Автор: admin

Асхат Аймағамбетов білім және ғылым министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол 2019 жылдың 17 қаңтарынан бері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінде болып, әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелерімен айналысты. Сондай-ақ, Аймағамбетов осыған дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды. Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары екі білімі бар. 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте болды. Түрлі жылдары Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы болды. Ақорда сайтында Мемлекет басшысының Жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылғаны хабарланды.

Read More

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен. 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады. Ал 2008-2010 жылдары — «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары болған. 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарса, 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары…

Read More

Тараз қаласында «Текті сөздің төресі — терме» облыстық байқауы өтті. Тіл мәдениетін дамытып, дәстүрлі терме жанрын халыққа кеңінен насихаттауды ұран еткен байқауға сөз өнерін жетік меңгерген термешілер қатысып, сынға түсті. Облыстық байқауға аудандар мен Тараз қаласынан 11 үміткер қатысып, өнерлерін ортаға салды. Үміттерін үкілеп келген термешілер ұлттың болмысын, елдің бірлігін, Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы термелерін арқау етті. Сондай-ақ, қазылар алқасы термешілерді әншілік шеберлігіне, таңдаған туындысының мазмұндылығына, сахна мәдениетін ұстауына қарап баға береді. Жүлделі орын алған қатысушылар тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бұған қоса, халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алады.

Read More

Ұлыбритания тұрғыны лотереядан 123 миллион фунт стерлинг көлемінде джекпот ұтып алды, — деп хабарлайды Lenta.ru. The Mirror ақпараты бойынша, бұл көлемі бойынша елдегі үшінші үлкен ұтыс. EuroMillions лотереяның жеңімпазы қажетті 7 нөмірді (5 негізгі және 2 қосымша) дәл тапқан. Бұл лотереяның билеттері 2,5 фунт стерлинг тұрады. Қатысушы 1-ден 50-ге дейін бес санды және 1-ден 12-ге дейін екі санды дәл табуы қажет. EuroMillions әлемнің тоғыз елінде ұйымдастырылады. Биыл ақпанда ирландиялық Нол ауылының тұрғыны осы лотереядан 153 миллион фунт стерлинг ұтып алған болатын.

Read More

Үндістанның солтүстігінде пойызда отырған 4 жолаушы аптап ыстықтан мерт болды, — деп хабарлайды «Хабар 24». Мамандардың айтуынша, олардың үшеуі көлікте, ал біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырған. Жолға шыққандардың көбі Агра қаласынан Тадж-Махалға бара жатқан діндарлар екені белгілі. Айта кетейік, қазір елде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілді. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Осыған орай жергілікті билік тұрғындарға алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Read More

Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй мәселесін шешу жайлы айтты. Президент салтанатты іс-шара барысында тұрғын үй мәселесін шешу жолдарына тоқталды. «Түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударамын. Біздің алдымызда бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұр. Үкімет осы бағытта нақты шаралар қабылдайды. Содан кейін әділетті әлеуметтік саясат. Біз адам капиталын дамыту саясатын жалғастырамыз. Бұл бағытта ең алдымен не істеуіміз қажет? Жаппай білім беруді қолдау, барлық тұрғынға сапалы медицаналық қызмет көрсету. Бұл мәселелер бойынша біздің тұтас бағыт-бағдарымыз бар», — деді Тоқаев. Сондай-ақ, Президент мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылданатынын айтты. Тоқаев олардың құықығын қорғап, материалдық жағдайын…

Read More

Мемлекет басшысы Президентті ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде елді дамытудағы бағдарларды айтты. Оның айтуынша, бірінші бағыт: халықтың табысын арттыру. «Тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады. Ең алдымен өсім бізге не үшін қажет? Терең түсінуіміз қажет. Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұту үшін экономикалық өсім болуы тиіс. Таяу арада үкіметтің кеңейтілген отырысында біз еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына арналған нақты міндеттерді айқындаймыз», — дейді ол. Екінші бағыт, Тоқаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықты жою. «Бірінші қыркүйекке дейін жемқорлықтың мөлшерін деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. …

Read More

Синоптиктер 2019 жылдың 13-15 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. «Жоғарғы барикалық жырамен солтүстік теңіздерден ылғал және салқын ауаның түсуі жалғасатындықтан ауа райында өзгеріс күтілмейді. Қазақстанның көптеген облыстарының кей жерлерінде алдағы үш тәулікте найзағаймен жаңбыр және екпінді жел, сонымен қатар күндізгі сағаттарда бұршақ күтіледі», — делінген хабарламада. Ауа температурасының қысқа мерзімге жоғарылауынан кейін қайта төмендеуі күтіледі, республикамыздың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады. Тек Маңғыстау облысында ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде халықты не мазалайтынын айтты. Ол 2019 жылдың 13 мамырында жалпыхалықтық акция басталғанын еске салды. Президент оған атсалысқандардың барлығына алғыс айтты. «Акцияның басты мақсаты ел дамуындағы ең маңызды міндеттерді анықтау. Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі ұсыныстар жиналды. 540 мыңға жуық ұсыныс-тілектер келді. Бірге акцияға қатысып, азаматтық белсенділік көрсеткен халыққа шын жүректен алғыс білдіремін», — деді Президент. Ол мемлекеттік органдардың халыққа әділ қызмет көрсетуі жайлы сөз қозғады. «Біз қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз. Оның шешу жолдарын білеміз. Бүкіл халықты ең алдымен не мазалайды? Азаматтар барлық жерде әділеттік орнауын қалайды. Әлеуметтік саясаттан бастап, мемлекеттік органдардың халыққа әділ…

Read More

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерге қолжетімділіктің қиындауына шағымданды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында WhatsApp мессенджерінде кейбір пайдаланушылардың жұмыс істемей жатқанын жазды. WhatsApp-тың web-нұсқасында және мобильді қосымшада да байқалды. Кейбір қолданушылар хабарламалардың жіберілгенімен, бірақ медиафайлдар жүктелмейтінін айтады. Сондай-ақ, кейбір қазақстандықтар Facebook және Instagram желілеріне де кіре алмай отырғанын жазып жатыр.

Read More