Автор: admin

Жапонияға қаржылық дағдарыс қаупі төніп тұр, — деп хабарлайды Хабар 24. Бұған әлеуметтік міндеттемелерге жұмсалатын шығын себеп болған сыңайлы. Әсіресе зейнетақы мен жәрдемақы бюджетке үлкен салмақ болып тұр. Бұған денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындарды қосуға болады. Жалпыға бірдей денсаулық сақтандыру жүйесі Жапонияда осыдан шамамен 60 жыл бұрын енгізілген. Оған сәйкес елдегі барлық ауруханаларда медициналық қызметтерге бірдей баға бекітілген. Мемлекет әлеуметтік дәрежесіне қарай науқастың емі мен дәрілерге жұмсаған шығындарының 90 пайызына дейін өтейді. Сөйтіп мұндағы сапалы медицина халықтың өмір жасын ұзартуға сеп болды, бірақ мемлекетті шығынға батырған. «Тез арада шешілуі тиіс мәселелер бар. Мысалы қатерлі ісікті емдеуге арналған дәрілер өте қымбат. Сол себептен…

Read More

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомствоның 2018 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы Қоғамдық кеңес алдында баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарын айтты. Еңбек министрлігінің басшысы жаңа әлеуметтік шаралар — бұл Елбасының дәйекті саясатының нәтижесі және бұрын жүзеге асырылған шаралардың қисынды жалғасы екенін атап өтті. «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың жұмысқа орналастыру және нәтижелі жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға бағытталған әділ әлеуметтік саясат жалғасатын болады», — деді Сапарбаев Министр Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының іске асуы ведомство жұмысындағы бірінші және ең маңызды басымдық екенін атап өтті. «Енгізілген түзетулер ескеріле отырып, ағымдағы жылдың 1…

Read More

Биыл 1 маусымнан бастап бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысы артады, — деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. «Жалақы 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлерге, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдар қызметкерлеріне, сондай-ақ, басқарушы персоналдың кейбір қызметкерлеріне қатысты болды. Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады», — делінген хабарламада. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2019 жылға 144,3 миллиард теңге көзделген. «Мысалы, жоғары білімді және 1 маусымға дейін 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңге болды. 2019 жылғы 1 маусымнан бастап — 98 961 теңге. Осылайша, жалақының өсімі 17 130…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті, — деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы кездесуде Қазақстанның Қатармен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және екіжақты байланыстарды нығайтуға ниетті екенін атап өтті. «Бұл кездесуімізге өте қуаныштымын. Біздің елдеріміз арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктері көп. Қатардың инвестициялық әлеуетін жақсы білеміз. Біздің мемлекеттеріміздің өзара іс-қимылдарын кеңейтуге, соның ішінде Қатар елінен инвестиция тарту бойынша тиісті тетіктерді іске қосуға ниеттіміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласы Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен тағы да құттықтап, елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың нығая түсетініне сенім білдірді.…

Read More

YouTube-те футболдан Қазақстан жастар құрамасының Еуро-2021 іріктеу кезеңінде Черногорияны жеңген ойынынан он минуттық шолу жасалды, — деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметі. Алтыншы топтың ойыны 11 маусымда Подгорицада өтіп, 2:1 есебімен қонақтар пайдасына аяқталған. Қазақстандықтар үшінші минутта қақпасына бір доп жіберіп алып, екінші таймда 62-ші және 94-ші минуттарда гол соқты. Қазақстан құрамасы үшін Черногорияға қарсы матч Еуро-2021 іріктеу кезеңіндегі екінші ойын болды. Қазақстан, Черногория және Фарералер тобында Испания, Израиль және Македония спортшылары өнер көрсетеді. Іріктеу кезеңі 2020 жылдың қазанында аяқталады, барлық топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған екі үздік команда Еуро-2021 ақтық кезеңіне жолдама алу үшін күресті жалғастырады.

Read More

Жамбылдық жастар республикалық форумнан І орын иеленді «Табиғатты аяла». Осындай атаумен Қарағандыда жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға Жамбыл облысынынан 7 оқушы қатысып, үздіктер қатарынан көрінді. Жамбыл облысының командасы форумға қатысқан барлық командалардың арасынан жүлделі І орын иеленіп, жеңімпаздарға 6 аталым бойынша бағалы сыйлықтар мен грамоталар табысталды. Байқау барысында қатысушылар қоршаған ортаны таза тұстау, көгалдандыру бағытындағы тың идеяларын ортаға салды. «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоәлем» және «Жасыл экономика», «Жас Оазис» аталымдары бойынша тың жобаларын таныстырды.

Read More

Ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқаны үшін ақ жаулықты аналарды Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қабылдап, Елбасының Жарлығына сәйкес аналарға Алтын және Күміс алқалар табыстады. 350 мыңнан астам халқы бар Тараз қаласында алтын құрсақты аналар қатары артып келеді. Қала бойынша қазір күні 2510 «Алтын алқа»,1854 «Күміс алқа» иегерлері бар. Бүгін олардың қатары тағы да толықты. – Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер, — деді құттықтау сөзінде қала әкімі Қайрат Әскербекұлы. Іс-шара барысында ақ жарма тілектер айтылып, көп балалы аналар мемлекет…

Read More

Жамбыл облысында «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту» бойынша этно стильде семинар-тренинг өтті. «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» әлеуметтік тапсырыс аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ «Жергілікті өзін өзі басқару мектебі» үшкүндік оқыту семинары аясында, әлеуметтік желіні пайдалану жолдары түсіндірілді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша семинар-тренинг барысында елімізге танымал блогер-тренер Нұрлан Жаңай жүргізді. Ол әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану жолдарын түсіндірді. «Әлеуметтік желі психологиясы», блогерлік өнер, пост жазу әдістері, жазылмаған ережелер, нетикет, әлеуметтік желілерге шолу жасаудағы өз тәжірибесін бөлісті. Мәселен, ол Іnstagram желісінде салынатын фотосуреттердің сапалы болуы…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның астанасына ‎АІӨСШК саммитіне қатысу үшін келді, — деп хабарлайды Ақордаға сайты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысу үшін Душанбе қаласына келді. Мемлекет басшысы аталған саммиттің пленарлық мәжілісіне қатысады және бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Read More

Алматы полициясы митинг кезінде күш қолдануға шақырғандардарды ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, ұсталғандардың ішінде 34 жастағы дәрігер бар, Алматы облысының тұрғыны екен. Ол танымал мессенджер арқылы қоғамды тәртіптсіздік жасап, полиция қызметкерлеріне қатысты күш қолдануға шақырады. «Пышақ, темір алып шығайық та, ұстап әкетіп жатқан полицейлерді пышақтайық, басын жарайық», — дейді ер адам аудиода. Тағы бірі «бір-екі полицейдің басын кесіп тастау керек бауыздап», — дейді аудиодағы дауыс. Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады! Кейін олардың өз қатесін түсініп, кешірім сұраған видеосы жарияланды. «Қазақстандықтарға айтарым, мұндай интернеттегі айдап салушыларға ермеу керек: бізде бәрі бар, жұмыс, ақша, тамақ. Қазақстандықтардан ата-бабамыз қалдырып…

Read More