Автор: admin

Өткен жылдың сәуір айында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция көшбасшысы Эммануэль Макрон отырғызған емен қурап кетті, — деп хабарлайды Monde. Эммануэль Макрон 2018 жылдың сәуір айында АҚШ-қа мемлекеттік сапармен барған. Ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың 250 жылдығына орайластырылды. Сапар барысында екі елдің көшбасшылары Ақ үйдің бағына Францияның солтүстігінен әкелінген «Достық емені» көшетін отырғызды. Француз көшбасшысының пікірінше, емен екі елдің ұзақ қарым-қатынастарының символы болуы керек еді. «Дональд Трамп пен Эммануэль Макрон отырғызған жас емен ағашы қурап кетті», — деп жазды газет. Figaro газеті Monde ақпаратын растады және емен ағашын отырғызғаннан кейін Құрама Штаттарда енгізген карантиндік фитосанитарлық бақылауға шыдамағанын айтқан. Бұл аурулардың таралуын болдырмау үшін…

Read More

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туған елге деген сүйіспеншілікке арналған патриоттық ролик түсіріліміне қатысты. Видеода спортшы Жұбан Молдағалиевтің «Мен — қазақпын » атты белгілі поэмасынан үзінді оқиды. Боксшы роликті өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. «Отандастарыма қолдау көрсеткендері үшін рақмет! Мен өзінімнің қайдан шыққанымды ешқашан ұмытпаймын», — деп жазған Головкин. Геннадий Головкин және онымен бірге балалар мен спортшы, ғалым, әскери адам, ғарышкерлер оқыған поэмадан үзінді келтіреміз. Мен — қазақпын мың өліп, мың тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тілімен Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен — жігітпін, айқасқа, сынға асықпын. Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың. Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда, Шарықтасам, қыран боп…

Read More

Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Жаңаталап ауылының тұрғындары асарлатып, жалғызбасты анаға үй салып жатыр. Аталмыш бастамаға Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Нұрхан Ақмағанбетов мұрындық болып, ұйымдастыру жұмыстарының басы — қасында жүр.  Тіпті, құрылыс жұмыстарына ауылдықтармен бірге округ әкімдігі аппаратындағы қызметкерлер де білек сыбана кіріскен. Аудандық «1 отбасы, 1 пәтер» жобасы бойынша қолға алынған қайырымдылық шарасына жаңаталаптықтар жаппай атсалысуда. Ауыл тұрғындары шама-шарқыларынша құрылыс  материалдарына ортадан қаржы жинап, көп болып көмектесуде. «Округімізде тұратын жалғызбасты   ана Бейсенкүл Баймұратова кішкентай ғана  тар  үйде  күнелтіп келеді. Осыны  көріп ауыл  болып білек сыбана кірісіп, апамызға жаңа үй салып беруді қолға алдық.  Көрінген  таудың  алыстығы  жоқ  демекші, қабырғалары …

Read More

Шымкентте газ құю бекетінде болған жарылыс салдарынан мекеменің қызметшісі зардап шекті, қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр, — деп хабарлайды Тengrinews.kz. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 11.00 шамасында қалалық жедел жәрдем станциясына өрт туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына үш медицина бригадасы жіберілді. Тек бір адамды ауруханаға жеткізілген. «Оны күйік шалғандар орталығына — Орынбаев атындағы облыстық гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Әзірге зардап шеккен адамның қаншалықты күйіп қалғаны белгісіз. Оның жағдайы тым ауыр, жан сақтау жатыр», — деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері. Орталықтың өкілдері зардап шегушінің денесінің 100 пайызы күйіп қалғанын жеткізді. Осыған дейін өрт салдарынан 1999 жылғы Ерлан Анар зардап шеккені туралы хабарланды. Шымкент…

Read More

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, олар ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2019 жылғы 5 маусымда ҰҚК «А» арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен ірі ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында осы қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 3 гранатаатқыш, 2 «Калашников» автоматы, 5 тапанша, 3 дыбыс бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, сондай-ақ әртүрлі калибрдағы 1400 бірлік оқ табылып, тәркіленді», — делінген хабарламада. Фигуранттардың бірінің тұрғылықты жері бойынша қаруды жинау және қайта жасау үшін арналған жасырын шеберхана,…

Read More

Дубайда автобус жол апатына ұшырады. Соның салдарынан 17 адам қаза тапты. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, 6 маусымда Оман нөмірі салынған автобус апатқа ұшырады. Автобус салонында 31 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 17 әр түрлі ұлт өкілдері қаза тапты және бесеуі зардап шекті. Кейінірек тағы екеуі қаза тапты. 50 жастағы автобус жүргізушісі қоғамдық көліктерге жүруге болмайтын тажолға шығып кеткен. Соның салдарынан ол жол ережесі белгісіне соқтығысқан. ҚР СІМ мәліметінше, жол апаты салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Read More

Есірткінің таралуына қатысты граффити- жазбалар жасаған 19 жасар Тараз тұрғыны қолға түсті, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Ішкіс істер министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. «Биыл 4 маусымында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, синтетикалық есірткі тарататын тұлғаларды іздестіру бойынша жедел іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде үйлердің қабырғалары мен қоршауларында есірткінің таралуына қатысты граффити- жазбалар жасаған 19 жасар Тараз тұрғыны қолға түсті», — делінген хабарламада. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Синтетикалық есірткіні таратуға қатысты басқа тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда анықталып табылған граффити-жазулар жойылды, түрлі синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды.…

Read More

Атырау облысында балықтың жаппай қырылуына қатысты тергеу ісі аяқталды, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, жарты жыл бойы жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде «Атырау су арнасы» мекемесіне айып тағылып, іс сотқа жолданады. Бастапқыда бұл дерекке қатысты екі мекеме — «Атырау жылу электр орталығы» мен «Атырау су арнасы» күдікті деп танылған еді. «Жылу электр орталығы» өзінің кінәсін мойындап, табиғатқа келген шығын көлемін өтеуіне байланысты тергеу ісі қысқартылыпты. Ал «Атырау су арнасының» Жайыққа су ағызатын нүктесінен сынама алған экологтар онда хлоридтің рұқсат етілген мөлшерден төрт есе көп екендігін анықтап, істі тиісті орындарға тапсырған болатын. Бірақ олар мұнымен келіспей, осыншама көлемдегі балықты қырып тастау үшін Жайық…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші деп атады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды. «Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды, соның ішінде азаматтық сектордан тарту менің міндетім болады. 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Жастар — алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші», — деп жазды Президент. https://twitter.com/TokayevKZ/status/1136553413804773376?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1136553413804773376&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fkazakhstan_news%2Ftokaev-jastar-aldagyi-reformalardyin-negzg-kozgaushyi-kush-298434%2F Осыған дейін, Тоқаев Қазақстанда президенттік кадрлық резерв құрылатынын хабарлады. Оның айтуынша, елімізде талантты жастардың экономикада, ғылымда, мәдениет пен спортта өзін шыңдауға жағдай жасалады.

Read More

Жамбыл облысының Меркі және Жуалы аудандарында полицияның фронт-кеңселері ашылды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Меркі және Жуалы ауданының полиция бөлімдерінде фронт-кеңселер ашылды, бұл полицияның сервистік жұмыс моделіне көшуі бойынша кезекті қадам болып отыр. Меркідегі «Азаматтарды қабылдау бөлмесі» фронт-кеңсесі 4 маусымда  жергілікті полиция бөлімі ғимаратында ашылды. Келушілерді қабылдауға арналған кең залда күту креслолары және екі үстел бар, онда адамдарды ЕТБ мемлекеттік автоинспекторы Жандос Қалысбаев пен АПБ көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Әнуар Мамытбеков қабылдайды. Өтініш берушіге барлық қажетті қағаздарды ресімдейтін кеңсенің терезесі бар. Салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығы Арман Оразалиев атап өткендей, бұл облыстың…

Read More