Author: admin

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мен Соңғы қоңырау мерекесіне арналған «Бақытты бала шақтан – жарқын болашаққа!» атты салтанатты шараға қатысты. Тараз қаласындағы Б. Момышұлы атындағы №45 гимназияда өткен мерекелік шарада аймақ басшысы барша балаларды құттықтап, жас түлек пен оқушыларға, ұстаздарға деген ізгі лебізін жеткізді. Сондай-ақ, өткен оқу жылы табысты аяқталғанын атап өтті. – Облыстағы 492 мектептегі 248 мыңнан аса оқушы кезекті оқу жылын табысты аяқтап отыр. 12 мыңнан аса оқушы алтын ұя мектептерімен қоштасуда. Биылғы оқу жылында облыс оқушылары халықаралық, республикалық деңгейдегі білім, спорт, өнер байқауларында айтарлықтай жетістіктерге жете білді. Атап айтсақ, Республикалық…

Read More

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында «Жас мамандар» кеңесі құрылып, оның алғашқы бас қосуы Алматы қаласында өтті. Мұндай кеңестің мақсаты – әр аймақтағы филиалдарда еңбек етіп жүрген жастардың басын қосу, мансабының жоғарлауына жағдай жасау. Сонымен қатар, салаға қажетті кадр дайындау. Себебі еліміз бойынша еңбек нарығында жолшы, инженерлер, зертханалық жұмыспен айналысатын мамандар жетіспейді. Кеңестің ашылу салтанатына сапа орталығының басшылық құрамы, Алматы қалалық және облыстық филиал басшылары қатысып, жас мамандарға сәттілік тіледі. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК адами ресурстар қызметінің басшысы Әсем Қалидың сөзінше, автожол саласында кадр дайындайтын оқу орындары елімізде жеткілікті. Өкініштісі, түлектердің басым көпшілігі мұндай мамандықтарға түсуге құлық танытпайды. Бүгінгі…

Read More

Биыл 10 маусымда Ыстамбұлдағы Ататүрік Олимпиада стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтеді. Сұлу да сиқырлы шаһарға ойын тамашалауға келген жанкүйерлер қауымы футболмен бірге рухани азық алып қайтады. Қызықты мәдени және көркем өмірімен, дәмді дәмімен, тарихи орындарымен, қайталанбас қалалық сәулетімен, қыз-қыз қайнап жататын түнгі өмірімен және ойын-сауық-сауда орындарымен баурап алатын Ыстамбұл туристер мен жанкүйерлерді асыға күтеді. Чемпиондар фестивалі УЕФА Чемпиондар лигасының финалын тойлайтын Чемпиондар фестивалі 2023 жылдың 8-11 маусымы аралығында Ыстамбұлдағы Йеникапы фестиваль алаңында ұйымдастырылады. 2023 жылғы УЕФА елшілерінің абсолютті чемпиондары турнирі 9 маусым күні сағат 16:00-де өтеді. Түркияның ресми туризмді таныстыру платформасы GoTürkiye сол күні Крис Луно B2B Ceaus,…

Read More

Германияның Кельн қаласында басталған Еуропа қазақтарының құрылтайы аясында Еуропа елдеріндегі қазақ диаспорасының жетекшілерімен кездесу өтті. Бұл келелі кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, «Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайынов және Австрия, Бельгия, Германия, Дания, Испания, Нидерланды, Венгрия, Польша, Түркия, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Ұлыбритания елдеріндегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Кездесуде сөз алған Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласын жеткізіп, Қазақстанда қарқынмен жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы егжей-тегжей айтып берді. «Алдымен Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сіздерге деген зор ықыласы мен ыстық сәлемін жеткізгім келеді. Біздің ең үлкен байлығымыз…

Read More

Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылының тұрғындары зиянкестерден зәбір көруде. Зиянкесті залалсыздандырып көрген. Нәтиже бермеген. Тұрғындар «ауыл ішіндегі диірменді алысқа көшірмей зиянкестен құтылмаймыз» деп әкімдік алдына жиналды. Көпшілікпен кездесуге келген аудан әкімінің орынбасары тұрғындарды аяғына дейін тыңдамай көлігіне мініп қашпақ болды. Ашынған жұрт айғайға басып оны көліктен түсіріп алды, деп хабарлайды Astana.tv. Аудандық шенеуніктер бір ай ішінде шыбын-шіркей мәселесін шешеміз деп уәде берді. Қамба қожайыны халық талабын орындамаса, диірменді ауыл сыртына шығаруға шешім шығарамыз деп отыр.

Read More

Қазақстанда жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін қанша адам сотталғаны белгілі болды. Ішкі істер министрлігі Massaget.kz порталының ресми сауалына берген жауабына сәйкес, осы жылдың төрт айында кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталған 352 адам пробация қызметінің есебінде тұр. Департамент сотталғандарға қатысты арнайы шаралар қолданылатынын мәлімдеді. «Сотты болғандардың тұрғылықты жерін, мінез-құлқын, оның ішінде интернет желісіне қосылған байланыс құралдарын электронды бақылау түрінде жүзеге асырылады», – делінген ресми жауапта. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдан бері 114 сотталған адамға электрон бақылау қолданылған.

Read More

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысындағы Президент резиденциясы туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер әкімнен Президент резиденциясының тағдырын сұрады. Әкім қазірдің өзінде Мемлекет басшысының резиденциясы білім басқармасы балансына берілгенін, онда балалар үшін жыл бойы жұмыс істейтін лагерь ашу жоспарланып отырғанын айтты. «Осы пионер лагерін қамтуға жергілікті бюджеттен 600 миллион теңгеге жуық қаржы бөлдік. Қызметкерлер болады, жақын арада жөндеу жұмыстары басталады, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүріп жатыр. Жоспарымыз мынадай: 50 адамға арналған жыл бойы істейтін пионер лагері. Ғимарат бар, оқу сыныптарын қайта жабдықтаймыз, қосымша жиһаз аламыз.Қаржыландыру, азық-түлік, еңбекақы мәселелері шешілді. Ұсақ құрылыс жұмыстарын бітірсек, жазда…

Read More

21 мамыр – ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алу күні Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде жұқтырылған иммун тапшылығы синдромынан (ЖИТС/СПИД) көз жұмғандарды еске алу күні атап өтіледі. Халықаралық еске алу күнінің басты мақсаты – қоғам назарын адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясының таралуы және АИТВ жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау мәселесіне аудару, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Атырау облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атырау облысында жыл басынан бері АИТВ инфекциясын жұқтырған 17 адам анықталған. Ал, өткен жылдың осы кезеңінде 25 адам тіркелген болатын. Облыстық ЖИТС орталығында АИТВ инфекциясын жұқтырған 328…

Read More

При содействии и организации Южно-Казахстанского университета им.М.Ауэзова состоялась ярмарка вакансий для выпускников «Жас маман-2023». Всего в ярмарке приняли участие около 190 компаний по всей республике, которые предоставили студентам более 1300 вакансий. В их числе ТОО «Рахат Шымкент», ТОО«Фудмастер», ТОО «Борте милка», ТОО «Бал текстиль», ТОО ДП ЦЕНТР, АО СП Акбастау, ТОО АППАК, ТОО СП ЮГХК, ТОО «Asia trafo», ТОО «Казфосфат» (г.Тараз), Департамент полиции г. Астаны и другие учреждения по всей республике. Цель ярмарки-расширение доступности рабочих мест для молодежи и выпускников, упрощение процесса найма для работодателей путем привлечения достойных кандидатов и содействия их трудоустройству. «Университет становится площадкой, где работодатель встречается со…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы мен цифрландыру басқармаларының басшыларының есептерін тыңдады. Кондоминиум нысанын тіркеу жұмыстары туралы облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев баяндады. Ол тұрғын үй қорын жаңғырту аясында 2011-2022 жылдар аралығында құны 16,8 млрд теңгегені құрайтын 557 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Биыл облыс орталығында жалпы сомасы 3,3 млрд теңгеге 44 тұрғын үйді жаңғырту жоспарлануда. Облыс әкімі аудандарды тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасымен қамтуды тапсырды. Бұдан кейін, облыс кімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат…

Read More

Қазақстанға 50 миллион теңгенің смартфондарын заңсыз алып кірмек болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, 7 мамырда ҰҚК шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қордай» өткізу пунктінде Қазақстанға келе жатқан ҚР азаматы тізгіндеген жолаушылар микроавтобусын тоқтатқан. «Автокөлікті тексеру барысында құпия орында жасырылған ілеспе құжаттары жоқ 220 смартфон табылды.Алдын ала мәлімет бойынша тәркілеген мобильдік құрылғылардың бағасы – 50 миллион теңге шамасында», – делінген хабарламада. Ұсталған ҚР азаматы мен тәркіленген жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін аймақтық мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.

Read More

Президенттің туған күніне қатысты сұраққа баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz. Руслан Желдібайдың айтуынша, Мемлекет басшысының туған күніне орай ешқандай іс-шара жоспарланбаған. «Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді», – дейді ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай. Сәрсенбі, яғни 2023 жылғы 17 мамыр күні Мемлекте басшысы 70-ке толады. Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 12 мамырда Тоқаев Қытай телеарнасына сұхбат берді.

Read More

Ыстамбұлдағы аты аңызға айналған Қыз күлесі ғимараты күрделі қалпына келтіру жұмыстары мен бірқатар жаңартулардан кейін Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толған мерейиойына орай, ескерткіш және мұражай ретінде қайта ашылды. Ыстамбұлдың Азия жағалауында орналасқан Қыз мұнарасы 2021 жылы Мәдениет және туризм министрлігі бастаған қалпына келтіру жұмысынан жергілікті халық пен туристерге есігін қайта ашты. Босфор бұғазының жағасында орналасқан мұнара енді мемориалдық мұражай ретінде қызмет етеді. Қыз мұнарасы біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда қазіргі Үскүдар жағалауынан шамамен 20 метр қашықтықтағы аралда Босфор арқылы өтетін кемелерді басқаруға және салық жинауға арналған кедендік бақылау бекеті ретінде салынған. Бұл кішкентай аралда Шығыс Рим императоры Мануэль Комненос…

Read More

Қазақстан құрамасында бес боксшы финалға шықты. Әлем Чемпионатының финалында кімдер өнер көрсетеді? Мырзағали Айтжанов шәкірттері жартылай финалда жеңілмеген жалғыз құрама. Өзбекстанның екі боксшысы, Куба және Ресейдің төрт боксшысы және Франция құрамасының бір боксшысы қола жүдегер атанды. Бокстан ӘЧ финалында мына елдердің боксшылары сынға түседі. 🔹 Өзбекстан – 7 боксшы🔹 Қазақстан – 5 боксшы🔹 Куба – 4 боксшы🔹 Ресей, Франция – 2 боксшы🔹 Грузия, Моңғолия, Бразилия, Қытай, Әзербайжан және Италия – 1 боксшы Барлық салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жектер 🥊 48 келі:Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Сахил Алахвердови (Грузия) 🥊 51 келі:Белал Беннама (Франция) – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) 🥊 54 келі:Махмұд Сабырхан (Қазақстан)…

Read More

Қазақстанда 157 мың шақырым автомобиль жолдары бар. Оның тек 25 мыңы республикалық, халықаралық маңызы бар жолдар. Өзгесі – облыстық, аудандық және елдімекендердегі көше желілері. Бұл – мақтанатын көрсеткіш емес. Жолдардың ұзындығы бойынша еліміз әлемде 32-орында. Жер көлемі бойынша Қазақстаннан 8 еседей кіші Германияда 645 мың шақырым жол бар. Ал сол автомобиль жолдарының сапасы бойынша әлемдік рейтингте елімізге 93-орын бұйырыпты. 2022 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда 100 адамға шаққанда 22 автокөлік келеді. Демек, елде көлік көп, автожол аз, оның сапасы төмен. Оның бір себебі – жол саласындағы білікті мамандардың тапшылығы. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның мәліметіне қарасақ, Қазақстанда ең көп сұранысқа ие…

Read More

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қаңтарда  жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, президент резиденциясы мен әкімдікке шабуыл жасау фактісі бойынша 5 айыпталушыға қатысты іс қозғалды Сотпен айыпталушылардың 2022 жылғы 4-5 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл жасағанын анықтады. Мемлекеттік мекемелер басып алынып, қиратылған, ал сотталушылар жараланып, оқиға орнында жан тапсырған. “Сотталушылардың кінәләрі алынған бейнежазбалармен, куәләрдің және туыстарының тану туралы хаттамаларымен, жүргізілген сот-медициналық сараптамалары және ұялы телефон болған жердің мәліметтерімен, жәбірленушілердің Алматы қаласы Үкіметіне және Президенттің Резиденциясына шабуыл жасаған және қару қолданғаны туралы жауаптармен расталады.Аталған қылмыстық іс сотпен қарастырылған себебі, яғни тергеу барысында, сотталушылардың заңды өкілдері қылмыстық істі ҚР…

Read More

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бірқатар мерекелік іс-шара өтті. Соның бірі «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу. Республика бойынша бір уақытта басталған жалпыұлттық диктантқа Әуезов университетінің студенттері мен профессор-оқытушылары қатысты. Республикалық патриоттық диктантта қазақ елінің басты құндылығы – Тәуелсіздік дәріптеліп, ұрпаққа мирас болып қалған киелі жерлер жайында айтылады. Сонымен қатар көп тілді меңгерген білімді, заманауи жастармен ел болашағының жарқын екендігі баяндалады. Бірнеше күнге созылған мерекеде университет студенттері Сайрам Ұлттық театрының аты аңызға айналған Б.Момышұлының ерлігі мен қайсарлығы және Ұлы Отан соғысының қасіретінен сыр шертетін танымдық қойылымын да тамашалады.  Бұл қойылымның басты…

Read More

«Бізді бар кемшілігімізбен қабылдап, ұнатыңыз, ал жақсы жағымызды бәріде ұната алады» Федор Достоевский «Адам жадында жылдар бойы қалғың келсе – гүл ек, ұзақ жылдар есте сақталамын десең – ағаш ек, ал егер ғасырлар бойы есте сақталуды қаласаң – балаларға білім бер». Арнайы педагог(дефектолог) – психикалық және физикалық кемістігі бар балаларға қоғамға бейімделуге көмектесетін маман. Дефектология балалардың даму ерекшелігіне қарай олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог пен логопед болып салаларға бөлінеді. Дефектолог-логопед арнайы мұғалімдер тобына жатқызуға болады, олардың кәсіби қызметі психология, медицина, әлеуметтанумен, тығыз байланысты. Міне, осындай ерекшелікке толы маман иелерін бүгінгі күнге дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Арнайы және әлеуметтік педагогика»…

Read More

2023 жылдың 25 сәуірінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тараз қаласындағы теміржол депосының жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттың аумағынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды. Полицейлер 16 калибрлі «ИЖ-18» маркалы бір ұңғылы аңшы мылтығын, патронсыз «ТТ» маркалы тапанша және әртүрлі калибрлі 189 бірлік патрон тауып, тәркіледі. – Осы дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ қазіргі уақытта осыған байланысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімі (Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте облыс әкімдігінің әлеуметтік сала басқарма басшылары есеп беріп, баяндама жасады. Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетованың айтуынша, бүгінгі таңда облысымызда мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 92,6 пайызды құраған. Студенттер мен мектеп оқушыларының 77 пайызы мемлекеттік тілде білім алуда. Ал мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 100 пайызға жеткен. Жыл басынан бері тегін оқыту курстарына 1726 тыңдаушы қабылданса, оның 1412-сі мемлекеттік тілде білім алған. Ал 69 адам орыс, 245-і ағылшын тілін таңдаған. Сондай-ақ Р.Тұрмаханбетова ономастикалық комиссиялардың жұмысы, өңірдегі көрнекі ақпарат пен жарнаманы безендіру және орналастыру бойынша түсіндірме-насихат жұмыстары туралы да айтып өтті. Облыс әкімі қазақ…

Read More

Астана тұрғыны қаладағы балабақшалардың бірінде 6 жасар ұлының бірнеше рет қорланғанын айтып тағы шағымданды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2023 жылдың қаңтарында Астана тұрғыны ерекше балаларды тәрбиелейтін балабақшалардың бірінде тәрбиешілер баласын бірнеше мәрте қорланғанын айтып шағымданған болатын. Ол бірнеше мәрте баласының денесі көгеріп жерлерін байқаған. Алайда, балабақша тәрбиешілері мұны баланың бейқамдығымен байланыстырып, барлық баланы қарауға уақыт жетпейтінін айтып түсіндірген. Кейін баланың анасы балабақшадағы бейнежазбаны тексергеннен кейін тәрбиешінің баласын жиі қорлағанын көріп, шошып, бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялады. Қазір іс 110-бап «Азаптау» бойынша тергеліп жатыр. Алайда кеше түнде әйел редакцияға тағы да хат жазды. Басқа орталыққа ауыстырылғаннан кейін бала тағы да қорлық көрген. «Әлеуметтік…

Read More

Сәуір айында тараздық патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің назарына автокөлік руліне отырған мектеп оқушылары ілікті. Бірі жексенбі күні әкесінің «Audi» маркалы көлігін рұқсатсыз айдап әкетіп, рульге ие бола алмай көпірден құлап кеткен. 15 жастағы жасөспірімнің жылдамдықты асырып, жол ережесін өрескел бұзып келе жатқанын Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасынан байқаған. Олар аталған аумаққа шұғыл түрде ППБ инспекторларын жіберген. ЖКО нәтижесінде зардап шеккендер болған жоқ. 10-сыныпта оқитын жасөспірім ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта істі сотқа жолдау үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Read More

Үш баласын өлтірді деген күдікке ілінген Ақтаудың 36 жастағы тұрғыны Жәнібек Есеновтің «Жусан» операциясымен Сириядан келгені белгілі болды. Бұл туралы «Көреміз» бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Күдікті «Жусан» операциямен елге келген, деструктив діни ағым бойынша есепте тұрған», – деді тәртіп сақшылары журналистерге. Есеновтың бұрынғы әйелінің туыстары оның дәстүрлі емес діни ағымның мүшесі екенін айтса, көршілері Есеновтың бұрынғы әйелі хиджаб кигенін, пәтерден сирек шығатынын, ешкіммен араласпайтынын айтқан. Қайтыс болған балалардың анасы, күдіктінің бұрынғы әйелі Айдана телефон арқылы журналистерге қысқаша пікір білдірген. «Айта берсін, мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Намаз оқитыным рас. Намаз оқимын, рас. Вахабист дейді, маған бәрібір. Сөйлей берсін, ешкімнің аузына…

Read More

Ұлттық экономика министрі Мәжіліс кулуарларында Қазақстанда «бай адам» ұғымының енгізілуі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. БАҚ өкілдері Қаржы министрлігінің басшысы еліміздің жаңа Салық кодексінің жобасына «бай адам» ұғымын енгізу мүмкіндігін жоққа шығармағанын атап өтті. Журналистер ҰЭМ басшысынан бұл қалай жүзеге асырылатынын сұрады. «Біз бай адамдар туралы емес, сән-салтанат салығы туралы айтып отырмыз. Оның атауы басқаша болатын шығар. Бұл қымбат тауарларға салынатын салықты білдіреді, халыққа түсінікті болуы үшін сән-салтанат салығы деп жүрміз. Бұл – қымбат көліктерге, авиапаркке, яхталарға, қымбат жүн бұйымдарына, зергерлік бұйымдарға, антиквариатқа салынатын салық», – деп атап өтті Әлібек Қуантыров. Оның айтуынша, «бай адам» ұғымы түрлі мағынада қолданылады. «Ыбырай…

Read More

Ыстамбұлдың оңтүстігінде, Мәрмәр теңізіндегі Ханзада аралдары гүл хош иістерімен безендірілген керемет пейзаждар мен жанға жағымды самалымен тартымды. Аралдар таңғажайып жағажайларымен, өзіне тән көшелерімен, жергілікті менталитетке сәйкес келетін үйлесімді түстерімен және сәулетімен ерекше сұлулыққа ие. Ыстамбұлға жақын орналасқан Ханзада аралдары арал өмірінің тыныштығы мен Ыстамбұлдың сән-салтанатын сезінгісі келетіндер үшін таптырмас мекен. Кейде табиғат аясында және оның зәулім сарайларының көлеңкесінде, ал кейде күнделікті күйбең тірліктен алшақ демалыс күндері демалатын Ханзада аралдары әр келушінің көңіліне тыныштық сыйлайтын орындардың бірі. Жасыл мен көгілдір түс бір-бірімен астасқан Мәрмәр теңізі толқыған аралдар сұлулығымен адамдарды арбайды. Ханзада аралдары тоғыз әдемі аралдан тұрады: Буюкада, Хейбелиада, Киналяда, Бургазада, Седеф…

Read More

Aqyl Battle қосымшасының негізінде республикалық «AQYL BATTLE CUP» сайысы өтпек. Бұл туралы жобаның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Жалпы жүлде қоры: 2 миллион 600 мың теңге. Сайысқа 14-35 жас аралығындағы жастар қатысады.Сайыс 3 кезеңнен тұрады:1. Aqyl Battle қосымшасының ішінде онлайн іріктеу;2. Бұл кезеңге 20 өңірден 100 үздік ойыншы іріктеледі. Әр облыс орталығында оффлайн турнир өтеді. Мысалы, Ақтөбе облысының ойыншылары Ақтөбе қаласына келіп ойнайды.3. Екінші кезеңнен үздіктер іріктеліп, команда құралады. Үшінші кезең Астана қаласында сайыс өтеді. Оған әр өңірден 6 қатысушы, жалпы 120 ойыншы қатысады. Яғни бірінші кезеңде онлайн форматта әр адам жеке қатысады. Соңғы 2 кезеңде іріктелген адамдар арасында командалық ойын…

Read More

Үйлену тойын Түркияда өткізуге қызығатын жастардың саны уақыт өтткен сайын артып келеді. Естен кетпес ерекше сәттер сыйлауға ұмтылатын әлемдік той ұйымдастырушылар қауымдастығы – RSVP конференциясында той-думанның үздіктері анықталды. Жиын қорытындысында Түркия Жер шары бойынша туристер мен шаңырақ көтеруге ниетті жастардың «Сүйікті бағыты» деген атауға ие болды. RSVP – түрлі симпозиумдар, конференциялар, марапаттау салтанаттары мен үйлену тойыларын ұйымдастыратын әлемдік ұйымдардың ортақ платформасы. RSVP конференциясы 2018 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіледі. Биыл Испания астанасы Мадридте бас қосқан шараға 30 мемлекеттен 250-ге жуық ивент ұйымдастырушылар, танымал спикерлер, кәсіби мамандар қатысты. Үйлену тойлары мен түрлі шараларды өткізудегі соңғы үдерістер, брендинг пен дамуға…

Read More

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері су көздерін жаңа биологиялық әдіспен тазалау және қалдықтарын кәдеге жарату технологиясын ойлап тапты. Жобаны студенттер 2023 жылғы 17-21 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткен республикалық студенттік пәндік олимпиадада таныстырды. 24 команда арасынан Әуезов университетінің студенттері 1-орынға ие болды. Енді болашақ экологтер Қазақстандағы су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану бағытында жұмыс жасамақ.

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен Тараз қаласында 23 жаңа қоғамдық көлік пайдалануға берілді. Атап айтсақ, қала аумағындағы қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС 20 бірлік «Zhong Tong» маркалы автобустар жеткізген. Ұзындығы 8.5 метрді, жалпы сыйымдылығы кемінде 55 адамды құрайтын бұл көліктер №11, 46, 28, 55 маршрут бағыттарында қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан алынған 3 бірлік үлкен сыйымдылықты «Zhong Tong» маркалы автобустар №19 бағытқа қосымша қызмет көрсетеді деп көзделуде. Аталған бағыттағы көліктер саны 13 бірліктен 16 бірлікке артып, жүру жиілігі 14 минуттан 10 минутқа қысқармақ. – Облыс орталығындағы қоғамдық…

Read More

Алматыда өзгені бопсалады деген күдікпен ұсталған журналист Владимир Северный екі айға қамауға алынды, оның әйелі Наргиз үйқамақта болады, – деп хабарлайды Tarazy.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 22 сәуірдегі қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті Северный В.-ға қатысты 2023 жылдың 20 маусымына дейін 2 ай мерзімге санкция берілді және қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген хабарламада. Сондай-ақ сот шешімімен сотқа дейінгі тергеу органының арызы қанағаттандырусыз қалдырылып, күдікті Северная Н.-ға қатысты екі ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Еске салсақ, ерлі-зайыптылардың қамауға алынғаны 21 сәуірде белгілі болған еді. Алматы полициясы…

Read More

Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған ұл бала табылды, – деп хабарлайды «Мой город» басылымы. Баланы әйел тауып алғаны белгілі болды. Оның айтуынша, ол алғашында қоқыс жәшігінде мысық мияулап жатыр деп ойлаған. «Сағат 11:00 шамасында аулаға есік алдына төселетін кілемді қағу үшін шықтым. Марғаудың даусын естігендей болдым, мұнда мысық көп. Дұрыстап тыңдап қарасам, баланың жылағанына ұқсап кетті. Қорқып кеттім, туысымды шақырдым, ол пакетті ашып, нәресте барын және ол қозғалып жатқанын айтты. Біз көршілерді шақырдық, ер адамдардың бірі баланы алды. Ол тірі екен, қатты жылады, жаңа ғана дүниеге келгені байқалды. Ол жалаңаш, тек пакетте болды», – деді ол. Еске салайық, оқиға 24 сәуірде Надежда…

Read More

Суд вынес приговор по делу Карима Масимова, передает корреспондент Tengrinews.kz. В специализированном межрайонном суде по уголовным делам города Астаны оглашен приговор по уголовному делу в отношении Карима Масимова (экс-Председателя КНБ РК), Садыкулова А., Ергожина Д., Осипова М. (экс-заместителей Председателя КНБ РК) в их присутствии. Дело судом рассмотрено под грифом «Совершенно секретно». Предъявленное обвинение следствием Масимов К. и Садыкулов А. обвинялись в государственной измене (ч.1 ст.175 УК), насильственном захвате власти в РК (ч.3 ст.179 УК) и превышении власти и должностных полномочий (п.3 ч.4 ст.362 УК). Ергожин Д. в насильственном захвате власти в РК (ч.3 ст.179 УК) и превышении власти и должностных полномочий…

Read More

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 824,3 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы – 253,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 миллиард теңге. «2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 953 теңге, базалық зейнетақы – 37 845 теңге болды», – делінген хабарламада. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 297 мың адам.

Read More

Алматы іргесіндегі Бішкек тасжолында жол апатына түскен көлік екіге бөлініп қалға. Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео пайда болды. «Қалаға қарай, Әйтей ауылы маңында жантүршігерлік апат», – делінген видео сипаттамасында. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_almata) Алматы облысының полицейлері жол апатының мән-жайын айтты. Жол апаты 24 сәуірде таңғы сағат 09:20-да болған. Жүргізуші аман қалды, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр. «Алматы-Бішкек тасжолымен келе жатқан Mercedes көлігінің 61 жастағы жүргізушісі 33-шақырымда рөлді басқара алмай, ағашқа соғылды. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді», – деді Алматы облысы Полиция…

Read More

Жамбыл облысы орталығындағы Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында спорттық самбодан 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірлерінен 500-ге жуық спортшы қатысып, өз-ара кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы палуандар бәсекесінде Жамбыл облысы спортшылары 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Айта кетейік, жеңімпаз және жүлдегер спортшылар алдағы маусым айында өтетін Азия чемпионаты, сондай-ақ Бішкектегі әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Read More

Сұлу да сымбатты жолсерік әлеуметтік желі қолданушыларын дауысымен таңғалдырды. Пікір қалдырушылар қыздың «мамандықтан шатасқанын» жазып жатыр. Ән салған жолсеріктің видеосы бірнеше күнде TikTok желісінде 860 мың қаралым жинаған, Желі қолданушылары қызға «сахнаға шығуды» ұсынған. «Жолсеріктің дауысы керемет», – делінген вирусты видеоның сипаттамасында. Видеодағы кейіпкердің есімі Ақылзат Сейтжапар, жасы 40-та. Әйелдің екі баласы бар – 19 жастағы қызы және 18 жаста ұлы бар. Екеуіде Астанада грантта оқиды. @_arailym4 #поезд #астана ♬ оригинальный звук – Мадам 👒 Ақылзат Таразда дүниеге келген, алайда отбасымен Астанада тұрады және 13 жылдан бері жолсерік болып қызмет етеді. Бала кезде екі арманым болды: ән айту және форма…

Read More

Жамбыл облысында етті-жүнді мал басын көбейтуге, асылдандыруға басымдық берілуде. Осы мақсатта Шу ауданында асыл тұқымды қошқарлардың көрме-аукционы өтті. Көрмеге өңірдегі шаруалар 200-ден аса бас асыл тұқымды қошқар әкелді. Қазылар алқасы қойлардың салмағы мен бойына қарай баға берді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек қатысып, шараның маңыздылығына тоқталды. – Қой шаруашылығы – өңірде мал өсірудің басты салаларының бірі. Саланы дамытуды облыс әкімі басты назарға алып отыр. Мал тұқымын асылдандырумен айналысатын ғылыми зерттеу институттарымен жұмыс жүргізуге облыс бюджетінен арнайы қаржы берілді, – деді Қ. Мәдібек. Айта кетейік, аймақта қой өсіретін 1500-ден аса шаруашылық бар. Онда 3,5 млн. бас қой бар. Бұл шаруашылықтарда…

Read More

Бүгін Жамбыл облысының орталығындағы «Жастар» стадионында “Freedom QJ” лигасының ашылуы өтті. Салтанатты бөлімде Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов, футбол ардагері Анатолий Бельский, “Freedom QJ league” өкілдері ойыншыларға сәттілік тіледі. Шара барысында «Тараз» футбол клубының тарихына қатысты викторикалық сұрақтар бойынша арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. Бұдан соң жергілікті “Тараз” футбол командасымен павлодарлық «Ақсу» командасының кездесуі өтті. Тартысты өткен ойын барысында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, “Freedom QJ” лигасы аясында Қазақстанның кәсіби футбол клубтарының жасөспірімдер командалары арасында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізу жолға қойылған. Жеңімпаздар УЕФА жасөспірімдер лигасында Қазақстанның атынан бақ сынау мүмкіндігіне…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте вегетациялық кезеңге дайындық, «Қазсушар» РМК облыстық филиалымен атқарылып жатқан жұмыстар барысы қаралды. Бүгінгі күнге Жамбыл облысындағы республикалық меншіктегі су қоймалардың жиналған судың орташа көлемі 90 пайызды құрайды. Сонымен қатар, Қырғызстан тарапымен вегетациялық кезеңіне алдын ала Киров су қоймасынан 520 млн. текше метр, Шу өзені бойынша 222 млн. текше метр су алуға келісім алынды, су алу кестесі алдағы «Шу-Талас» комиссия отырысында бекітілмек. Су пайдаланушылармен 492,5 млн. текше метр үшін 1488 келісім шарт қол қойылған, ағымдағы жылдың вегетация кезеніне 750 млн. текше метрге,107,5 мың гектарға су беру жоспарлануда. Бұл туралы басқосуда «Қазсушар» РМК облыстық…

Read More

Қалада туып, қалада өскен Алматының албырт баласы қатарластарынан ерекше болды. Оқушы кезінде сыныптастары «мен әнші болам», «мен заңгер болам», енді бірі «өскенде мұғалім болам» деп жүргенде бала Мейіржан болашағын жол саласымен байланыстырушы еді. Себебі әр демалыста ауылдағы ата-әжесіне барып қайтқанда ой-шұқырлы жол азабын, көлікті шайқаған қисық жолдар жас баланың мақсатын айқындай түсетін. «Қашан ауылға тақтайдай тегіс жолмен келіп кетеміз» деп тістенуші еді. Сонымен қатар, Мейіржанның жолшы мамандығын таңдауына нағашы атасы да себепші болды. Бексырға атасы – ұзақ жыл жол салу мекемесінде еңбек еткен ардагер жолшы. Жол құрылысы туралы әңгімелерді көп тыңдап, ондағы техникалар, жол салу әдістері жайындағы жиі естіген Мейіржанның…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Астана қаласында франциялық Total Eren компаниясының басшылық өкілдерімен кездесті. Кездесуге ҚР сыртқы істер министрлігі инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Ардақ Зебешев және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ басшылары да қатысты. Басқосу барысында Мойынқұм ауданында қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр стациясын салу жобасы талқыланды. Компанияның вице-президенті Антуан Гарре өздерінің табиғат тазалығына құрметпен қарайтындықтарын жеткізіп, жобаның қоршаған ортаға әсерін азайту бағытында зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол жобаға қолайлы жерді анықтау үшін негізгі және балама орындар қарастырылып отырғанын атап өтті. Аймақ басшысы жергілікті билік жобаға қолдау көрсетуге дайын екенін айтып, әкімдік тарапынан жер…

Read More

Жамбыл облысындағы ауруханалардың бірінде нәресте көз жұмды. Себебі – белгісіз. Шу ауданының тұрғыны егіз баласының дене ыстығы көтеріліп, жөтелі тыйылмаған соң медининалық мекемеге жүгінген, – деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы. Бейнежазбада 7 айлық егіздер Ева мен Дарияның Шу аудандық ауруханасында жатқаныны анық көрінеді. Мұнда жөтел мен дене қызуына байланысты түскен. Нәрестелердің анасының айтуынша, балалардың бірі тамақты қыздыру ем шарасынан кейін қан құса бастаған. Облыс орталығынан келген дәрігерлер ем жасағанымен, нәтиже шықпапты. Нәрестенің қандай кінәраттан қаза тапқанын дәрігерлер нақты айтпай отыр. «Таңертең баланың іші ісіне бастады. Бізге зонд және тыныс алу аппаратын орнатқан болатын. Дәл сол зонд арқылы мұрыннан қан шығып отырған. Түні бойы…

Read More

Таразда ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Жамбыл облысы полиция департаменті мен ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен ұзақ мерзімді әзірлеу және жедел-тергеу іс-шараларының кешені барысында тұрақты негізде әрекет еткен қылмыстық топтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бұған дейін ведомствоның жедел қызметкерлері назарына бірнеше рет бопсалауға, қылмыстық текетірестерге, қала мен облыс аумағындағы кәсіпкерлерден қарыздарды қайтаруға қатысқан топ түскен болатын. Қылмыстық топтың жетекшісі соңғы кездері өзін қоғам белсендісі ретінде көрсетіп, жастарды тәрбиелеу жөніндегі патриоттық қозғалыстың атын жамылып «қайырымдылық қоғамдық қорын» құрған. Ол өзінің қылмыстық беделін «әділеттілікті жақтаушы» – блогер имиджіне түбегейлі өзгертіп, әлеуметтік желілерде белсенді бола бастаған. Өз қорына ерікті жарналар түрінде…

Read More

Таразда сот депутат Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тараз қаласы №2 соты субсидияларды ұрлау туралы іс бойынша үкім шығарды. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы алаяқтық, яғни адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену бойынша 4 адамға қатысты қылмыстық іс қаралған. Олардың қатарында «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының өсімдік шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болған Ерлан Күлкеев, кәсіпкерлер Елжан Елібай, Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалық бар. Нәтижесінде сот «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының өсімдік шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары…

Read More

Таразда екі жол талғамайтын көлік жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған сәт видеоға түсіп қалды. Олардың біреуінің мемлекеттік нөмерінде KNB әріптері бар, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға биыл ақпанның аяғында DavMir сауда орталығына қарама-қарсы жолда болған. Жүргізушілердің дөрекі әрекеті басқа көлік камерасына түсіп қалған, оның иесі редакцияның WhatsApp-нөміріне видеоны жолдады. Ер адам 28 ақпанда кешкі сағат 18:00 шамасында Тәуке хан көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. «Бауыржан Момышұлы көшесінен өтер алдында жасыл бағдаршам жыпылықтай бастады. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес мен және басқалар қиылыс алдында жылдамдықты азайта бастадық. Алайда қара түсті Lexus LX 570 және ақ Toyota Land Cruiser 200 жүргізушілері бұған назар…

Read More

Жамбыл облысында жол жөндеушілер жалақының төмендігі мен оны төлеудің үнемі кешігуіне байланысты жұмысқа шығудан бас тартты, – деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тасжолды күтіп-ұстауға жауапты жол қызметі қызметкерлерінің айтуынша, былтыр жалақылары кешігіп келген. Биыл да бұл жалғасып жатыр. Мердігерлер зейнетақы төлемдері мен міндетті медициналық сақтандыру жарналарын да ұстамаған. Таразға келген 30 қызметкер өз талаптары мен мәселелерін басшылыққа жеткізді. Сондай-ақ, олар жол жөндеу жұмыстарына қажетті техниканың жоқтығына шағымданды. «ҚазАвтоЖол» компаниясы жалақы мен әлеуметтік төлемдердің кешіктірілуіне қатысты пікір беруден бас тартты. Серіктестік өкілдері бұл мердігерлердің мәселесі екенін айтты. Өз кезегінде мердігерлер компанияның елордадағы бас кеңсесінде құжаттардың ұзақ тексерілуінен кешігулер…

Read More

Биылғы жылы Incentive Travel Excellence қоғамы (SITE) өзінің 2024 жылғы жаһандық конференциясын 2024 жылдың 26-29 ақпаны аралығында Cтамбұлда өткізеді. Түркияда ынталандырушы туризмді дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізетін SITE Türkiye ұйымдастырған конференция әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға Түркияны тану мүмкіндігін ұсынады. 2024 жылдың ақпан айында Cтамбұлда Жаһандық конференция өтеді, бұл Қоғамның 50 жылдық мерейтойының маңызды оқиғасы. SITE 2024 жаһандық конференциясы Cтамбұлда әлемнің түкпір-түкпірінен туризм секторына тиесілі жүздеген мүдделі тараптардың басын қосады. 90 елде 2500-ден астам мүшесі бар және жарты ғасырлық тарихы бар SITE жетекші туризм қауымдастығы саналады. Салалық тәжірибесінің сандық нәтижелерін жаһандық бизнес әлемімен бөлісетін SITE-ның дүние жүзінде 27 жергілікті және аймақтық…

Read More

Түркияға саяхат – көктем-жаз мезгілдеріндегі туристік бағыттардың көшін бастайды. Бұған себеп – жылы теңізі, жұмсақ құмы, жоғарғы класты қызмет, сәнді әрі сапалы таураларға толы дүкендері, ерекше көрікті, тарихи мекендері мен дәмі тіл үйіретін асханасы. Түркия Еуропаның оңтүстік-шығысы мен Кіші Азияда орналасқан. Елдің тамаша демалыс аймағына айналуына себеп болған – төрт теңізі. Солтүстігінде – Қара теңіз бен Мәрмар теңіз, батысында – Эгей теңізі, ал оңтүстігінде Жерорта теңізі жатыр. Сондай-ақ, аумағында бірнеше өзендер мен тұзды көлдер кездеседі. Түркияда демалу үшін Қазақстан азаматтарына виза әзірлеудің қажеті жоқ. Әуежайда шетелдік төлқұжатқа Түркия аумағында 90 күн болуға құқық беретін белгі қойылады. Бұл елге демалуға келетін саяхатшылардың санында шек жоқ. Әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған демалушылардың арасынан еуропалықтарды да,…

Read More

аразда мейрам күндері жантүршігерлік жол апаты болды. Кәмелет жасына толмаған тұрғын мінген Toyota көлігі негізгі жолда келе жатқан LADA автокөлігін соққан. Апаттан бір адам көз жұмған, – деп хабарлайды Almaty.tv. «Мен жақын маңда тұрамын, жұмысқа кетіп бара жатқан кезде бір дауыс естідім. Оқиға орнына барып, кейін көрдім. Жантүршігерлік жағдайды айтып жеткізу мүмкін емес», – деді куәгер Айбек Бекхожаев. Көлік қақтығысының қатты болғаны соншалықты, соққы алған автомобиль арықтан ары ытқып, бірнеше рет аударылып, ғимарат қабырғасына барып, бірақ тоқтаған. «Қабырғаға соғысқан көліктің сау-тамтығы қалған жоқ. Екінші көлік жолдың шетінде тұрды. Арғы жақта полицейлер куәгерлермен әңгімелесті», – деді тағы бір куәгер Имран Тохтыев. Полиция…

Read More

Қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған TikTok жетекші платформасы Қазақстандағы өз қауымдастығымен бірге көктемнің бастауы Наурыз мейрамын атап өтеді. Tik Tok мерекелік онлайн-фестиваль алаңына айналды: #наурыз2023 арнайы хэштегі бойынша қазақстандықтар мерекені еліміздің түкпір-түкпірінде қалай атап өтетінін көрсете алады, мерекелік тағамдардың мәзірін бөлісе алады немесе қызықты дәстүрлер туралы айта алады.Онлайнда өтетін іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен “Kazakh Tourism” ұлттық компаниясының қолдауымен өтеді. Бұл бастаманы TikTok-тағы танымал контент авторлары да қолдайды. Қазақстанның бай мәдениеті TikTok авторлары үшін нағыз шабыт көзі, олар әртүрлі елден келген платформаның миллиондаған қолданушысымен резонанс тудыратын шынайы және тартымды бейнероликтер жасайды. Мысалы, #историяказахстана хэштегі бойынша бейнероликтер…

Read More

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері қару және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге қатысты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында қарудың және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді. Қылмыстық қару мен жалған АҚШ долларын сатудың жасырын арнасы жұмысын жолға қойған қылмыстық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталды. Операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, атқыш қару, оқ-дәрі, сонымен қатар, жалған америкалық банкноттарды әкелудің тұрақты қылмыстық жүйесі анықталды және құжаттанды. Қылмыскерлердің жасырынғаны, заманауи техникалық байланыс құралдарын қолданғаны олардың әрекетін әшкерелеуде қиындық тудырған. Күдіктінің заңға қайшы әрекеті еліміздің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне қатер…

Read More

Таразда бес адам көміртегі тотығына уланып өле жаздады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Оқиға 6 наурызда сағат 22:00 шамасында болған. Тараз қаласы ПБ 2-полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Әлішер Ермековтың айтуынша, ол мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Эльмира Еселбаевамен бірге оқушының сабаққа келмеу себебін білу үшін оның үйіне барған. Мектепке келмеген 8 жастағы баланың ата-анасы қоңырауға жауап бермеген. Мекенжайға келген полиция инспекторы қақпаны қаққанда оны ешкім ашпаған. Көршілерден сұрағаннан кейін, кешеден бері отбасын ешкім көрмегені белгілі болады. Әлішер Ермеков көршісінің рұқсатымен үйдiң ауласына кiрген. «Үйге келе жатып, терезеден баланың еденде ес-түссіз жатқанын көрдік. Ойланбастан терезені сындырып, бөлмеге кірдім. Үйде…

Read More

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Анаға тағзым» орталығында түрлі салада өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген нәзік жанды кәсіпкерлер, қоғам белсенділері және көп балалы аналармен кездесті. Аймақ басшысы әйелдерді мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. – Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Өйткені, ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Бүгінде аяулы аруларымыз өмірдің барлық саласында еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жетіп жүр.Кез келген тұлға ананың ақ сүті, мейірімі мен махаббатының арқасында өсіп, қалыптасады. Бүгінде өңірімізде 43 мыңнан астам көп балалы…

Read More

Таразда ерекше режимдегі түрмеде өрт шықты. Төтенше жағдайға байланысты қала тұрғындары тұтқындардың жаппай қашуынан қорықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап. Өрт өндірістік цехтардың бірінде болғаны белгілі болды. Онда 14 шаршы метр жерде ағаш өңделіп, дайын өнім сақталады екен. Өрт тез арада шатырға тараған, бірақ қызметкерлер, кейін өртсөндірушілер жалынды дер кезінде ауыздықтады. Колония өкілдері өрт кезінде цехта ешкім болмады деп сендірді. Бәрі басқа ғимаратта орналасқан камераларында болған. «Өрт кезінде сотталғандардың қашып құтылу әрекеті болған жоқ, өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлердің бәрі аман-сау, қызметкерлер мен арнайы контингент арасында зардап шеккендер жоқ. Мүмкін, бұл – жеке кәсіпкер, өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін олармен келісімшарт бұзылады.…

Read More

Қысқа видеороликтерді көруге және жасауға арналған TikTok жетекші платформасы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп және ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен былтыр іске қосылған және Қазақстанда қолданушылардың цифрлық сауатын арттыруға бағытталған «Қауіпсіздік академиясы» ауқымды науқанын жалғастырады. Науқанның екінші кезеңі онлайн-кеңістіктегі буллинг проблемасына арналған. Жоба аясында ЮНИСЕФ пен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің сарапшылары атақты адамдар – Санжар Мәди, Шәріп Серік, Нұрлан Батыров, Ғайни Кель және Митя Байназаровпен – онлайн-қудалау тақырыбына байланысты маңызды мәселелерді талқылайтын тікелей эфирлер сериясын өткізеді: бұл қандай құбылыс, ол неге пайда болады және оны қалай танимыз, кибербуллингтен қорғаудың қандай әдістері бар. Сонымен қатар, TikTok-тағы танымал контент…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар ірі кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысты. Алдымен «Жамбыл цемент» өндірістік компаниясы ЖШС-не барған аймақ басшысына кәсіпорынның қызметі туралы баяндалды. 2010 жылы іске қосылған зауыттың жылдық қуаттылығы 1,5 млн тонна цемент өндіруге шақталған. Мұнда шығарылатын цемент еліміздің қажеттілігін 20 пайызға өтеп отыр. Өткен жылы 1,4 млн тоннадан астам өнім өндірген компанияның басшысы Пьетро Кала 227 жұмысшы еңбек ететінін, олардың бірқатары жергілікті тұрғындар екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол логистикаға қатысты мәселені көтеріп, оның өнім көлемін арттыруға қолбайлау болып тұрғанына тоқталды. Облыс әкімі бұл жағдайды шешу үшін ҚТЖ басшылығымен жұмыстар жүргізілетінін баса…

Read More

Жамбылдық полицейлер қарулы қылмыскерді ұстау барысының видеосын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 19 ақпанда Сарысу аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру мақсатында қару сақтады деген күдікпен Жаңатас қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтаған. Арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті Mercedes-Benz автокөлігінен шығу туралы полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қарсылық көрсетіп, қашпақ болып, нәтижесінде көше бойында тұрған көлікті соғады. «Сол мезетте жүргізушінің алдыңғы есігін ашып, сыртқа шығармақ болған полиция қызметкерін көлігімен бірге асқан жылдамдықпен сүйреп алып кетеді. Оны тоқтату мақсатында полиция қызметкерлері алдымен ауаға, одан соң көліктің дөңгелегіне оқ атқан соң автокөлік аялдамаға соғылады. Соған қарамастан, күдікті және көлікте…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте каналдар мен су қоймаларын жөндеу және оларға су толтыру және тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту жобасының орындалу барысы қаралды. Алғашқы мәселе бойынша Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы Гүлмира Имашева және «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Ерлан Өтегенов, Жамбыл су қоймаларының басшысы Нарбай Ергебеков баяндама жасады. Олардың айтуынша, бүгінгі күнге Жамбыл облысындағы республикалық меншіктегі су қоймалардың жиналған судың орташа көлемі 40-50 пайызды құрайды. Сонымен қатар, тасқын суды қабылдауға толығымен дайын. Жалпы бүгінгі күнге «Қазсушар» Жамбыл филиалына қарасты су нысандарының жағдайы бір қалыпты және пайдалану ережелеріне сәйкес жұмыс істеуде. Дегенмен, аймақ басшысы су жүйелері мен…

Read More

Таразда телефон арқылы хабарласқан жүрек талмасы бар әйелді маскүнем деп ойлаған диспетчер жұмыстан босатылды. Салдарынан науқас медициналық көмек алмастан қайтыс болған, – деп хабарлайды «КТК» телеарнасы. Марқұм 46 жастағы Людмила Остапенконың туыстары кінәлілер жеңіл құтылды деп есептейді. Науқаспен бірінші болып сөйлескен диспетчер жұмыстан шығарылған. Қалған екі диспетчер қатаң сөгіс алған. Сондай-ақ, диспетчерлік қызмет бастығы мен станция бас дәрігерінің екі орынбасары да сөгіс алды. Өлім дерегі бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғауға негіз барын айтқан. «Біз бұл іс аяқталғанын қалаймыз. Прокуратура қылмыстық іс қозғауға негіз бар деп жауап бергендіктен, оны қозғау керек деп есептеймін. Бірақ тергеуші байланысқа шықпай жатыр. Кез келген қылмыстық істің өз…

Read More

Жамбыл облысының полицейлері балаларының көзінше өз-өзіне қол жұмсағысы келген ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.  Сарысу аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Азат Ботабек пен Сарысу АПБ жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау бөлімшесінің инспекторы Жанаділ Қобжанов 1 ақпанда облыс орталығына қызметтік іссапармен барған. Олар түскі сағат 14:00 шамасында шағынаудандағы үйлердің бірінің маңынан өтіп бара жатып, пәтер терезесін сындырған ер адамды байқаған. Полиция қызметкерлері ойланбастан үйдің кіреберісіне қарай жүгіріп барған. Олар жылап жатқан балалардың көз алдында ер адам терезе әйнегінің сынықтарымен өз тамырын кеспек болған сәтінде пәтерге кіріп үлгерген. Осылайша, қызметкерлер ер адамды тым асығыс жасалған қадамнан құтқарған. Оның мас күйде екені…

Read More

Тараз қаласы 1-полиция бөліміне 61-жастағы қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жайлы хабарлап,арызданған. Ол өз арызында, белгісiз тұлғаның «мал шаруашылығына арналған арнайы қайтарымсыз 5 миллион теңге көлемінде несие алып беремін» деп, сеніміне кіре отырып, 2021 жылы 530 000 мың, 2022 жылы 670 000 мың теңге көлемінде ақшасын иемденгенiн баяндаған. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен 32-жастағы Жуалы ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша алдап алынған қаражатты өз меншігіне жұмсап, жаңа маркалы ұялы телефон, азық-түлік пен киім-кешек алып отырған. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

Жамбыл облысының Жуалы ауданында «Көксай» этно-туристік кешеніндегі тау-шаңғы базасы ашылды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі өңірлік әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Базаның шаңғы жолағы осы спорт түріне жаңадан әуестене бастаған адамдар үшін өте қолайлы жасалған. Оның аумағында шаңғылар мен сноубордтарды жалға беру пункті (100 бірлік), шолу алаңы, дәмхана орналасқан. Облыстағы туристер ағынының артуын ескере отырып, жыл бойы үздіксіз қызмет ететін туризм кластерін дамыту жоспарлануда. «Көксай» кешенінде қыс мезгілінде ғана емес, жазғы демалысқа да тиісті жағдайлар жасалған. Мұнда үлкен этно-ауыл, қонақ үй кешені, мейрамханалар салынған. Демалыс орталығы күніне 500 адамды қабылдай алады. Нысан күн батареялары арқылы толықтай электр қуатымен қамтылған. Туристік жоба бойынша…

Read More

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласында қылмыс жасаған іздеуде жүрген қылмыскерлердің тізімін жариялады. Іздеуде жүрген адамды анықтаған немесе оның ықтимал орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса «102» нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Read More

Жамбыл облысында қауіпсіздік қағидасын сақтамаған екі балықшы мұз астына түсіп кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 3 ақпанда күндіз Шу қаласынан 40 шақырым жердегі Тасөткел су қоймасында балық аулау кезінде екі балықшы мұз астына түсіп кетті. Құтқарушылар бір адамның өлі денесін тез арада алып шықты. Бүгін таңертеңгі сағат 10.00-де құтқарушылар екінші адамның өлі денесін судан алып шықты. Облыстың барлық ауданында су айдындарында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Read More

ТЖМ өкілі құтқарушылар Жамбыл мен Алматы облыстарында су тасқынының қалай алдын алғанын айтты, – деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. «Кеше түнде Алматы мен Жамбыл облыстарының ТЖМ бөлімшелері мен әкімдік қызметтерінен 200 адам мен 45 техника 5 елді мекенді су басудың алдын алды», – делінген хабарламада. Қар күрт еруі нәтижесінде егістіктерден ағып келген еріген қар суын бұру бойынша жедел жұмыс жүргізілген. Бұған дейін су басқан аула аумақтарындағы суды шығару жұмыстары жалғастырылған. «Бір түнде жүргізілген су бұру каналдарының жалпы ұзындығы 18 мың метр, елді мекендерге жақын жердегі сорылған су 16 мыңнан аса текше метр болады», – делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, Түркістан облысында бәрі қалпына…

Read More

Жамбыл облысында бірнеше елді мекендегі көшелер мен аулаларды еріген қар суы басты. Мұның себебі – күн күрт жылынуы және қардың уақтылы шығарылмауы. Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, – деп хабарлайды «Хабар 24». Ауылдарда судан тазарту жұмыстары жүргізілген. Жағдай жауапты ведомстволардың бақылауында. «Жаңатас қаласында жаңбыр суы, қар еруіне байланысты Бүркітті көлінде су көтерілді. Оқиға орнына Сарысу ауданының ТЖ бөлімінің құтқарушылары мен техниктері бірден жіберілді. 40-тан аса қызметкер жұмылдырылды», – деді Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары Мақсат Қосыбаев. Өңірде дауыл туралы ескерту жарияланды. Жамбыл облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, қар күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады,…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Мемлекет басшысы ескерткіштің жанында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп, белгілі қаламгердің ұлт руханиятын дамытуға зор үлес қосқанын айтты. – Шерағаң – халқымыздың біртуар азаматы, заңғар жазушы десек артық айтқандық емес. Жас кезімізден бастап біз бәріміз оның «Қызыл жебе» романын, басқа да шығармаларын оқыдық. Әсіресе, «Бір кем дүние» туындысы әлі күнге дейін өзекті. Халқымызға, әсіресе, жастарға рухани азық болған дүние деп айтуға болады. Сондықтан жазушының ескерткішіне арнайы келіп, тағзым етіп отырмыз,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Кездесу барысында жергілікті зиялы қауым өкілдері елді толғандыратын мәселелерді айтып, өз ойларын…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар агроөнеркәсіп кешенін аралап, аймақтағы әлеуметтік нысандардың қызметімен танысады», – делінген хабарламада.

Read More

Жамбыл облысындағы Қаракемер ауылының екі оқушысы көне құмыраны тауып алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Археологтардың айтуынша, қола әшекейлері бар бұл жәдігер біздің дәуіріміздің ІХ-ХІІ ғасырларына жатады. Енді мамандар тарихи олжа орнында зерттеу жұмыстарын жүргізбек. Былтыр көктемде Төле би атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Артем Муравьев төбеде ойнап жүріп, байқаусызда таңбалары мен керамикалық бұйымдары бар білезікті тауып алады. Біраз уақыттан кейін 6-сынып оқушысы Жұмабай Қасымхан қола сырғалар мен білезіктер тапты. Тарихи олжа туралы ұлдар бірден ересектерге айтып берді. Жергілікті мектепте тіпті осындай жәдігерлер қойылған бұрыш та бар. «Мен оны достарыммен ойнап жүріп таптым. Ішінде бірнәрсе жылтырап тұрды. Кейін мен оны қазып алуға…

Read More

Бүгін ондаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жұмысшылары жалақыны көтеру мәселесімен жиналып, жауап беруге ректорды шақырды. Алғашында ректордың кеңесшісі келіп жалақы қайта саналып жатыр деді, – деп хабарлайды «Орда». Бірақ жиналған жұмысшылардың қайтпай тұрғанын көрген ректор, жергілікті атқарушы билік, прокуратура қызметкерлерін шақырған болатын. Мемлекеттік оқу орнының техникалық қызметкерлері уәждерін, яғни ректорға кіре алмайтындарын, оған «қолдары жетпейтінін» айтады. Еден жуушы, ұста, қойма қызметкерлері сынды ең аз айлық алатын азаматтар үшін бұл «жаңалық» төбелерінен жай түскендей әсер еткен. Өйткені, олардың айлық жалақылары әрқалай: 20, 40, 50 пайызға дейін қысқарып кеткен. Мысалы, осы уақытқа дейін 140 мың айлық алатын қызметкерге небәрі 70 мың…

Read More

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, былтыр жазда өз-өзіне қол салған 18 жастағы Бекбол Мираштың ісі ары қарай тергелетін болды. Бұл ақпаратты Ulysmedia.kz тілшісіне сотталушы сержант Айбек Нұртаевтың адвокаты Сержан Пірәлев растады. «Маған таяуда тергеушіден хат келді. Бұған дейін өздеріңіз білетіндей, тергеуші істі бітіреміз деген. Сол ұйғырымын жоққа шығарып, қазір тергеудің қайта жалғасатыны туралы маған хабарлама келді. Менің бұған дейін тергеушіге істі қайта тергеу керек деген өтінішім қанағаттандырусыз қалды ғой. Өткен аптада жұмада Оңтүстік өңірлік әскери прокуроры қаулы шығарды. Қаулы бойынша тергеушінің менің өтінішімнен бас тартқан құжаты күшін жойды. Менің өтінішім қанағаттандырылып, Шөлдала шекара қызметінің қызметкерлерінің бәріне ДНК сараптама жасалатын болды. Менің…

Read More

Аймақта ашылған соңғы археологиялық жаңалықтардың арқасында бүкіл әлемнің назарына іліккен Шанлыурфа Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының 11-ші Туризм министрлері конференциясында «2023 туризм қаласы» деген шешім қабылданды. Жер шарының 57 мемлекетінен құралған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының таңдауын тойлау үшін Шанлыурфа халықаралық халал көрмесі, Ислам әлемі ғалымдары симпозиумы және Ислам әлемін жақындастыратын саяхат кітаптарындағы Ислам әлемі симпозиумы сияқты бірнеше іс-шараларды өткізеді. Туристік қала мәртебесіне сәйкес Шанлыурфа биылғы жылы ішкі және шетелдік туристер санын екі есеге тартады деп жоспарланған. Шанлыурфа: Археология мен діндер тарихы арасындағы көпір Түркияның оңтүстік-шығысындағы ашық аспан астындағы мұражай ретінде сипатталған Шанлыурфа ерекше тарихи, діни және археологиялық жаңалықтарды ұсынады. 12 мың жылдық тарихы…

Read More

Таразда 19 жастағы қыз 5-қабаттан секіріп кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 27 қаңтарда сағат 15:50 шамасында Тараз қаласы ПБ жедел басқару орталығына мөлтек аудандардың бірінде құрылысы бітпеген ғимараттан қыздың секіріп кеткені туралы хабарлама түскен. «Секірген азаматшаның 19 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Ол шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде. Оның суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталады. Басқа да мән-жайлар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – деп хабарлады полиция. Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Read More

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. 20 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы жоғары оқу орнының бірінен 46 жастағы оқытушы кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Полиция қызметкерлері аға оқытушының бұған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткенін анықтады. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Екі немесе одан да көп адамға қатысты…

Read More

Жамбыл облысында балаларды заңсыз діни ұйымдардың жұмысына тартумен айналысқан, мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 24 қаңтарда сағат 20:00 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Жамбыл облысының ҰҚКД-мен бірлесіп 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын қолға түсірген. «Ер адам 2018 жылдан бері Өзбекстан Республикасы ҚК-нің 216-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу) көзделген қылмысты жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған», – делінген хабарламада. Ұсталған қылмыскер Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілетін болады.

Read More

Шымкент қаласының әуежайында Шарм әл-Шейх – Шымкент бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін тексеруден өту кезінде Тараз қаласының 27 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру барысында одан діни мазмұндағы 93 кітап табылып, тәркіленді.  Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Жалмағамбет айтты. «Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі, яғни діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, дайындау, шығару, басып шығару және тарату бойынша әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолдады», – деді Е. Жалмағамбет. «Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш…

Read More

Жамбыл облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиді сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2023 жылғы 12 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласы прокуратурасымен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шара барысында жаңа туған баланы сату дерегін анықтады. «Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігімен («Кәмелетке толмағандар саудасы») соталды тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушерін анықтап, ұстады. Тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 миллион теңгеге сатып жібергені белгілі болды», – делінген хабарламада. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.…

Read More

Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі қызметкері жаңа туған нәрестелерді саудалады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, жаңа туған нәрестелерді сату дерегін анықтады. «Дерек бойынша 2023 жылдың 12 қаңтарында Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды, Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі медицина қызметкері қамауға алынды», – делінген прокуратура хабарламасында. Күдіктілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық істі тергеуді қалалық прокуратура өз бақылауына алды.

Read More

Жамбыл облысында 2022 жылы 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 34-і пайдалануға берілген. Бұл туралы құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаев айтты. Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайхановтың төрағалығымен өткен кеңесте басқарма басшысы салада атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. – Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 4 208 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 2260 пәтерлі 34 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды, – деді басқарма басшысы. Ерлан Орынбаевтың айтуынша, 2022 жылы құрылыс саласында 249 жобаны іске асыру көзделсе, жыл қорытындысымен 113 нысанның құрылысы аяқталып, қалған 136…

Read More

Биыл аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 14,7 мың гектарға артып, 770,7 мың гектарға жетеді деп болжануда. Егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында облыста дәнді және дәнді бұршақты, майлы және көкөніс-бақша дақылдары мен картоп, қант қызылшасын отырғызуға басымдық беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек айтты. – Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 100 миллиард теңгеден астам қаржы қаралып отыр. Бұл қаржылар шаруаларға субсидия төлеуге, пилоттық жоба мен сүт тауарлы фермаларын құру, көкөніс қоймаларын салу, құс және балық шаруашылығы сияқты жобаларды іске асыруға жұмсалады, – деді Қанатбек Қайшыбекұлы. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несие корпорациясы»…

Read More

Жамбылдық полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шу ауданындағы шаруа қожалығының аумағында тараздық 36 жастағы тұрғынды ұстады. Шаруа қожалығының аумағын тексеру барысында сарайдың бұрышынан өткір иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакет табылды. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, табылған заттың жалпы салмағы 3 келі 780 гр кептірілген марихуана және 795 гр гашиш есірткісі екендігі анықталды. Ұсталған адам өз кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, –…

Read More