Автор: admin

Жұмыстары сапасыз әрі бекітілген кестеден кешіккен мердігерлер үшін шара қолдануда ешқандай сылтау қабылданбайды. Облыстағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларындағы нысандардың күрделі жөндеу жұмыстарының барысы қаралған жиында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов осылай деді. Басқосуда білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов биыл 17 мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатқанын жеткізді. 11 мектептегі күрделі жөндеу бекітілген кестеге сәйкес аяқталады деп күтілуде десек, 3 мектептегі жұмыстар кешігуде. Ал, екі мектептің мердігерлері кеш анықталуына байланысты тапсыру мерзімі қараша айына жоспарланған. Бір мектептің жөндеу жұмыстары келер жылға өтпелі болып табылады. Сол секілді биыл денсаулық сақтау саласындағы 8, мәдениетте 6, спорттық 1 нысанның күрделі жұмыстары жоспарланған.…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында халықаралық даму банктері арқылы құрылысы жүргізіліп жатқан каналдардың жайы қаралды. Жиынға ҚР Экология, геология жне табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Нұржан Алдамжаров, «Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасов қатысты. Аймақ басшысы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы (ИДЖЖ-2) аясында өңірде біршама жұмыстардың қолға алынғандығын айтып, жауаптылардан сол шаралардың барысы туралы сұрады. «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының директоры Қазыбек Бедебаев су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады. — Қазір алқапқа су беру бағытындағы жұмыстар жоспарлы жүзеге асуда. Халықаралық даму банктері арқылы қазіргі кезде 6 мердігер жұмыс істеуде. Аудандардағы каналдар, ұңғымалар…

Read More

Қарағанды және Ұлытау облыстарында жастарға 1 миллион теңге көлемінде грант беріледі 2022 жылы «Zhas project» жобасы пилоттық режимде еліміздің Алматы, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жүзеге асырылуда. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қарағанды және Ұлытау облыстарында «Zhas project» жобасын іске қосты. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бірлесіп жасалуда. Жоба аясында Қарағанды және Ұлытау облыстарының жастарына сомасы 1 миллион теңге көлеміндегі 63 жобаға қолдау көрсетіледі. Мақсаты – жастарды елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өміріне кеңінен тарту, жұмыспен қамту, сондай-ақ, әлеуметтік осал топтардағы жастарды қолдау. Жобаға 18 және 28 жас…

Read More

Республиканское общественное объединение «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан» запустило проект «Zhas project» в Карагандинской и Улытауской областях. Проект реализуется совместно при поддержке Министерства информации и общественного развития РК и НАО «Центр поддержки гражданских инициатив». В рамках проекта будет поддержано 63 проекта на сумму 1 миллион тенге для молодежи Карагандинской и Улытауской областях. Цель проекта – широкое вовлечение молодежи в социально-экономическую жизнь населенных пунктов, обеспечение занятости, а также поддержка молодежи из социально уязвимых слоев населения. В проекте могут принять участие молодые люди в возрасте от 18 до 28 лет. Особый приоритет будет отдан уязвимым слоям молодежи. То есть это, имеющая статус…

Read More

Қарағанды және Ұлытау облыстарының жастарына 1 миллион теңге көлемінде грант беріледі, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасованың айтуынша, жоба аясында сомасы 1 миллион теңге көлеміндегі 63 жобаға қолдау көрсетіледі. «Біздің ұйым Қарағанды және Ұлытау облыстарында «Zhas project» жобасын іске қосты. Мақсатымыз жастарды елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өміріне кеңінен тарту, жұмыспен қамту, сондай-ақ, әлеуметтік осал топтардағы жастарды қолдау. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бірлесіп атқарады», — дейді Динара Сәдуақасова. Ұйым басшысының айтуынша, жобаға 18 және…

Read More

«Қарасора-2022» жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп,  елді мекенге  жақын құмды аймақта қарасора жинаумен айналысқан Тасөткел ауылының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде шабылып, кептіруге қойылған, салмағы шамамен 69 келі қарасора есірткі заты табылды. Тиісті сараптамалық қорытынды алынды. Күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жарнама үшін: 87088002208 (@tarazy.kz) Аталған дерекке қатысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296- бабы 4- бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. — Өткізу мақсатында есірткі құралдарын жинау бойынша айыбы дәлелденген жағдайда, күдікті…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басшылығымен кездесуінде несиелендірудің тетіктері және өңірдегі ауқымды жобалар туралы айтылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. Басқосуда Еуропа қайта құру және даму банкінің тұрақты инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Бахтиёр Файзиев банктің елдегі үлесіне тоқталды. Еуропа қайта құру және даму банкі энергетика және тұрғын-үй, табиғи ресурстар, телекоммуникация, өндіріс, қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік, туризм, сауда, агробизнес сынды экономиканың негізгі секторларына қолдау көрсетуде. Соның ішінде жалпы қаржының 51 пайызы инфрақұрылымға 18 пайызы табиғи ресурстар және 17 пайызы энергетика саласына аударылған. Банк елдегі жетекші салаларға бас аяғы 295 келісім шарт жасаса, оның жалпы…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте облыстағы азық-түлік сақтау қоймаларының дайындығы және әлеуметтік дүкендерді азық-түлікпен қамту мәселелері қаралды, — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. Оның айтуынша, облыстағы жалпы сыйымдылығы 255,9 мың тоннаны құрайтын 236 сақтау қоймасының 81-і мұздатқышпен жабдықталған (47,2 мың тн). Ал, облыс бойынша мерзімаралық кезеңде (4 ай.  қаңтар-сәуір)  мұздатқышы бар қоймалардың қажеттілігі 57,7 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда Мойынқұм және Талас аудандарында бірде-бір көкөніс сақтау қоймалары жоқ десек, Шу және Сарысу аудандарында мұздатқышпен жабдықталған қоймалар салынбаған. — Облыста биылғы жылы 2,2 млн. тоннаға жуық негізгі және сұранысы жоғары жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру көзделуде. Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төралығымен өткен кеңесте балық шаруашылығын дамыту, күл-қоқысты жинақтау, сұрыптау және өңдеу мәселелері талқыланды. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Айбар Әділбақов күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс аумағында 142 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі бар. Бүгінгі күнде 78 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары 69 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Дегенмен, 64 балық шаруашылығы су айдындары әлі күнге бос тұр. Бұлар жыл соңына дейін Шу-Талас облысаралық балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп бекітіліп берілетін болады.…

Read More

Жамбыл облысының балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасы сәйкес облыста 2025 жылы тауарлы балық аулау көлемін 3000 тоннаға, 2030 жылы 8000 тоннаға жеткізу көзделген, — деп хабарлайды Tarazy.kz порталы. Ал, ағымдағы жылы облысымыздың аумағындағы су айдындарында 464,3 тонна тауарлы балық өндіру жоспарланып отыр. Бұл жайында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төралығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында балық шаруашылығын дамыту, күл-қоқысты жинақтау, сұрыптау және өңдеу мәселелері талқыланды. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Айбар Әділбақов күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс аумағында 142 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және республикалық маңызы…

Read More