Автор: admin

Жамбыл облысы Полиция департаментінің «Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғ.Байтасов» атындағы оқу-жаттығу полигонында ПД қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыс өткізілді. Жарысқа ПД бөліністерінен және аудандық полиция бөлімдерінен барлығы 19 команда, 66 қызметкер қатысты. Мергендіктерi сынға түскен сайыста үздік өнер көрсеткен Байзақ ауданының полиция бөлімі командалық бірінші орынды иеленсе, екінші орын ПД Кадр саясаты басқармасына бұйырды. Ал үшінші орынды Тараз қ. Полиция басқармасы иеленді. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде әйелдер арасында ПМ-2 жаттығуында 1-орынды ПД Оқу-жаттығу взводының инспекторы полиция майоры Айжан Ракишева, 2-орынды ПД Кадр саясаты басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Гүлмира Қойшыбаева, 3-орынды Жуалы аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Меруерт…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, жай-күйімен танысты. Аймақ басшысы алдымен «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің панелді тұрғын үйлер құрылысы комбинатында болып, жұмысына қанықты. Кәсіпорын темір-бетон бұйымдарын, нақтырақ айтқанда су шаруашылығына қажетті каналдар, көпірлер, мелиоративтік лотоктар мен жеке құрылыс жүргізуге және қабырға панелдерін, арақабырғалар (перегордки) шығарумен айналысады. Комбинат базасында өткен шағын кеңесте «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің әлеуетін кеңінен пайдалану, панелді технологиясының тиімділігі мен мүмкіндігін мектеп салуда да қолданып көруге ұсыныстар айтылып, жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді. Бұдан соң облыс әкімі Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжіне барды. Оқу ордасының қызметімен, педагог құрам мен студенттердің жетістігімен танысты. Колледж ғимаратының А корпусы сонау 1920…

Read More

Биыл 19 шілдесі мен 18 тамызы аралығында Жамбыл облысы аумағында “Қауіпсіз жол» айлығы жүргiзiлуде. Осыған орай, Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі алаңында жол қозғалысы тәртібін сақтау үшін жұмылдырылатын полиция қызметтері мен бөліністерінің саптық жиыны өтті. Аталмыш жиында департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ербол Тайбеков жол қауіпсіздігін сақтау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру кезіндегi негізгі ережелер туралы жеке құрамға нұсқаулық өткізді. Жалпы, «Қауіпсіз жол» айлығының мақсаты – жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің назарын жол ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару болып табылады. Полиция қызметкерлері акция басталғалы 17 713 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады. Мас күйінде көлік құралын басқарған 63 жүргізуші…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалінің қатысушыларымен кездесті. Аймақ басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығына тоқталып, оның тарихы терең Тараз төрінде өтуі үлкен мәртебе екендігін атап өтті. — Тәуелсіздік жылдары қаншама қандас бауырларымыз елге, Отанға оралып, мемлекет қамқорлығына алынды. Оның 79,3 мыңы біздің облысқа қоңыстанды. Ағымдағы жылдың өзінде өңірге қоныс аударған 350 отбасының 474 адамына қандас мәртебесі берілді. Бүгінде сырттағы ағайын-бауырлармен мәдени-рухани байланыстарды жандандырудың түрлі жолдары қалыптасуда. Оның бір дәлелі – өздеріңіз қатысқалы отырған «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі. Фестивальге әлемнің 9 елінен 35 өнерпаз бауырымыз қатысуда. Былтыр аталған фестиваль Кереку жерінде ұйымдастырылса, биыл Әулиеата…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте кірістерді қалыптастыру мәселесі қаралды. Жиында 2022-2023 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірістерін ұлғайту, қосымша резервтерді қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жоспарының орындалу барысы талқыланды. Алғашқы болып сөз алған ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Уалихан Әлібеков ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы бойынша бюджеттің кірістері туралы баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың алты айының қорытындысына сәйкес рейтингтік көрсеткіштерді (10 индикатор) жүргізу кезінде Жамбыл облысы Республикадағы өңірлер арасында жалпы 77,44 баллмен екінші орынға тұрақтаған. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуы 117,6 пайызды, республикалық бюджет 102,6 пайызды, ал жергілікті бюджет жоспарының…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен Шу қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Шағын қаланың шырайын кіргізіп, болашағын жарқын ету мақсатындағы жасалып жатқан бүгінгі қадамдар мен жүйеленуі тиіс жұмыстар зерделенген жиында аудан әкімі Сәкен Арубаев баяндама жасады. 38 230 тұрғыны бар Шу қаласы 8 алқаптан тұрады. Тұрғындарға «Темір жол су» ЖШС және «Ауыз су» кәсіпорны ауыз су жеткізумен айналысады. Аудан әкімінің мәліметіне сай қала тұрғындарының 70 пайызы таза ауыз суға қол жеткізген. «Ендігі кезекте «Қант зауыты», «Жанкулиев», «Жайсан», «Горгаз» аталатын 4 тұрғын алқабын ауыз сумен қамту қажет. Биылға «Қант зауыты» тұрғын алқабына қаржы бөлініп, мердігер анықталуда, нысан келесі жылға…

Read More

Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар инвесторлардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды, — деп хабарлайды Тarazy.kz порталы. Нақтырақ айтсақ, «Korcem» ЖШС бас директоры Станислав Щербаков «Жамбыл облысы Қордай ауданында жылдық қуаттылығы 1,2 миллион тонна цемент зауытының құрылысын жүзеге асыру жобасымен таныстырды. Ал, «НұрХим» ЖШС директоры Нұржамал Нұрманалиева аралас кешенді минералды тыңайтқыштар және киім тігін бұйымдары өндірісінде, «Qazaq Soda» ЖШС бас директоры Ибраимов Рамазан кальцийлендірілген сода өндіру зауытының құрылысына қатысты мәселелерге назар аудартты. Аймақ басшысы аталған жобалар жүзеге асқанда ашылатын жұмыс орны, өндірілетін өнім көлемі және оның өткеру нарығы, түсетін инвестициялардың ауықымына айрықша көңіл бөлді. Нұржан…

Read More

Жамбыл облысының Гвардейск полигонында минаатқыш есептоптар арасында Халықаралық әскери ойындар шеңберінде өтетін сайысқа қатысушы командалар қазақстандықтар тарапы дайындаған әскери техниканы қабылдады. Сайысқа жарамды техника, толық тексеруден өткен МТЛБ (жеңіл брондалған көп мақсатты тартқыштар) конкурсқа қатысушылар арасында жеребе тастау арқылы бөлінді. Нәтижесінде Армения мен Қазақстан Қарулы күштерінің командалары көк түсті тартқыш техникада өнер көрсетеді. Әзербайжан, Беларусь және Тәжікстан құрамаларына бөлінгені жасыл түсті. Қызыл түсті техника Венесуэла мен Қырғызстан командаларына берілді. Ресей мен Зимбабвенің зеңбірекшілері тапсырмаларды сары техникада орындайды.  Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Әскери медиа (@as_media2022) Бөлінген техниканың жай-күйіне қатысушы елдер өкілдерінің шағымдары жоқ. – Техниканың бәрінің күй жақсы,…

Read More

Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғындарынан алаяқтық дерегі бойынша арыз түсті. Олар пәтер алу үшін кезекті алдына жылжытып беремін деп айтқан азаматшаға сеніп, қомақты қаражат ұсынған. Азаматша қала тұрғындарынан қажетті соманы алған соң мүлдем байланысқа шықпай, ақшаны өз қажеттілігіне жаратып отырған. Келтірілген шығын сомасы 14 миллион 95 мың теңгені құрайды. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін қауіпсіздік шараларын естен…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды. Алғашқы болып сөз алған энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев қысқы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, зерделеулер кезінде орталық және автономды қазандықтар мен әлеуметтік нысандардың дайындығы, техникалық жай-күйлері, негізгі және резервтік отын қорларымен қамту мәселелері бойынша бірқатар кемшіліктер анықталған. Бүгінде оларды реттеу үшін тиісті тапсырмалар беріліп, жұмыстар жүргізілуде. Басқарма басшысы штабтың жұмыс тобымен қыркүйек айынан бастап аталған жұмыстардың орындалуы зерделенетіндігін жеткізді. Облыс әкімі қазандықтарды дайындыққа келтіру жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс екендігін ескертті. Сондай-ақ, тұрғындар көмір тапшылығы және баға…

Read More