Автор: admin

Әнші Индира Елемес белгілі композитор, продюсер Арман Дүйсеновтың өмірден өткенін мәлімдеді. Бұл туралы әнші қалың жұртқа Instagram-дағы парақшасында естіртті. Индира Елеместің администраторы бұл ақпаратты растады. «Арман ағау! Неге олай? Иманы саламат болсын, мекені жәннәт болсын», — деп жазды әнші. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Индира Елемес (@indiraelemes) Қаралы хабарды продюсер Ерғали Әбдірайымов та жариялады. «Арман бауырымнан айырылып қалдық ағайын. Айсұлу, айналайын және ұрпағына Алла көркем сабыр берсін», — деп жазды ол. Арман Дүйсенов — белгілі композитор, музыкант, әнші, продюсер, тележүргізуші, талай қазақша хиттердің авторы. Ол 1974 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Оны әріптестері әлемдік классикалық музыка, фольклорлық этнография,…

Read More

Тараздық дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне баласының ине жұтып қойғанын айтып анасы келген. «Қарапайым рентгенография асқазан-ішек жолдарында бөгде зат бар екенін көрсетіп, кейін екі ине табылған. Эзофагофиброгастродуоденоскопиямен (ЭФГДС) тексеру кезінде бөтен зат асқазанның антральді бөлігінде екені анықталып, бір ине алынған. Науқас Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургия бөлімінде мамандардың бақылауында», — дейді балалар ауруханасының дәрігерлері. Нәтижесінде бір ине өз бетімен шыққан. Бірақ іштегі басқа ине шықпаған. «Кейінірек құрсақ қуысының бақылау R-граммасында құрсақ қуысының жоғарғы сатысында тағы екі ине және жамбас проекциясында бір ине табылды. Қайталап ЭФГДС жасалып, ине…

Read More

Қазақстан үкіметі Абай облысын дамыту жоспарын қабылдады. Премьер-министр Әлихан Смайылов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында 100-ден астам іс-шара бар екенін айтты. «Бұл инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, тұрғын үй құрылысын, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымдарды дамыту, азаматтық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ экологиялық мәселелерді шешу. Жоспардың жалпы бюджеті шамамен 1,9 триллион теңге болады», — деді Смайылов Үкімет отырысында. Ол Ұлттық экономика министрлігі мен облыс әкімдігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кешенді жоспардағы шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Read More

Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласында 86 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова айтты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен өткен кеңесте басқарма басшысы салада атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жанар Оспанованың айтуынша, өңірді дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті кезеңде салада 86 жоба іске аспақ. Атап айтқанда, облыс бойынша 15 денсаулық сақтау нысаны мен 2 емхананың, Тараз қаласында 200 төсекке арналған облыстық онкологиялық диспансері мен Байзақ ауданында 250 келушіге арналған емхананың құрылысы жүргізіледі. — Бұдан бөлек 6 дәрігерлік амбулатория мен 18 медициналық пункт, 2-і фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын жүргізу көзделуде. Қосымша 17…

Read More

Сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық істің егжей-тегжейін айтқан адвокат этиканы бұзды деп айыпталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 20 қаңтарда әскерге шақырылушының өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша заңгер Сержан Пірәлиев баспасөз конференциясын өткізген. «Пірәлиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпаратты айтып, қылмыстық істің деректерін жария етті. Сонымен бірге ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды», — делінген хабарламада. Еске салайық, 2022 жылғы 19 тамызда атыраулық әскери қызметші…

Read More

Биыл еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Экология министрлігінің мәліметінше, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау және Павлодар облыстарынан өзге барлық өңірде тасқын қаупі бар. КТК телеарнасының хабарлауынша, Экология министрлігінің 23 қаңтардағы жиынында су қоймалары мен бөгеттердің сапасы туралы мәселе қозғалған. Елдегі осындай нысандардың дені кеңес заманында тұрғызылған. Талап бойынша, олар тек 25 жылға дейін ғана жарамды. Алайда Қазақстанадғы нысанның бәрі жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп тұр. «Бұзып, қайта салмасақ та, Үкімет жыл сайын оларды жөндеу, қалыпқа келтіру жұмысына қаражат бөліп жатыр», — дейді мамандар. Мысалы, биыл екі су қоймасы осындай жоспарлы жөндеуден өткізіледі. Оның бірі – сыйымдылығы жағынан ең үлкен Шардара…

Read More

2022 жылы Жамбыл облысындағы 1652 кәсіпорын 47 538 жұмыскердің жалақысын орта есеппен 32,9 көтерген. Бұл туралы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов айтып берді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен өткен кеңесте басқарма басшысы есеп берді. Жарылқасын Айтақовтың айтуынша, еңбек жағдайларының ахуалын тұрақты бақылауда ұстау мақсатында аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінде әлеуметтік-еңбек жағдайларын реттеу жөніндегі дағдарысқа қарсы штабтар құрылып, жұмыстар жүруде. Жыл басынан барлық деңгейде үшжақты комиссиялардың 111 отырысы өткен. — Басқарманың еңбек инспекторларымен жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдары бойынша 165 тексеріс жүргізілген. Тексерістердің қорытындысымен жұмыс берушілерге орындалуы міндетті 84 нұсқама беріліп, 26 айыппұл салынған.Қабылданған…

Read More

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаевтың төрағалымен алқа мәжілісі өтті. Жиында мәдениет, архивтер және құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары 2022 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы уақытта атқарылатын жобалардың мақсат-міндеттерін талқылады. Жиынның күн тәртібіне сәйкес облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай баяндама жасады. Ол өз баяндамасында 2022 жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталып, биыл мәдениет күндері аудан орталықтарында өтетінін атап өтті. Жиын барысында облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев аймақтағы мәдениет үйлері мен клуб жұмысы бойынша, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Эльмира Абдин өңірдегі кітапханалалардың даму қарқыны бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ алқа…

Read More

Тараздағы «Ақсай» базарындағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілердің бірін тоқ соғып, ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Тараз қаласындағы «Ақсай» базарында азаматтарды эвакуациялау барысында азаматтық қорғау кіші сержанты — өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрболат Қонақбайды тоқ соқты, оған өрт кезінде үзілген электр желісі түрткі, делінген хабарламада. Қазіргі уақытта өрт сөндірушінің жағдайы тұрақты, ол ауруханадағы жалпы палатаға ауыстырылды. Тараздағы базарда өрт 20 қаңтарда орын алды.

Read More

Таразда «Сергек» қосылғаны сол-ақ еді, жүргізушілер 1 күнде 2 млн теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Бас-аяғы 170 жүргізуші тәулік ішінде хаттама толтырған. Демек, шаһардағы әрбір 5-ші көлік иесі жол ережесін пысқырмайды. Өткен жылғы статистикаға сенсек, жол апаты бойынша облыс республика бойынша үштікке кірген. 12 айда 1400 жағдай тіркеліпті. Сондықтан тас жолдағы тәртіпті тамыр-таныссыз, таспа арқылы түзейтін сергекті құзырлы мекеме 48 мекенге орнатқан. Оның 13-і қиылыстарға қойылды. Қызығы, қазір Таразда «антирадар» қондырғысына сұраныс артқан. Айта кетейін, былтыр жол апатынан өңірде 2300-ге жуық адам зардап шеккен. ПД сергек ақпараттық бағдарлама кешенін қоюдағы себебі, яғни жол қауіпсіздігін қатаң сақтауды, жол апаттарын…

Read More