Автор: admin

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Ресми кездесу рәсімінен кейін мемлекеттер басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті лауазымына кірісуіне байланысты құттықтағаны және жылы лебіз білдіргені үшін Владимир Путинге ризашылық білдіріп, өзінің алғашқы шетелдік сапарының Ресей Федерациясына жасалуының символдық мәнін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің қазіргі ықпалдастығы көпшілік үшін қарым-қатынас жасаудың жарқын үлгісі болып саналатынын айтты. – Мемлекет басшысы ретінде мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясатының сабақтастығын қамтамасыз етіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты әрі белсенді дамыту…

Read More

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілері туралы хабарламаларды анықтау мақсатында Telegram мессенджерінде «Bala QORGAÝ» (Бала Қорғау) чат-каналын құрғанын хабарлайды. Егер Сізге жоғарыда көрсетілген фактілер туралы белгілі болса, облыс, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауы көрсете отырып, аталған чатқа ақпаратты жіберуге болады. Аталған сілтемелер ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан шұғыл шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілетін болады. Чат-каналға қосылу үшін Telegram қосымшасының браузерінде «bala_qorgau» деген жолды жазу қажет.

Read More

Мамырда еліміздегілер «Қазақстан бірлігі» күнін, «Отан қорғаушылар» күнін және «Жеңіс» күнін атап өтеді. Бұл айда жалпы 11 күн демалыс бар. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін бұл айдағы жұмыс күні – 20. 1 мамырда қазақстандықтар «Бірлік» күнін, 7 мамырда «Отан қорғаушылар» күнін, 9 мамырда «Жеңіс» күнін тойлайды. Алдағы мерекелерге байланысты сенбідегі яғни 4 мамырдағы демалыс күні 10 мамыр, жұмаға ауыстырылады. Жалпы, Қазақстан Республикасының азаматтары 2019 жылы барлығы 119 күн демалады.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді, сондай-ақ, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен және Ресейдің зиялы қауым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады. Ресми сапар қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімде жасайды және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда.

Read More

Аспан әлемі жұмбаққа толы. Сан мыңдаған жылдар бойы ғалымдар мен зерттеушілер жұлдызды әлемнің ғажабына үңіліп келеді. Әсіресе көбірек қызықтыратыны — қара құрдым. Галактика кіндігіндегі қара құрдымның фотосын түсіру үшін әлемдік зерттеушілер Event Horizon Telescope жобасын әзірлеген болатын. Ол үшін Жердің әр түкпіріне 8 телескоп қойып, зерттеулерін бастаған. Мамандардың бұл еңбегі өз нәтижесін беріп, адамзат тарихында алғаш рет қара құрдымның фотосы түсірілді. Оны түсіру мен зерттеу, сондай-ақ жариялау үшін 2 жылдай уақыт кеткен. «М87 галактикасындағы қара құрдымның осыншама үлкен екеніне сене алар емеспін. Ал фотоны көргенде бұған еріксіз сенесің. Оның отты сақинасынан-ақ қаншалықты гравитациялық күшке ие екенін аңғаруға болады», — дейді Неймеген университетінің…

Read More

Гибралтар елінің билігі гелий толтырылған шарларды әуеге ұшыруға ресми түрде тыйым салды. Осылайша мұхит суының ластанбауына назар аудармақ. Пиреней түбегінің оңтүстігінде орналасқан елдің мұндай қадамға баруы жай кездейсоқтық емес. Себебі әуеге ұшқан шар түбі мұхит, не теңізге қоқыс болып түседі. Өйткені елдің жер көлемі шағын ғана, айналасын мұхит пен теңіздер қоршаған. Әуе шарлары қоқысынан көбіне балықтар, тасбақалар мен құстар зардап шегеді. Олар түрлі-түсті шарды тамақ ретінде тұтынып, ажал құшады екен. Шар резіңкесі асқорыту жүйесін жауып, тіршілік иесі аштықтан өледі. Гибралтарда әуе шарларын ұшыруға тыйым салу ұзақ уақыттан бері айтылып келді. Белсенділер бұл ұсынысты билікке ұсынған. Себебі елде жыл сайын Ұлттық…

Read More

Пірімқұлова Ұлжан Мұратқызы 1996 жылы 4 наурызда Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылында дүниеге келген. Абай атындағы орта мектептте 1-11 сынып оқып, 2013 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетке түскен. Жоғарғы оқу орнында 4 жыл білім алып, қызыл дипломмен тәмамдаған. 2017 жылы қыркүйекте Мойынқұм ауылындағы № 8 кәсіптік колледжіне биология пәнінің мұғалім болып еңбек өтілін бастаған. Бір жылдан соң, 2018 жылы қыркүйекте «Экологиялық орталық» КММ-ға әдістемелік бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалған. Бес жылдық еңбек өтілінде аудандық, облыстық және республикалық ғылыми, спорттық сайыстарға және семинарларға қатысқан. Сондай-ақ, бірнеше шәкірті облыстық және республикалық сайыстарда жүлделі орындарға ілігіп, алғыс хаттар иеленген. Жамбыл облыстық кәсіподақ басшысының…

Read More