбыл облысының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастамасымен ПД мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне арналған танымдық тренинг өтті. Тренингті ПД Жедел қимылдайтын арнайы жасағының нұсқаушы-психологы полиция капитаны Зәуре Асаубекова өткізді. Ол қатысушыларға позитивті ойлау және еңбекке қабілеттілік деңгейін анықтауды ұсынды. «Бұл тренинг біздің қызметкерлер арасында алғаш рет өткізілуде», – деді Зауре Асаубекова. Олар әрдайым өз міндеттеріне кәсіби тұрғыда қарайды, бірақ бүгінгі кездесу олардың әрқайсысының жұмыста қаншалықты белсенді екенін, сондай-ақ оның нәтижелілігін, позитивті ойлауды дамыту дағдыларының бар-жоғын анықтауда жаңа пайдалы білім…

Read More

Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) сән үйінің қожайыны француз Бернар Арностал байлығы 100 миллиард долларға жеткен ең бай үшінші адам атанды, — деп хабарлайды Lenta.ru  америкалық Bloomberg басылымына сілтеме жасап. Қазіргі уақытта Арноның байлығы 100,4 миллиард доллар деп бағаланып отыр. Соңғы күндері оның ақшасы үш миллиардқа артқан. Жыл басында Арноның активтері 32 миллиард долларға ұлғайған. Себебі LVMH компаниясының акциялары 43 пайызға артқан екен. Bloomberg басылымының мәліметінше миллиардер рейтингінде Арно үшінші орында тұр. Арно Amazon интернет-компаниясының иесі, байлығы 119 миллиард доллар деп саналатын Джефф Безос және Microsoft компаниясының басшысы Билл Гейтске қана есе жіберіп тұр. Билл Гейтстің байлығы 106 миллиард доллар деп бағаланған. Bloomberg басылымы Арноның байлығын Францияның ЖІӨ-ның 3 пайызына тең екенін хабарлады. Ал Forbes басылымы Арноның байлығын есептей отырып, оны…

Read More

Қазақстанда бүгінге дейін басқа адамдар үшін дауыс беру мүмкіндігін жасау мақсатында сайлаушыларға бюллетеньдер бергені үшін учаскелік сайлау комиссиясының 11 мүшесі жазаланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 110-бабы бойынша жауапкершілікке тартылғаны айтылады. Оларға 25 АЕК көлемінде айыппұл салыныпты. ҚР Бас прокуратурасының өкілдері президент сайлауының заңнама нормалары бойынша өткенін мәлімдеді. Прокуратура мәліметінше, сайлау кезеңінде 36 әкімшілік құқықбұзушылық іс қозғалып, сотқа жіберілді. Олардың 30-ын сот қараса, алтауы енді қаралып жатыр. «9 сайлаушыға тең сайлау құқығы туралы талапты бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 108-бабы бойынша айыппұл салынды (бір сайлаушы — бір дауыс — бір бюллетень). Негізінен олар…

Read More

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің соттан тыс жазалау мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Аньес Каламар Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы журналист Жамал Хашукджидің өліміне қатысты барын айтып, халықаралық санкциялар енгізуге шақырды, — деп хабарлайды РИА Новости. «Ұсыныстар… Хашукджи өліміне қатысы бар жеке тұлғаларға қатысты мақсатты санкциялар енгізу қажет. Оның ішінде Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы да бар. Мұрагер ханзаданың Хашукджи жазасы үшін жауапты еместігін дәлелдер ұсынғанға дейін осы санкцияларды енгізу қажет», — делінген сәрсенбі күні жарияланған Каламар баяндамасында. Каламардың ойынша, журналистің өліміне қатысы бары дәлелденген Сауд Арабиясы басшылығының жоғары лауазымды өкілдеріне қатысты санкциялар енгізу қажет. Құжат Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 41-ші сессиясы барысында Хашукджи…

Read More