Автор: admin

25 мамыр әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үлкен және ұмытылмас оқиға өтті. Еліміздің жетекші оқу орны өзінің 85 жылдығын және Түлектер күнін атап өтті. Бұл күні «Мәңгілік Ел» триумфалды аркасында курстастармен, педагогтармен кездесу, университет мерейтойына және Түлектер Қауымдастығының 25 жылдығына арналған түлектердің II форумы жұмысына қатысу үшін 2 мыңнан астам түлек жиналды. Тұңғыш рет экс-студенттердің слеті 2014 жылы өтті, ал Түлектер күні мамыр айының соңғы сенбісінде дәстүрлі түрде өткізіледі. Бақытты студенттік кезең, өмірдегі ұмытылмас сәттер университетпен байланысты. Өткен жылдарды еске алу, көптен күткен кездесу барлығы түлектерге күш-қуат беріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Түлектер студенттік жылдары туралы естеліктерін сақтап, альма-матер өмірі жайында да үнемі…

Read More

Биыл Жамбыл облысында 9 мыңға жуық оқушы мектеп бітірді. Олардың 300-ден астамы «Алтын белгі» төс белгісіне және 245 түлек үздік аттестатқа үміткер. Оның 67 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Бүгін аймақтағы 446 мектепте соңғы қоңырау соғылып, ұстаздар мен оқушылар оқу жылын қорытындылады. Мектептерде оқу жылының аяқталуы мен түлектерді шығарып салу құрметіне арналған салтанатты шаралар өтті. Биыл аймақта жергілікті 292 орта мектеп түлектер кешін өткізуден бас тартқан болатын. Мол дастархан, сәнді киім, серуендеуге арналған кортеж жалдап шығынға батпас үшін оқушылар осындай тоқтамға келді. Оның орнына қайырымдылыққа жұмсауды жөн санаған. Облыстық білім басқармасы берген мәліметке сәйкес, мектеп бітіру кешіне орта есеппен ұл баланың…

Read More

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0,20 КО) шаршы алаңға оралады. 2017 жылдың қыркүйек айынан бері жекпе-жекке шықпаған отандасымыз келесі кездесуі қашан және қайда өтетінін ресми түрде хабарлады. — Қадірлі спорт сүйер жанкүйерлер! Сіздермен сүйіншілі жаңалығымды бөліскелі отырмыз! 5-ші шілде күні Алматыда Кәсіби бокстың нағыз мерекесі өтеді. Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында қазақстандықтар боксшылардың дүниежүзі елдерінен келген былғары қолғап шеберлерімен өткізетін кәсіби бокс кеші өтеді. Кештің бас жекпе-жегін араға біраз уақыт салып, шаршы алаңға қайта оралған әйгілі Қанат Ислам өткізеді. Жақын арада барлық сұрақтарға жауап беретін пресс-конференция өтеді. Сонда керемет бокс кеші туралы толық мәліметті ұсынатын боламыз! – деп жазды боксшы Instagram…

Read More

Лион қаласындағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, кеше Францияның Лион қаласында жарылыс салдарынан 13 адам жарақат алып, 11 адам ауруханаға жеткізілген болатын. Олардың көпшілігі жеңіл жарақат алды. «Француз құқық қорғау органдарының біздің дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ» деп мәлім етті министрліктен.

Read More

Бүгін еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылып, түлектер алтын ұяларымен қоштасты. Биыл 143 089 оқушы мектеп бітіруде. Статистикаға көз салар болсақ, 10 жыл ішінде 1 598 641 оқушы үлкен өмірге қадам басқан. Ең жоғары көрсеткіш 2012 жылы тіркелген. Осы жылы 172 762 оқушы мектеп бітіріпті. 10 жыл ішіндегі мектеп бітірушілер саны: 2009 жыл – 152 199 оқушы; 2010 жыл – 142 976 2011 жыл – 151 448 2012 жыл – 172 762 2013 жыл – 168 774 2014 жыл – 149 895 2015 жыл – 133 309 2016 жыл – 129 406 2017 жыл – 127 369 2018 жыл – 127 414 2019 жыл – 143 089 Айта кетейік, биыл 77 мыңға жуық оқушы Ұлттық бірыңғай…

Read More

«Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси 2018/2019 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Алтын бутсы» марапатына ие болды. Аргентиналық футболшы осы маусымдағы Испания ла лигасында 34 ойынға шығып, 36 гол соққан. 13 нәтижелі пас берген. Нәтижесінде 72 ұпаймен Еуропа чемпионаттарындағы ең үздік сұрмерген атанды. Месси «Алтын бутсы» марапатын алтыншы рет иеленіп, өз рекорд жаңартты. Ол 2010, 2012, 2013, 2017 және 2018 жылдары да үздік атанған болатын. Мессиден кейінгі орынға «ПСЖ» ойыншысы Килиан Мбаппе  орналасқан. Ол Франция чемпионатында 33 гол соққан. Үшінші орында – Фабио Квальярелла (26 гол). Айта кетейік, Еуропаның үздік бес чемпионатында (Англия, Германия, Испания, Италия, Франция) гол соққан ойыншыларға 2 ұпайдан берілсе, өзге елдердің чемпионатындағы ойыншылар деңгейіне қарай…

Read More

Ресейлік «Первый канал» арнасы «Голос.Дети» шоуында финалға шыққан қатысушылардың барлығын жоба жеңімпазы ретінде таныды. Олардың қатарында отандасымыз Ержан Максим де бар. Конкурстың арнайы шығарылымы тікелей эфирде өтті. Бұл жолы Микелла Абрамовадан басқа финалға жолдама алғандардың барлығы өнер көрсетті. Ең бірінші Пелагея, одан кейін Светлана Лободаның командасында болған жас таланттар шықты. Соңғы болып Валерий Меладзенің шәкірттері өз өнерлерін паш етті. Жарыс жеңімпазы болып ең бірінші Ержан Максимнің есімі аталды. Ол арнайы шығарылым кезінде «Адажио» әнін орындады. — «Первый канал арнасында ештеңе сатылмайтынын сен енді білетін боласың, — деді арнаның бас директоры Константин Эрнст жобаның тікелей эфирі кезінде. Ержаннан өзге Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Мариам Абделькадер  және…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық гвардияның әскери бөліміне барды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы нысанды аралау барысында 5573 әскери бөлімінің макет-үлгісімен және ақпараттық тақтасымен, жатын және қызметтік инфрақұрылымдарының жағдайымен танысты. Сондай-ақ, әскерилердің оқу-жаттығу нысандары мен қару-жарақ көрмесін аралады. Қазақстан Президенті Ұлттық гвардияның командалық құрамы мен әскери қызметкерлермен әңгіме барысында олардың елдегі тұрақтылықты сақтауда, азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды міндеттер атқарып жүргендерін атап өтті. Сонымен қатар, әскерилердің әлеуметтік мәселелеріне жеке тоқталды. «Кредиторлық қарыздар әсіресе баспанаға төлем — өз алдына жеке мәселе. Үкімет осы қарыздарды толық өтеу бойынша түпкілікті шара қабылдауы қажет. Әскерилердің әлеуметтік мәселесі…

Read More

В Жамбылской области предприниматель подарил многодетной семье квартиру, сообщает ZhambylNews. Жительница города Жанатас Нургуль Конысбаева на протяжении долгих лет самостоятельно не могла приобрести жилье. «У меня не было дома. В жизни я видела много трудностей. Я рада, что у моей семьи теперь есть крыша над головой —  двухкомнатная квартира. Я и не надеялась, что у меня появится собственное жилье», — рассказывает Нургуль. © zhambylnews.kz Счастье семье подарил предприниматель Фархат Шайымқұлов. Ранее бизнесмен обеспечил несколько малообеспеченных семей продуктами и другими товарами первой необходимости, по возможности мужчина всегда участвует в благотворительной деятельности. «Видя много нуждающихся семей и их плохие условия жизни, я решил, что…

Read More

Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғашқы жеке альбомы шығатын күнді айтты. Бұл туралы әртіс Instagram желісіндегі парақшасында жазды. «Туған күніме орай алғашқы жеке альбомымның шығатын күнін хабарлаймын. 14.06. 2019», — деп жазды Димаш Құдайберген. Еске сала кетсек, Димаш 29 маусым күні Нұр-Сұлтанда жеке кешін береді.

Read More