Автор: admin

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен КАЛЕНДЕРОВ НҰРЖАН СӘБИТҰЛЫ Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Нұржан Сәбитұлы 1976 жылы Тараз қаласында туған. Ол 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған. Әр жылдары Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Тараз қалалық бөлімшесінде аға маман, Жамбыл облыстық бөлімшесінде бас маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, облыс әкімдігінің қаржы басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған. 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданының әкімі, 2013 жылдың маусым-желтоқсан аралығы Қордай…

Read More

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов Меркі ауданына іссапармен барып, ондағы бірқатар өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Алдымен Аспара ауылында болған аймақ басшысы елді мекендегі 220 орынды №2 мектептің жағдайын көрді. Ертеректе жатақхана болып, кейінірек білім ордасына айналған оқу ошағында қазір екі ауысымда 300-ге жуық бала білім алуда. Бұған қосымша, мектептің бір бөлігінде 50 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектеп директоры Бауыржан Мамырбаевтың айтуынша, іргетасы 1986 жылы қаланған ғимараттың орнына 150 орындық жаңа мектеп бой көтерсе, бұл нысан болашақта балабақша ретінде пайдаланылмақ. Келесі кезекте Нұржан Нұржігітов Ақермен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ауылдықтар көкейлеріндегі өзекті сауалдарын жолдап, жауаптар алды. — Облыс аумағындағы барлық елді мекендерге,…

Read More

Ағымдағы жылдың 7 тамызында Жамбыл облысының Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қордай ауылының көшесінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, аспанға қарумен оқ атқан автокөлік жүргізушілерін анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Олардың барлығына әкімшілік жаза тағайындалып, автокөліктері айып тұрағына қойылды. Атап айтқанда, «Lexus 570» маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігімен, мемлекеттік нөмірсіз жүргені үшін 590-баптың 2-бөлігімен және 590-баптың 10-бөлігімен (алдыңғы терезесіне перде салу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы автокөліктің алдыңғы жолаушысы отыратын орнынан қарумен жоғарыға оқ атқаны үшін 21 жасар ауыл тұрғыны ҚР ӘҚБтК 436-бабының 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылып, тіркелген аңшы мылтығы…

Read More

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мұнай өнімдерін шетелге экспорттаудың көлеңкелі схемаларын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Осы бағытта Департамент жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде жан-жақты тексерулер жүргізуде. Бүгінгі танда жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, басқа мұнай өнімдерін атын жамылып, жанар-жағармай материалдарын экспорттау деректері анықталды. Кейбір жағдайларда жосықсыз кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан. Құрметті азаматтар мен кәсіпкерлер! Егер Сіз жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету деректері туралы хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректерге тап болсаңыз, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментке тәулік бойы…

Read More

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Таразда есірткі таратқан 25 және 19 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту кезінде күдіктілерден таратуға дайындалған және 15 пакетке салынған мефедрон алынды. Олардың әлеуметтік желілердегі хат-хабарларын зерттеу кезінде есірткіге бетбелгі қойылғаны анықталды.  Полицейлер есірткіні тұтынушыға жібермеу, бетбелгілерді іздеу және жою үшін шұғыл шаралар қабылдады. Сондай — ақ «клиенттермен» хат алмасуда көрсетілген геометрия бойынша полиция қызметкерлері Таразда және оның маңында салынған бетбелгілерді алты сағат ішінде жойды. Іздеу әрекеті соңғы бетбелгі орнын пысықтағаннан кейін түнде аяқталды. Нәтижесінде мефедронның 29 бетбелгісі анықталып, дәлел ретінде қосылды. Екі есірткі сатушыны ұстау нәтижелері бойынша барлығы мефедронмен 44…

Read More

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Баймурзин Арманбек Хакимбекұлы жеке құрамға өзінің орынбасарын таныстырды. ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Мұратұлы Ахметжановтың 05.08.2022 жылғы № 417 ж/қ бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Қасенов Нұрғали Нұрсоветұлы тағайындалды. Нұрғали Қасенов 1972 жылы Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызмет жолын 1997 жылы Тараз қаласы 1-ПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы лауазымынан бастаған. Сондай-ақ түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс жасаған және кадр саясаты, қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қызметтерінде тәжірибесі мол қызметкер. Қазіргі уақытқа дейін ҚР ІІМ Штаб-департаментінің бақылау және жоспарлау басқармасының бастығы…

Read More

Тараз қаласының Полиция басқармасына 41 жастағы қала тұрғыны хабарласып, бейтаныс ер азаматқа алданып қалғанын айтты. Азаматшаның айтуынша, ол танысына қатысты жүргізіліп жатқан қылмыстық іске көмек көрсету үшін заңды өкілі есебінде қорғаушы жалдайды. Соттың өндірісіндегі іске көмек көрсету үшін оған сұрауы бойынша 500 000 теңге ақша береді. Бірнеше күн аралығында істің мән-жайын толық анықтап, мәселені шешу үшін тағы 100 000 теңге жіберуін сұрайды. Өзін қорғаушымын деп таныстырған азамат қомақты қаражатты алған соң байланысқа шықпай, оның алдап кеткендігі белгілі болады. Жедел іздестіру шаралары барысында Тараз қ. Полиция басқармасының тергеу тобымен облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі…

Read More

На прошедшем под председательством акима Жамбылской области Нуржана Нуржигитова совещании были всесторонне проанализированы вопросы контроля за ценами на продуктовые товары, мониторинговой работы, обеспечения социальных магазинов, готовности хранилищ, — передает Тarazy.kz.   – Главное требование – усилить работу по стабилизации цен на социально значимые товары. Для этого у нас приняты необходимые меры, подготовлен план. Да и потенциала достаточно, чтобы проводить эту работу на должном уровне. И тем не менее мы не можем сказать, что деятельность ответственных за этот процесс лиц удовлетворительна, – дал свою оценку аким области и поинтересовался ходом выполнения данных ранее поручений. Руководитель управления сельского хозяйства доложил о текущем…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік тауарларының бағаларын бақылау, мониторинг жұмыстары, әлеуметтік дүкендердің қамтылуы, сақтау қоймаларының дайындық барысы туралы жан-жақты сараланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық. — Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылауда ұстау, тұрақтандыру жұмыстары – басты талап. Ол үшін бізде қажетті шаралар қабылданып, жоспар әзірленген. Бұл тұрғыда әлеуетіміз де жеткілікті. Дегенмен, осы орайдағы жауаптылардың жұмыстары ойдағыдай дей алмаймыз,-деген облыс әкімі бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын сұрады. Жиында сөз алған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Көкөніс сақтау қоймаларының ағымдағы жағдайы және шаруашылықтармен жасалған форвардтық келісім шарттар жөнінде баяндады. Облыс әкімінің шаруашылықтармен сауда орындары арасында делдалсыз өнімді өткеру жөніндегі…

Read More

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Құрметті тараздықтар, қадірлі жерлестер! Міндеттің басталатыны сияқты, аяқталатын да кезеңі болады. Ол — заңдылық. Сондықтан мен өзімнің Жамбыл жеріндегі қызметімді тоқтатып, тағы бір өмір белесінен өттім», — деп жазды Ержан Жылқыбаев. Ол 1 жылдан аса облыс әкімінің орынбасары ретінде 9 басқармаға жетекшілік еткенін, ал былтыр наурыздан бастап Тараз қаласының әкімі болып тағайындалғанын айтты. «400 мыңнан аса тұрғыны бар облыс орталығына басшы болу — халықтың әл-ауқатын жақсарту, сан-салаға серпін беру, қаланы көркейту, халық сенімінен шығу сияқты міндеттерді жүктеді. (…) Баршаңызға алғыс білдіремін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш…

Read More