Автор: admin

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Жиынға өңірдің ардагерлері, зиялы қауым, азаматтық қоғам және жастар өкілдері қатысты. Қазақстан Президенті Жамбыл облысының экономикалық мүмкіндіктерін атап өтіп, түйіні тарқатылмаған бірқатар мәселеге назар аударды. «Облыстағы орташа жалақы мөлшері — 112 мың теңге. Бұл — елдегі ең төмен көрсеткіштің бірі. 1 маусымнан бастап табысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті. Өңір кәсіпорындары бұл бастамадан шет қалмауы тиіс. Барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты қызметпен қамту екенін ескертемін. Жұмыс орындарын ашуда бизнестің рөлі жоғары. Сондықтан, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыру қажет», — деді Мемлекет басшысы.…

Read More

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі жоғары ЖД-158/4 мекемесінің негізгі қоршауынан тыйым салынған зат лақтырмақшы болған 4 азамат ұсталды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Аталған мекеме аумағындағы бейнежазбадан «Ауди Б4″ маркалы көлік мінген 4 азамат мекеменин негизги коршауынан скотчпен қапталған 3 затты лақтырып, оқиға орнынан ізін суытпақшы болғанын көруге болады. Алайда, олардың бұл әрекеті жүзеге асқан жоқ. Оқиға орнына жедел түрде жеткен мекеме қызметкерлері күдіктілерді қолға түсіреді. Сараптамалық талдау нәтижесінде күдіктілер лақтырған зат марихуана екендігі анықталып отыр», — делінген облыстық ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Көне Тараз» археологиялық саябағын аралап көрді, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Мемлекет басшысына І — ХІХ ғасырлар аралығын қамтитын республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш туралы баяндалып, өңірдегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған алтын, күміс тиындар, керамикалық қолөнер бұйымдары және басқа да құнды жәдігерлер таныстырылды. Сонымен қатар, «Шахристан — көне Тараз» кешенінің макеті көрсетіліп, алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілді. «Көне Тараздың тарихы әлі де зерттеле береді. Бұл жұмыстарға тұрақты қолдау көрсетіледі. Бұл салада халықаралық деңгейдегі мамандар көп. Бізге университеттерде туризм бизнесі бойынша мамандар әзірлеуді қолға алу керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. «Көне Тараз» саябағы келешекте халықаралық туристік орынға айналады деп күтілуде. Облысқа…

Read More

Желіде шамамен Израильдің Сирияның Хомс аймағында орналасқан Т4 әскери базасына зымыран соққыларын  жасағаны түсірілген делінген видеосы жарияланды, — деп хабарлайды РИА Новости. Видеоның кадрында өрттің және зымыранның жарылысы көрініп тұр. Сондай-ақ САНА агенттігі жариялаған роликте Сирияның әуе қорғаныс күштері осы шабуылға тойтарыс бергені хабарланды. Сирияның әскери дереккөздерінің хабарлауынша, зымыран жарылысынан бір адам қаза тапқан. Сонымен қатар екі адам зардап шеккен. Оған қоса аэродромның инфрақұрылымы қираған. Сондай-ақ Сирия әскерінің дереккөздері әуе қорғаныс күштері екі зымыранды жойғаны жайлы хабар берді. 2018 жылы аталған аэродром Израиль тарапынан шабуылға ұшыраған. Айта кетейік, Израиль әскері Сирияның нысандарына бірнеше рет соққы жасаған. Израиль билігі соққы жасау арқылы Иран мемлекетінің күш құрылымдарының…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Үкіметке медицина саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлиге сілтеме жасап. «Мен Үкіметке медицина саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырдым. Әкімдіктер бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуі тиіс. Медицина саласы қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етіп, ауылға келген жас дәрігерлерді ынталандыру керек», — деді Мемлекет басшысы.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасымен кездесті, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында батырдың отбасы тұрып жатқан үйге барды. Қазақстан Президентіне қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовтың құрметіне қойылған ескерткіш тақта, оның фотосуреттері, медальдары мен жеке заттары көрсетілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманының жұбайымен және ұлдарымен әңгімелесу барысында Ғазиз Байтасовтың өте жауапты әрі қиын сәтте өз ісіне адал болғанын, оның ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Жамбыл облысына келді, — деп хабарлайды Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли. «Тараз қаласында өндіріс және мәдени орындарда болып, облыс жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесуі жоспарланған», — деп жазды Берік Уәли. «Облыста туризм индустриясын дамыту. Әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орны туризм саласымен байланысты. Бұл бағытқа ерекше көңіл бөлу керек. Өңірде туристерді қызықтыратын тарихи орындар жеткілікті. Бес нысанға ЮНЕСКО тарапынан халықаралық мәртебе берілген (ежелгі қалашықтар: Ақтөбе-Баласағұн, Құлан, Өрнек, Қостөбе, Ақыртас). Жамбыл жеріндегі Айша Бибі және Қарахан кесенелері, Жайсаң киелі жері, Көксай шатқалы және басқа да тарихи орындар – халқымыз үшін ортақ мәдени құндылықтар. Үкімет туризм саласын дамытудың…

Read More

АҚШ-тың Индианаполис қаласында өткен FINA Champions Swim Series әлемдік турнирінде қазақстандық Дмитрий Баландин күміс жүлдегер атанды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол 200 метрге брасс әдісімен жүзуде турнирдің күміс медалін еншіледі. Баландин аталған қашықтықты 2 минут 10.02 секундта жүзіп өтіп, ресейлік Антон Чупковқа ғана есе жіберді. Чупков пен Баландиннің арасын 1.04 секунд қана бөліп тұр. Қола медаль голландиялық Арно Камминганың еншісінде. Еске салайық, Баландин Будапештте өткен турнирдің екінші кезеңінде қола медаль жеңіп алған болатын. Ал турнирде жеңіске жеткен ресейлік Антон Чупков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Read More

Келесі жылдан бастап Украинада балалар үйіне бала қабылдауды тоқтатады, — деп хабарлайды «Известия». Бұл туралы денсаулық сақтау министрі міндетін уақытша орындаушы Ульяна Супрун мәлімдеді. Оның айтуынша, елде әлеуметтік қамтамасыз етілмеген отбасыларының балалары өз ата-аналарымен толыққанды өсе алуы үшін барлық жағдай жасалады. Басқа жағдайларда кәмелетке толмаған балаларды асыраушы отбасыларға бөледі. «Тіпті ең жақсы интернат отбасыны алмастыра алмайды. Іс жүзінде Украинада осындай мекемелерде тұратын балалардың тек 8 пайызы жетім балалар статусына ие. Қалғандарында анасы немесе әкесі бар, немесе қиын жағдайға тап болған және баланы тәрбиелей алмайтын ата-аналар да бар», — деп жазды Супрун Facebook желісінде. Осылайша, 2020 жылдан бастап балалар үйлері медициналық оңалту және паллиативтік көмек орталықтарына айналады.…

Read More

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) саммитінің 14-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Ислам Даму Банкі (ИДБ) тобының президенті доктор Бандар Хаджармен кездесуі өтті, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Тараптар еліміздің ұлттық инвестициялық жобаларына Банктің одан әрі қатысуы мәселелерін талқылады. Қазақстан ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің инфрақұрылымдық интеграциясын көздейтін «Исламдық инфрақұрылымдық интеграция» Стратегиялық бағдарламалық құжатын әзірлеу туралы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын іске асыру шеңберінде ИДБ-мен ынтымақтастыққа мүдделі. Банктің Қазақстанның экономикалық даму бағдарламаларына қатысуы оның біздің елмен ынтымақтастықты дамытуға деген нық ниетін көрсетеді. «Біздің мақсатымыз Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейту және сіздің еліңізде исламдық қаржыландыру тетіктерін дамыту. Қазақстанды Люксембургтегі Сукук ислам…

Read More