Автор: admin

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үш облыстың әкімін қабылдады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына өңірдің биылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарының, соның ішінде көпбалалы отбасылардың мәселелерін шешу үшін Қарағанды облысында қабылданған шаралар туралы баяндалды. Сонымен қатар, Ерлан Қошанов ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде айтты. Қазақстан Президенті облыс әкіміне өңірге тартылатын инвестиция көлемін артырып, өнеркәсіп өндірісінің өсімін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, облыс орталығы мен ірі қалаларда тұрғын үй құрылысы мен…

Read More

2019 жылғы 15-19 шілде аралығында Ақмола облысының Көкшетау қаласында Көкшетау техникалық институтының базасында І Халықаралық жас өрт сөндіруші-құтқарушылардың слетін өткізу жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөліміне сілтеме жасап. Слет тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына үйрету, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында өткізіледі. Балаларды және жастарды төтенше жағдайларда әрекет етуге, өзіне және өзара көмек көрсетуге бағытталған қолданбалы спорт түрлерімен айналысуға тарту. Жамбыл облысының намысын 2 команда қорғайтын болады. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы №1 орта мектебінің «Самсон» командасы және Жамбыл облысы Меркі ауданы №9, 18…

Read More

ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілдері Тараз қаласының белсенді жастарымен және «Тараз қ. Қазақстан Коммунистік жастар одағының» өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды Казинформ. Кездесу барысында Ж. Ахметбековтің сайлауалды бағдарламасындағы жоспарлар, жастардың заманауи ұстанымдары мен моральдық тәрбиесі тақырыбы төңірегінде сөз қозғалды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар Ж.Ахметбековтің сайлауалды тұғырнамасындағы экономикалық, әлеуметтік-саяси бағыттағы ұстанымдарына қытысты сұрақтар қойып, азаматтық пікірлерін білдірді.

Read More

Алматыда қазақ күресінің бір тармағы саналатын белдесуден «Халық барысы» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Жамбыл облысының балуан Ғалымжан Қырықбаев үшінші орынды иеленді. Екінші рет ұйымдастырылған «Халық барысы» жарысына биыл 1000-ға жуық балуан қатысты. Халық арасынан шығатын барысты анықтау шарасы ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР қазақ күресі федерациясы және «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры және Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен ұйымдастырылды. Күрес мерекесіне ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Рамазанов, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Ж.Үшкемпіров, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Д.Биткөзов, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті А.Шораев мырзалар қатысты. Сондай-ақ, шара барысында «Алашұлы», «Ұлытау», «Тұран», «Алдаспан» топтары өнер көрсетіп, ұлттық құндылықтар мен атрибуттар насихатталатын театрландырылған шоу…

Read More

Ел премьер-лигасында бақ сынайтын «Тараз» футбол клубы екінші ойын қатарынан ұтылды. ХІІ турда команда өз алаңында «Тобылға» есе жіберді. Тараздың орталық стадионында өткен ойында қостанайлық клуб 0:1 есебімен жеңіске жеткен. Қостанайлық командаға жеңіс сыйлаған голды 80 минутта Артем Шерстов соқты. https://www.youtube.com/watch?v=QNRL-jjZz3c Тараз өткен турда «Ордабасыға» есе жіберген болатын. Келесі турда «Атыраумен» ойнайды. ХІІ тур ойындарының нәтижелері «Оқжетпес» — «Астана» 1:1 (0:1) Гол соққандар: Муртазаев Роман 45 (0:1), Стоянович Милан 90+1 (1:1) Ескертулер: Жумаханов Санат 49, Алмейда Алвес Данило 53 — Логвиненко Юрий 32, Маевский Иван 32, Постников Евгений 54, Муртазаев Роман 60, Мужиков Серикжан 90+4 Алаңнан қуылды: Мужиков Серикжан 90+4 «Жетісу» — «Қайсар»…

Read More

«Үркер» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 25 мамыр күні «Үркер-2019» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімдер 2019 жылдың 25 мамыры мен 20 маусымы аралығында www.urker-awards.kz  ресми сайтында орналастырылған үлгіге сәйкес қабылданады. Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, аталған сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның  азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты — талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару…

Read More

SpaceX компаниясы Falcon 9 ракетасы арқылы ұшырған Starlink жүйесінің жерсеріктері орбитаға сәтті ұшты. Falcon 9 Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан 24 мамыр күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:30-да ұшып, 60 жерсерікті 440 шақырымдық Жер орбитасына сәтті алып шықты. Бұл жерсеріктер – бүкіл Жер планетасын интернет-сигналмен қаматамыз ету үшін жасалып жатқан SpaceX жобасының бір бөлігі. Нидерланды тұрғыны Марко Лангбрук (Marco Langbroek) жерсеріктердің қозғалыс жыламдығы арқылы орбитада көріну уақытын есептеп шығып, видеоға түсіріп алған. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=ytUygPqjXEc «Міне, менің түсірген видеом, миыңыз жарылып кетпесін! Менің есебім дәл болған екен. Жерсеріктер жоспарлаған уақытта ұшып өтті, тіпті 3 минут ерте келді. Бұл өте ғаламат көрініс болды. Мұндай жарқылдаған пойызды…

Read More

Жапонияның екі жүк кемесі Тынық мұхитта (Тиба префектурасынан шамамен 11 шақырымдай қашықтықта) соқтығысып қалды, — деп хабарлады NHK телеарнасы. Апат салдарынан кеменің бірі суға батып кеткен. Ішінде бес адам болған. Тек капитанды ғана құтқару мүмкін болыпты. Кемедегі өзге төртеуі іздестірілуде. Апат түнде болған, тұман салдарынан еш нәрсе көрінбеген. Суға батып кеткен 1,6 мың тонна болат тиелген кеме Осакаға бара жатқан. Қазіргі уақытта жағалау күзеті із-түзсіз кеткендерді моторлы қайықтармен және тікұшақтармен іздестіріп жатыр.

Read More

Канн кинофестивалінің бас жүлдесі оңтүстіккореялық режиссер Пон Джун Хоның «Паразит» фильміне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат bbc.com сайтына сілтеме жасап. Бұл трагикомедияда байдың үйіне жұмысқа орналасқан жарлы отбасы туралы бейнеленген. Британдық актриса Эмили Бичем «Крошка Джо» психологиялық драмасында әйел рөлін жақсы сомдағаны үшін жүлде алды. Испан актері Антонио Бандерасқа Педро Альмодовардың «Боль и слава» фильміндегі ер адам рөлін үздік орындағаны үшін жүлде табысталды. Сондай-ақ, 72-ші Канн кинофестивалінде қазылар алқасы франко-сенегалдық режиссер Мати Диоптың «Атлантик» фильмін ерекше атап өтті. Бұл фильмде отанында әйелдерін қалдырып кеткен мигранттардың тағдыры көрсетілген. Диоп кинодағы ерекше жетістігі үшін Бас жүлде алды. Канн кинофестивалінің 72 жылдық тарихында бұл…

Read More

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Оксон-Хиллде (АҚШ, Мэриленд штаты) өткен бокс кешінде чилилік Луис Норамбуэнаны жеңді. Нәтижесінде мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылды. Төрешілер бағасы бойынша 60-54, 60-54 және 59-55 есебімен отандасымыз жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы жолын 2018 жылдың сәуір айында бастады. Одан бергі аралықта 7 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп келеді. Үш кездесуінде қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шықты. 

Read More