Автор: admin

Жамбыл облысында арнайы акция аясында жалпы құны 8 миллион 779 мың 425 теңгені құрайтын  161 бірлік қару тапсырылды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облысында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттар сатып алу акциясы жалғасуда. Осы акцияны өткізу үшін республикалық бюджеттен 11 миллион  168 мың теңге қарастырылған. Облыстық полиция департаментінің мамандары акция барысында атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарын тапсырған адамдар  әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын айтады. Департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше екі аптада құны 9 миллион теңгеге жуық  болатын қару-жарақ тапсырылыпты. «Бүгінгі күні заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын тапсыруға ниетті  тұлғалардан 101 өтініш түсіп, барлығы 161 қару тапсырылды.…

Read More

Индонезия президенті Йоко Видодо ел астанасын Джакартадан өзге қалаға ауыстыру туралы жоспарын айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы үкімет отырысы кезінде хабарлаған. — Джакарта бір мезетте екі бірдей маңызды істің (қаржы және саясат) орталығы бола алмайды, — деген президент. Сондай-ақ Йоко Видодо ел астанасын ауыстырған үш елді мысалға келтіре кеткен. Оның бірі — Қазақстан. — Біз де осылай жасай аламыз. Ол үшін тыңғылықты дайындалуымыз керек, — деген елдің басшысы. Жаңа астана болатын аймақты барлық фактор тұрғысынан дұрыс таңдау туралы бұйрық берген. Қазіргі таңда ел билігі таңдауы үш аймаққа түсуде. Олар — Паланкарая қаласы (Орталық Калимантан), Танах Бумбу округы (Оңтүстік Калимантан) және Пенаджам провинциясы (Шығыс Калимантан). Елдегі ұлттық…

Read More

Қазақстанда алғаш рет бір жылда 29 студенттік жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова студенттер жатақханаларын салу жұмыстары туралы айтып берді. Б. Асылова Қазақстан тарихында алғаш рет биыл 9 196 орынға арналған 29 жатақхана пайдалануға берілетінін айтты. «Еліміздің тарихында бұған дейін осындай көрсеткіш болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы салынған жатақханалардың мақсатты құрылысы жүргізілді. Жылына көп дегенде 2-2,5 мың орын пайдалануға берілетін. Аталған жобаны іске асыруда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін қолдану өз тиімділігін көрсетті», — деді ҚР вице-министрі. Сонымен қатар, ол жобаны іске асырудың алдында өңірлер бойынша барлық қажеттілікке…

Read More

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елорданы одан әрі дамыту жоспарымен танысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қала әкімі Б. Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданы одан әрі дамыту және қала құрылысын жүргізу жоспары жөнінде мәлімет берді. Елбасы тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың және әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданы бой көтеруін әлемдік тәжірибені және қала құрылысындағы заманауи трендтерді ескере отырып, жалғастыру қажеттігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев елорданы газбен қамту және қала көшелерін көгалдандыра түсу үдерісіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, қала көшелеріндегі көлік жүктемелерін төмендету, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, экологиялық проблемаларды…

Read More

Бүгін елордада ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ сьезі өтуде. Сьезд кезінде партия атынан сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаев түсетіні белгілі болды. Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. — Жаңа басшылыққа халықтың сенімі жоғары. Партия басшысы ретінде мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол Сенат төрағасы болып қызмет жасағанда парламенттік жұмыстардың дамуына зор үлес қосты. Осы жылдар аралығында ол менің сенімді қызметтесім болды, — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сьездге Саяси кеңес мүшелері, соның ішінде ҚР Парламентінің депутаттары, атқарушы мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысуда. Nur Otan…

Read More

Бүгін «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев әлем елдеріндегі қандастарымызға көмек көрсету мақсатында өзара әріптестік және серіктестік қатынастарды нығайту туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандумның мәні шетелдегі және Отанына оралған қазақтарға көмек көрсетуге арналған Бірегей Байланыс-орталығы бірыңғай қызметін құру болып табылады. Құжат тараптардың арасындағы серіктестік қатынастарды, жобаны жүзеге асыру және Байланыс-орталыққа техникалық қолдау көрсету бойынша өзара ықпалдастықты көздейді. «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық-коммуникациялық серіктес рөлін атқара отырып, Байланыс-орталығын ұйымдастыруға арналған бағдарламалық және аппараттық жарақтандырудың қажетті спектрін ұсынды, атап айтқанда: байланыс телефондары желілері, бағдарламалық жарақтандыру, Байланыс-орталықтың операторларын ұсыну, жаңа технологияларды қолдану мүмкіндіктерін есепке ала отырып, кеңестік…

Read More

Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қол қою рәсіміне орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты. Елімізде 680 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 500 мыңы дауыс беруге құқылы. Сондықтан еңбек министрі сайлау учаскелерінде мүгедек жандарға қолайлы жағдай жасау үшін жергілікті органдармен бірігіп жұмыс істейтінін атап өтті. «Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы туралы конвенцияны мақұлдай отырып, Қазақстан өзіне міндеттемелер алды. Сондықтан 2 жыл бойы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірігіп, жұмыс жүргіздік», — деді орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев. Кезектен…

Read More

Биыл Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында тегін медициналық кепілдендірілген көмек бойынша  құны 781 млн. теңгеден асатын 1940 операция  жасалды. Дәрігерлер нейронавигация қолданып омыртқаға — 24, вертебропластика бойынша  — 34,  торакопластика — 11, артроскопия — 380, эндокорректор спондилодез – 34 операция, 161 адамның ұршық буынын,  129 науқастың тізе буынын толық ауыстырды. Елімізде жоғарытехнологиялы медициналық қызметтер ТМКК аясында азаматтарға тегін көрсетіледі.  Негізі,  бір операцияның құны 170 мыңнан басталып, 1,7 млн теңгеге дейін жетеді. 2015-2018 жылдары «Травматология және ортопедия» бойынша жоғарытехнологиялы медициналық қызмет саны 3360-тан 3813 өсті.  Мысалы, тізе  буынын эндопротездеу — 470-тен 594, жамбас буыны – 712-ден 741, артроскопиялық операция – 1247-ден 1288 артқан.…

Read More

С мая в Жамбылской области установлен самый высокий – пятый – класс пожарной опасности. И ни разу за эти месяцы он не снижался. Отсутствие осадков и высокие среднесуточные температуры воздуха стали причиной критической ситуации с природными пожарами, которая сложилась сегодня сразу в нескольких районах Жамбылской области. Возгорания здесь фиксируются практически каждый день. Местные лесхозы перешли на чрезвычайный режим работы, спасатели ведут активное воздушное патрулирование особо охраняемых территорий. Озёра в Мойынкуме образованы грунтовыми водами / фото Григория Беденко Обширные территории, расположенные к юго-западу от озера Балхаш, известны своим особым микроклиматом и богатым биологическим разнообразием. Наибольший интерес представляет Мойынкум – песчаная пустыня…

Read More

Ұлыбританияның Compare the Market интернет басылымы соңғы 10 жыл ішінде саяхатшылар қызығушылығын арттырған елдер мен қалалардың тізімін жариялады. Бұл рейтингке Қазақстан да енген. Басылым айрықша зерттеуін 2009 жылдан бергі Google Trends сұралымы статистикасы бойынша түзіп шыққан. Іздеу жүйесіндегі сұралымдар басты назарға алынған. Саяхатшылар соңғы жылдары қайда барғысы келетіні, нені көргісі келетіні жайлы ақпараттар жинақталған. Нәтижесінде жиһанкездердің қызығушылығын арттырған елдер мен қалалар рейтингі шыққан. 10 жыл ішінде саяхатшылар қызығушылығын арттырған елдер тізімін Филиппин аралдары бастады. Іздеу жүйесіндегі сұраныс 2009 жылдан бері 170,5 %-ға артқан. Одан кейінгі орында Оңтүстік Корея болса, үздік үштікке Сауд Арабиясы енген. Қазақстан — төртінші орында. Google Trends статистикасы бойынша Қазақстан жайлы ақпараттардың ізделуі 47,83 %-ға өскен. Қазақстаннан кейінгі орында Нидерланд елі…

Read More