Автор: admin

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желілерде екі ғана аккаунты бар, қалғандарының бәрі жалған парақшалар. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Құрманғали айтты, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  Баспасөз хатшының мәлімдеуінше, соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кеткен. Сол арқылы жалған ақпарат таратып жатқандар да бар, кейбірі оны коммерциялық мақсатта қолданып жатыр екен. — Осыған байланысты барша әлеуметтік медиа қолданушылар мен БАҚ өкілдеріне ескертеріміз — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан — @TokayevKZ, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты», — деп жазды Берік…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсіміне қатысты, — деп хабарлайды Ақ орданың баспасөз қызметі. Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсімі басталар алдында мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі мазмұнын ашуға арналған «Ұлы дала мұрасы» атты көрмені аралады. Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорындағы еліміздің ежелгі өнер туындылары, соның ішінде Есік қаласынан табылған алтын адам, Берел қорғандарынан табылған аттар мен ат әбзелдерінің қалпына келтірілген нұсқалары, «Тақсай Ханшайымы», «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бірегей экспонаттары қойылған. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке және өзбек…

Read More

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовты қабылдады, — деп хабарлайды Ақ орданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтарын қорғау үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімделді. Бас прокурор Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің қылмыстық заңнамасын ізгілендіру және түрмеге қамалғандардың әлемдік рейтингі бойынша Қазақстанның беделін арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады. Сонымен қатар, кездесуде еңбек дауларын шешуге қатысты азаматтардың құқықтарын қорғау үшін Бас прокуратура мен Үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға баса мән берілді. Ғ.Нұрдәулетовтың мәліметіне сәйкес, былтыр бірлесе күш жұмылдырудың арқасында еңбекақы бойынша 2,4 млрд теңге көлеміндегі қарыз…

Read More

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру процесі қатаң бақылауға алынады. Денсаулық сақтау министрлігі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ мен «СҚ-Фармация» ЖШС бірлескен жобасы өткен жылдың соңында сынақтан өткізілген болатын. Нобайлы жобаны ісе асыру барысында 191 603 SMS-хабарлама жіберілді. Сонымен қатар, абоненттерден 8123 жауап келіп, мамандар 1218 қоңырауға жауап берді. Медициналық сақтандыру қоры былтырдан бастап кепілдендірілген тегін көмек пакеті шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына ақы төлеу тәртібін өзгерткен болатын. Жаңа тәртіп бойынша, дәрі қолма-қол берілген және «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесіне дәрінің берілгені туралы белгі соғылған рецептілерге ғана ақы төленуі тиіс. Маусым айының соңына дейін пациенттерге SMS-хабарлама жолданады.…

Read More

Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2019 оқу жылына арналған дайындық жоспарына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне дайындау жөнінде жоспарлы іс-шаралар басталды. Қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне дайындау барысында жеке құрамды, бекеттер мен учаскелерді, техникалық қызмет көрсету құралдарын, жауынгердік машиналар парктерінің технологиялық сызық элементтерін қосалқы бөліктермен, жанар-жағармай материалдарымен, аспаптар және керек-жарақтармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар орындалады. Өткізілетін іс-шаралардың толыққандылығы мен сапасынан жазғы жағдайда пайдалану, оның ішінде, қоршаған ауаның жоғары температурасы мен жоғары тозаңдану кезінде қару-жарақ пен әскери техниканың бүтіндігі мен жауынгерлік әзірлігі байланысты болатынын айта кету қажет.

Read More

Жүзжылдықтың соңына қарай ғаламдық жылу әсерінен Альпі таулары ақ қарынан айырылуы мүмкін. Шың басындағы мұздықтар еріп, етегіндегі сай-салалар суға толады, — дейді швейцариялық эколог-ғалымдар. Ғаламдық жылынуға байланысты мамандардың арнайы зерттеу нәтижесі Cryosphere басылымында жарияланды. Адамдар мұның алдын алу үшін еш амал таппайтын да көрінеді. Швейцариялық мамандардың зерттеуі бойынша 2100 жылға қарай Альпі тауларындағы қазіргі ақ қар мен көк мұздың небәрі 5 %-ы ғана қалады екен.   Эколог-ғалымдар зерттеу жұмыстарын үш бағыт бойынша жүргізген. Біріншісі — қар құрсауының қазіргі күйі, екіншісі — қорғау шараларының қолға алынбауы және үшіншісі — ғаламдық жылынуға қарсы күрес тұрғысы. Зерттеушілер қандай шара қолға алынса да, Альпідегі…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты, — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Әкім өзінің алғашқы жазбасында аймақтың дамуы, оның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуы билік пен халықтың бірлесе жүргізетін жұмысына тікелей байланысты екенін жеткізген. Сондай-ақ, ол халық арасындағы байланысты бекіте түсу мақсатында «Facebook» әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашу туралы шешім қабылдағанын жазды. «Киелі Әулиеата өңіріне қызметке келген күннен бастап тұрғындармен, зиялы қауыммен байланыса отырып, бірқатар істі еңсердік. Алда жүзеге асырылар жобалар да аз емес. Пікір алмасу алаңын тиімді пайдалана отырып, облысымыздың қоғамдық өміріне, әлеуметтік, экономикалық және өзге де салаларына қатысты өз ойларыңызды, ұсыныстарыңызды білдірерсіздер деген…

Read More

Темір жол саласында жемқорлықты жою мақсатында билеттерді сату жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Осыған байланысты билет сататын барлық кассада жан-жақты тексерістер жүргізілмек. Бұл туралы Ұлттық бюродағы «Адал жол» жобалық кеңсесінің жетекшісі Исламбек Майшекин мәлімдеді. «Темір жол саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды күшейту мақсатында агенттіктік пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері бар жұмыс тобы құрылды», — деді Исламбек Майшекин. Оның сөзінше, жұмыс тобы заңнамалық, кадрлық, институционалдық және ұйымдастыру-бақылау шаралары, бизнес-процестерді қайта инженерлеру және оларды автоматтандыру, ақпараттарды жедел тасымалдау, темір жол тасымалын ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру бойынша Жол картасын әзірлеген. Темір жол тасымалы бойынша жасалған Жол картасы жолаушылар және жүк тасымалында тұрмыстық…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітінің жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті. Рәсім соңында Мемлекет басшысы Құрмет қарауылының сап түзеп өткен салтанатты маршын көрді. Александр бағындағы Мәскеу Кремлінің қабырғасын бойлай орналасқан «Белгісіз жауынгер бейіті» Мемориалдық сәулет кешені Мәскеу үшін соғысқан жауынгерлердің құрметіне 1967 жылы салынды. Кешенге Ресей мәдени мұрасының нысаны, сондай-ақ, Жалпыұлттық әскери даңқ мемориалы мәртебесі берілген.

Read More

Еліміздің оңтүстік өңірлері Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары көктемгі егіс жұмыстарын бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы басқармаларының алдын-ала мәліметтері бойынша, 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,3 млн.га жерге орналастыру жоспарлануда, бұл өткен жылғыдан 1,3% артық. Қазіргі уақытта егістік жерлерді тиімді әртараптандыру жүргізілуде, бұл бидай, суармалы егістік жерлердің азаюына және бос жерлерді игеру есебінен майлы, дәнді дақылдар, жемдік дақылдар, бұршақ, жемшөп дақылдар сияқты бәсекеге қабілетті сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дақылдарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, ағымдағы жылы 2018 жылмен салыстырғанда сұранысқа ие егістік алқаптары: арпа және жүгері астық — 57,2 мың га, қант қызылшасы -…

Read More