Автор: admin

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров шаршы алаңға оралып, Кардиффте ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасып, нокаутқа түсірді.  Ол соңғы 2 жыл бойы шаршы алаңға шықпаған еді, — деп хабарлайды Vesti.kz. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа созылу керек болған, алайда екінші раундтан кейін шаршы алаңдағы шайқас жалғасқан жоқ. Ричмонд Джарбенг жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша, қазасқтандық 28 жастағы боксшы кәсіпқой бокстағы 23-ші жеңісін тойлады. Бірде-бір кездесуде қарсыласына есе жібермеген. Ал ганалық боксшы болса төртінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Жанқош Тұраров MTK Global ұйымдастыруымен алғашқы жекпе-жегін өткізді. Алғаш рет Ұлыбританияда бақ сынады. Осыған дейін отандасымыз АҚШ, Доминикан Республикасы мен Колумбияда…

Read More

«Ливерпуль» футболшылары Чемпиондар лигасының финалында лондондық «Тоттенхэмді» жеңді, — деп хабарлайды Tarazy.kz. «Ванда Метрополитано» стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Ойын барысында ЧЛ финалдарының тарихындағы ең жылдам пенальти тіркелді. Кездесудің екінші минутында «Ливерпуль» есепте алға шықты. Мусса Сиссокконың қолына тиген допты бас төреші Дамир Скомина аңғарып үлгерді. Пенальтиден Мұхаммед Салах мүлт кеткен жоқ. Ол Уго Льористі қапы қалдырып, командасын алға шығарды. Ойын басындағы бір голдан кейін шабуылдар бірсыдырғы жалғасты. Қауіпті сәттер болғанмен, көп гол соғылмады. Кездесу аяқтала бастағанда «Тоттенхэм» тәуекелге бел буды. Шабуылды үдетіп, таразы басын теңестіруге асықты. Бірақ 87 минутта Дивок Ориги өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, «Ливерпульдің» екінші голын соқты.…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұлдызай» фестивалінің гала-концертіне барды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы ерекше мұқтаж балалардың шығармашылығына арналған XIV «Жұлдызай» халықаралық фестивалінің гала-концертін тамашалады. Конкурстық іріктеудің ақтық кезеңіне 255 бала қатысты. Ең таңдаулы өнерпаздар қорытынды гала-концерттің бағдарламасына енгізілді. Концертте фестивальға қатысушы балалармен бірге дуэтте «КешYOU», Дәулет Болатов, Балжан Бидаш, Айша, Назым Абілдина сияқты отандық эстрада жұлдыздары мен «Дауыс. Балалар» жобасының жеңімпазы Максим Ержан өнер көрсетті. Бұл халықаралық фестивальді Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «BI-Жұлдызай» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Биыл шығармашылық конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірінен 7 758 өтінім түскен. Оның сыртында, Грузиядан, Беларусьтен, Түркиядан, Ресей Федерациясынан…

Read More

Италияның Сицилия аралындағы Этна жанартауы қайта атқылай бастады. Жергілікті биліктің айтуынша, жанартаудан әзірге жақын мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ тұрғындарға бұл ауданға бармау керектігі ескертілді. Айта кетейік, Этна Еуропадағы ең биік жанартау болып саналады. Оның 400-ге жуық ойысы бар және жыл сайын солардың бірнешеуі оянып, күл мен шоқ шашып тұрады. Ал жанартаудың қатты атқылауы соңғы рет 1992 жылы тіркелген. https://youtu.be/qBvRCfZwOHc

Read More

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына барған жұмыс сапары барысында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттердің жүзеге асырылуымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сәуір айында жұмыс сапары барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуымен танысты, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Үкіметінің басшысы өңір активінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша өңірде өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 943,6 миллиард теңгені құрады, соның ішінде 20,1 пайызға машина жасау өсімін қамтамасыз ету есебінен болды. Негізгі…

Read More

Таразда көп қабатты тұрғын үйде болған өрттің неден шыққаны әлі анықталмай жатыр. Шығын көлемі де нақтыланбаған. Мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Естеріңізде болса, 5-ықшам аудандағы үйлердің бірінің шатыры отқа оранып, түгел жанып кеткен болатын. Тілсіз жау 1200 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынды өрт сөндірушілер 3 сағат бойы арпалысып, әрең өшірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір 120 пәтерлі баспана толықтай су, газ, электр желісінен ажыратылған. Тұрғындардың барлығы маңайдағы мектептерге орналастырылды. «Қазір жүріп тексеріп жатыр. Подъездерді. Қалай анықтайды кеткен жерлерінің бәрін бекітіп тегістейді. Сосын осының бәрін қайтадан подъезбен суын, светін қосамыз. Екі мектепте жатақхана қазір матрастарын бәрін түсірдік. Әрқайсысына 100…

Read More

Жамбыл облысында жыл соңына дейін 200-ден астам спорт алаңы салынады, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның 86-сы Тараз қаласында, қалғанын 10 ауданда салу жоспарланып отыр. Бұл бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған жобалар бюджет қаражаты мен демеушілік қолдау негізінде жүзеге асады. Өңірде осы бағытта арнайы зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде аймаққа 252 спорт алаңшасының қажеттілігі анықталды. Сонымен қатар жөндеуді қажет ететін 203 нысан нақтыланып, бүгінгі күнге дейін оның 132-і ретке келтірілді. Айта кету керек, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша, қазір өңір халқының 29 проценті бұқаралық спортпен тұрақты түрде шұғылданады. «2019 жылы аудан бойынша 120 спорт алаңшасын…

Read More

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары жеке билет сататын касса өкілдеріне электронды билет сатудың жетілдірілген жүйесін таныстырды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Компанияға қарасты барша бағыттарға электронды жол жүру билеттері жаңа автоматтындырылған және заман талабына сай жетілдірілген жүйе арқылы сатылатын болады. Бұл жүйе жолаушылардың қайтарған билеттерін белгіленген уақыт аралығында ғана сатылымға шығарады. Яғни алып-сатарларға жемқорлықпен айналусыға бөгет болады. «Жаңа жүйенің енуі билет құнына әсер етпейтінін ескертеміз. Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін күшейтетінін жеткізеді. Егер де билетсіз отырған жолаушы не болмаса заңсыз рәсімделген жүк тасымалына…

Read More

Жамбыл облысында ішкі аудит қызметінің жұмысы жүйелендірілмек, деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ішкі аудит қызметінің басшысы Думан Тайлеевтің айтуынша, 2018 жылы жүргізілген мемлекеттік аудит кезінде 38 нысан қамтылған. Ал өңірде тексеріс жүргізілуі тиіс мекемелердің жалпы саны бір жарым мыңнан асады. Аудит жүргізілген нысандардың 27-сі мемлекеттік коммуналдық мекемелер, жетеуі — мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар, қалған төртеуі — шаруашылық құқығындағы кәсіпорындар. Аудит кезінде жалпы 2 млрд 219 млн теңгені жұмсауда кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды. Үш лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 757 мың теңге айыппұл салынған. Д. Тайлеевтің айтуынша, бір мекемені тексеруге екі апта, кейде жыл да…

Read More

Талас өзені бойында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Бір өзен — бір тағдыр» атты бастаманы көтерген қырғыз-қазақ жастары экологиялық акция өткізуге бел сыбана кіріскен. Ондағы мақсат — Талас пен Тараз арасын жалғап жатқан өзен маңындағы күл-қоқыстарды тазарту. Осылайша бастамашылар екі ел арасындағы ерекше байланысты дамытпақ ниетте. Екі ел еріктілерінен құралған экологиялық топ өзенді тазарту ісіне арнайы келген. Өйткені, өзенді жағалай жүрсең,  жағадағы қалдықтардан  көз сүрінеді. Демалушылар енді мұндай іске бармасын деген тілекпен жол бойына тақтайшалар да қағылды. «Бұл шара бізге керек. Өйткені, дәл осындай жұмыстарды заман талап етуде. Және де біз акцияны жыл сайынғы дәстүрге айналдырсақ деген ойдамыз. Енді, іс-шарамызды шекарада жатқан…

Read More