Автор: admin

Жамбыл облысында жыл басынан бері 15,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 3,5 мыңы тұрақты жұмыс орындары. Бұл туралы аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Басқосуда облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ағымдағы жылдың сегіз айында атқарған жұмыстары қаралды. Аталған басқарма басшысы Еркін Келесов баяндама жасап, қалыптасқан көрсеткіштер мен өзекті мәсәлелерге тоқталды. — Негізі халықты жұмыспен қамту мәселелері биылдан бастап Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (ары қарай – Ұлттық жоба) аясында іске асырылуда. Биыл Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49 500 адам тарту жоспарланған болатын.Жыл басынан жоспар 96,9 пайызға орындалып, 47 983 адам белсенді шараларға…

Read More

Ертуған Төрен Серікұлы — 1992 жылы 6 желтоқсанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жетібай ауылында дүниеге келген. 7-сыныптан кейін Тараз қаласындағы облыстық дарынды балалар мектеп-интернатына түскен. Спорт мектебінде жүріп түрлі жарыстарға қатысқан. 03840 әскери бөлімінде қызмет етеді. Үш баланың әкесі. «Алты ағайындымыз, 4 ұл, екі қыз. Мен үйдің үлкенімін. Менен кейінгі інім Төрен Нұрсұлтан да спортшы, Әлем чемпионы, Азия чемпионы болған. Туған нағашым Тамбиев Досан 2006 жылы қаладағы спорт мектебіне алып келді. Қазір Құдайға шүкір, Халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін. 2010 жылы жастар арасында, 2011 жылы ересектер арасында Қазақстан чемпионы болдым. 2010-2016 жылдар аралығында Қазақстанның дзюдо құрамасында 73 келі салмақта өнер көрсеттім.…

Read More

Сембин Ернар Нұржанұлы — 2003 жылғы. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылының тумасы. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы Меркі ауданындағы 11971 әскери бөлімінде борышын өтеп жатыр. Бес ағайынды, отбасында ортаншы ұл. Дзюдомен шұғылданып, гитарада ойнағанды ұнатады. «Әскерге келуге ағам себепкер болды. Мұнда келіп мінезім түзелді, еріншектік түбегейлі жойылды, жауапкершілік дегеннің не екенін түсінгендеймін. Еш қиындығы жоқ, мұнда уақыт тез өтеді, бір жыл бір айдай зу ете қалады. Батыстан келгеніме қарамастан, бұл жақтың жеріне, ауасына, адамдарына тез үйренісіп кеттім. Борышын өтеп жүргендер арасында жерлестерім де баршылық. Бастысы асханадағы тәтелерге «апа» демесең болды. Жалпы, болашақта хирург болғым келеді, мен осында келердің алдында өзім…

Read More

Мен бүгін Сіздерге бұрын соңды менің жазбаларымда аты көп аталмаған бір кісі жайлы сөз қозғамақпын деп жазды ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ақын әрі ұстаз Санжар Ғұлама өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Менің өткен өмірімде ерекше орны бар, келешекте де аты ұмытылмайтын, жаныма жақын бір кісі туралы сыр шертпекпін. Нұрбах Тұрарұлы Рустемов. Түркістан өңірінің құрметті азаматы, абыройлы да ардақты тұлғасы Нұрбах ағамның менің өмірімдегі атқарған үлкен рөлі хақында ағымнан ақтарыла сыр шертем. Ол кісінің басшылық қызметтегі жетістіктерін, атақ, мансабы жайлы, жалпы саясат жайлы сөз қозғамаймын. Жәй ғана Нұрбах ағамның бойындағы адами қасиеттерін тілге тиек етіп, бірсыпыра қайырымдылық істерін баян етпекпін. Менің тума жүрек…

Read More

Аға сержант Исаев Арай Кәдірбайұлы 1991 жылы 20 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген. 85395 әскери бөлімінде мото-атқыштар батальонында взвод сержанты лауазымында қызмет атқарады. 2020-2021 жылдар аралығында БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштер миссиясына қатысқан. Үйленген үш қызы бар. Бокстан спорт шеберіне үміткер. «Өзім бала кезден боксты және көкпарды жақсы көремін. Атам Ұлы Отан соғысының ардагері, әкем де әскери борышын өтеген. Сол себепті де мен бала кезден әскери адам болуды армандадым. Әскери адам болған соң басшылық қайда жіберсе де 100 пайыз дайынмын. Қапшағай қаласында іріктеуден өтіп, 120 адам Ливан мемлекетіне бітімгерлік миссиямен жеті айға аттандық. Онда басты міндетіміз бейбітшілікті сақтау болды. Ол жақта…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Айта кетейік, ҚР Үкіметімен Президент Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Ол жоспарды 5 негізгі бағыт бойынша іске асыру экономиканы сапалы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді деп көзделуде. Басқосуда аймақ басшысы Жолдаудың әр бағытына жеке-жеке тоқталып, өңірде атқарылуы тиіс жұмыстарды нақтылап, жауаптыларға тиісті міндеттер жүктеді. — Мемлекет басшысының Жолдауын нәтижелі жүзеге асыру – басты міндет! Жолдаудағы жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту мен бюджет саясатына қатысты тапсырмаларды…

Read More

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Алматы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында тұрғындар көмірді баяу сатып алып жатқанын айтты. Өскенбаевтың айтуынша, қоймаларда көмір жеткілікті болғанымен, мемлекеттік мекеме отынның былтырғы құнын ұстап тұру шараларын қабылдағанымен, бүгінгі таңда халық тұтынған көлемнің 31 пайызы ғана сатып алынған. Оның айтуынша, аталған облыстардың жергілікті атқарушы органдары шұғыл шаралар қабылдауы қажет. Алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындалу үшін әкімдіктер нысандарды уақытылы дайындау бойынша барлық жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, оның тапшылығын жою, көмір бағасының заңсыз өсуін болдырмау мақсатында көмір жеткізушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасауы қажет. монополияға қарсы департаменттің аумақтық бөлімшелерін тарту арқылы шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер…

Read More

Ерболат Ибрайханов пен Қанатбек Мәдібек Жамбыл облысы әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ибрайханов Ерболат пен Қанатбек Мәдібек Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ерболат Ибрайханов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, цифрлық технологиялар салалары бойынша жетекшілік етеді. Қанатбек Мәдібек ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, табиғи ресурстар, жер қатынастары, ветеринария туризм салаларына жетекшілік етеді.

Read More

Орынбеков Бақытжан Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды. «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Тараз қалалық мәслихатының келісімдері бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлы Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды», — делінген хабарламада. Бақытжан Орынбеков 1971 жылы туған. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» және «тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген. Ол еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы «Заман» фирмасында бөлім бастығы болып бастаған. Әр жылдары «Делдал» жеке кәсіпорны директорының орынбасары, «Жамбыл-Құпарлылық» АҚ-ның механигі, «Шығыс Таңы» Сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС-нің бас директоры, «Тараз көлік жолы» ЖШС-нің президенті, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»…

Read More

Нұр-Сұлтан қаласында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Екі күнге жоспарланған (3-4 қыркүйек күндері) шарада түрлі өнімдер нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен өткерілуде. Жәрмеңке «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаңда ұйымдастырылған. Мұнда барлығы 90 шаруа қожалығы мен кәсіпорын 423,2 млн теңгенің 495,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімін әкелген. Азық-түлік өнімдерінің алуан түрі ұсынылуда десек, олардың қатарында 62 тонна жылқы, сиыр және қой еті, 38,8 тонна сүт өнімдері, алты мың жұмыртқа, 10 тонна кондитерлік, 13 тонна макарон өнімдері, 10 тонна балық, алты тонна бал, 5,5 тонна мақсары майы және 336,1 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 10 тонна қант және тағы басқалар…

Read More