Автор: admin

Жыл басынан бері Жамбыл облысының аумағында 853 жол-көлік оқиғасы орын алды. 141 адам қаза тапты.  Статистикалық талдау көрсеткендей, ЖКО-ның 98 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болған. Негізгі себептер — жылдамдық режимінің асып кетуі және көлік жүргізу кезінде ұйықтап кету, қарсы жолға шығу жағдайлары болуда. Жамбылдық полицейлер жүргізушілердің назарын осы мәселеге ерекше аударып, «шок терапиясы»акциясын өткізді. Тараз көшелерімен және республикалық автожолдарда апаттан зақымдалған автокөлігі бар эвакуатор жүріп өтті. Көліктің төбесінде өлім бейнесіндегi кейіпкер болып, тәртіп пен жүргізушілердің жауапсыздығы қайғылы нәтижеге әкелетінін ескерттi. Эвакуатор жол полициясы экипажының сүйемелдеуімен сағатына 20 шақырым қауіпсіз жылдамдықпен жүрді. Осылайша, полиция автокөлік иелерін көлік жүргізу кезінде сергек болуға шақырды.…

Read More

С начала года на территории Жамбылской области произошло 853 ДТП. Погиб 141 человек.  Статистический анализ показывает, что 98 процентов ДТП произошли по вине водителей. Основными причинами являются превышение скоростного режима и сон за рулем, выезд на встречную полосу. Жамбылские полицейские решили обратить внимание водителей на эту проблему необычным способом и провели акцию «Шоковая терапия». По улицам Тараза и республиканской трассе проехал эвакуатор с разбитым в ДТП автомобилем. На крыше автомобиля стояла смерть с косой напоминая о том, что низкая дисциплина и безответственность водителей все чаще приводят к печальному исходу. Эвакуатор двигался с безопасной скоростью 20 километров в час в сопровождении…

Read More

Тараз қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығына сағат 23:50 шамасында Жуалы ауданының тұрғынынан 11 және 12 жастағы балаларының үйден шығып, қайта оралмағандығы жайлы хабарлама келіп түскен. Аталған дерек бойынша Полиция басқармасының жеке құрамы және ерікті азаматтардың қатысуымен қала аумағындағы саябақтар, қараусыз қалған ғимараттар, базарлар мен жасөспірімдердің баруы мүмкін деген жерлердің барлығы жіті тексерілді. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің тәулік бойы жүргізген  іздестіру жұмыстарының нәтижесінде таңғы 07:20 шамасында қала iшiнде орналасқан көпірдің бірінің астынан ұйықтап жатқан жасөспірімдер табылды. Қазіргі таңда балалар аман-есен ата-анасына табысталды. Олармен арнайы психолог мамандар профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Жалпы, талдау нәтижелеріне сәйкес, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Жамбыл облысы…

Read More

Тараз қаласы Полиция басқармасына 31 жастағы қала тұрғыны хабарласып, мөлтек аудандардың бірінде кешкі сағат 21:00 шамасында велосипедiнiң ұрланғандығы туралы арызданды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 60 мың теңгені құрайды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 29 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктінiң айтуынша, ол ұрланған велосипедті сатып, ақшасына алкогольдік ішімдік алмақшы болған. Ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша велосипед ұрлығының 65 дерегі тiркелiп, қазіргі уақытта оның 54-i ашылды. Негізінен велосипед ұрлау дерегi көпқабатты үйлердің кiреберiстерiнде, дүкендер мен супермаркеттердің жанында орын алуда. Құрметті, тұрғындар!…

Read More

Жамбыл облысы тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «12 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаров алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, оған 45 миллион теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», — делінген хабарламада. Айта кетейік, Джапаров 2020 жылдың қыркүйегінде субсидия төлеу заңдылығы бойынша оңтайлы аудиторлық есеп беруге ықпал еткені үшін кәсіпкерден 3 миллион теңге алған болатын.

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Аймақ басшысы алдымен Тамды ауылдық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуде Тамды ауылдық округінің әкімі Рауан Асқаров жыл басынан бері ауылда іске асқан ілкімді жобалар жайында, ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады. Бұдан соң тұрғындар аймақ басшысына ауылда қордаланған мәселелерді шешу бойынша өтініштерін жеткізді. Ауылдықтарды негізінен су каналын жөндеуден өткізу, күрес залы мен балабақша салу, жол жөндеу мәселелері алаңдататыны белгілі болды. Облыс әкімі барлық сұрақтарға…

Read More

Жамбыл облысының орталығында сенбі күні таңертең мемлекеттік қайраткер Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президенті Болат Қажыақбар, Эльдар Қонаев, Диар Қонаев, Асанәлі Әшімов және қаланың құрметті азаматтары қатысты. Дінмұхамед Қонаев Қазақстан Компартиясы ОК-тің Бірінші хатшысы (1960-1962 және 1964-1986 жылдары), КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі (1971-1987 жылдары), үш рет Социалистік Еңбек Ері атағын алған (1972, 1976 және 1982 жылдары). Сурет: Болат Қажыақбар

Read More

Жамбылдық полицейлер ұрланған қаруларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын үздіксіз жүргізуде. Мәселен, ПД КПБ қызметкерлері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, Тараз қаласында орналасқан зират аумағынан қара түсті полиэтилен пакетін тапты, нәтижесінде 2 тапанша, 1 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 17 патрон және бронежилеттің 1 темір қалқаны тәркіленді. Сондай-ақ, 2022 жылғы 4 тамызда ПД КПБ қызметкерлері УЖД 158/1 қызметкерлерімен бірлесіп, Жамбыл ауданының аумағынан ақ түсті полиэтилен пакетін тапты. Оның ішінен ПД-дан ұрланған 1 автомат, 1 қос ауызды тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. 2022 жылғы 8 тамызда облыс орталығы аумағында тас үйіндісінің астынан көк түсті қап табылып, оның ішіндегі 1 тапанша, 1 тегіс ұңғылы аңшы…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы алдымен Үшарал ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты. Амбулаторияға қарасты Арал, Қайыр ауылдық медпунктері жұмыс істейді десек, онда 2 дәрігер мен 10 мейірбике еңбек етеді. Жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын «НИК-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Стандартқа сай нысан газ, су, жарықпен қамтылған. Президент тапсырмасына сәйкес бүгінде Жамбыл облысында медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда. Облыстың даму жоспары бойынша 2025 жылға дейін өңірде дәл осындай 60 нысан салу көзделген. Кезең-кезеңімен іске асатын ол жобалардың биыл жиырмасы пайдалануға берілмек. — Облыста 367 ауылдық елдімекен болса, қазір…

Read More

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету айлығын өткізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері республикалық және аудандық маңызы бар жолдарды күшейтілген режимде патрульдеуде. Сарысу ауданында айлық барысында «Нива» маркалы көлікті мас күйінде басқарған Жаңатас қаласының 57 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, жол қозғалысы ережесін өрескел бұза отырып қашып кетуге тырысқан. — Сондай-ақ, бұрын күдіктінің сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оған сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, — деді…

Read More