Author: admin

Мәселен, өңірде жыл басынан бері 11 адам тілсіз жаудың құрбаны болған, – деп хабарлайды «Хабар 24». Ал оның жетеуі бала. Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы жағдайлардың дені азаматтардың өздерінің салғырттығынан болуда. Көбі шомылуға тиым салынған, қауіпсіздік шаралары сақталмаған жерде суға түседі. Сондай-ақ демалыс орындарында ішімдік ішудің де соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жатады. Соңғы бірнеше аптада тек Тараздың өзінде екі адам судан ажал құшты. Қазір жағажайларда 77 құтқарушы кезекшілік жасайды. Облыста 3 жағажай болса, оның тек екеуінде ғана шомылуға рұқсат берілген. Келеңсіз жайттарды алдын алу үшін мамандар өзен-көлдерде 300-ден астам рейдтік шара ұйымдастырды. Облыстық тжд басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев былай дейді:  «Қазіргі таңда…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов үкімет басшысына қолға алынған қосалқы шаруашылық жайында баяндады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі бастаған жұмыс тобы үш аптада 376 елді мекенді аралап шықты. Сондай-ақ, 136625 ауланың дерекқоры жиналды. Бұл сапар – шалғайдағы жұртқа тиімді жобаның шарапатын сездіру үшін жасалды. Бүгінде облыста 68 мың бизнес субъектісі тіркелген. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында барлық кәсіпкерлік субъектісіне сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде құны 70, 9 миллиард теңгені құрайтын 126 жоба қолдау тапқан. Ал, жалпы құны 497,7 миллион теңгені құрайтын 9 кәсіпорынның жобасы екінші деңгейлі банктермен мақұлданса, 20,1 миллиард теңгеге бағаланған 9 жоба әлі де қаралу үстінде. Егер ұсынылған жобалар толықтай жүзеге асатын болса,…

Read More

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева жаза ретінде ақшалай айыппұл алды, – деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz. Сот Эльмира Суханбердиеваны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 2500 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. 10 шілдеде № 2 Есіл аудандық сотының судьясы Нұр-Сұлтан Бақытжан Есенов іс бойынша шешімді жариялады. Эльмира Суханбердиева (артта) және оның адвокаты Айгүл Әмренова. © Tengrinews.kz Вице-министр Суханбердиеваға қандай айып тағылған? Сот тергеуі жүріп жатқанда Эльмира Суханбердиева қамауда болды. Сотқа тергеу изоляторынан оны айдауыл жеткізді. Шеверняева қамауға алынбады. Айта кетейік, бұған дейін сотта Эльмира Суханбердиева мен Елена Шеверняева кінәсін толық мойындаған. Бұрын олар прокурормен іс жүргізу…

Read More

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс тұрғындарынан кешірім сұрады. Бұл туралы ведомство басшысы баспасөз конференциясында мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Жауапкершілік пен кінәні шатастырудың қажеті жоқ. Кінәні сот анықтайды. Ашығые айтайын, өзім кездескен Арыс тұрғындарынан кешірім сұрадым. Мен біразымен кездестім, олардың арасында зардап шеккендер де бар, эвакуацияланғандар да бар. Зардап шеккендермен кездесу барысында тағы да кешірім сұрауға дайынмын. Бірақ меніңше, әскерилердің басты мақсаты – сөз сөйлеу мен популизмді дамыту емес, іспен көрсетіп, болған жағдайды қалпына келтіру деп білемін», – деді Нұрлан Ермекбаев. Ведомство басшысы, қазіргі уақытта Қарулы күштер сапында жүргендердің арасында осының барлығына жауап беретін қорғаныс министрі секілді қатты уайымдап жүрген жан жоқ…

Read More

Сауд Арабиясында мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның әпкесі Хасса бинт Салман сантехникке зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отыр, – деп хабарлайды РИА Новости. Бұл оқиға 2016 жылы Францияда болған. Тергеу мәліметінше, ханшайымның оққағары бірнеше сағат бойы сантехникті ұрып-соғып, тізерлеп отырғызып, ханшайымның аяғын сүюге мәжбүрлеген. Ханшайым Хасса бинт Салманның айтуынша, ер адам оны және Париждегі пәтерін рұқсатсыз ұялы телефонына түсірген. Ал мемлекеттік айыптаушылар ханшайымның қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады. Сол себепті прокурор оны жарты жылға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде айыппұл салуды талап етіп отыр. Ал ханшайымның оққағарын шартты түрде сегіз айға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде…

Read More

Жамбыл облысының Шу ауданында Қордай аудандық полиция бөлімі полиция қызметі майорының өртеніп кеткен денесі табылды. Майордың жүрек тұсына пышақ салынған. Бұл қылмыс туралы ақпаратты Экспресс-К газеті анықтады. Басылым мәліметі бойынша, бейтаныс әйел телефонмен Жайсан ауылының (Шу қаласынан 15 шақырым жерде) маңында адам денесін көргенін айтқан. Артынша көрсетілген жерге жедел топ қызметкерлері келіп, әріптесінің өртеніп кеткен денесін көрген. Бұл Қордай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастырушылық-сараптамалық жұмыс тобының инспекторы, полиция қызметінің майоры 30 жастағы Бағдат Мәмілеев болып шықты. Ол екі баланың әкесі болатын. Дененің қасында оның құжаттары болған: жеке куәлік және қызметтік куәлік ұялы телефонмен бірге пакеттің ішінде жатқан, онда азғантай ақша, джинс, екі жейде және басқа да киімдер…

Read More

Ішкі істер органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. Мәселен, өткен аптада республика өңірлерінде әр түрлі қызмет атқарған полиция қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімі шықты. «Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының үкімімен жол-патрульдік полиция полкі рота командирі полиция майоры М. Каскин жалпы қамқорлығы мен жүк автокөліктерінің кедергісіз жүріп өтуі үшін жеке тұлғадан пара алған. Қостанай қаласының № 2 сотының үкімімен билікті асыра пайдалану және бағынышты қызметкерлерден жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактілері бойынша 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы сотпен жеңгетайлықпен айналысқан адамдардың қылмыстық әрекетіне қамқорлық көрсету арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін…

Read More

Таразда ұялы телефондардың  IMEI-кодтарын өзгерткен екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұялы телефондардың сәйкестендіру кодтарын яғни  IMEI-код заңсыз өзгертті деген күдікпен екі адамнан тұратын қылмыстық топты анықтады. Атап айтқанда, Тараздың 37 және 25 жастағы екі тұрғыны ұрланған смартфондардың IMEI-кодтарын өзгерту дерегі бойынша күдікті деп танылуда. Санкцияланған тінту жүргізу барысында күдіктілердің пәтерінен дербес компьютер, ipad және 60 дана ұялы телефон табылып, тәркіленді. Олардың барлығы ұрланған телефондардың базасы бойынша тексерілуде. Сонымен қатар, аталған азаматтарға ұялы құрылғыларды жеткізіп, сатып алған, кейіннен нарыққа өткізген деген күдікпен 33 жастағы облыс…

Read More

Үндістанның Ассам штатында бірнеше күн жауған жауын тасқынға ұласты, – деп хабарлайды «Хабар 24». Табиғат апатынан 13 мыңнан аса тұрғын зардап шекті. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ең қауіпті деп саналған Джорхат штатында әлі де 6 мыңға жуық адам бар. Баспаналарын тастауға мәжбүр болған тұрғындар уақытша лагерьге орнатылды. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Брахмапутра өзенінің суы қауіпті деңгейге дейін жетіп отыр. Құтқарушылардың эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Әзірге тасқыннан адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.

Read More

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл шоғын қойды. Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында жазды. «Денис Тен. Мәңгі есімізде», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев. https://www.instagram.com/p/BzporIBB8ev/?utm_source=ig_embed Айта кетейік, Алматыда қайтыс болған мәнерлеп сырғанаушы, Сочиде өткен Олимпиада-2014 ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге ескеркіш 22 маусымда қойылған еді. Ескерткіш спортшы қайтыс болған Бәйсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысында орнатылған. Денис Тен Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 2018 жылы 19 шілдеде автоұрылармен қақтығыс салдарынан қайтыс болған. Олар спортшының сан артериясына пышақ ұрған. Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар сот алдында жауап берген еді. 2019 жылы 17 қаңтарда оларға үкім шықты – Тенді өлтірген жігіттер…

Read More

Мексиканың Чихуахуа провинциясындағы Куатемок қаласының мэрі қалалық мекеме қызметкерлерінің азаматтарға қалай қызмет көрсететінін өз көзімен тексеріп көргісі келген. Бұл үшін қала басшысы Карлос Тена бетіне грим жасатып, мүгедекке айналған, осылайша ол мүгедек арбаға таңылып, көмек сұрауға көшеге шығады. Бұл оқиғаны жергілікті Milenio телеарнасы көрсетті, – деп хабарлайды «Российская Газета». Эксперимент нәтижесін қала басшысы бұлай болады деп ойламаған, барлық жерде ол еленбей, оған қоса кемсітушілікке ұшыраған. Кейін Тена баспасөзге бұл эксперименттің екі ай бойы жоспарланғанын, ал оған азаматтардан үнемі түсіп жатқан шағымдары мен қоластындағы шенеуніктердің баяндамалары үйлеспегені себеп болғанын хабарлады. «Кімге сенерімді білмедім, адамдарға немесе жұмыс бойынша әріптестеріме, сондықтан осындай шешім қабылданды»,-деп атап өтті…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажеті дұрыс бастама екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Құрметт отандастар, құрметті қауым! Ең алдымен баршаңызды үлкен бірегей мерекемен, Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мейрамды ұлттық руханиятты ел, зор құрмет, баршамызға ортақ құндылықты ұлықтау деп түсінуіміз керек. Тарихта халқымыздың өз салтымен дәстүрінен алшақтап, ажырап қалған сәттері болғаны жасырын емес. Алайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген бастамасының арқасында бүгінде халқымыздың дәстүрлі өнерге деген шынайы ықыласы артып келеді. Ұлттық домбыра күні – соның айғағы. Бүкіл халқымыз осы шуақты мерекені айрықша қуанышпен тойлайды. Себебі қазақ пен домбыра егіз ұғым. Ақын Қадір ағамыз қасиетті домбырамызды нағыз…

Read More

Ауғанстанның Газни қаласында лаңкес жүк көлігін жарып жіберді, – деп хабарлайды РИА Новости «Пажвак» агенттігіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта 179 адамның жарақат алғаны және 12 адам қаза тапқаны туралы айтылады. Жарылысты «Талибан» қозғалысы өз мойнына алды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шеккендердің көбісі қарапайым тұрғындар. Оларды ауруханаға жеткізген. Зардап шеккендердің арасында 36 бала бар екені айтылады. Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидың баспасөз қызметінің жетекшісі Садик Садикки талибтердің шабуылын айыптап, мұны теракт деп атады. «Газни қаласындағы жеке мектептің жанында талибтердің террорлық шабуылы бейбіт тұрғындардың өліміне әкеліп соқты, ал бұл адамзатқа қарсы қылмыс болып табылады», – деп жазды баспасөз қызметінің жетекшісі Twitter желісіндегі парақшасында.

Read More

Бір қарағанда, алдымызда жай ғана картина тұрған сияқты, әдеттегідей үйлер, жолдар көрінеді… Бірақ дұрыстап қарасаң, көп ғимараттар зақымданғанын байқайсың. 4 маусымда оқ-дәрілері бар қойма жарылған Арыстың қазіргі көрінісі осындай. Қорғаныс министрлігінің борты Арыс үстімен ұшып өтті. Tengrinews.kz порталының фототілшісі Тұрар Қазанғапов биіктіктен бірнеше эксклюзив кадр жасай алды. Жарылыстар таңертең ерте болды. Снаряд қалдықтары жақын маңдағы үйлерге түсті. Жарылыс толқыны көп тұрғын үйлердің терезелерін шағып, есіктері мен шатырын толығымен қиратып тастады. Арыстың орталығында да қираған ғимараттар көп. Суретте – базар мен сауда кешендері орналасқан қаланың бір бөлігі. Соңғы мәліметтер бойынша, Арыс қаласында 7 709 тұрғын үйді қалпына келтіру қажет. Қаланы толық қалпына…

Read More

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбеков Арыс қаласындағы Жамбыл облысының штабына арнайы келді, – деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Штабтың белсенді жұмыс барысын оң бағалап, жоспарлы шаралармен танысты. Үкімет басшысының орынбасары қаланы қалпына келтіру жұмыстары уақытылы әрі сапалы орындалуы керектігін пысықтады. Айта кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша Жамбыл облысының штабы жемісті жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде бұған дейін 6 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып үлгерді. Өз үйлерінің қалпына келтіру шаралары дер кезінде аяқталғанына риза болған арыстықтар құрылысшыларға алғыстарын жеткізуде. Сондай-ақ, қазіргі таңда жамбылдық 250 құрылысшы 71 жеке тұрғын үйдің демонтаж жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін xабарлағанымыздай өңірімізге тиесілі…

Read More

Әзербайжанда әскери бөлімде жарылыс болды, екі әскери қызметкер қаза тауып, біреуі қатты жарақат алды, – деп хабарлайды РИА Новости. «6 шілдеде таңертең әскери бөлімдердің бірінде жазатайым оқиға болды. Әскери қызметкер танк снарядының зарядын қолынан түсіріп алды, содан кейін жарылыс болды. Салдарынан, екі әскери қызметкер қаза тапты: Агаларов Амиддин Шахмалы оғлу және Салахов Самир Чингиз оғлу. Мамедов Нұрлан Рагим оғлу ауыр жарақат алды», – деп хабарлады Әзербайжан қорғаныс министрлігі өкілдері. ТЖ дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Еске салсақ, 24 маусымда Түркістан облысында Арыс қаласында әскери бөлім аумағында оқ-дәрілер жарыла бастады. Қалада 45 мың адам тұрады, олардың барлығы үйлерін тастап, жақын маңдағы қалаға қашты. Қайғылы оқиғадан бір…

Read More

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы заңсыз митингілерге қатысушы кейбір адамдардан түтіндету құтысы мен қару табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «6 шілдеде, мереке күні, Нұрсұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұшырады. Олардың кейбіреулері басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, Құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады», – делінген ведомство таратқан хабарламада. Астана. 6 шілде. Астана. 6 шілде. Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдағаны айтылады. Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімшелеріне жеткізілген. Жеке тұлғалардан түтін шашкалары…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханды қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда сайты. Кездесу барысында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмыссыздықты жою, жемқорлықты ауыздықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан жасалып жатқан қадамдарды халыққа жеткізу, түсіндіру мәселелеріне мән беру керектігін айтты. Депутат Бекболат Тілеухан рухани саланы дамытуға, оның ішінде «Абай жылын» атап өтуге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Read More

Аляска штатының бірқатар аудандарында бұрын-соңды болмаған рекордтық жоғары температура тіркелді, – деп хабарлайды РИА Новости. АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметінше, 4 шілдеде Аляскадағы ірі қала Анкоридждағы температура 32,2 градусқа дейін көтерілген. Оның алдындағы ең жоғарғы көрсеткіш 1969 жылдың маусымында тіркелген, ол кезде ауа температурасы 29,4 градусқа жеткен. Сондай-ақ, Кенай елді мекендерінде күн 31,6 градусқа дейін ысыған, мұның алдындағы рекорд 1903 және 1953 жылдары маусымда болған 30,5 градусқа тиесілі, сондай-ақ, Кинг-Салмонда – 31,6 градус (1953 жылғы маусымда 31,1 градус) рекордтық температура тіркелген. Синоптиктердің болжамынша, Алясканың оңтүстік аудандарында демалыс күндері ыстық сақталады.

Read More

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың аудандарға сапары Мойынқұм ауданында жалғасын тапты, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатын көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көрген аймақ басшысы ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Ең алдымен Бірлік ауылдық округінде болған өңір басшысы ондағы тұрғындардың үй іргесінде орналасқан қосалқы шаруашылықтарымен танысып, ауылдағы ағайынның талап-тілегіне құлақ түрді. Ал, облыс орталығынан құмды өлкеге арнайы барған жұмыс тобы өздеріне бөлінген барлық ауылдық округтерге барып, «Қарапайым заттар экономикасы» жобасының елді мекендерде жүзеге асырылуын көріп қайтты. Түстен кейін аудандық мәдениет үйінде өткен қорытынды жиында әр ауылдық оркугке бөлінген жұмыс…

Read More

Жеті адам Багам аралында тікұшақ апатынан қаза тапты, – деп хабарлайды BNO News басылымы америкалық билікке сілтеме жасап. Жетеудің ішінде көмір магнаты әрі миллиардер Крис Клайн болғаны айтылады. Олардың мәліметтеріне сәйкес, оқиға бейсенбі күні таңертең болған. Тікұшақ Багам аралдарының ең Солтүстік аралына жақын Атлант мұхитына құлап кеткен. Бұл ұшудан кейін көп ұзамай болған. Бортта барлығы жеті адам болған, ешкім аман қалған жоқ. Достары өлгендердің бірін Клайн деп тапты. Клайн өзінің 62-ші туған күні қарсаңында қаза тапты. Қалғандарының аты-жөні анықталған жоқ. Forbes журналындағы мәліметке сәйкес, Клайнның қайтыс болған кездегі жағдайы – шамамен 1,8 миллиард доллар, ол 2000 жылдардың басында байыған.

Read More

Арыс қаласын қалпына келтіруге 34,5 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов ҚР Парламент Сенатында айтты, – деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі. Алдын-ала есептеулер бойынша, биыл 1 шілдеде Арыс қаласын қалпына келтіру үшін 34,5 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет, оның ішінде Арыс қаласының әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы беру үшін 4,5 миллиард теңге қарастырылған. Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы мақсаттарда ҚР Үкіметінің қорынан 2 миллиард теңге, Түркістан облысының бюджетінен 1 миллиард теңге, гуманитарлық көмек ретінде 1,5 миллиард теңге бөлінген. «7 709 тұрғын үйді қалпына келтіру қажет, оның ішінде 49 үй бүтіндей қирап қалған. Тұрғын үйлерді қалпына…

Read More

Беларусь астанасы Минскіде ел тәуелсіздігі күніне орай үйымдастырылған мерекелік отшашу кезінде бір әйелдің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды БЕЛТА Тергеу комитетіне сілтеме жасап. «Отшашуды Свислочь өзенінің жағалауында тамашалап тұрғанында жарақат алған 1955 жылғы әйелге дер кезінде көмек көрсетілгенімен оны аман алып қалу мүмкін болмады», – деп мәлімдеді Тергеу комитеті. Қорғаныс министрлігінің дерегі бойынша, отшашу кезінде төрт адам зардап шеккен. Ведомство мәліметінше, «отшашу кезінде қолданылған зарядтар бұдан бұрын да пайдаланылған». Қорғаныс министрлігі мен Тергеу комитетінен құралған комиссия Минскіде отшашу болған кезде азаматтардың жарақат алу себебін анықтап жатыр. https://twitter.com/mc_maxim/status/1146513867956244480

Read More

Ко Дню медицинского работника профессиональная деятельность врача-хирурга ГУ «Госпиталь и поликлиника Департамента полиции Жамбылской области» Букимбая Утешова была отмечена наградой Министерства здравоохранения РК – нагрудным знаком «Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» Во время многолетней работы в госпитале, начавшейся с 2005 года, через умелые руки хирурга Б. Утешова прошло огромное количество пациентов, среди которых сотрудники органов внутренних дел, департамента по борьбе с экономической и коррупционной преступностью, прокуратуры, уголовно-исполнительной системы. Высокую оценку работе коллеги дала начальник госпиталя ДП Жамбылской области Айгуль Масельбекова, отметив его ответственное отношение и преданность делу, высокий профессионализм, заботу и внимательность к пациентам. На торжественной церемонии вручения нагрудного знака «Денсаулық…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Ақордаға баспасөз қызметі. Президент мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту және жекеше секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында мына қаулыға қол қойды: 1. 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар: 1) қызметін әлеуметтік салада және (немесе) елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 2) жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (біріктіру немесе қайта құру) жолымен оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғалар; 3) жарғылық капиталында дауыс беретін акцияларының елу және одан да аз проценті (қатысу үлесі) квазимемлекеттік сектор…

Read More

Андрей Аршавин ажырасты, – деп хабарлайды РИА Новости. Санкт-Петербург аудандық соты қазақстандық «Қайрат» футбол клубының экс-футболшысы Андрей Аршавин мен жары Алиса Казьминаның (Аршавина) некесін бұзды. Мұндай мәліметтерді адвокат Виктория Савицкая мәлімдеді. «Олар ажырасты. Шешім заңды және негізделген», – деді Аршавиннің адвокаты Савицкая. Оның айтуынша, сот баланы анасымен қалдыруға шешім шығарған. Адвокаттың мәліметтері бойынша, Андрей Аршавин ажырасу шарттары бойынша 300 мың рубльге жуық алиментке беріп отырады. Үш баласы бар Аршавин 2016 жылы қыркүйекте журналист Алиса Казьминға үйлерген еді. 2017 жылы ақпанда олардың қызы дүниеге келді. Айта кетейік, Аршавин спорттық мансабын аяқтағанға дейін ол «Қайрат» сапында өнер көрсетті. Ол алматылық клубта 2016 жылдың наурыз…

Read More

Өңірде бекітілген алгоритмге сай атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында, облыс әкімі Асқар Мырзахметов Байзақ ауданында жұмыс сапарымен болды. Өңір басшысы алдымен Қызыл жұлдыз ауылдық округінің тұрғындармен бетпе-бет жүздесті. Бұдан кейін округтегі ауылдық клубта шаруа қожалық басшылары, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы ауылдықтардың әлеуетін арттырудың басты бағыттарына тоқталды. Еркін форматтағы кездесуде Асқар Исабекұлы тұрғындарға тиімді табыс көзіне бейімделудің негізгі тетіктері мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы, қосалқы шаруашылықтар жөнінде қарапайым тілде түсіндіріп өтті. Жұмыс сапарын қорытындылап, аудан активімен жиын өткізілді. Жиында ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, арнайы келген жұмыс тобы мүшелерінің елдімекендердегі зерделеу шараларының қорытындысы баяндалды. Кездесу…

Read More

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты мәселелерін шешуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Тengrinews.kzтілшісі. «Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс», – деп жазды Тоқаев. https://twitter.com/TokayevKZ/status/1146284343893078018?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1146284343893078018&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fkazakhstan_news%2Ftokaev-kostanaydagyi-kazaktld-mekteptn-maselesn-sheshud-299241%2F

Read More

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді. Ол процессуалдық келісімге келіп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Вице-министр бойынша, қорғаушы-адвокат жүгінгенін ескере отырып, ол процессуалдық келісімге келу жолымен іс жүргізуге дайын. Іс жедел түрде сотқа жіберілді», – деді Шпекбаев білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңсенің ашылуында. Соттың шешімімен Суханбердиева 6 тамызға дейін қамауда болады. Оған пара алды және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. «Тестілеу орталығың директоры бойынша іс әлі тергеуде. Жақын арада аяқтаймыз деп ойлаймын. Бізде көпэпизодты, созылмалы істер болды. Бірақ қазіргі…

Read More

АҚШ Мексикамен арадағы шекарада мигранттардың мәселелерін шешуге 4,6 миллиард доллар бөледі, – деп хабарлайды «Хабар 24». АҚШ Президенті Дональд Трамп сәйкес заң жобасына қол қойды. Аталған қаржының басым бөлігі, Құрама штаттарға жалғыз өзі келген балаларды күтуге жұмсалады. Сонымен қатар, заңсыз мигранттарды азық-түлік, баспанамен қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсетуге де қомақты қаржы бөлінген. Айта кетейік, бұған дейін Техастағы мигранттарды күту орталықтарындағы жағдай көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Онда жүздеген бала бірнеше апта бойы жеткіліксіз ауыз су мен тамақсыз өмір сүріп келген. Осыған байланысты АҚШ Кеден қызметінің басшысы Джон Сандерс отставкаға кеткен болатын.

Read More

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда сайты. Қазақстан Президентіне Парламенттің жоғарғы палатасының қазіргі жұмыстары және сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, соның ішінде азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты жоспарлары туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы, есірткі таратқаны, әсіресе интернет арқылы таратқаны үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол астындағы қызметкерлердің жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығы үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін заңнамалық нормаға енгізудің маңызды екенін атап өтті.

Read More

Жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер Арыс қаласын қалпына келтіру, әлеуметтік шараларды атқару бойынша қызу жұмыстар жүргізуде. Бұған дейін айтылғандай қала аумағы 17 секторға бөлінген десек, 3-секторға қарасты 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары Жамбыл облысына жүктелген болатын. Бұдан бөлек бұл бөліністе тағы 14 әлеуметтік және коммерциялық нысандар анықталған. Бүгінде облысқа тиесілі аумақтағы 11 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйдің барлығы толығымен зерделеніп аяқталды. Нәтиежесінде қираған 3 үйдің екеуіне толық, біреуіне жартылай қалпына келтіру шаралары атқарылатын болды. Бұған жұмсалатын шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жиналған қаражаттан қарастырылмақ. Айта кетейік, қазіргі таңда жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 150 құрылысшысы Арыстағы 35 жеке…

Read More

Бәзбіреу Шешенстанның полиция бекетіне шабуыл жасаған. Ол гранатаны бекеттің бастырмасына лақтырып, кейін оны қуған полицейді пышақпен жарақаттаған, – деп хабарлайды РИА Новости. Оқиға Ачхой-Мартанов бақылау-бөгеуіл бекетінде болған. Бекет Бамут ауданына жақын маңда орналасқан. Шешенстанның қарулы күштері қызметкерлері оның көзін жойған. Полиция қызметкері алған жарақатынан емханаға бара жатқан жолда қаза тапқан. Полиция бекетіне жасалған шабуылды ДАИШ террористік ұйымы өз мойнына алды (Қазақстанда тыйым салынған). Бұл туралы SITE Intelligence Group мәлімдеді. Бұл портал лаңкестердің ғаламтордағы әрекеттерін бақылап отырады. Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров қаза тапқан полицейдің туыстарына көңіл айтты. «Мен ерлікпен қаза тапқан полицейдің жанұясына, туыстарына және оның жақындарына көңіл айтамын», – деді Қадыров Telegram-арнасында. Ол лаңкестердің аяусыз, дөрекі…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Үкіметпен, Мәжіліспен, мәслихаттармен өзара іс-қимылдарды күшейту, бастауыш партия ұйымдарын нығайту қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды уәделердің орындалуы үшін партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге назар аударды. «Партияның міндеті – сайлауалды уәделердің орындалуы үшін қоғамдық бақылауды күшейту. Халықтың барлық аманатының орындалуын қатаң бақылауға алып, олардың нақты орындалуын қамтамасыз ету керек. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін халыққа уақтылы әрі тиімді жеткізу маңызды», – деді Қазақстан Президенті. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінде және жас мамандардан президенттің кадрлық резервін жасақтауда партияның жұмысын жандандыру…

Read More

Жамбыл облысында 2018 жылы бойынша 6041 орындық 66 мектепке дейінгі ұйым ашылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырованың қатысуымен өткен брифингте айтылды. Облыста 535 мектепке дейінгі білім мекемелерінде 55 207 бала, 171 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 14 984 бала тәрбиеленуде. Сондай-ақ, биыл 2899 орындық 27 мектепке дейінгі ұйым ашу көзделуде.Оның ішінде 390 орындық 5 жекеменшік балабақша ашылды. Бұған қоса, 2018-2019 оқу жылында облыстағы 446 жалпы білім беретін мектептерді 222 801 оқушы бітірді. Ал бітіруші 8813 түлектің 75-і ЖОО грант иегері атанған. Ағымдағы жылдың 11 маусым күні «Достық үйінде» облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбековтың…

Read More

Еуропада аптаптан 8 адам қайтыс болды. Олардың төртеуі Франция тұрғыны болса, қалғандары Испания мен Италия азаматтары, – деп хабарлайды «Хабар 24». Францияда күннің ысуына байланысты 4 мың мектеп уақытша жұмысын тоқтатты. Елдің бірнеше аудандарында қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды. Мамандардың айтуынша, елде аптап ыстық рекордтық деңгейге жетті. Осыған орай жергілікті билік аймақта төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын қолға алды.

Read More

Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов брифинг өткізді. Онда жарылыстан зардап шеккендерге облыс тарапынан ұйымдастырылып жатқан көмек туралы баяндалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік апат орын алған күні 24-26 маусым күндері Жамбыл облысының Жамбыл, Луговое және Шу станцияларында 11 жолаушы пойызы тоқтаған болатын. Ондағы жолаушыларға облыс тарапынан тиісті жағдай жасалды. Теміржол станцияларында тәулік бойы медицина қызметкерлерінен 4 бригада кезекшілік ұйымдастырылып, медициналық қызмет көрсетті. Вокзал маңындағы мектептер мен қонақ үйлерден төсек орындар әзірленіп, тамақтану пункттері ашылды. Сондай-ақ, 25 маусымда Тараз қаласына Арыс қаласының («Һибатулла Тарази» мешітіне) 134 тұрғыны жеткізіліп, орталық мешітке жайғастырылған. Оларға жергілікті…

Read More

«Теңізшевройл» компаниясы бүгін 29 маусымда болған оқиғаға байланысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Теңіздегі жағдайға қатысты мынаны хабарлаймыз: 29 маусымда үшінші буын зауытының құрылыс алаңында жұмысшылар мен жеке тұлға арасында жанжал болды, нәтижесінде CCEP мердігерлік ұйымының бірнеше қызметкері жарақат алды. Оқиға болған жерде полиция қызметкерлері бар, аумақ қоршалды. ТШО жағдайды тұрақтандыру және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейді», – деп хабарлады «Теңізшевройл» өкілдері. Оқиға 29 маусымда сағат 11:00-де «Теңіз» вахталық ауылында болды, «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың жақында жариялаған суретіне қатысты наразылықтарын білдірді, оның…

Read More

Жұмысшылар қатысқан Теңіздегі жанжал басылды. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігінде хабарлады. «Атырау облысының полиция департаменті Теңіз вахталық ауылында бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері оқиғаға қатысушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Қазіргі уақытта қақтығыс аяқталды. Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырды», – делінген ІІМ хабарламасында. Еске салсақ, оқиға 29 маусымда сағат 11:00-де «Теңіз» вахталық ауылында болды, «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың жақында жариялаған суретіне қатысты наразылықтарын білдірген.

Read More

Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов брифинг өткізді. Онда орын алған жарылыстан зардап шеккендерге облыс тарапынан ұйымдастырылып жатқан көмек туралы баяндалды. Айта кетейік апат орын алған күні 24-26 маусым күндері Жамбыл облысының Жамбыл, Луговое және Шу станцияларында 11 жолаушы пойызы тоқтаған болатын. Ондағы жолаушыларға облыс тарапынан тиісті жағдай жасалды. Теміржол станцияларында тәулік бойы медицина қызметкерлерінен 4 бригада кезекшілік ұйымдастырылып, медициналық қызмет көрсетті. Вокзал маңындағы мектептер мен қонақ үйлерден төсек орындар әзірленіп, тамақтану пункттері ашылды. Сондай-ақ, 25 маусымда Тараз қаласына Арыс қаласының («Һибатулла Тарази» мешітіне) 134 тұрғыны жеткізіліп, орталық мешітке жайғастырылған. Оларға жергілікті билік…

Read More

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап. «Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалсын», – делінген хабарламада. Ал Бауыржан Байбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды. Бүгін Сағынтаев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған еді. Ол әкімшілік басшысы қызметін 2019 жылдың 24 наурызынан бастап атқарды. Президент Әкімшілігінің басшысы болып Қырымбек Көшербаев тағайындалды. Бұрын Сағынтаев мемлекеттік хатшы және премьер-министр қызметін атқарған еді. Одан бөлек, Бақытжан Сағынтаев өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі, Павлодар облысының әкімі болып қызмет істеген.

Read More

Арыс қаласында төтенше жағдайлар орын алған күннің ертесіне-ақ өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың тапсырмасымен Жамбыл облысынан бір топ азаматтар оқиға орын алған аумаққа келіп жеткен болатын. Ақ жол ауылындағы штабта қызу жұмыс басталып, облысқа тиесілі 3- сектор бойынша түгендеу шаралары бірден қолға алынған. Жалпы, 3-секторда 327 жеке тұрғын үй, 13 коммерциялық бағыттағы нысан бар. Бүгінде қаладағы шипажай аумағында Жамбыл облысының штабы орналасқан. Онда керекті құрал-саймандар, палаткалар қамтылған. 200 адам құрылысқа сақадай-сай. Одан бөлек бүгін таңғы сағат 8:00-ден бастап қалаға оралып жатқан арыстықтарды қабылдауға 100 адам бөлінді. Олар өзімізге қарасты 9 көше бойынша арнайы топтарға топтасып, тұрғындарды қабылдап, жайғастырумен, үйлеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз…

Read More

Оралда кәріз коллекторында болған апат салдарынан 120 мың тұрғын сусыз қалып отыр. 26 маусымда Оралда Зашаған мен Деркөл ауылдарының арасындағы автожол маңында төтенше жағдай болған. Нәтижесінде қаланың солтүстік-шығыс бөлігінің тұрғындары сусыз қалып қойған. «Батыс Су Арнасы» ЖШС басшылығының өкілдері қазіргі уақытта жұмыстардың жүргізіліп жатқанын хабарлады. Айтуларынша, кәріз коллекторының апат болған аумағы жөнделеді. «26 маусымда таңғы сағат 9-да Оралдың солтүстік-шығыс және Деркөл ауылында су өшірілді. Уақытша келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз», – деді Орал әкімдігінің өкілдері. «Оралдың 120 мыңға жуық тұрғыны сусыз қалып отыр. Облыс орталығының тоғыз нүктесіне су жеткізіліп жатыр. Апаттың нақты қашан жойылатынын айта алмаймыз. Мамандар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр»,…

Read More

Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыстардан кейін бір тәуліктен астам уақыт өтті. 45 мың қала тұрғыны толығымен эвакуацияланды, көптеген үй қирады, жарылыс қаупі әлі де бар. Қазір қалада тек шұғыл әрекет ету қызметтері бар. Десе де кей адамдар билік өкілдерінің өтінішіне қарамастан, қалаға кіріп кетіп жатыр екен. Қазіргі таңда қаланың бет-бейнесі қандай екені, барша қазақстандықтардың назары қайда ауғаны және жергілікті тұрғындардың қауіп-қатерге қарамастан неге қалаға оралып жатқаны Tengrinews.kz тілшісінің репортажында. Бұл суреттерде әскери бөлім мен қоймалар орналасқан қаланың бөлігіне бөгде адамдарды өткізбеуді қадағалап жүрген әскери қызметкерлер. Жарылыс болған жерлерде әлі де түтін шығып жатыр. Қорғаныс министрлігі өкілдері қоймаларда әлі жарылмаған…

Read More

Арыстықтарға алғашқылардың бірі болып жамбылдықтар қол ұшын созуда, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Арыс қаласында орын алған жарылыстан зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып әулиеаталықтар қол ұшын созуда. “Көрші ақысы – Тәңір ақысы” деген тәмсілге терең бойлаған жамбылдықтар игі іске жұдырықтай жұмылуда. Төтенше жағдайдың зардаптарын жою және жапа шеккендерге көмек көрсету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінде арнайы штаб құрылып, жұмысын бастап кетті. Орын алған оқыс оқиғаға Жамбыл жұртшылығының берген көмектерін бір орталықта жинау мақсатында арнайы пункттер ашылды. Нәтижесінде Жамбыл облысынан 75 тонна азық-түлік, киім-кешек тағы басқа тұрмысқа қажетті заттар тиелген жүк көліктері Арыс қаласына жеткізілді. Бұдан бөлек медициналық…

Read More

Венесуэла президенті Николас Мадуро елде маусым айында үкіметті құлату мақсатында астыртын сөз байласқандардың ұсталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости. «Венесуэла қоғамы мен демократиясына шабуыл жасауға ниеттенген фашистік және террористік банданы әшкере етіп, ұстадық. Олар ұсталды, толық дәлелдерімен қамауға алынды, 14 ай бойы осы қылмыстық фашистік топты аңдыдық», – деп мәлімдеді Мадуро мемлекеттік телеарна эфирінде. Мұның алдында байланыс және ақпарат министрі Хорхе Родригес 24 және 24 маусым күндері оппозицияның АҚШ-тың, Колумбияның және Чилидің қолдауымен билікті құлатып, Мадуроны, әйелі Силия Флоресті, сондай-ақ, Ұлттық құрылтай жиынының басшысы Диосдадо Кабельоны өлтіруге ниеттенгенін айтып берген еді. Родригестің айтуынша, бүлікшілер билік басына генерал Рауль Бадуаэльді келтірмек…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр өмірлік жағдайға қалған отбасылардың кредитін кешіруді тапсырды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды. «Үкімет бір жолғы тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілзатсыз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті келесі талаптарда өтеу жөнінде шаралар қабылдасын: 1) көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар аталған қарыздар бойынша борышкерлер болып табылады; 2) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қарыз бойынша жалпы берешек 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табысы өмір сүру деңгейінің көрсеткішінен аз қазақстандықтарға кредит беруді доғару керектігін айтты. «Тұтынушылық несиелермен қалыптасқан жағдай одан әрі қайталанбауы тиіс. Ұлттық банк реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдауға, қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейтуге міндетті. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға одан әрі жағдайдың нашарлануына және қаржылық жағдайды болдырмау үшін қарыз беруге тыйым салу қажет», – деді Тоқаев. Мемлекет басшысы Ұлттық банк кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беруді реттеудің қосымша шараларын қабылдауы тиіс екенін атап өтті.

Read More

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен “28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні” кәсіби мерекесіне арналған Халық жазушысы Шерхан Муртаза атында журналистер арасындағы спартакиада өтуде.

Read More

Жамбыл ауданында мемлекеттік қызметшілерге арналған қоғамдық дәрістер өтті. Республикалық ақпараттық-насихаттау апталығының аясында Жамбыл ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ақпараттық-насихат тобы мемлекеттік қызметшілерге арналған қоғамдық дәріс жүргізді. Дәріске өңірлердің Тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, Тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, тіл мамандары қатысты. Лекторлар  Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғ.Мелдешов, ҚР Парламенті Сенаты депутаты М.Бахтиярұлы, «Тіл-Қазына» ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Е.Тілешов болды.

Read More

26 маусымда Ауғанстанда АҚШ-тың екі сарбазы қаза тапты. Бұл туралы НАТО миссиясының өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды «Лента.ру». «Талибан» террорлық ұйымы осы шабуылдарды өз мойнына алды. Шабуылға дейін бір күн бұрын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ауғанстан президентімен келіссөздер жүргізуге келген. 29 маусымда Вашингтон мен талибтер арасында келіссөздердің жетінші раундты басталады. Осыған дейінгі келіссөздерде «Талибан» өкілдері басқа да экстремистік ұйымдармен қарым-қатынасты үзуге міндеттелген. 2019 жылдың басынан бері Ауғанстанда кемінде америкалық сарбаз қаза тапты. Жалпы 2015 жылдан бері Ауғанстанда қаза тапқан АҚШ әскерінің саны 65-ке жеткен. Қазіргі уақытта елде шамамен шетелдік 20 мың әскер бар, оның көпшілігі – америкалықтар.

Read More

Мемлекет басшысы Арыс қаласын аралап шықты, – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Қаланы айналып шығу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын аралап көрді. Сурет: akorda.kz Қазақстан Президентіне эвакуация жұмыстарының барысы және жарылыс ошақтарын тоқтатып, өртті сөндіру жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысы Ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқару органдарының қызметкерлеріне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бір күннің ішінде өте ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты және жұмыстардың осы қарқынын бәсеңдетпей, жалғастыра беруді тапсырды. Сурет: akorda.kz

Read More

Арыста ұрлық жасады деген күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы. Арыс қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті дамылсыз күзетіп жүрген Ұлттық ұланның жауынгерлері ұрылардың жолын кесіп, травматикалық тапаншамен жүрген бір азаматты ұстады. Түнгі патрульге шыққан капитан Елдос Берденов және қатардағы Алмат Құлғарашев ішкі істер органының қызметкерімен бірге қалалық әкімдіктің маңында жүрген бір азаматты байқайды. Жүрісі күдік тудырған азаматты тексеру барысында, оның травматикалық тапанша мен төрт оқты қойнына тығып алғаны белгілі болды. Сондай-ақ, «Арыс – Монтайтас» тас жолы бекетін бақылап тұрған аға лейтенант Думан Калкеев және кіші сержант Ғалым Байбатшаев өтіп бара жатқан автокөлікті құжаттарын тексеру үшін…

Read More

Әулиеатадан Арысқа гуманитарлық көмектің алғашқы легі аттанды. Қазіргі уақытта жалпы құны 8 млн теңгеден аса қаржы көлемін құрайтын 40 тонна азық түлік тиеліп, одан бөлек 60 тонна құрылыс материалдары жөнелтіледі. Анықтап айтқанда, 10 тонна ұн, 10 тонна қант, 18 мың дана құс жұмыртқасы, 1,5 тонна тауық еті, 350 келі шұжық өнімдері, 1 тонна сүт өнімдері, 200 келі макарон өнімдері, 1 тонна өсімдік майы, 400 келі печенье, 700 келі қияр және 1000 дана бөлке нан дайындалды. Сонымен қатар, Арыс қаласына медициналық қызмет көрсету мақсатында арнайы 4 бригада жіберілді. 2,2 млн теңге қаражат көлемінде қажетті дәрі-дәрмек бөлінді. Жалпы Жамбыл облысында көмек көрсету…

Read More

Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Абха әуежайына ұшқышсыз басқарылатын аппаратпен шабуыл жасады, – деп хабарлайды «Хабар 24». Атыс-шабыс салдарынан бір адам көз жұмды. Шамамен 20 тұрғын жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында үш әйел мен екі бала бар. Оқиғадан кейін, әуе қозғалысы 1 сағатқа тоқтап қалды. Хуситтердің бұл әрекетін Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Мысыр мен Кувейт билігі қатаң сынға алып отыр. Еске салайық, аймақтағы жауласқан тараптардың ұрысы 2014 жылдан бері жалғасып келеді.

Read More

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы брифингте Арыста радиация жоқ екенін айтты. «Ешқандай радиациялық снарядтар болмады. Ешқандай радиация жоқ», – деді қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев. Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Ал қала әкімдігі тұрғындардың жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған. Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде «Қауырт желісі» жұмыс істейді – тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Read More

Жамбыл облысында ақ халатты абзал жан қылмыскердің жолын кесіп, қолға түсірді. Оқиға кәсіби мерекеге пара-пар яғни,  Тараз қаласындағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алған. Әдеттегідей тиесілі кезекшілігін аяқтап,үйіне бет алған түзеу мекемесінің санитарлық-медициналық бөлім бастығы, әділет капитаны Бегжан Асанов түзеу орнының А.Асқаров көшесі бойынан күдікті көлікті байқайды. Жылдамдығын бәсеңдетіп, көлік айнасынан назар салса, жеңіл автомобилден түскен жігіт қалың көлік нөпірін өткізе мекеменің ішкі күзет аумағына қоршауды асырып барып, дөңгелек пішіндес ораманы лақтырып жіберіп, ізін суытуға асығады. Мұны байқаған дәрігер шапшаң әрекет етіп, еш ойланбастан бұзақыны құрықтауға бел байлайды. Көлігімен жолын қақпайлап, күдікті азаматты бірден тұтқынға алды. Ол 29.03.1988 жылғы Тараз қаласының тұрғыны…

Read More

SpaceX және Tesla басшысы Илон Маск алдағы 30 жылда адамзаттың даму жолына қатысты болжамын бөлісті, – деп хабарлайды Hi-news. Масктың пікірінше, жақын онжылдықтарда адамзатты «популяциялық бомба» жарылысы күтіп тұр, яғни, ғаламшардың қартайып бара жатқан тұрғындарының саны әлемдік туу деңгейінен асып кетеді. Салдарынан БҰҰ-ның соңғы баяндамасында айтылғандай, 2050 жылы Жер тұрғындарының саны өспейді, керісінше айтарлықтай азаяды. «Әлем тұрғындары өз коллапсына қарай екпінмен жылжып келеді, бірақ ешкім оны байқамай отыр», – деп Маск БҰҰ-ның соңғы есебіне пікірін айтты. Оның айтуынша, «демографиялық мәліметтерде жас стратификациясы төңкерілген пирамидаға ұқсап, қартайған буынның өкілдері жас буынның өкілдерінен көбірек болады». Tesla мен SpaceX басшысы норвегиялық ғалым Йорген Рандерстің пікірін мысал етті, ол «2052 жыл: алдағы қырық…

Read More

Синоптиктер 23 маусымға арналған ауа райы болжамын жасады. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейіп, бұршақ жауады, шығыста – кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тек Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде – ауа райы жауын-шашынсыз, – деп хабарлайды Қазгидромет. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл болады, жел түнде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз 15-20 метр, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр болады. Шығыс Қазақстан және күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болады, жел секундына 15-20 метрге күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысында және күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20…

Read More

21 маусымда кешкі уақытта Грузияның опозициялық саяси қозғалысының өкілдері және оның жақтастары Тбилисидегі Руставели даңғылының бойындағы парламент ғимаратының алдында наразылық акциясын жалғастырды, – деп хабарлайды Sputnik Грузия. Оқиға орнында «ұлттық қозғалыс» төрағасы Григорий Вашадзе, «Еуропалық Грузия» көшбасшыларының бірі, Тбилиси экс-мэрі Гиги Угулава және басқа да оппозициялық көшбасшылар бар. Осы жерге құқық қорғау органдары жұмылдырылды. Көптеген адамдар жиналуына байланысты Руставели даңғылы жабылды. Наразылық білдіргендер ІІМ басшысы Георгий Гахарияның отставкаға кетуін, ұсталғандарды босатуды және зорлық-зомбылық деректерін тергеуді, сондай-ақ кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді талап етеді. Наразылық білдірушілер кейбір оппозициялық партиялардың өз мақсатында осы акцияны саяси мақсатта пайдалануға тырысып жатқанына шағымданды. Осыған байланысты митингіге шыққандар…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануына орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, – деп хабарлайды Ақорда сайты. БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары лауазымдағы қызметі Қазақстан халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді. «Сізді Біріккен ұлттар ұйымында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз», – деді Гутерриш. Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық Ұйымның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, достас Қазақстанның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті. «Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына…

Read More

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілікбаршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясының барысында ел азаматтарынан келіп түскен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл елімізде нақты жоспарға негізделген жұмыстар қарқынды түрде жүргізіледі деген сөз. Барша Қазақстандықтардың ортақ мүддесіне бағытталған Президент тұғырнамасындағы жоспарлар халықтың тыныштығын, бейбіт өмірін, берекелі ғұмырын қамтамасыз етпек. Орындалу барысы Президент әкімшілігіне жүктелген маңызды құжат сайлауда ел таңдауымен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси тұлға ретіндегі беделін, Тәуелсіз Қазақстанның болашағына деген батыл болжамын айқындай түседі. Әсіресе азаматтарға кепілді әлеуметтік қолдау көрсетуде біріңғай стандарттар белгілеу мен олардың қаржылық мүдделерін қорғау жөніндегі…

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамп ұшы-қиыры жоқ соғыстан шаршағанын айтты. Бұл туралы ол Ақ үйде Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен кездесу кезінде айтқан, – деп хабарлайды «Лента.ру». Мемлекет басшысы «шексіз соғыстардан» шыққысы келетінін және осы бағытта агитация жүргізгенін атап өтті. Америкалық көшбасшы Сириядан әскерді шығару процесін еске салды және Ауғанстандағы әскердің санын қысқарту керектігін айтты. Алайда, Трамп Иранның америкалық ұшқышсыз аппаратты құлатуын жаңа мәселе туындағанын мәлімдеді. Осыған дейін, АҚШ президенті Тегеран кездейсоқ ұшқышсыз ұшу аппаратын құлатуына байланысты қателесуі мүмкін екенін айтқан, алайда Вашингтон мұны жылы жауып қоя салмайтынын ескертті. Журналистің АҚШ бұл жағдайда қандай әрекетке барады деген сұрағына, Трамп былай деп жауап берді: «Көресіздер». Айта кетейік, 20…

Read More

Жамбыл обылсы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Латын графикасы – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауын ұйымдастырды. Байқау мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан меңгергенін анықтау, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында өткізілді. Байқауға мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған 9 команда қатысты. Олар «Сәлемдесу» кезеңінде команда атауы мен ұранын таныстырып, «Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің емле ережелері» кезеңі бойынша емле ережелері бойынша сұрақтарға жауап берді.…

Read More

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында жолаушыға лық толы автобус апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғадан 43 жолаушы қайтыс болып, 30-дан аса адам жарақат алды. Жергілікті билік апаттың нақты себебін жариялаған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, көлікте тым көп адам отырғандықтан автобус шатқалға құлап түскен. Айта кетейік, Үндістанда жолаушылар тасымалына байланысты жол-көлік оқиғалары жиі болады.

Read More

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою ұсынылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, біз жастардың атынан Алматыдағы Назарбаев даңғылында еліміздің негізін қалап, оны дамытуға баға жетпес үлес қосқаныңыз үшін сіздің ескерткішіңізді орнату туралы ұсынысымды қабылдауыңызды сұраймыз», – деді Жас Отан жастар қанатыың өкілі Мәди Ахметов. «Рақмет! Жастардан осындай ұсыныстың түскені қуантады. Бірақ мен өзім мұндай ескерткіштер орнатуға қарсымын. Алдарыңда отырмын ғой. Ескерткіштің не керегі бар?», – деп күлді Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазір барлығы менің қолымда емес. Мен президент емеспін ғой. Бірақ халық қаласа, менің одан бас тартуға құқығым жоқ. Сіздерге рақмет. Бақытты болыңдар», – деді Елбасы.

Read More

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында үкіметтегі ауыс-түйіс пен жаңа тағайындауларға қатысты пікір білдірді. Министр биліктегі ауыс-түйістерді жаңа Президенттің басқару бағыты екенін айтады. «Барлығы теңдестірілген. Бұл атқарушы биліктің Қасым-Жомарт Кемеұлының ұлықтау рәсімінде атаған он бағыттың шешімін табу мақсатында жасалып отырған басқару бағыты болса керек», – дейді Абаев. Ақпарат және қоғамдық даму министрінің айтуынша, бұл бірінші кезекте саяси декларация. «Ресми түрде мұның барлығы іс-шараға қатысушыларға айтылса да, расында бұл бүкіл халыққа айтылып отыр, бір жағынан әлемдік қауымдастыққа та айтылды. Жаңа Президент атаған әрбір бағыттың пункті, онда берілген әр тапсырма проблемаларды шешуге, қарапайым халықтың сұрақтарына жауап беру мақсатында айтылды.…

Read More

Таразда аттракциондағы жазатайым оқиғаларға жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар аясында облыс орталығында орналасқан аттракциондарға, батуттарға жергілікті полиция қызметі, ТЖ департаментінің Тараз қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құрылған комиссиямен рейд жүргізді. Рейд барысында батут иелерімен аттракциондарда қауіпсіздікті сақтау және қамтамасыз ету туралы әңгіме жүргізілді. ТЖ департаментінің қызметкерлері ата-аналарды балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертті. Сонымен қатар, аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті шараларды қабылдау мәселелері төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде облыстық комиссияның кезектен тыс отырысында қаралған болатын.

Read More

Жамбылдық полицейлер Президенттік көпсайыста  жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Ағымдағы жылдың 13-16 маусымы аралығында Орал қаласында Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионаты өтті. Чемпионатқа 15 облыстың полиция департаменттерінің командалары қатысты. Жарыс төрт жас санатында өтті, Тараз құрамасының сапында Жамбыл облысының Полиция департаментінің қызметкерлері болды, олар жоғарғы дайындықта тәсілдік спорттық шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Нәтижесінде 30 жасқа дейінгі жарыс түрінде полиция аға лейтенанты Мадияр Алимкешов 1- орын жеңімпазы атанды, 40 жасқа дейінгі санат бойынша полиция майоры Данияр Құлсеріков 3-орынға табан тіреді. Ал полиция майоры Денис Гузема ең үздік жүзгіш болып танылды. 

Read More

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев «Арай-2» алқабының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін көтерді. Оның біріншісі мәселесі: Д.Баянов. Ш. Руставели, Майлықожа тұрғындары өз көшелеріне баратын жолдың орнына тұрғын үй салып тастаған. Тұрғын үйлер орналасқан төрт жер телімін мемлекет иелігіне қайтару үшін бюджеттен қаражат қарастырылуы тиіс. Бұл ұсынысты шілде айының бірінші онкүндігінде өткізілетін мәслихат отырсында қарастырылатынын жеткізді. Екінші мәселе: аталған көшелерді электрмен жабдықтау. Бұл бойынша «Тараз электр желісі» мекемесінің учаске басшысы А.Бекбауов мән-жайды түсіндірді. Бүгінде көше тұрғындары электр жарығын басқа көшелерден тартылған электрсымдарынан алып отыр.Күннен- күнге алқаптың тұрғындарының санының өсуіне байланысты тораптың күші жетпеуіне байланысты,басқа тұрғындардың бұрынғы электр торабына…

Read More

Қордай ауданындағы жұмыс сапарын өңір басшысы Сарыбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуден бастады, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, кездесулер облыс әкімнің орынбасарлары, аппарат және басқарма басшыларының қатысуымен барлық ауылдық округтерде өтті. 1. Облысымыздың оңтүстік шығысында орын тепкен Қордай ауданының әлеуеті қандай? 2.Ондағы 19 ауылдық округтің аxуалы нешік? 3.Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін арттырудың жолдары қай деңгейде атқарылуда? 4. Ол бойынша берілген xаттамалық тапсырмалардың орындалуы көңіл көншітеді ме? Бұл сұрақтарға бүгін ауданға арнайы келген облыс әкімі Асқар Мырзаxметов бастаған жұмыс тобы жауап іздеп, атқарылып жатқан жұмыстар барысын барлады.  Аталмыш ауылдық округте бүгінде барлығы 7785 xалық тұрады. Сондай-ақ, 1278 аула бар. Ондағы жер…

Read More

Тараздағы көңіл көтеру орынында оннан астам құқық бұзушылық анықталды, -деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Таразда құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар барысында он көңіл көтеру орынына қатысты тексеру жүргізілді. Рейдтер Жамбыл облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен және Тараз қаласының Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлескен түрде өтті. Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК 441-бабына сәйкес (Қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу), әкімшілік құқық бұзушылықтың 12 дерегі анықталды. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 6 «Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы…

Read More

Жамбылдық полицейлер «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы күндері 7 есірткі қылмысын анықтады, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Ағымдағы жылдың 17-21 маусымы аралығында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен республикалық «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – есірткі, психотроптық немесе улы заттарды пайдалану ережелерін бұзуды анықтау, жолын кесу. Сондай-ақ, оның міндетіне шаруашылық жүргізуші субъектілерін тексеру кіреді. Жамбыл облысында өткізілген іс-шараның алғашқы күндері полиция қызметкерлері 7 қылмыстық және 2 әкімшілік құқық бұзушылық деректерін анықтап, тіркеді. Оның ішінде ҚР ҚК 286-бабы (есірткі құралдары контрабандасы) бойынша – 1 дерек, ҚР ҚК 300-бабы (құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз…

Read More

Жамбыл облысының полиция департаментінде мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге арналған тренинг өтті, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Жамбыл облысының Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастамасымен ПД мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне арналған танымдық тренинг өтті. Тренингті ПД Жедел қимылдайтын арнайы жасағының нұсқаушы-психологы полиция капитаны Зәуре Асаубекова өткізді. Ол қатысушыларға позитивті ойлау және еңбекке қабілеттілік деңгейін анықтауды ұсынды. «Бұл тренинг біздің қызметкерлер арасында алғаш рет өткізілуде», – деді Зауре Асаубекова. Олар әрдайым өз міндеттеріне кәсіби тұрғыда қарайды, бірақ бүгінгі кездесу олардың әрқайсысының жұмыста қаншалықты белсенді екенін, сондай-ақ оның нәтижелілігін, позитивті ойлауды дамыту дағдыларының бар-жоғын анықтауда жаңа пайдалы білім…

Read More