Автор: admin

Таразда Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы және Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойына арналған «Ғұмыр-дария» атты ән мен жыр кеші өтті. «Баласағұн» орталық концерт залында өткен шараға ақынның оқырмандары, қалың жұртшылықпен бірге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов те қатысты. Кеш басталмас бұрын фойеде келушілерге арналып «Алатау» фольклорлық ансамблінің орындауында Мұхтар Шаханов әндерінен радио-фон концерт ұсынылды. Қонақтар алдымен ақын шығармашылығына арналған Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көрмесін тамашалады. Шара барысында алдымен үлкен экраннан Мұхтар Шаханов туралы замандастар пікірлері беріліп, қаламгердің «Танакөз» поэмасы желісімен сахналанған композициясы көпшілікке әдемі әсер сыйлады. Автор көпшілік оқырманмен сұхбаттасып, ой-орамдарымен, парасатты пікірлерімен бөлісті.…

Read More

2022 жылдың 31 тамызында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың тұрған жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қаласының көпірлерінің бірінің астынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған орынды тапты. Қара түсті полиэтилен пакеттен «МР-79-9» травматикалық тапаншасы, маркасы белгісіз 2 тапанша, көзден жас ағызатын 1 граната, 5,45 мм калибрлі 22 патрон, 9 мм калибрлі 27 патрон, 12 калибрлі 5 патрон және «Макаров»маркалы тапаншасының оқжатары тәркіленді. Сот – баллистикалық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке…

Read More

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қатардағы сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты іс бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараздағы бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тараздың мамандандырылған тергеу соты оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция тағайындады. ҚР ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмеуіне байланысты тергеп-тексеру барысы және қылмыстық істің мән-жайлары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмейді.ҚР ІІМ баспасөз қызметі Қылмыстық іс ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі, яғни «Билігін, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланудың ауыр зардаптарға әкеліп соғуы» бойынша қолға алынғаны нақтыланады. 19 тамызда атыраулық әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағаны…

Read More

Жамбыл облысында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 6 жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылында облыстағы барлығы 447 мектепте 244 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. Биыл 23 мыңға жуық жамбылдық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданған. Жалпы, өңірде адам капиталын дамытудың негізі болып саналатын білім саласына айрықша назар аударылуда. Ағымдағы жылы білім саласына 244,4 млрд.теңге бағытталды десек, бұл облыс бюджетінің 50 пайызынан асады. Саладағы инфрақұрылымды жетілдіре түсу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылы 22 білім нысанының құрылысына 7,6 млрд. теңге қаржы қарастырылып, бүгінге дейін оның 6-ы пайдалануға беріліп үлгерілген. Ал, жаңа оқу жылының басталуына…

Read More

Жамбыл облысындағы кәмелетке толмаған ағайындылар көрші ауылдағы әкесіне бармақ болып, жүк пойызының соңғы вагонына мініп, кейін секіріп түскен. Қазір екі бала ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz. Оқиға 29 тамыз күні кешкі уақытта болған. Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүріп бара жатқан жүк пойызындағы балаларды шопан байқап, полицияға хабарлаған. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 9 жастағы бала Билекөл ауылының маңынан, ал оның 7 жастағы інісі Жұма станциясының маңынан табылды. Балалар ауруханаға жатқызылды.Көліктегі полиция депарматентінің баспасөз қызметі Ведомствоның мәлімдеуінше, балалар Жамбыл облысы Тамды ауылындағы әжесінің үйінде болған. Қараусыз қалған балалар көрші ауылда тұратын әкесіне баруды ұйғарған. Сол үшін вокзалда балалар жүк пойызының соңғы…

Read More

Көрген кезде жігерлендіріп, бойымызды ерекше сезімге бөлейтін рәміздеріміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – әр қазақ мақтан тұтатын, халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарға айналды. Рәміздерімізді қастерлеу Сіз бен Біздің ортақ парызымыз! «Әскери медиа» жобасы аясында әскери салада жүрген сарбаздар, сержанттар және офицерлердің қызметтік борышынан бөлек, қарапайым өмірдегі қызығушылықтары, өмірлік ұстанымдары және елдің дамуына қосып жатқан үлесі жазылады. Бұл іс-шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың қолдауымен «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырып жатқан «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясындағы «Әскери медиа» шағын грант негізінде жүзеге асырылып отыр.

Read More

Лондонда өткен ағылшын тілі олимпиадасында тараздық оқушы Ихсан Ілесов алтын медаль жеңіп алды. Одан бөлек қазақстандық жасөспірімдердің еншісінде 1 күміс, 1 қола медаль бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Төрт ұлым бар, Ихсан үшіншісі. Екінші балам мен үшінші баламның жас айырмашылығы 10 жас. Ихсанның ағылшын тілін жетік білуіне Сарыкемер ауылында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейтін үлкен ұлымның еңбегі зор. Ал екінші балам Қызылорда қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінде жұмыс істейді және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде биология мамандығы бойынша оқуын аяқтайды», — дейді жетінші сынып оқушысының анасы Ләззат Ілесова. Ихсан Илесов Тараздағы жекеменшік мектептердің бірінде оқиды. Айтуынша, тіл олимпиадасы ол үшін үлкен…

Read More

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағындағы өрт салдарынан болған қайғылы оқиғаға бір жыл толып отыр. Әскери бөлім аумағында инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыс салдарынан қаза болған 17 адамды еске алуға арналған ескерткіш ашылды. Аталған мемориалдың ашылу рәсіміне «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, Жамбыл облысы әкімдігінің, оңтүстік өңірдің әскери прокуратурасының өкілдері, сондай-ақ қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындары мен туыстары қатысты. Рәсімге жиналғандар қаза болғандарды бір минут үнсіз тұрып еске алды. Күштік құрылымдардың өкілдері, қызметтестері, туыстары мен жақындары қаза тапқандар туралы естеліктерін айтып, олардың жанқияр батырлығы жайлы сөз етті. Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының…

Read More

Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының алғашқы әскери және технологиялық дайындық кабинетінің күнтізбелік жоспарына сәйкес 2022 жылдың 26-27 тамыз күндері аралығында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының оқушыларымен және колледж студенттерінің арасында облыстық шатырлық лагері өткізілді. Мақсаты әскери-патриоттық клубтарының жұмысын жандандыру; салауатты өмір салтын қалыптастыру және каникул кезінде балалар сауықтыру демалысын олардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған. Шатырлық лагерінің қорытындысы бойынша:1-орын; Атырау қаласы, Бесікті орта мектеп-интернатының «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының оқушылары2-орын; Мақат ауданы ,Х.Санбаев атындағы орта мектебінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының оқушылары3-орын; Атырау қаласы, Қ.Қайсенов атындағы орта мектебінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбының оқушылар иленді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация…

Read More

Қазақстанның әскери қызметшілері Халықаралық армия ойындарының үш сайысында жеңімпаз атанды. «Артиллериядан оқ ату шеберлері», «Тактикалық мерген» және «Меридиан» жарыстары аяқталып, олардың қорытындысы бойынша қазақстандық жауынгерлер көш бастап тұр, — деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz.  «Артиллериядан оқ ату шеберлері» Жамбыл облысындағы «Гвардейск» полигонында жекелей сайыс, түнгі спринт және эстафета кезеңдерінен тұратын байқау өтті. Бұл жарысқа Армения мен Қазақстан Қарулы күштерінің командалары көк түсті тартқыш техникада өнер көрсетті. Әзербайжан, Беларусь және Тәжікстан құрамаларына бөлінгені жасыл түс. Қызыл түсті техника Венесуэла мен Қырғызстан командаларына берілді. Ресей мен Зимбабвенің зеңбірекшілері тапсырмаларды сары техникада орындады.  Бірінші кезеңнің жеке жарысында біздің артиллеристер барлық тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Көрсетіш уақыты –…

Read More