Автор: admin

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыс және қала әкімдерін қайта тағайндады, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес қаулы етті: Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек –  Алматы қаласының әкімі; Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі; Ермек Боранбайұлы Маржықпаев –  Ақмола облысының әкімі; Оңдасын Сейілұлы Оразалин  –  Ақтөбе облысының әкімі; Амандық Ғаббасұлы Баталов  –  Алматы облысының әкімі; Нұрлан Асқарұлы Ноғаев  –  Атырау облысының әкімі; Асқар Исабекұлы Мырзахметов  –  Жамбыл облысының әкімі; Ерлан Жақанұлы Қошанов  –  Қарағанды облысының әкімі; Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов  –  Қостанай облысының әкімі; Қырымбек Елеуұлы Көшербаев  –  Қызылорда облысының әкімі; Болат Жұмабекұлы Бақауов  –  Павлодар облысының әкімі; Құмар Іргебайұлы Ақсақалов …

Read More

Украинаның төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі Киев орталығындағы Шевченко ауданындағы жарылыстың мән-жайын туралы мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости. Бульвар-Кудрявский және Тургенев көшелерінің қиылысында орналасқан гаражда газ жарылды. Ведомство мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Үш гараж қирап қалды, газ құбыры мен төрт автомбилі бүлінді. Көрші үйдің терезелері шағылды. Құтқару қызметінің мамандары үйінділерді тазартты. Осы іске 70 адам мен тоғыз арнайы техника жұмылдырылды Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. https://youtu.be/ufYAuQtUTkw https://youtu.be/VNxkoXdlmeM

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымына берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі туралы 3,5 жыл бұрын білгенін айтты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті 19 наурызда өз өкілеттігін тоқтату туралы мәлімдеген. Сол күні президент міндетін Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратыны белгілі болды. Тоқаевтың айтуынша, шешім туралы ол бұрыннан білген. «Осыдан үш жарым жыл бұрын ол маған «сен келесі президент боласың» деді. Уақыт мәселесі еді, біз уақытты таңдадық», — деді Тоқаев. Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаев саясатта қалғанын атап өтті. «Мен онымен негізгі стратегиялық мәселелер бойынша кеңесу қажет деп санаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі Қазақстанда екі билік болмайтынын, ол кететінін айтты. Бірақ Президентке көмектеседі. Оның қанша уақыт бойы көмектесетіні оған байланысты…

Read More

Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. «Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта. Ақтоты Райымқұлова осы қызметке тағайындалғанға дейін 2016 жылғы 3 қазаннан бастап вице-министр болды. 1964 жылы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «композиция» және «фортепиано» мамандықтары бойынша, «композиция»мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдады. Сонымен қатар «менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясының магистратурасында оқыды. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағы бар. Ақорда сайтында Мемлекет басшысының Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылғаны жарияланды.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews-ке берген эксклюзив сұхбатында Қазақстанда тұрғындарға шеруге шығуға рұқсат беретін заң қабылданатынын айтты. Қазақстан Президенті елде саяси өзгеріске қалай қол жеткізуге болатынын Еуроодақ мүшелерімен кеңескенін мәлім етті. Мемлекет басшысының айтуынша, қоғам қауіпсіздігіне «шығын келтірмеген» шеру қатысушылары мерзімінен бұрын босатылады. Ол митингіге шыққан жастардың қазақстандық қоғамда өз орнын табуын алдағы мақсаты ретінде қойғанын айтты. «Саяси мақсатым — жастарды билікке тарту, мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге көмектесу. Шеру жасаған қозғалыстардың өкілдерін келіссөз жүргізуге дөңгелек үстелге шақырамыз, мәселелер көшеде тәртіпсіздік пен аласапыран атмосферада емес, осылай шешіледі», — деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда рұқсат берілген митингілерге шығуға мүмкіндік жасайтын заң қабылданатынын айтты.…

Read More

Супер ауыр салмақта әлем чемпионы болғаны ұлыбританиялық боксшы Тайсон Фьюри жеңілмеген неміс спортшысы Том Шварцты техникалық нокаутпен жеңді, — деп хабарлайды Vesti.kz. Жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласының MGM Grand аренасында бокс кешінің басты кездесуі болды. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген, алайда екінші үш минуттықта аяқталды. Фьюри басында неміс боксшысын нокдаунға түсірді, алайда қарсыласы есін жиып жұдырықтасуды жалғастырды. Кейінірек, ұлыбританиялықтың бірнеше соққысынан кейін рефери кездесуді тоқтатты. Осылайша, Фьюри Шварцтан екінші деңгейлі WBO Inter-Continental белбеуін тартып алды және тізбектік чемпион атағына лайықты болды. 30 жастағы Фьюри үшін бұл АҚШ-тағы үшінші кездесуі. Соңғы рет ол шаршы алаңға 2018 жылы желтоқсанда шыққан. Ол кезде америкалық боксшы Деонтей…

Read More

Түзеу мекемесінің ішкі күзету аумағына жасырын түрде белгісіз ораманы лақтырмақ болған тұлға құрықталды. Оқиға маусымның 7 күні сағат 19:30 шамасында Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алған. Айласын асырмақ болып, қылмысқа әрекеттенгендер әуелі оқшаулы мекеме маңайын торуылдап, кейін арам ойын іске асыруға беттеген. Күдіктіні назарға алған мекеменің жедел және режим бөлімдері мен кезекшілік топ, 5513 әскери бөлімінің жауынгерлері бірден іске кірісіп, бақылауды күшейтті. Шар тәрізді етіп жабысқақ лентамен маталған орама А.Асқаров көшесі жағынан қоршауды асыру жолымен мекеменің ішкі күзету аумағына лақтырылды. Территорияны торуылдау барысында күмәнді зат қатаң жағдайда ұсталатын жасақ яғни, бірінші аумақтан тәркіленді. Барлық әккі әрекет бейнебақылауға түскесін, қылмыскерлерді қолға түсіру…

Read More

Синоптиктер 16 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Метеоқызметтің мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы Қазақстанның басым бөлігінде сақталады. Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте тұман түседі. «Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні секундына 25 метр, найзағай, дауыл болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді, екпіні секундына 25 метр, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде секундына…

Read More

Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың мәжіліс залында «#BestвидеоТуғанөлке» облыстық онлайн байқауының марапаттау рәсімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews». Салтанатты іс-шара барысында байқауға қатысушы оқушылар мен колледж студенттерінің үздік видеолары көрсетілді. Байқау шарты бойынша колледж студенттері мен мектеп оқушылары туған өлке тарихы туралы қызықты видеолар әзірлеген болатын. Барлық видеолар #BestVideoTуғанөлке2019 хэштегімен білім басқармасының YouTube каналына жарияланып, онлайн дауыс жинады. YouTube видеохостингіне 50 видеоматериал орналастырылып, оның 13-і үздік деп танылды. Жеңімпаздар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. https://youtu.be/Q0tjWe2tZRU

Read More

Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды, — деп хабарлайды Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының шешімімен Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды», — деп жазды Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында. Бұған дейін Шоқан Елшібеков ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

Read More