Автор: admin

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Алдын ала мәлімет бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинады. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс. Мұны ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров айтты. Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысы: Жамбыл Ахметбеков — 167 249 — 1, 82 пайыз; Дания Еспаева —  478 153 — 5, 2 пайыз; Әміржан Қосанов — 1 472 733 — 16,02 пайыз; Төлеутай Рахымбеков — 294 271 — 3,2 пайыз; Амангелді Таспихов — 190 304  — 2,07 пайыз; Касым-Жомарт Тоқаев — 6 504 054 — 70, 76 пайыз; Сәдібек Түгел — 84 348 — 0, 92 пайыз. Дауыс беруге сайлаушылардың…

Read More

Нұр-Сұлтанда митинг кезінде үш полицей жарақат алды. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Орталық сайлау комиссиясының брифингінде айтты. «Нұр-Сұлтанда қоғамға қарсы қозғалыстың қатысушылары тас лақтырып, баллондар қолданды. Нәтижесінде үш полицей жарақат алды. Екеуіне тас тиген, ал үшіншісі баллоннан көзін жарақаттаған», — деді Қожаев. Оның айтуынша, бұл әрекеттерге қатысты қылмыстық заңнама баптары бойынша процессуалдық баға беріледі. ІІМ басшысның бірінші орынбасары митинг қатысушыларының ұсталып, қатаң жауапкершілікке тартылатынын айтты. «Полицейлердің әрекетіне қарап, барлық шараның заңнама аясында қолданылғанын айтуға болады. Құқық қорғау органдары ережебұзушыларды ұстау кезінде арнайы құралдарды қолданған жоқ», — деді Марат Қожаев. Кеше, 9 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматыда 100 шақты…

Read More

Тележүргізуші Ксения Собчак актер Максим Виторганмен ресми түрде ажырасқанын жариялады. Бұл туралы ол НТВ телеарнасындағы «Ты не поверишь!»бағдарламасының эфирінде мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости. «Мен ажырастым», — деді тележүргізуші журналистердің сұрағына жауап беру кезінде. Собчак тиісті мемлекеттік бажды төлеп, некені бұзу туралы куәлік алған. Бұл ретте ол Виторганмен бірге демалу туралы БАҚ хабарламаларын жалған екенін айтты. Биыл наурызда Собчак пен Виторган айырылысатындарын мәлімдеді. Бұған бірқатар жанжалдар себеп болған. БАҚ мәліметінше, 21 қаңтарда кешкі уақытта Виторган мен режиссер Константин Богомолов мәскеулік кафелердің бірінің жанында тележүргізуші үшін төбелескені де айтылған еді.

Read More

Олар облыс орталығы мен өңірдің 10 ауданын аралап, заң талаптарының орындалуын мұқият қадағалады, деп хабарлайды «Хабар 24». Меймандар сайлаудың ашық, әрі демократиялық тұрғыда өткенін алға тартты. Сонымен қатар өңірде 2225 отандық байқаушы да тұрғындардың конститутциялық құқықтарының сақталуына жіті мән берді. Облыста 484 сайлау учаскесі тіркелген. Оның бірде-бірі назардан тыс қалған жоқ. «10 бақылаушы отырдық. Бәріміз де жақсылап қарап отырдық. Заң талаптарына сай. 8 үйге барып келдік. Барлығы дұрыс деп есептеп отырмын. Бұзылған бюлетень жоқ. Заң бұзушылық жоқ», — дейді бақылаушы Гүлбахрам Акилова.

Read More

Жамбыл облысы әкімінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары болып Бауыржан Үдергенов тағайындалды. Бұл туралы департаменттің басшысы Арман Оразалиев өз Facebook парақшасында хабарлады. Бауыржан Арынұлы – Жамбыл облысының тумасы, полициядағы қызметін 18 жыл бұрын бастаған полиция подполковнигі қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция басқармасы және көші-қон қызметінің жұмысына жетекшілік ететін болады. Сондай-ақ, Арман Молдиярұлы өз сөзінде орынбасарына сәттілік тілеп, ел игілігі жолында табысты қызмет атқаруын жеткізді.

Read More

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады. Өңір басшысы Тараз қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан 35 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, — деп хабарлайды облыс әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері. Аталмыш сайлау учаскесі таңғы алтыда ашылып, жетіде өз жұмысын бастады. Онда барлығы 2308 сайлаушы тіркелген. Олардың 400-ге жуығы сағат 11:00-ге дейін өз таңдауын жасап үлгерген. Бұл сайлау учаскесінде келушілерге арналып барлық жағдай қарастырылған. Дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін әсем әуен ойнатылып тұрғаны да көңілге әдемі әсер сыйлайды. Тіпті, мұнда алғашқылардың бірі болып дауыс бергендерге естелік сыйлықтар да тарту етілген. Айта кетейік Жамбыл облысы бойынша…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарағандылық Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады. «Еліміздің мақтанышы — Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын!», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында. Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Жекпе-жек 74,4 келі салмағында өтті. Сонымен қатар жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өткен бокс шоуының ең басты кездесуі болды. Ал жекпе-жектен соң Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенінжеткізген еді.

Read More

Нұрсұлтан Назарбаев Президент сайлауында дауыс берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Елбасы елордада Оқушылар сарайындағы сайлау учаскесінде дауыс берді. «Құрметті қазақстандықтар! Бүгін Президент сайлауы өтіп жатыр. Халық тек президент емес, өз болашағы үшін таңдау жасап жатыр», — деді Назарбаев. Ол барлық қазақстандыққа амандық тіледі.

Read More

Киножұлдыз әрі саясаткер Арнольд Шварцнегердің үлкен қызы Кэтрин Юнис Шварценеггер голливуд жұлдызы актер Крисс Пратқа тұрмысқа шықты. People басылымының мәліметінше, үйленуі тойы 8 маусымда Калифорниядағы жеке ранчолардың бірінде өткен, — деп хабарлайды «Лента.ру». Үйлену тойында жұптың жақын достары мен туыстары, соның ішінде 29 жастағы қалыңдықтың ажырасқан ата-аналары Арнольд Шварценеггер мен Мария Шрайвер келді. 39 жастағы күйеу жігіттің бірінші некеден алты жасар ұлы Джек қатысты. Пратт актриса Анна Фариспен 2017 жылы тамызда ажырасқан. Жазушы Кэтрин алғаш рет тұрмысқа шықты. Қауіпсіздік шараларына қарамастан, журналистер үйлену тойынан бірнеше фотосурет түсіріп үлгерген. Суреттерде Шварценеггер шлейфі бар ақ киімде болды, оның жанында классикалық қара костюмде Пратт тұрды. Жарасымды жұп 2018 жылдың жазында…

Read More

Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Шоу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Головкиннің Ролсспен жекпе-жегі DAZN-мен үшжылдық алты кездесуінің біріншісі және Джонатан Бэнкстің бапкерлігімен өткізген бірінші жекпе-жегі. Ал бұған дейін Геннадий Головкиннің осы кездесуден алатын кепіл гонорары анық болған еді. GGG 2 миллион доллар алады, бірақ ESPN мен тағы да басқа басылымдар оның осы кездесудегі жалпы табысы 15 миллион болатынын хабарлаған. Канадалық болса 300 мың доллар алады, бұл 35 жастағы канадалықтың карьерасындағы ең жоғары гонорар.

Read More