Автор: admin

Қазақстанның әскери қызметшілері Халықаралық армия ойындарының үш сайысында жеңімпаз атанды. «Артиллериядан оқ ату шеберлері», «Тактикалық мерген» және «Меридиан» жарыстары аяқталып, олардың қорытындысы бойынша қазақстандық жауынгерлер көш бастап тұр, — деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz.  «Артиллериядан оқ ату шеберлері» Жамбыл облысындағы «Гвардейск» полигонында жекелей сайыс, түнгі спринт және эстафета кезеңдерінен тұратын байқау өтті. Бұл жарысқа Армения мен Қазақстан Қарулы күштерінің командалары көк түсті тартқыш техникада өнер көрсетті. Әзербайжан, Беларусь және Тәжікстан құрамаларына бөлінгені жасыл түс. Қызыл түсті техника Венесуэла мен Қырғызстан командаларына берілді. Ресей мен Зимбабвенің зеңбірекшілері тапсырмаларды сары техникада орындады.  Бірінші кезеңнің жеке жарысында біздің артиллеристер барлық тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Көрсетіш уақыты –…

Read More

Тәжбаев Ғазиз Серікұлы — Қостанай қаласының тумасы. Ресейдің Екатеринбурге қаласындағы теміржолшылар университетін тәмамдаған. 2021 жылдың күзінен Жамбыл облысы Гвардейск гарнизонындағы №12 танк бригадасында борышын өтеп жатыр. Ант қабылдау кезінде мыңдаған сарбаздар арасынан іріктеліп, офлайн/онлайн түрде ант берген. «Оқуда жүргенімде университет құрамасының атынан КВН ойнайтынмын, жолаушылар вагонында жолсерік болып жұмыс істейтінмін. Әскерде жүріп, өзімде айтарлықтай өзгерістерді байқаймын. Көптеген сарбаз мұнда біраз нәрсенің қадірін біледі: уақыт, тәртіп, қолжетімділік. Бұрындары әскер туралы ойым мүлде басқа еді, мұнда келген соң өзгеше екенін байқадым. Жас бала болып келіп, жігіт болып шығатын жер. Мен үшін әскер — ересек өмірге деген терезе болды. Әскери борышымды өтеп болған…

Read More

Лейтенант Фоменко Дмитрий Борисұлы. Арнайы барлау топ командирі. Есік қаласының тумасы, 1999 жылғы. Құрлық әскерлері институтын алтын белгімен тәмамдаған. Жас лейтенанттар жиынында үздік атанған, грамота және медаль иегері. «Барлаушылар жиындарының нәтижесінде тиімді тәжірибе алмасамыз. Қажетті нормативтерді орындаймыз. Арнайы жаттығулар, «барлаушы кедергілерінен» өтеміз, қарудан оқ атамыз. Сол себепті жиындардың маңызы өте зор. Әскери адам болу бала кездегі арманым еді. Әскерге дейін жеңіл атлетикамен шұғылдандым және кітап оқығанды жақсы көретінмін. Көптеген ғылыми және тарихи кітаптар оқыдым. Барлаушы болу үшін физикалық дайындығы, моральдық-психологиялық тұрғыдан мықты болу қажет. Қазіргі арманым — генерал болу және Арнайы операциялар күштері (ССО) құрамына ену», — дейді Дмитрий Фоменко.…

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда. Бүгінге дейін облыс бойынша 610 кездесу өтсе, оның 20-сы аймақ басшысының қатысуымен ұйымдастырылған. Бұл жолы облыс әкімі Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты. Алдымен Билікөл ауылдық округінің орталығы Қарабастау ауылындағы Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездескен Нұржан Нұржігітов сан сауалға жауап беріп, мәселелелерді шешу бойынша жоспарлы шараларға тоқталды. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер Лесбек Түгелбайұлы өздерінің аудан орталығынан алшақ орналасқандықтарын, талай жылдан бері бұл ауылға облыс әкімі алғаш рет келіп тұрғанын…

Read More

2022 жылдың 17 тамызында Меркі ауданы полиция қызметкерлерімен «Қарасора-2022» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында осы ауданның құмды алқаптарының бiрiнен 27 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Тiнту кезінде күдіктінiң сөмкесінен 6 келi 520 гр кептiрiлмеген марихуана есірткі заты тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бапқа сәйкес 3 жылдан 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жалпы, «Қарасора-2022» iс-шарасы аясында Меркі ауданы полиция қызметкерлерімен 15 қылмыстық іс ашылған.

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданында өткен “Егінжай күні — 2022” семинарына қатысты. Тәжірибе алмасу мақсатында «Qyzylsha» ЖШС-нің егістік алқабында ұйымдастырылған шараға барлық ауданның әкімдері мен олардың ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін орынбасарлары, елімізге белгілі ғалымдар, арнайы мамандар шақырылған. Қонақтар  алдымен аванкамерамен және  «Келет» компаниясының насос қондырғыларымен, техника, тыңайтқыш, пестицид пен тұқым көрмесімен, «Qyzylsha» ЖШС-нің қант қызылшасы, картоп, дәндік жүгері, мақсары және «Шығын» ШҚ-ның пияз алқабымен танысты. Сондай-ақ,  «Volmant» компаниясының су үнемдеуге негізделген «Valley» қондырғыларын көрді. Семинар барысында еліміздің әр өңірінен келген он бес компания 30-ға жуық ауыл шаруашылығы техникасын және жабдық түрлерін көпшілік назарына ұсынды. Жиынның ашылуында аймақ…

Read More

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы лауазымына полковник Зейнелов Нурбол Қуантқанұлы тағайындалды. 1974 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген, үйленген, 3 баласы бар білімі – жоғарғы, мамандығы «Құқықтану» әскери қызметте 1997 жылдан бастап 2011-2016 жылдар аралығында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және шақыру басқармасының бастығы 2016-2017 жылдар аралығында Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және шақыру басқармасының бастығы 2017-2018 жылдар аралығында Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының…

Read More

Патрульдік Полиция батальоны қызметкерлерімен қала аумағын патрульдеу кезінде жолда жүру ережесін бұзған «BMW» маркалы автокөлігі тоқтатылған. Автокөлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында көлікті Тараз қаласының 17 жастағы тұрғыны тізгіндегені анықталды. Толық мән-жайды білу үшін жасөспірімнің ата-анасы полиция бөліміне шақыртылды. Жасы кәмелетке толмаған жасөспірімге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен (көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 61260 теңге көлемінде айыппұл салынды. Еске сала кетейік, Республика аумағында 18 шілдеден бастап «Қауіпсіз жол» айлығы жүргізілуде.

Read More

Ағымдағы жылдың 14 тамызында таңғы сағат 6:30 шамасында Тараз қаласы Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан мөлтек аудандардың біріндегi тұрақтан «ВАЗ» маркалы автокөлігінің жоғалғандығы туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Байзақ ауданының 33- жастағы тұрғыны анықталды. Күдікті қала аумағында Ресей мемлекеттік тіркеуінде тұрған аталған маркадағы автокөліктердi түнгі мезгілде ұрлап, басқа облыс тұрғындарына төмен бағада сатып отырған. Бүгінгі күнге дейін 13 автокөлікті ұрлаған. Күдікті толығымен өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1- тармағымен (автомобильді құқыққа сыйымсыз иемденіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жамбыл облысы Полиция департаменті осыған ұқсас ұрлықтың…

Read More

Жамбылдық полицейлер алғашқы дозадан-ақ тәуелділікке әкеп соғатын есірткінің ең ауыр түрлерінің бірі героин сатумен айналысқан күдіктіні ұстаған бейнежазбаны жариялады. Күдікті ұзақ уақыт бойы облыс орталығының аумағында аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын өткізумен айналысқан. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында үйінен жалпы салмағы 10 грамм «героин» табылып, тәркіленді. Жедел-іздестіру шаралары  Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ҚР Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің «Бүркіт»  арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесе «Қарасора-2022» республикалық іс-шарасы  аясында өткізілді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жарнама үшін: 87088002208 (@tarazy.kz) Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. — Қазіргі…

Read More