Author: admin

Қытайдың солтүстігінде Мохэ қаласында үскірік аяз. Бүгін мұнда ауаның температурасы 53 градусқа дейін төмендеген, – деп хабарлайды Zakon.kz. Жергілікті синоптиктердің айтуынша, аймақта 1969 жылдан бері мұндай қатты суық болмаған, деп жазады qazaqstan.tv. Жергілікті билік өкілдері халықты жылумен және сумен қатамасыз ету қызметтерінің тәулік бойы жұмыс істер жатқанын мәлімдеді. «Қытайдың Арктикасы» атанып кеткен қалада қыс қаһарынан зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге түскен жоқ.

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат депутаттарын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Жақып Қажманұлы Асанов; Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев; Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп; Ләззат Молдабекқызы Қалтаева; Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалсын», – делінген хабарламада. Президенттің жеке Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясынан Сенат депутаттары тағайындалды: Болгерт Евгений Андреевич;Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлы;Ниязова Нурия Исмагиловна;Сатвалдиев Әлішер Ғапыржанұлы;Шиповских Геннадий Геннадьевич. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Read More

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаевтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде дін істері басқармасының 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Отырысқа облыс әкімдігінің салалық басқармаларының басшылары, облыстық полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің өкілдері, облыс әкімдігінің терроризмге қарсы іс-қимыл қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы, діни бірлестіктердің өкілдері, Тараз қаласы мен облыс аудандары әкімдерінің орынбасарлары және ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты. Басқарма басшысы Сәкен Мыңбаев баяндама жасап, «Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» орындалу нәтижесіне, сондай-ақ дін саласында жыл ішінде әр түрлі бағыттарда басқармамен атқарылған жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, жиналғандар алдында облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының…

Read More

Қорғаныс министрлігі «Заңды тұлғалардың көлік құралын оқу-жаттығуға тарту туралы» қаулы әзірледі, – деп хабарлайды Zakon.kz. Құжатта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, жұмылдыру тапсырмасына сәйкес 2023 жылы оқу-жаттығуларға заңды тұлғалардың 36 техникасын тартатыны жазылған. Қорғаныс министрлігі берген түсініктеме бойынша, жоба мақсаты – заңды тұлғалардың көлік құралдарының техникалық жай-күйін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жеткізуге әзірлігін тескеру. Қаулы 6 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Read More

Әнші Индира Елемес белгілі композитор, продюсер Арман Дүйсеновтың өмірден өткенін мәлімдеді. Бұл туралы әнші қалың жұртқа Instagram-дағы парақшасында естіртті. Индира Елеместің администраторы бұл ақпаратты растады. «Арман ағау! Неге олай? Иманы саламат болсын, мекені жәннәт болсын», – деп жазды әнші. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Индира Елемес (@indiraelemes) Қаралы хабарды продюсер Ерғали Әбдірайымов та жариялады. «Арман бауырымнан айырылып қалдық ағайын. Айсұлу, айналайын және ұрпағына Алла көркем сабыр берсін», – деп жазды ол. Арман Дүйсенов – белгілі композитор, музыкант, әнші, продюсер, тележүргізуші, талай қазақша хиттердің авторы. Ол 1974 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Оны әріптестері әлемдік классикалық музыка, фольклорлық этнография,…

Read More

Тараздық дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне баласының ине жұтып қойғанын айтып анасы келген. «Қарапайым рентгенография асқазан-ішек жолдарында бөгде зат бар екенін көрсетіп, кейін екі ине табылған. Эзофагофиброгастродуоденоскопиямен (ЭФГДС) тексеру кезінде бөтен зат асқазанның антральді бөлігінде екені анықталып, бір ине алынған. Науқас Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургия бөлімінде мамандардың бақылауында», – дейді балалар ауруханасының дәрігерлері. Нәтижесінде бір ине өз бетімен шыққан. Бірақ іштегі басқа ине шықпаған. «Кейінірек құрсақ қуысының бақылау R-граммасында құрсақ қуысының жоғарғы сатысында тағы екі ине және жамбас проекциясында бір ине табылды. Қайталап ЭФГДС жасалып, ине…

Read More

Қазақстан үкіметі Абай облысын дамыту жоспарын қабылдады. Премьер-министр Әлихан Смайылов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында 100-ден астам іс-шара бар екенін айтты. «Бұл инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, тұрғын үй құрылысын, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымдарды дамыту, азаматтық қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ экологиялық мәселелерді шешу. Жоспардың жалпы бюджеті шамамен 1,9 триллион теңге болады», – деді Смайылов Үкімет отырысында. Ол Ұлттық экономика министрлігі мен облыс әкімдігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кешенді жоспардағы шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Read More

Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласында 86 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова айтты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен өткен кеңесте басқарма басшысы салада атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жанар Оспанованың айтуынша, өңірді дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті кезеңде салада 86 жоба іске аспақ. Атап айтқанда, облыс бойынша 15 денсаулық сақтау нысаны мен 2 емхананың, Тараз қаласында 200 төсекке арналған облыстық онкологиялық диспансері мен Байзақ ауданында 250 келушіге арналған емхананың құрылысы жүргізіледі. – Бұдан бөлек 6 дәрігерлік амбулатория мен 18 медициналық пункт, 2-і фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын жүргізу көзделуде. Қосымша 17…

Read More

Сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық істің егжей-тегжейін айтқан адвокат этиканы бұзды деп айыпталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 20 қаңтарда әскерге шақырылушының өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша заңгер Сержан Пірәлиев баспасөз конференциясын өткізген. «Пірәлиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпаратты айтып, қылмыстық істің деректерін жария етті. Сонымен бірге ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды», – делінген хабарламада. Еске салайық, 2022 жылғы 19 тамызда атыраулық әскери қызметші…

Read More

Биыл еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Экология министрлігінің мәліметінше, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау және Павлодар облыстарынан өзге барлық өңірде тасқын қаупі бар. КТК телеарнасының хабарлауынша, Экология министрлігінің 23 қаңтардағы жиынында су қоймалары мен бөгеттердің сапасы туралы мәселе қозғалған. Елдегі осындай нысандардың дені кеңес заманында тұрғызылған. Талап бойынша, олар тек 25 жылға дейін ғана жарамды. Алайда Қазақстанадғы нысанның бәрі жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп тұр. «Бұзып, қайта салмасақ та, Үкімет жыл сайын оларды жөндеу, қалыпқа келтіру жұмысына қаражат бөліп жатыр», – дейді мамандар. Мысалы, биыл екі су қоймасы осындай жоспарлы жөндеуден өткізіледі. Оның бірі – сыйымдылығы жағынан ең үлкен Шардара…

Read More

2022 жылы Жамбыл облысындағы 1652 кәсіпорын 47 538 жұмыскердің жалақысын орта есеппен 32,9 көтерген. Бұл туралы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов айтып берді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен өткен кеңесте басқарма басшысы есеп берді. Жарылқасын Айтақовтың айтуынша, еңбек жағдайларының ахуалын тұрақты бақылауда ұстау мақсатында аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінде әлеуметтік-еңбек жағдайларын реттеу жөніндегі дағдарысқа қарсы штабтар құрылып, жұмыстар жүруде. Жыл басынан барлық деңгейде үшжақты комиссиялардың 111 отырысы өткен. – Басқарманың еңбек инспекторларымен жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдары бойынша 165 тексеріс жүргізілген. Тексерістердің қорытындысымен жұмыс берушілерге орындалуы міндетті 84 нұсқама беріліп, 26 айыппұл салынған.Қабылданған…

Read More

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаевтың төрағалымен алқа мәжілісі өтті. Жиында мәдениет, архивтер және құжаттама, дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары 2022 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы уақытта атқарылатын жобалардың мақсат-міндеттерін талқылады. Жиынның күн тәртібіне сәйкес облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай баяндама жасады. Ол өз баяндамасында 2022 жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталып, биыл мәдениет күндері аудан орталықтарында өтетінін атап өтті. Жиын барысында облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев аймақтағы мәдениет үйлері мен клуб жұмысы бойынша, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Эльмира Абдин өңірдегі кітапханалалардың даму қарқыны бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ алқа…

Read More

Тараздағы «Ақсай» базарындағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілердің бірін тоқ соғып, ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Тараз қаласындағы «Ақсай» базарында азаматтарды эвакуациялау барысында азаматтық қорғау кіші сержанты – өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрболат Қонақбайды тоқ соқты, оған өрт кезінде үзілген электр желісі түрткі, делінген хабарламада. Қазіргі уақытта өрт сөндірушінің жағдайы тұрақты, ол ауруханадағы жалпы палатаға ауыстырылды. Тараздағы базарда өрт 20 қаңтарда орын алды.

Read More

Таразда «Сергек» қосылғаны сол-ақ еді, жүргізушілер 1 күнде 2 млн теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Бас-аяғы 170 жүргізуші тәулік ішінде хаттама толтырған. Демек, шаһардағы әрбір 5-ші көлік иесі жол ережесін пысқырмайды. Өткен жылғы статистикаға сенсек, жол апаты бойынша облыс республика бойынша үштікке кірген. 12 айда 1400 жағдай тіркеліпті. Сондықтан тас жолдағы тәртіпті тамыр-таныссыз, таспа арқылы түзейтін сергекті құзырлы мекеме 48 мекенге орнатқан. Оның 13-і қиылыстарға қойылды. Қызығы, қазір Таразда «антирадар» қондырғысына сұраныс артқан. Айта кетейін, былтыр жол апатынан өңірде 2300-ге жуық адам зардап шеккен. ПД сергек ақпараттық бағдарлама кешенін қоюдағы себебі, яғни жол қауіпсіздігін қатаң сақтауды, жол апаттарын…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте «Мейірім» және «Жомарт түлек» жобаларының іске асу барысы қаралды. Білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбектің айтуынша, 2021 жылы облыста «Жомарт түлек» жобасы аясында 8,8 млрд. теңгеге 393 жоба іске асқан. Олардың ішінде мектептерді жабдықтау, ауылдарды аббатандыру, қайырымдылық шаралар, спорт, ойын алаңдарын салу, күрделі жөндеу жұмыстары секілді көптеген жұмыстар атқарылған. Ал, 2022 жылы аудандар мен Тараз қаласында жоба шеңберінде барлығы 321 жоба орындалған. Олардың қатарындағы ірі жобалар ретінде үйлердің, мешіттер, асхана, наубайхана, ойын және спорт алаңдарының құрылыстарын атап өтуге болады. Басқарма басшысы жобалардан бөлек демеушілік есептен атқарылып жатқан жұмыстарға да қысқаша тоқталды. Сондай-ақ, баяндамашы…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Алел Агро» АҚ өкілдерімен кездесті. Кеңеске бірқатар аудандар мен облыс орталығының әкімдері онлайн режимде қатысты. «Алел Агро» АҚ Жамбыл облысында ет бағытындағы құс шаруашылығын дамыту бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Жиын барысында құс етін өңдейтін фабрика мен жем зауыты құрылысының жобасы, жер телімдерін бөлуге қатысты мәселелер талқыланды. Фабриканың жобалық қуаты – жылына 49500 тонна құс етін өндіру. Бүгінде Байзақ ауданында қуаттылығы сағатына 20 тоннаны құрайтын жем зауыты іске қосылған. Сондай-ақ, компания келісімшарттық негіздегі шаруашылықты да дамытуды көздеп отыр. – Біздің ортақ мақсатымыз – құс кластерін қалыптастыру, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету, сонымен қатар экспорттық…

Read More

Жамбыл полицейлері 18 қару мен 900-ден астам оқ-дәрі тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 4 қаңтардан бастап Жамбыл облысының полиция қызметкерлері әртүрлі калибрлі 18 бірлік қару мен 900-ден астам оқ-дәрілерді тәркіледі. Тәркіленген қарулардың арасында АК-74 автомат, АКС-74У автоматы, Benelli Argo 30-06 мылтық, ПМ тапаншасы, Mossberg қаруы, ТОЗ-16 қаруы, ИЖ 16 калибрлі қаруы, Reg agent револьвері, Бекас-2 бір оқпанды тегіс ұңғылы мылтық, газ тапаншасы, Байкал травматикалық тапанша, МР-79-9тм газ-травматикалық тапанша, екі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы, жарық-шулы гранатасы, тапанша оқжатарлары және әртүрлі калибрлі 901 оқ-дәрі бар.  Мысалы, 10 қаңтарда полиция қызметкерлері қаланың шағын аудандарының бірінің жанындағы бос жерде қапшықтан 7,62 мм…

Read More

Жамбыл облысында Ұлттық экономика министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбында семинар өтті. Аталған шараға Ұлттық экономика, Ауыл  шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ, республиканың 5 өңірінен келген арнайы сала мамандары қатысты. Семинар барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нұрлан Мақсұтов сөз сөйледі. Министрлік өкілдері Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы бойынша негізгі мақсаттарға тоқталды. Сондай-ақ, бұл бастама ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеріп, тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға бағытталғанын жеткізді. Жиын барысында «Ауыл – ел бесігі», «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық…

Read More

Таразға ірі көлемде есірткі жеткізбек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алдын ала ұйымдастырылған арнайы операция барысында есірткі заттарын өткізетін тағы бір арнаның жолын кесті. 13 қаңтарда Меркі ауданының 48 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол Тараз қаласына ірі көлемде есірткі жеткізуді жоспарлаған. Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жертөледен жалпы салмағы 5 келі 864 грамм гашиш және жалпы салмағы 1 келі 280 грамм кептірілген марихуана есірткісі табылды. Сондай-ақ жеке басын тінту барысында күдіктіден салмағы 14 грамм гашиш есірткісі табылып, тәркіленді. –Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 5 келі 878 грамм гашиш…

Read More

Таразда қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Сергек» жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Полиция департаментінің мәліметінше, аппараттық-бағдарламалық жүйе қаланың 48 жеріне орнатылған. Олар жылдамдықты шектен асыру, бағдаршамның тыйым салынған түсіне жүру секілді ереже бұзуды тіркейді. Жүйе ереже бұзған көлікті есепке автоматты түрде алады. Бұған дейін «Сергек» жүйесі Таразда өткен жылдың 1 желтоқсанында тестілік режимде іске қосылған болатын. Айта кетерлігі, соңғы 2 жылда қоғамдық орындарға 305 бейнекамера орнатылды. Сонымен қоса, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көппәтерлі тұрғын үй аулаларына 1250 бейнекамера орнатылды. Мамандар аталған құрылғылар қылмыстың ізін суытпай ашуға септігін тигізетінін айтады. Қуатбай Тубеков, қалалық Полиция басқармасы жедел басқару…

Read More

2023 жылдың 15 қаңтарында Қаратау қаласының полициясына 2 жасар баланың үйінен жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Баланың анасы оны әжесімен бірге қалдырып, дүкенге кеткенін, ал қайтып оралғанда оны үйінен таппағанын айтты. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен (Адам ұрлау) сотқа дейінгі тергеу iсi басталды. Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы жедел түрде іздестіру іс-шараларын жүргізуге Қаратау қаласына барды. Хабарлама түскен сәттен біз баланы іздеуге кiрiстiк. Iздестiру шараларына 80 полиция қызметкері, 50-ден астам еріктілер және ауданның қамқор тұрғындары жұмылдырылды. Біз қаланың әр бұрышын аралап, барлық жертөлелер мен үйлердің шатырларын қарадық. Ең басты тiлегiмiз баланы тірі және сау табу болды,…

Read More

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр. Ол басынан қатты зақым алған. КТК телеарнасының хабарлауынша, жол апаты Тұрар Рысқұлов ауданында болған. Жедел жәрдем көлігі шақыртуға асығыс бара жатқан Ал жеңіл көлік оның алдын кесіп, қарсы бетке шығып кетуіне себеп болған. Көктайғақтан тоқтай алмаған медициналық техника кроссоверге соғылып аударылған. Ішіндегі фельдшер қыз да жарақат алған. Дәрігерлердің сөзінше, оның жағдайы орташа. Ал 31 жастағы жүргізушінің хәлі мүшкіл. Басына қатты зақым келген ол жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір осы жол апатына қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. «Санитарлық автокөліктің ішінде екі адам болған. Жүргізуші және фельдшер. Бүгінгі таңда жүргізушінің жағдайы ауыр…

Read More

Талас және Сарысу аудандандарында төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстар қызу атқарылуда. Ағымдағы жылдың 3-4 қаңтар күндері орын алған қатты жел, қарлы боран салдарынан аталған аудандарда бірқатар нысандар мен электр желілері зардап шеккен болатын. Дауыл салдарынан бүлінген Жаңатас қаласындағы 7 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, жұмысты сапалы әрі тез арада аяқтау үшін жергілікті мердігерлер жұмылдырылған. Бүгінде нысандардағы жұмыстар 60-70 пайызға аяқталған. Аудандық электр желілерін тарату мекемесі тарапынан 270 нысанда жұмыстар жүргізіліп, оның 242-і және 100 шақырым желінің 91-і қалпына келтірілді. Жұмыстар жалғасуда. Жаңатас қаласының жылыту, ауыз су, кәріз жүйелері қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Айта кетейік, төтенше…

Read More

Көліктегі полиция қызметкерлері Шу станциясында Алматы облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. Есірткіні Шу станциясындағы вокзал перронында қызметтік ит тапқан. Алматы облысы тұрғынының сөмкесінен жалпы салмағы 12 келі 480 грамм «марихуана» табылып, тәркіленді. «Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі, яғни есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев. Күдіктінің Шу ауданында жабайы қарасора жинап, оны Алматы қаласына теміржол көлігімен тасымалдауды жоспарлағаны анықталды. «Ол полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Б. Малыбаев.

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласында орналасқан ҚР Ұлттық Ұланы 5513 әскери бөлімінің «Бүркіт» ерекше арнайы мақсаттағы жасағы ғимаратының салтанатты ашылуына қатысты. Айта кетейік, «Бүркіт» арнайы жасағы өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған. Ол облыстағы төтенше жағдайларда жауынгерлік міндеттерді орындау, терроризм актілерінің жолын кесу және адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау мақсатына негізделген. Жеке құрамның алдында құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы ел тыныштығын қамтамасыз ету – отансүйгіштіктің нағыз белгісі, осы тұрғыда әскерилерге айрықша сенім артылатынын атап өтті. – Біз бейбітшілік пен…

Read More

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Жамбыл облысындағы жұмыс сапары Байзақ ауданында жалғасты. Сенат Төрағасы аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовпен бірге «Алел-Агро» АҚ-да болып, «Жамбыл облысында етті құс шаруашылығын дамыту» инвестициялық жобасымен танысты. Жобада құс фабрикасы, жем зауыты және ет комбинатының құрылысы қамтылған. Кәсіпорын ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыру мүмкіндіктерін ескере отырып, жылына 25 мың тонна тауық етін өндіру үшін келісімшарттық шаруашылықты ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Осы орайда Жамбыл облысында құс өсірушілердің келісімшарттық шаруашылықтарының қауымдастығын құру көзделуде. Сондай-ақ, Сенат төрағасына ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасының барысы туралы баяндалды. Ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылығы бизнесіне барынша тартуға бағытталған…

Read More

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Талас ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Мәулен Әшімбаев алдымен Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовпен бірге аудандағы «Talas Investment Company» ЖШС натрий цианидін шығаратын зауытқа барды. Кәсіпорын 15 мың тоннаға дейін натрий өндіруге қауқарлы, оның 5 мың тоннасы экспортқа шығарылады. Жұмысшылар саны 552 адамды құрайды. Компания өндірісті 30 мың тонна натрий цианидіне дейін арттыру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Жобаның екінші кезеңін жүзеге асыра отырып 300 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Осылайша кәсіпорын натрий цианидімен ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етіп, экспортты 10 мың тоннаға дейін арттырмақ. Жаңа…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды қолдау және жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Айта кетейік, аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған инвестициялық штабтың әр апта сайынғы отырыстарында инвесторлардың өз жобасын ұсынуы, оларға қажетті көмек, қолдау көрсету шаралары жолға қойылған. Бүгінгі таңда штабтың 23 отырысы өтіп, оларда жалпы құны 1,6 трлн теңгеден асатын 66 инвестициялық жоба қаралған. Инвестициялық штаб жаңа жобаларды ғана емес, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы өндіріс көлемін арттыру бойынша ұсыныстарды да назарға алады. Инвестициялық штаб қызметінің арқасында 2022 жылы өңдеу өнеркәсібіне 63 миллиард теңге инвестиция тартылды. Басқосу барысында облыс әкімі жүзеге асып жатқан әрбір жобаның жан-жақты…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды. Аймақ басшысы алдымен қатты дауылдың салдарын қайта қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын сұрап, сапалы әрі жедел орындалу керектігін баса айтты. Талас және Сарысу аудандарының әкімдері жөндеу, реттеу шаралары бойынша қысқаша есеп берді. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз баяндамасында ағымдағы жылыту маусымының өту барысы туралы жан-жақты тоқталды. Айта кетейік, ағымдағы жылыту маусымы өткен жылдың 10 қазанынан басталып, бүгінгі күнге дейін 91 тәулігі өткен. Жылыту маусымының аяқталуына шамамен 80 тәулік қалып отыр. Басқарма басшысының айтуынша, облыс бойынша 9…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің жұмыс сапары Талас ауданында жалғасты. Аймақ басшысы аудандағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Облыс әкімі алдымен аудандағы Есейхан және Қасқабұлақ, Қараой ауылдары аралығындағы үзілген электр желілері мен құлаған бағаналарды көріп шықты. Осының салдарынан аталған ауылдар алғашқыда жарықсыз қалған. Аймақ басшысының тапсырмасымен бүгін Есейхан мен Қараой елді мекендері электр қуатымен қайта қамтылса, Қасқабұлақ ауылына арнайы генератор арқылы жарық берілуде. Ал, қалпына келтіру жұмыстары, бағаналар мен желілерді реттеу бойынша Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Бұдан соң облыс әкімі «TalasInvestCompany» ЖШС-ның жұмысымен танысып, Қаратау қаласындағы «Игілік» қазандығына ат басын бұрды. Штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқан қазандық…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданына барып қарлы боран және қатты дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Аймақ басшысының аудандағы жұмыс сапары «Көкбұлақ» сумен қамту қоймасында электр желілерінің жөндеу жұмыстарымен танысудан басталды. Су қоймасының негізгі қызметі – «Жаңатас-Су-Жылу» кәсіпорнын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету. Осыған айрықша назар аудартқан облыс әкімі желілерді реттеу жұмыстарын жедел әрі сапалы орындау керектігін атап өтті. Келесі кезекте аймақ басшысы Жаңатас қаласының орталық жылыту қазандығында барды. Бүгінде қазандық штаттық режимде жұмыс істеуде. Қалаға жылу берілген. Қазіргі таңда 97 көпқабатты үйлер бойынша айналымды ретке келтіру, ауа шығару шаралары орындалуда. Облыс әкімі орын алған төтенше жағдайдан…

Read More

Сарысу, Талас аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарын қалпына келтіру бойынша қызу жұмыстар жүргізілуде. Қарлы боран мен қатты желдің салдарынан Жаңатас қаласындағы 2 көпқабатты тұрғын үй, 5 әлеуметтік, 9 спорттық нысан зақымдалған. Бұдан бөлек, жарық шамдары, электр бағаналары мен жүйелері істен шыққан болатын. Табиғи апаттан ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтердің де көше жарық шамдары мен электр желілері, жеке тұрғын үйлердің шатыры зардап шеккен. Бүгінгі таңда Сарысуда 18 бригада, 23 техника жарықты қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған. Қазіргі кезде 25 елді мекеннің 11-де электр желілері іске қосылған десек, Жаңатас қаласы бойынша 97 көпқабатты тұрғын үйдің барлығына жарық берілді. Жаңатас қаласының орталық қазандығына…

Read More

Тараздағы «қызыл» мәртебе берілген ЖЭО-ға жаңа абоненттерді қосу мүмкін емес. Бұл туралы Сенат депутаттарының өңірге жұмыс сапары барысында айтылды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Парламент Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Абдалы Нұралиев Тараз қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Сенаторларға магистралды жылу құбырын тексеру кезінде инженерлік коммуникациялардың жай-күйі туралы ақпарат берілді. Парламент Сенатының барлық депутаттары қазір проблемалық нысандармен танысуға, сондай-ақ тұрғындарды алаңдатып отырған мәселелерді шешуге көмектесу үшін өңірлерді аралап жүр. Таразда апатты деп танылған негізгі нысандар – М-1 және М-3 жылу құбырлары. Оларды жөндеудің жалпы құны – 14-16 миллиард теңге.…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаровтың айтуынша, 2022 жылы басқарма 89 миллиард теңгеге 329 лот өткізген. Нәтижесінде 3,2 миллиард теңге үнемделген. 2023 жылға арналған бекітілген даму бюджетіне сәйкес 78,6 млрд. теңгеге 394 лот өткізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда ұйымдастыру жұмыстары мемлекеттік сатып алу басқармасына жүктелген 115 лоттың 93-і бойынша тапсырыс берушілерден өтінімдер келіп түсіп, конкурстар жарияланған. Баяндамашы мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды дер кезінде жою және алдын алу мақсатында бақылау жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аймақ басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының жауаптарын тыңдады. Облыс әкімі…

Read More

Сарысу ауданында төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстар қызу атқарылуда. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов ауданға жұмыс сапарымен барып, жауаптыларға ең алдымен Жаңатас қаласына электр энергиясын және жылу беру мәселесін жедел шешуді тапсырған болатын. Соған сәйкес атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бұған дейін қалаға электр энергиясы берілген десек, енді жылумен қамту шаралары жүзеге аса бастады. Қазіргі таңда «ЖаңатаСуЖылу» МКК жылумен жабдықтау жүйелеріне су толтыру, жеке генераторларының қуаты айналым-сорғыларының қызметін қалыпқа келтіру жұмыстары қызу жалғасуда. Осыған орай қалаға жылу беру кезең-кезеңімен іске асып, бір тәулікте толығымен жылуға қосылады деп жоспарлануда. Еске сала кетейік, бұған дейін орын алған қатты дауыл салдарынан Жаңатас қаласындағы электр бағаналары…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Тараз қаласындағы бірқатар аумақтың егжей-тегжейлі жобалау жоспарына енгізілген кейбір түзетулер талқыланды. Жиында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков баяндама жасады. Ол облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қаладағы үш алқаптың жоба-жоспарына жан-жақты тоқталды. Атап айтсақ, 15 шағын ауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы соңғы рет 2019 жылы бекітілген болатын. Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы жағдай жасау мақсатында демалыс орындарының аумағы ұлғаюда. Аталған аумақта көпқабатты тұрғын үйлер саны – 154, жеке тұрғын үйлер – 967 болатын. Оның ішінде 255 жер телімін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша беру қарастырылған. – Бұған дейін 47 жер телімі пайдалануға…

Read More

Жамбыл облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (қарлы боран) 2023 жылдың 4 қаңтары, сағат 00.10-дан бастап «Қордай асуынының айналма жолының” 159-238 шақырымында автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Read More

Қаратау қаласында қатты желден зардап шеккен 8 көпқабатты үй мен «Игілік» КМК және қалалық әкімдік ғимаратының шатыры жөндеу бойынша жұмыстар басталуда. Ол бойынша бір мердігер компания өз жұмысына кірісіп кетсе, ертең таңертең тағы 6 мердігермен жиын өтеді. Қазіргі кезде аудандық электр жүйесі мемемесінің 21 адамнан және 7 техникадан құралған 4 бригадасы Қаратау қаласы бойынша электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда. Көпқабатты және жеке үйлердегі электр желілері де реттелуде. Жылу көзі болып табылатын «Игілік» орталықтандырылған қазандығы штаттық режимде жұмыс істеп, Қаратау қаласының тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуде. Электр энергиясына қосылған. Қаратау қаласының ішкі көшелері құлаған тал-бұтақтарынан тазартылып, көліктердің жол жүруіне қолайлы жағдай…

Read More

Аудан аумағында ауа-райының қолайсыз жағдайы сақталуда. Қазіргі таңда орталық аудандық ауруханада 45 адам ем алуда. Олардың арасында аса ауыр жағдайдағы науқастар жоқ. Аурухана ғимаратына арнайы генераторлар арқылы электр энергиясы берілуде. Жылыту құрылғыларымен қамтылған. Электр энергиясы желілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар 4 қаңтар, яғни, ертең таңертеңнен басталады деп көзделуде. Оған арнайы мамандардан құралған 10 бригада (о.і 5 бригада Тараз қаласынан) жұмылдырылмақ.

Read More

Таразда биыл мүгедектерге арналған монша ашылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Орынбеков көне шаһарды дамытудың 3 жылдық даму картасын таныстыру кезінде айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қала әкімінің мәліметінше, өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылы 80,1 млрд теңгеге артады. Сонымен қатар осы жылы 47 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы басталады, жаңа 5 мектеп пайдалануға беріледі, 7 білім ұясына күрделі жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ көптің көкейінде жүрген балалар жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталады. Шаһарда саябақтар жаңғыртылады. Тұрғындардың демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін «Мамыр» саябағының аумағында иппотерапия орталығы салынады. Тағы бір ерекше жаңалық – елімізде алғашқы рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған монша пайдалануға беріледі.…

Read More

Бүгін, 2022 жылғы 9 желтоқсанда, елордада»Амбулаториялық кезеңде акушерлік – гинекологиялық көмек көрсетудегімультидисциплинарлық тәсіл» атты ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады. Іс-шараны Астана Медицина Университетіелордалық акушер-гинекологтар Федерациясымен бірлесіп ұйымдастырды.  Конференция барысында мынадай өзекті мәселелер талқыланады:  • Әртүрлі аурулар кезінде жүкті әйелдерге антенатальды көмек көрсетудің кешенді тәсілі • Прегравидальды дайындық және ұрықтың туабіткен ақаулары мен хромосомалық ауытқуларды азайту жолдары • Бедеулікті диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілі • Ерлер мен әйелдердің денсаулық жағдайы. • Түсік түсіру және олардың репродуктивтіден саулыққа әсері.  • Гинекологиялық Эндокринология мәселелері Конференция жұмысына Қазақстанның жетекші қауымдастықтары, отандық және шетелдік сарапшылар: денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар, акушер-гинекологтар, репродуктологтар, эмбриологтар, жалпы практика дәрігерлері, терапевттер, эндокринологтар, уроандрологтар, бастапқы буын онкологтары, көпсалалы стационарлар, Адам репродукциясы клиникалары, бейінді республикалық клиникалармен медициналық ЖОО-лар қатысады.   Астана Медицина Университетінің № 1 Акушерлік және гинекология кафедрасыныңмеңгерушісі, Астана қаласы Қоғамдық денсаулықсақтау басқармасының бас акушер-гинекологы, профессор Зайтуна Хамидуллинаның айтуынша, гинекологиялық аурулар, ана мен бала өлімінің жиілеуі, бедеу жұптар мен түсік тастаудың ұлғаюына байланысты аталған конференцияны өткізу уақтылы, әрі өте маңызды болып табылады.  Конференция екі күнге созылады, оның барысында сарапшылар МСАК-тың негізгі базалық сипаттамаларын және негізгі 4 атрибутты қолдау қажет болатын барлық бастапқы буын мамандары үшін іс-шараларды анықтау мәселелерін талқылайды, атап айтқанда: өңірлер мен республика деңгейінде халықтың репродуктивті денсаулығын арттырудың көпсалалы тәсілдерін әзірлеу мақсатында бастапқы байланыс, үздіксіздік, қамту және үйлестіру.

Read More

Астана медицина университетінің құрметті профессоры атағы Ералы Лұқпанұлы Тоғжановқа берілді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжановқа «Астана медицина университетінің құрметті профессоры» дипломын табыстадым. «Құрметті профессор» атағын тағайындау Ғылыми кеңестің шешімімен қабылданады. Ералы Лұқпанұлына «Құрметті профессор» атағын беру оның Денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегін мойындау және университетіміздің дамуына тікелей қатысу нысаны болып табылады», Ералы Лұқпанұлын мемлекеттік қайраткер ретінде білеміз, бірақ оның көп жылдар бойы академиялық ортада жұмыс істегенін және жоғары оқу орындарының қызметімен жақсы таныс екенін көпшілік біле бермейді. Ол саясаттану ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, бірқатар ғылыми жарияланымдары бар. Е.Тоғжанов Астана медицина университетін дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеуге және ЖОО-ны зерттеу…

Read More

«Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық жобасы «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы нәтижелері бойынша қорытынды онлайн есептік кездесу өтті. Жоба мақсаты – жастардың арасында өзін – өзі тану, патриоттық сезімдерін арттыру. Қазақстан Республикасының Ұлттық басымдықтарын ілгерілету. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы сәуір айынан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Жобаны жүзеге асыру барысында көптеген нәтижелерге қол жеткізілді. Соның ішінде: -​Шағын…

Read More

25 қарашада Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің 5-ші мерейтойлық отырысы өтті, деп хабарлайды newsroom.kz. Іс-шараға ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, Канада Премьер-Министрінің Еуропа мен Еуропалық Одақтағы арнайы өкілі Стефан Дион; сенатор, Сенаттың Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және ардагерлер істері жөніндегі комитетінің және Сенаттың ауыл және орман шаруашылығы жөніндегі комитетінің мүшесі, ҚР – Канада парламентаралық ынтымақтастық тобының тең төрағасы Виктор Оу; сенатор, Сенаттың Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және ардагерлер істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, Сенаттың Қаржы комитетінің және Ресми тілдер жөніндегі комитетінің мүшесі, ҚР – Канада Парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшесі Жан Ги Дэжэнэ; Канаданың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алан Хамсон, Қазақстан Республикасының Канададағы Елшісі Ақылбек…

Read More

Жамбыл облысында 130 оқушыға арналған мектептің күрделі жөндеуі бітпей тұр, – деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы Тұрар Рысқұлов ауданы, Қарақат ауылындағы шағын ғана мектепті күрделі жөндеу жұмысы маусымда басталған. Жоспар бойынша жаңа оқу жылында пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда құрылыс аяқталмай отыр. «Балам 9-сыныпта оқиды. Бастауыш сыныптар ауылдағы Мәдениет үйінде оқып жатыр. Бұл жерде оларға ешқандай жағдай жасалмаған. Екі бөлмеде тар жерде оқиды. Ертерек қолға алып, мектепті бітіріп беруін сұраймын. Балалар көрші Абай ауылындағы мектепте оқып жүр», – деді ата-ана Ғалия Алмасбекова. Мұғалімдер оқу процесіне еш кедергі жоқ дейді. Бастысы мекеме жылы, таза. Алайда Мәдениет үйіне барар жол ыңғайсыздық тудырады. Ал аудандық білім…

Read More

Осы жолғы президент сайлауы кезінде «HAQ» қоры 12 қалада сайлау барысын бақылады. Қазақстандағы 632 сайлау бөлімшесінде қордың 632 тәуелсіз бақылаушысы (байқаушысы) жұмыс істеді. Сайлау аяқталған соң ұйым атынан байқаушы болған азаматтар 468 хаттама жинап алған, деп хабарлайды ұйым өкілдері. Бақылаушылар комиссия мүшелері мен дауыс беруге келген азаматтардан көз алмай қарап отырды. Әрине, сайлау болған соң неше түрлі жағдай болады. Мысалы, аумақтық комиссиялардың кейбір мүшесінде дауыс беруге қанша адам келуге тиіс екені туралы нақты ақпарат болған жоқ. Кейбір жерде тіпті бақылаушыларға қатаңдау талап қойғандар да болды. Тағы бірде комиссия мүшелері видеоға түсіруге, бөлімшенің ішінде жүруге рұқсат бермеген. Бірақ біз талап еткеннен…

Read More

Мемлекет Президентін сайлау – халықтың ертеңіне, болашағына деген сенімін арттыру. Таразда егіздер алғаш рет дауыс берді. Олар да сайлауға алғашқылардың бірі боп келді. Ринат Рано, Ринат Милана «Бүгінде елімізде барлығы 6 485 507 замандасым ғұмыр кешуде деген ақпаратты жуырда естідім. Олардың 4 500-ге жуығы егіздер екенін білгенімде тіпті қуанышым қойныма сыймады. Себебі менің де егіз сыңарым бар. Мұны Алланың ата-анаға берген сыйы деп білемін. Әрине, бұл жерде медицина мамандарыныңда еңбегі ерен. Денсаулық саласының дамуына мол мүмкіндік жасаған мемлекеттің қамқорлығын да жоққа шығаруға болмайды», – дейді Тлепбаев Ербол. Оның айтуынша, кандидаттардың ешқайсысы да осал емес. Барлығы да тәжірибесі толысқан, мемлекеттік қызметте…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Президент сайлауында өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы Тараз қаласының «Астана» (12) шағын ауданындағы №53 мектеп-гимназиясында орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Бұл учаскеде 2839 сайлаушы тіркелген. Облыс әкімі бүгін ел болашағы үшін аса маңызды күн екенін атап өтіп, өңір тұрғындарын өздерінің Конституциялық құқығын пайдалана отырып, дауыс беруге шақырды. Айта кетейік, қазіргі кезде Жамбыл облысы аумағында барлығы 493 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оларда дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша таңғы сағат 7:00-де басталды.

Read More

Сайлау – мемлекет үшін аса маңызды саяси, тарихи оқиға. Бүгін, 20 қараша сайлау учаскесіне халықтың әр санатындағы азаматтар кеп белсенділік танытуда. Соның бірі – ғасыр жасаған қария Кулия Усенова. Кулия УСЕНОВА, 100 жаста Бәрімізге белгілі, сайлау – азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны. Сондықтан, бүгін өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауы еліміз үшін өте маңызды әрі жауапты кезең. Мен биыл Президент сайлауына 7-рет барып өз дауысымды бердім. Балаларыма да үлгі ететін әдетім осы. Бұл өзіңді азамат ретінде қалыптастырудың ең алғашқы баспалдағы. Біздің болашақ – біздің ұрпақ. Біз оған жауапкершілікпен қарауға міндеттіміз. Қазіргі жағдайда елімізде кезектен…

Read More

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров үндістандық Monnet Group компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар облыста салынуы жоспарланған ферроқорытпа зауыты құрылысының жобасын талқылады. Зауыт жоғары сапалы ферросилиций, ферромарганец (FeSi75) өндірісін жолға қоймақ. Ол бойынша 450 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделуде. Зауыттың қуаттылығы – 35 мың тонна өнімді құрайды. – Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан инвестициялық ахуалды үнемі жақсартуға барынша көңіл бөліп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілуде, – деді Нұржан Календеров. Monnet Group компаниясының директоры Рунгта Маниш жобаның өңірдің экономикалық дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Жамбыл облысының әкімдігі мен үндістандық компания өзара түсіністік пен…

Read More

Желіде Жамбыл облысында жалған техпаспорт жасаумен айналысқандар ұсталды деген ақпаратқа ведомство ресми жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «16 қараша БАҚ-та жалған техникалық паспорттар сатқан МХҚО қызметкері туралы хабар тарады. Мемлекеттік корпорация бұл ақпаратты растамайды. Ұсталған азаматтар Ахметова И. және Қанатбай М. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-тың Жамбыл облысы бойынша филиал қызметкерлері емес.Мән-жайды анықтау барысында Қанатбай М. өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жеке тұлға аумағында кеңсе тауарларын сату, фотокөшірмелер және фотосуреттерді басып шығару бойынша қызмет көрсететіні анықталды», – делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, аталған тұлғалар өз қызметтерін ХҚО-ға жақын жерде көрсеткендіктен Жамбыл облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған адамдардың жұмыс орнына қатысты…

Read More

16-18 қарашада Женевада Қазақстан Республикасының делегациясы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірлесіп ұйымдастырған Су және денсаулық мәселелері жөніндегі хаттама тараптары кеңесінің VI сессиясына қатысуда. Сумен жабдықтау, санитария және гигиена жүйелерінің (WASH) және климаттың өзгеруі мен пандемия кезіндегі денсаулық сақтау қызметтерінің тұрақтылығын нығайту жөніндегі жоғары деңгейдегі сессия барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов COVID-19 пандемиясы кезінде суға, санитарияға және гигиенаға қатысты Қазақстан алған тәжірибесі мен сабақтарымен бөлісті. Ол өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа әдістері, жаңа инфекциялық ауруханаларды ашу, QazVac вакцинасын әзірлеуді және цифрлық технологияларды пайдалануды қоса алғанда, пандемияға қарсы әрекет ету және…

Read More

Жамбыл облысында жалған құжат дайындаумен айналысқандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz басылымы. Жамбыл облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде көлік құралын тіркеудің жалған куәліктерін (техникалық паспорттарды) дайындағаны үшін Шу ауданының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері және оның сыбайласы – осы мекеменің бұрынғы қызметкері ұсталды. Әйел делдал ретінде әрекет еткен. 150 мың теңге көлеміндегі заңсыз ақшалай сыйақы үшін сыбайласымен бірге құжаттарды бұрмалау жолымен жалған техникалық паспорттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан. Тінту барысында күдіктінің атына 8 пластикалық банкомат карточкасы, 41 дайын жалған техникалық паспорт, техника және одан әрі жалған құжаттарды дайындау үшін дайындалған 500 дана пластикалық…

Read More

По состоянию на 1ноября 2022 года, по Казахстану насчитывается 5980 гидротехнических сооружений (из них 1785 ГТС подпорные). В целях подготовки к весеннему паводковому периоду 2023 года Бассейновыми инспекциями Комитета по водным ресурсам МЭГПР РК (далее – Инспекции) совместно с представителями органов чрезвычайных ситуаций, экологии, местными исполнительными органами и РГП «Казводхоз» проведены визуальные обследования подпорных гидротехнических сооружений (далее – ГТС). В настоящее время все 1785 подпорныхГТС охвачены визуальным обследованием, по итогам которых выявлено, что 481 ГТС требуют ремонта (сводная таблица прилагается). По результатам проведенных обследований всем собственникам ГТСрекомендовано устранение выявленных нарушений ипроведение необходимых мероприятий, в соответствии с Правилами обеспечения безопасности водохозяйственных…

Read More

Бүгін 33 жылдық тарихы бар «Jambyl» телеарнасы жаңа маусымын бастады. Осыған орай, телеарна ғимаратында жаңа маусымның презентациясы өтті. Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, телеарна ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Маусымашарда телеарнаның жаңа 33 жаңалығы көрсетілді. Алғаш болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары аймақтық телеарнаның өңіріміз үшін алар орыны ерекше екендігін атап өтіп, «Jambyl» радиосының ардагері Амангелді Нұрпейісовті «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, шеф редактор Наймбек Бағбановты облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен марапаттады. Ашылу салтанатына келген телеарна ардагерлері Қаржаубай Сыдықназар мен Асқарбек Сейілхан да облыстық арнаның бай тарихына тоқталса, ақын Ғайни Әлімбекқызы өз өлеңін оқыды. Жалпы, «Jambyl» телеарнасының аймақтағы…

Read More

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған «Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ашылу салтанатында Университет ректоры Жансейіт Түймебаев Шерхан Мұртазаың отандық журналистика мен Қазақ қоғамын дамытудағы рөліне тоқталды. Алқалы жиынға Нұрлан Оразалин, Дархан Мыңбай, Жанарбек Әшімжан т.б. мемлекет және қоғам қайраткерлері, БАҚ басшылары мен өкілдері, белгілі шетелдік және отандық ғалымдар қатысты. ҚР Парламенті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай оқып берді. Конференция аясында ұлттық идеология, ақпараттық қауіпсіздік, қазір белсенді қолданысқа енген жаңа медиа трендеріне қатысты…

Read More

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ардагер ұстаз, көрнекті мемлекет қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің қызы Орынша Қарабалина бүгін 90 жасқа толып отыр. Ол бала күнінде «Халық жауының» қызы атанып, талай қиындық көрген, өзін білімге арнап, жарты ғасырдан аса уақыт көптеген шәкірт тәрбиелеген. Ұлт анасының өмірі мен ұстаздық жолы туралы баяндауды ұйғардық. «Халық жауының қызы» Орынша Қарабалина 1932 жылы 7 қарашада Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. Жастайынан әкесінен ерте айырылған ұстаз өмір бойы «Халық жауының қызы» атанып келген. Оған таңылған осы атаудың кесірінен тұйық болып, тіпті бір кездері өзіне «мүлде күйеуге шықпаймын» деп үкім кескен кездері де болыпты. «Әкемді ұстап әкеткенде мен бес…

Read More

Елордада EcoBusinessLab жастарға арналған әлеуметтік жобаның екінші маусымы қорытындыланды. Жобаны “ITeachMe” қоры Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Шеврон” компаниясымен серіктестікте іске асырады. Eco Business Lab республикалық жобасы Қазақстан жастарына экологиялық кәсіпкерлікті жүргізу дағдыларын игеруге жәрдемдеседі. Аралас оқытудың қысқа мерзімінде қатысушылар өз ісін қалай бастау немесе қолда бар бизнесті дамыту туралы жетекші сарапшылардан білім алды, өз идеясын іске асыру үшін грант ұтып алуға және қаржылық тұрақтылыққа бір қадам жақындауға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар 300-ден астам өтінім алып, Қазақстанның түрлі өңірлерінен 40 студент іріктеп алды. Бірнеше ай бойы қатысушылар кәсіпкерлікті дамыту бойынша оқудан өтті, соның ішінде офлайн лагерь, экология, кәсіпкерлік…

Read More

4-5 қараша күндері Алматы қаласында «IQ BATTLE» атауымен республикалық әскери-патриоттық интеллектуалды ойыны өтті, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Екі күнге созылған интеллектуалды ойын алдын-ала онлайн іріктеу бойынша өткен республиканың түкпір-түкпірінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жастардың басын қосты. Ойынға Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және өзге де облыстардың жастары қатысты. Шараға жиыны 16 команда қатысып, іріктеу, жартылай финал және финалдық кезеңдерден тұрды. Интеллектуалды сұрақтар әскери, тарихи, логикалық, ұлттық құндылықтар, ұлы тұлғалар мен атаулы оқиғаларды, сонымен қатар жастардың дүниетанымын дамытарлық кейстерді де қамтыды. «Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен интеллектуалды білім саласының үздіктерін жинадық. Екі күнге созылған шарада интеллектуалды ойыннан бөлек арнайы бағдарламаларымыз да қарастырылды. Бұл ойын…

Read More

Тараз қалалық сотында TikTok әлеуметтік желісінде жала жапты деген айыпқа негіз болған видеоға қатысты әкімшілік іс қаралды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Знамя труда» басылымына сілтеме жасап. Сотта Тараз тұрғыны TikTok-парақшасында «Көршілерім-ұрылар» деген видео жариялағаны анықталды. Облыс орталығының тұрғыны видеоның кейіпкері екенін білген. Мұны оның таныстары да білген. Ер адам сотқа ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 2-бөлігі (көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған жала жабу) бойынша арыз түсірді. Жәбірленуші құқықбұзушыны «жазалауды» талап етпей, соттан құқықбұзушымен татуласуға және медиациялық келісімге келуге байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады. Осыған байланысты құқықбұзушы әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Соған қарамастан…

Read More

Қазақстан ТҮРКСОЙ ынтымақтастық шеңберінде бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымыРоза Кәрібжанова ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында мәлімдеді. “ТҮРКСОЙ-мен ынтымақтастық шеңберінде 2022 жылы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп бірқатар мәдени іс-шараларды ұйымдастырылды. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы тойланды. 2021 жылы Ыстамбұлда өткен «Қорқыт Ата түркі әлемі» алғашқы кинофестивалі түркітілдес елдердің кинематографистері арасында байланыс орнату үшін тиімді алаң болды. Бурса қаласында өтіп жатқан екінші «Қорқыт Ата» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында «Ақ боз үй» көркем фильмі (режиссері Бекарыс Елубаев) және «Еуразия билеуші ханымдары» деректі…

Read More

Түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы – Шуша қаласы. Бұл туралы ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді. «Шуша қаласының басқыншылықтан азат етілуі – түбі бір түркінің ортақ қуанышы. Сондықтан Шуша Түркі әлемінің 2023 жылы мәдени астанасы болуға әбден лайық», – деді Мехмет Нури Ерсой . Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аумағындағы Шуша қаласын 1992 жылдың 8 мамырында армян әскерлері басып алған. Салдарынан қаланың 30 ауылы күйреді, 195 адам армян әскерлері қолынан қаза тапты, 165 адам жараланды, 58 адам із-түзсіз жоғалып кетті, 24 мыңнан астамы Жер аударылды. 2020 жылдың 8 қарашасында Шуша армян әскерлерінің…

Read More

ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысы 2022 жылғы 5 қарашада Түркі әлемінің 2022 жылғы мәдени астанасы Бурса қаласында басталды. Жиынға Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсоймен бірге Әзірбайжанның Мәдениет министрі Анар Керимов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі. Алтынбек Мақсұтов, Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Түркіменстанның Мәдениет министрі Атагелди Шамурадов, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, СХР Туризм, мәдениет, жастар және қоршаған орта министрі Фикри Атаоглу, ТҮРК-нің Бас хатшысы. ПА Мехмет Сурея Ер және Халықаралық Түркі академиясының президентінің міндетін атқарушы Физули Маджидли қатысып жатыр.Түркі әлемінің мәдениет министрлері күн…

Read More

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жастар ел өміріне белсенді араласып, азаматтық қоғамның дамуына және елімізді табысты жаңғыртуға септігін тигізуде. Елімізде Қазақстан жастарының бойында отаншылдық рухты қалыптастырып, тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінеді» деген болатын. Осы орайда, «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттвқ жобасы «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясында «IQ BATTLE» республикалық әскери-патриоттық…

Read More

Для решения кадрового вопроса водной отрасли необходимо срочно выполнить следующие мероприятия: оценить имеющийся профессорско-преподовательский и научный потенциал, а также материально-техническую и лабораторную базу учебных заведений для выполнения учебных лабораторных и исследовательских работ;провести в водохозяйственных предприятиях и учреждениях страны оценку квалификационного состава сотрудников по образованию по водохозяйственным специальностям;расширить инженерные образовательные стандарты в вузах по следующим стандартам: гидромелиорация, гидротехническое строительство, экономика водного хозяйства; При этом следует обучение проводить и по рабочим специальностям (выполнение гидрометрических, геодезических и других работ). Следующая ступень – специализированное техническое образование через колледжи и техникумы. Основное образование это подготовка кадров высшей квалификации, сначала бакалавров, а затем и магистров. Также…

Read More

2022 жылдың 18 қазанында сағат 22:10 шамасында Тараз қаласы Тәуке хан көшесінің бойында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін «Фольксваген гольф-4″маркалы автокөлігiн тоқтатты. Жүргізушімен әңгімелесу барысында оның мас күйде екені байқалды. Сараптама қорытындысы жүргізушінiң «орташа» дәрежедегi мас күйінде көлік жүргізгенiн растады. Сонымен қатар, құжаттарды тексеру кезінде әкімшілік соттың 2021 жылғы 16 наурыздағы шешімімен ер адам 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде жүрген адамның көлік құралын басқаруы)сотқа дейінгі тергеу басталды.  Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады. Жамбыл облысының Полиция департаменті мас күйінде көлік…

Read More

«Тараз» клубының бас бапкері Нұркен Мазбаев қызметінен кетті, – деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметінің өкілдері.  Белгілі болғандай маусымның қалған бөлігінде клубтың бұрынғы түлегі Нұрмат Мырзабаев жаттықтырады. 23 ойынның қорытындысы бойынша «Тараз» Қазақстан чемпионатында 10 орында келеді. Енді жамбылдықтар келесі кездесуін 24 қазан күні өз алаңында «Каспийге» қарсы өткізеді.   Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Taraz FK (@fctaraz.official)

Read More

2022 жылдың 19 қазанында Тараз қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығындағы өзен маңында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілері бар  қапты анықтады. Қаптан «МР-133» және 20 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтар, «PIETTA GHIBLY» маркалы мылтық, 9 мм калибрлі 30 патрон және шанышқы-пышақ тәркіленді. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Read More

«Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Аймақтағы ата басылым саналатын газет ұжымын Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтады. – «Ақ жол» газетінің мерейтойы бір өңірдің ғана емес, бұл қазақ баспасөзінің мерейлі белесі. «Aq jol» газеті еліміздегі ең байырғы басылымдардың бірі. Бұл басылымның ел өміріндегі тарихи рөлі зор. Басылым өзінің өткір де батыл мақалаларымен егемен елдің еңсесін тіктеді. Бүгінде уақыт талабына сай бұл газет жаңаша түрленіп, заман ағымына сай дамып келеді. Яғни, ғасырлық туын жаңа жетістіктермен, толайым табыстармен қарсы алып отыр. «Aq jol» газетінің баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер – 2020»…

Read More

Таразда Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, жамбылдықтардың мақтанышы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы тұлғаның ескерткішінің ашылуымен басталды. Салтанатты шараға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев, қоғам қайраткері, ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақұштап Бақтыгереева, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Нұрлан Оразалин, мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов, профессор, әдебиеттанушы Жанғара Дадебаев қатысты. Дархан Қыдырәлі баршаны айтулы оқиғамен құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. «Шерхан Мұртаза – саналы ғұмырын халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін дамытуға…

Read More

Жамбылдық полицейлер ауыр дәрежедегі интернет-алаяқтықтың 98%-ын анықтады. 2022 жылдың 9 айында облыс аумағында 165 интернет-алаяқтықтың дерегі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда -44,3%-ға төмендеген. Осы қылмыс түрінің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу шаралары жандандырылды. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде 2022 жылғы сегіз айда бұл қылмыс түрінің көрсеткіші едәуір төмендеді. Ауыр санаттағы интернет-алаяқтық қылмыстарын ашу дерегі бойынша республика көлемінде жоғары көрсеткішке қол жеткізіліп, 98%-ы ашылды. Жыл басынан бері осы қылмыс түрімен айналысқан 18 тұлға ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 9-ы басқа облыстардың (Алматы,Шымкент, Атырау, Қызылорда) тұрғындары екені анықталды. Сондай-ақ, айта кетерлік тағы бір жайт, интернет алаяқтықтың көпшілігі…

Read More

2022 жылдың 9 айында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол-техникалық инспекция қызметкерлері ұзындығы 13 мың шақырымнан асатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдарға 1782 тексеру жүргізді. Тексеру барысында облыстың автожолдарында 11602 ақау анықталды. Жол ұйымдарының басшыларына және жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жоюға 1782 нұсқама жіберілді. Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаев атап өткендей, автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз күтіп ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 250 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, Тұрар Рысқұлов және Шу аудандарының полиция бөлімі, сондай-ақ Тараз қ. ПБ берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 3-бөлімінің 462-бабына ауданның автожолдарын күтіп…

Read More

 Республика күніне орай, сондай – ақ жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Астана қаласы маңында орналасқан «Ақ қайың» орман тұқымбағының аумағына ағаш отырғызу бастамасымен шықты. Акцияға экология Министрлігінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, эковолонтерлер қатысты. Барлығы 100 адам 300-ден аса қарағай ағашын отырғызды.

Read More

Жамбыл облысында Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 8 қазанда сағат 02.45-те полицияға Жамбыл облысындағы «Бурный-Сұрым» өткелінде Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызының электрқондырғысында өрт болғаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы келіп, дереу өртенген вагонның екі жағын ағытып, 34 жолаушыны қауіпсіз вагондарға шығарды. «Пойыз бригадасымен бірлесіп, көлік полициясы патруль нарядының қызметкерлері Шамиль Керімбаев пен Ержан Майсупов жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, адам өміріне араша түсті», – делінген хабарламада. Бірлескен іс-шараның нәтижесінде жолаушылар зардап шеккен жоқ. Бұл дерек бойынша тергеу басталды.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленген болатын. Кешенді жоспар қант қызылшасының егіс алаңдарын кеңейту арқылы шикізат базасын ұлғайту, жаңа суармалы жерлерді іске қосу, суарудың су үнемдеу технологияларын енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту, қант қызылшасын қайта өңдеу бойынша зауыттардың қуаттылығын арттыру міндеттерін көздейді. Бүгінде осы бағыттар бойынша Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар қолға алынып, жоспарлы межелер белгіленуде. Аймақта тәтті түбір алқабы жыл сайын ұлғая түсіп, өнімділігі арту үстінде. Ағымдағы жылы қант қызылшасы 5,5 мың гектарға егілсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш екі есе артады деп күтілуде. Оған мемлекет тарапынан қолдау ретінде төленетін субсидия көлемінің 15…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Тараз қаласының №14 және №15 шағын ауданының мәселелері талқыланды. Жиында №14 шағын ауданының құрылысы бойынша жобаның 3 түрлі нұсқасы ұсынылды. Олар бұған дейін жүргізілген инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілілеріне сәйкестендірілгендігі айтылды. Ұсынылған жобалар бойынша жаңа ауданның аумағы 100 гектардан асады. Онда көпқабатты тұрғын үйлермен қатар, онкологиялық диспансерлік орталық, IT лицей-интернаты, көпбейінді аурухана, оңалту орталығы, саябақ салу және тағы басқа нысандардың құрылысы жоспарланған. Облыс әкімі жауаптыларға бірінші нұсқа бойынша жобаны жетілдіруді тапсырды. Жаңа шағын аудан коммерциялық аумақ ретінде қалыптасуына айрықша назар аудартты. Инфрақұрылымдық желілердің әлеуеті барынша ескеріліп, ирригациялық жүйелердің реттілігіне де баса ден қою керектігін…

Read More

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жомарт саяжайында бір отбасының төрт адамы көмірқышқыл газына уланып қаза болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1970 жылғы үй иесі мен оның үш ұлы ұйықтап жатып уланған. Бәрі қаза болды. Бұл уақытта марқұмның әйелі, балалардың анасы үйде болмаған. Ол түнгі ауысымда жұмыс істеп, таңертең үйіне оралғанда туғандарының денесін тапқан. Балалардың үлкені 13 жаста болса, екеуі 8 жаста. «Отбасы бұл саяжайға екі ай бұрын Тараз қаласынан көшіп келген. Қаза тапқандардың анасы 1973 жылы туған азамат Іле ауданындағы мектептердің бірінде аспаз болып жұмыс істейді. Қайғылы жағдай болған күні марқұм күйеуі таңғы сағат 5-те…

Read More

Руководителя отдела образования Жамбылского района управления образования Жамбылской области Рину Жумадилову уволили из-за скандала 2013 года. Рина Жумадилова работала директором средней школы имени Б. Тайшапулы в селе Орнек. 14 января 2013 года приказом и. о. начальника отдела образования акимата Жамбылского района Жамбылской области с ней расторгли трудовой договор по основанию, предусмотренному подпунктом 16 пункта 1 статьи 54 Трудового кодекса РК «за совершение преступления в организации образования в период работы в должности директора средней школы имени Б. Тайшапулы». Оказалось, что в период с 2010-го по 2011 год при проверке школы обнаружились несуществующие дети, которые учились соседнем ауле в другом районе. Во…

Read More

Меркі ауданында заңдылықтың, құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Алдымен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Чалдовар», «Сыпатай батыр», «Меркі теміржолы» бақылау пункттеріндегі шекаралық бақылаудың техникалық құралдарымен танысты. Одан кейін жиында оған қатысушылар заңсыз көші-қонның қарсы әсері, мемлекеттік шекара режимінің бұзылуын болдырмау, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. 2020-2021 жылдары және 2022 жылдың 7 айында облыс аумағында шетелдік азаматтардың қатысуымен 387 қылмыс жасалған. Биыл өткен 7 айда ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы (ҚР-ның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша 55 қылмыстық іс, осы заңның 394-бабы (көші-қонды заңсыз ұйымдастыру) бойынша…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов жылыту маусымына барлық дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін аяқталатынын айтты. Өңірде 9 негізгі жылу энергетика кәсіпорыны және 565 автономды қазандық бар. Олар 1 647 көпқабатты тұрғын үй, 782 білім, 388 денсаулық сақтау, 467 мәдениет, 81 спорт нысанын жылумен қамтамасыз етеді. Жалпы көлемі 1,117 млрд. теңгеге жылыту маусымына дайындық іс-шаралары жұмыс кестесіне сәйкес толығымен атқарылды. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген облыстағы 1 647 көппәтерлі тұрғын үйдің бүгінгі күнге жылыту маусымына дайындығы 98 пайызды құрайды. Бюджеттік ұйымдарды жалпы 65,3 мың тонна…

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда. Айта кетейік, бүгінге дейін облыстағы түрлі деңгейдегі әкімдер халықпен 820-дан астам кездесу өткізсе, оның 23-і облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған. Бүгін аймақ басшысы Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдады. Басқосуларға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Облыс әкімі алдымен Аса ауылдық округінің тұрғындармен кездесті. Нұржан Нұржігітов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру барысына тоқталды. Аймақ басшысы Жолдаудағы «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту»,…

Read More