Автор: admin

Сарапшылар ғасыр соңына дейін климат қалай өзгеретіні жайлы өз болжамдарын жасады. Олар әлемдік мұхит деңгейі қаншалықты көтерілетінін басты назарға алған. Мұздықтарды зерттеумен айналысатын ғалымдар тобы Гренландия мен Антарктикадағы жағдайды бақылаған. Олар ғаламдық жылыну әсерінен мұздықтардың жылдам еруіне алаңдауда. Зерттеушілер 2100 жылға қарай әлемдік мұхит деңгейі 7 футқа дейін (2,13 метр) көтеріледі деп болжауда. Мұның салдарынан 1,79 миллион шаршы километр жер су астында қалуы мүмкін. Оның ішінде Лондон, Лос-Анджелес, Нью-Йорк пен Рио-де-Жанейро қалаларына төнер қауіп көп. Сондай-ақ аралдық мемлекеттер жер бетінен жойылуы мүмкін, — деп жазады The Independent. Әлемдік мұхит деңгейі 2 метрге көтерілетін болса, 187 миллион адам жаңа қоныс іздейтін…

Read More

Парламенттің, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының белсенді қатысуы негізінде мемлекеттік шешімдердің әділдігін қамтамасыз ету керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы елімізде жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, бұның қоғамға қауіпті дерт екенін айтты. «Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл — батпандап кіріп, мысқалдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін», — деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін…

Read More

Күні кешегі 9 мамыр – Жеңіс күнін Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылының тұрғындары ерекше көңіл-күйде атап өтті. Ерекше дейтін себебіміз, еліміздегі ретрокөліктерді құрастырумен айналысатын бірден-бір автошебер Мейірхан Кәрібаев сонау Алматы қаласынан 1940 жылы шығарылған, ел ішінде «вильс» деген атаумен белгілі болған «Газ-67» көлігін айдап келіп, ауыл тұрғындарына тың тарту жасады. Мейірхан Баймаханұлы өзімен бірге белгілі режиссер Ермек Тұрсынов түсірген «Шал» фильміндегі басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақовты ерте келіпті. Осы күні қарапайым ауыл тұрғындары көне көлікті тамашалап, белгілі актермен шүйіркелесіп, бір жасап қалды. Ал біз үшін айтулы автошебердің өзімен сұхбаттасудың сәті түсті.– Мереке күні Алматыдан ауылға арнайы атбасын бұрып келуіңіздің бір себебі…

Read More

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда шығарылған көліктердің нақты санын мәлім етті. Жылдың алдыңғы 4 айында қазақстандық автозауыттан 12 870 автокөлік шығарылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 42,2 пайызға жоғары. Барлық көлікті құрастыруға кеткен қаржы – 83,9 миллиард теңге. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жеңіл автокөлік өндіру 37,9 пайызға артқан. Тек сәуір айында 3 368 автокөлік сатылып, рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелді. Есепті уақытта ең көп сатылған көлік маркалары: 1) Lada – 4664 2) Hyundai – 3405 3) KIA – 1240 4) Skoda – 290 5) Chevrolet – 233 6) JAC – 160 7) UAZ – 116 8) Ravon –…

Read More

Түркиялық «Yildirim Holding» компаниясы мен Жамбыл облысының әкімдігі Жамбыл облысында сода өндіру зауытының құрылысы бойынша келісімге қол қойды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. Зауыттың жылдық қуаты — 400 мың тонна. «Біздің компания Жамбыл облысында кальцийленген сода өңдеу зауытын салады. Жобаға 300 млн доллардан астам қаражат құюды көздеп отырмыз. Бүгінгі күні Сұркөл кенінде барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі кен өндіру келісімдері бұрын жасалған. Сол себептен, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстарын әзірленуде. Жамбыл облысының әкімі толығымен қолдау көрсетуге дайын. Біз былтыр тиісті меморандумға қол қойған болатынбыз. Биыл енді толық келісімге қол қойылып отыр», — деді компания басқарма төрағасының орынбасары Альп…

Read More

Футболдан ел премьер-лигасының ХІ турын «Тараз» Шымкентте «Ордабасыға» қарсы өткізді. Ойында алаң иелеріне 3:0 есебімен есе жіберіп, ұпайсыз қайтты. Ордабасы ойындағы екі голын бірінші таймда-ақ соғып үлгерді. 7 минутта Тоқтар Жаңғылышбай есеп ашса, араға 10 минут сала Жоао Пауло гол авторы атанды. Ойын аяқталар тұста Май Сифиве Махлангу шымкенттік команданың үшінші голын соқты. 20 ұпай жинаған «Ордабасы» турнир кестесінде 4-орынға көтерілді. Ал «Тараз» 10 ұпаймен 9-орында келеді. ХІ тур ойындарының нәтижелері 18 мамыр «Оқжетпес» — «Қайсар» 1:2 (1:1) Гол соққандар: Барсегян Тигран 10 (0:1) , Алмейда Алвес Данило 37 (1:1) , Джон Джошуа 74 (1:2) «Тобыл» — «Атырау» 3:0 (1:0) Гол…

Read More

Қалтасына ақша түссе, қыз-келіншектердің базар аралайтын әдеті бар. Бұл үрдіс қазір, тіпті үдеп кетті. Мәселен, Алматыдағы ірі сауда орындарында жасөспірім қыздардың да киім-кешек іздеп, тамақтану орындарында тапжылмай әңгімелесіп отырғанын жиі көруге болады. Мұны бүгінгі тілмен айтқанда – шопинг дейді. Ағылшын тілінен аударғанда «бос уақытта керек заттарыңды алу үшін дүкен аралау» деген мағынаны білдіреді. Ал қарапайым базардың жөні бір бөлек. Айталық ел арасында қалыптасқан атауы бар «қара базар» нақты тауар алуға келген кісілер үшін қайнаған қазан секілді. Осы жерге келетіндер қаланың қалталы азаматтары деуге болмайды. Негізінен табысын талғажау етуге жетерлік немесе өзге аймақтардан келген ағайын. Олардың бір бөлігі – той-томалақ қамымен…

Read More

Көкшетау. Қарғын су шаһарға таңғы сағат төрт жарым шамасында жайылған. Қаланы қақ жарып өтетін Қылшақты өзені аяқ астынан қыңыр мінез танытты. Қаланың байырғы тұрғындары жаз бойы жылап қана ағатын, арнасы тар, суы аз өзеннің соңғы рет қашан мінез көрсеткенін естеріне түсіре алмады. «Бақсақ бақа екен» дегендей, қала жұртшылығын таң сәріден естерінен тандыра жылы көрпелерінен жұлып алған – Ивановка су қоймасынан босатылған қарғын су екен. Оның үстіне, дәл сол күні қызыл асықтан келетін қырбақ қар жауған. Ауаның температурасы 7 градус шамасында. Қар бірден еріп кетті де, су қоймасынан аққан қызылсумен бірге Қылшақты өзенінің аңғарына құйылды. Өзен мұзы әлі еріп үлгермеген. Сол…

Read More

Еліміз егемендік алғаннан бергі ширек ғасырдан астам уақытта жол апатынан көз жұмғандар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерден әлдеқайда көп. Бұл ел ішіндегі еспе әңгіме. Шындыққа қаншалықты жанасымды? Оған көзіміз жетпейді. Алайда қара жолда дәм-тұзы таусылғандардың қатары өте көп. Жол жөнделіп, қауіпсіздік қатайса да қала мен далада жол апаты жиілеп, бейбіт күнде азаматтардан айырылып жатырмыз. Мәселен, соңғы бір аптада темір көлікте тынысы тоқтап қалғандардың санын саусақ бүгіп санауға тура келеді. Елорданың өзінде автобус апатынан екі адам көз жұмып, 36 жолаушы ауруханаға түсті. Оның ішінде 4 азамат ауыр халде жатыр. Жазымнан кейін амалсыз аяғын кестіргендер бар. Дәл сол мезгілде Алматыда бір үйлі…

Read More

Қызметіне жаңа кіріскен кез келген президенттің алғашқы ресми сапары аса маңызды. Сол арқылы қай елдің басты стратегиялық серіктес екені айқындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды. Айта кеткен жөн, президент В. Путиннің шақырумен. Мемлекет басшысы Мәскеу сапары қарсаңында «Российская газета» басылымына берген сұхбатында мұны айрықша атап өтті. Бұдан мынадай ой түюге болады: бізбен жақын қарым-қатынасқа терістік көршіміз ерекше мүдделі. Себебі де белгілі. Батыспен арадағы тоқтаусыз текетірес, салмағы барған сайын ауырлап жатқан санкциялар, шетелдік инвестиция мен заманауи технологиядан қағылып, тек мұнай мен газға иек артқан экономика. Тегі бір туысқандардың теріс бұрылып, кәрі құрлыққа ұмтылуы… Мұндай жағдайда, сөз жоқ, өзара сыйластықты, тең…

Read More