Автор: admin

Ағымдағы жылдың алты айында Жамбыл облысында экономиканың барлық салаларында оң динамика қалыптасқан. Оған Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы тапсырмаларды өңірімізде тиімді іске асырудың нәтижесінде қол жетіп отыр. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде жан-жақты айтылды, — деп хабарлайды Тarazy.kz ақпарат агенттігі. Биыл бірінші тоқсанда жалпы өңірлік өнім 463,1 миллиард теңгені құрап, 5 пайызға артқан. Ал, алғашқы жарты жылдықта экономикалық өсім 104,1 пайызды құраған. Сол секілді өнеркәсіп — 108,1 пайыз, ауыл шаруашылығы — 102, құрылыс — 105,7, тұрғын үй көлемі 103,7, сауда – 105,3, байланыс — 101,9 пайыз деңгейінде қалыптасты. 155,8 иллиард теңге инвестиция…

Read More

Республикалық және жергілікті жобалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, ауылдардағы мәселелерді кешенді түрде шешуге күш салу керек. Тараз қаласы және аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысқан кеңесте Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов осылай деді. Басқосуда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова алдағы жылға арналған бюджет, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы, «Асарлатып үй салу», тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобаларының орындалу барысы туралы баяндады. Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жобасы қазіргі таңда 14 ауылдық окрукте іске асуда десек, ағымдағы жылы тағы 10 ауылдық округке қаржы бөлу қарастырылуда. Облыс әкімі «Ауыл-Ел бесігі» жобасының талаптарына сәйкес ағымдағы жылы пилоттық жоба…

Read More

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілі Таразда колонияда зардап шеккен қызметкерлердің жағдайы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомство мәліметінше, 1 тамызда сағат 8.39-да жедел жәрдем станциясына ҚАЖ департаментінің ТЖ-158/7 мекемесінен қоңырау түскен. Мекемеге екі жедел жәрдем бригадасы барған. Мекеменің медицина қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсеткен. Кейін олар облыстық ауруханаларға жеткізілген. «Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр. Олар шұғыл түрде Тараз қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оларға бірден ота жасады, — деді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен екі адамның жағдайы орташа, біреуі тұрақты екенін атап өтті. Еске салайық, 1 тамызда сотталушы…

Read More

Жамбыл облысының аумағында балықтың уылдырық шашу кезеңінде браконьерлік деректерін болдырмау және оның жолын кесуге, сондай-ақ балық пен балық ресурстарын заңсыз аулауға, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алуға және анықтауға бағытталған «Уылдырық» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жамбыл ауданының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Билікөл көлінде орын алған браконьерлік дерегін анықтады. Электр тогының көмегімен балықты заңсыз аулаған 36 және 18 жастағы Жаңаөткел ауылының тұрғындары ұсталды. Тексеру кезінде ұсталғандардан 50 келіден астам ауланған балық пен қолдан жасалған балық аулайтын электр қармақ тәркіленді. Күдіктілердің пайда табу мақсатында қылмыс жасағаны анықталды. — Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 335-бабының 1-бөлігі «Балық ресурстарын,…

Read More

Жамбыл облысындағы Қаратау, Жаңатас және Шу секілді моноқалаларды дамыту республикалық және жергілікті атқарушы органдардың жіті назарында. Ел Үкіметі бекіткен Кешенді жоспар аясында Қаратау және Жаңатас қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарларының жобасы Ұлттық экономика министрлігіне жолданған. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте жан-жақты айтылды. – Қаратау мен Жаңатас қалаларын алдағы уақытта қалай дамытамыз? Олар Үкіметтен қандай жеңілдіктер мен преференциялар алады? Ондағы тұрғындарды қандай мәселелер толғандырады? Сол өзекті мәселелерді жедел шешіп, дамыту жоспарына сәйкес нақты жұмыстар жүргізуге тиіспіз, – деп атап өтті облыс әкімі. Қаратауда шешімін күткен мәселелер аз емес. Атап айтсақ,…

Read More

2022 жылдың 29 шілдесінде Тараз қалалық 2-полиция бөліміне облыс орталығының бірнеше тұрғынынан бейтаныс азаматшаның арзан бағамен қант жеткізіп беремін деп сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен қаржыларын иеленіп кеткені туралы арыз түсті. Келтірілген жалпы шығын көлемі 2000 000-нан асады. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Anti-fraud» жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

Таразда белгілі кәсіпкердің қызына жасалған қылмыстың жай-жапсары жарияланды. Оны 100 миллион теңге өтемақы талап ету үшін ұрлап кеткен, — деп хабарлайды 24.kz. Әйелге тапа-тал түсте шабуыл жасап, күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Жолда жәбірленуші қарсылық көрсетпек болған, бірақ оны ұрып-соғып, байлап қойған. Ол үш күн тұтқында болып, кейін босатылған. Ұрлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, қылмыскерлер ұсталып, сотталған. Алты адам 5 жылдан 13 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. «Мені үйге кіргізгенде бірден қолыма кісен салып, аяғымды лентамен орап, алғашқы екі күнде бір үйде ұстады, кейін неге екені белгісіз, олар мені екінші үйге апарды, басқа үйде ұстады. Жалға…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің президенті Каддуми Саад-Аль, Азия-Тынық мұхиты аймағы қолөнершілерінің дүниежүзілік кеңесінің вице-президенті Азиз Муртазаев, «Асыл Дизайн» сән үйінің «Аспара» брендінің бас дизайнері Айдархан Қалиевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енгізуге қатысты орамды ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Қонақтар осы жөніндегі халықаралық сараптамалық комиссия мүшелері болып табылады. Облыс әкімі өз сөзінде 2000 жылдан астам тарихы бар Тараздың өткені өнегеге, тағылымға бай екенін, бүгінде құндылықтарды жаңғырту жолында ауқымды жұмыстар жоспарланып, қолға алынып жатқандығын жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымызда 3435 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Олардың 5-уі — халықаралық ЮНЕСКО ның Бүкіләлемдік мәдени…

Read More

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде «Қарасора-2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының құмды аумағында  марихуананы кептірiп дайындап жатқан 51 және 58 жастағы азаматтарды ұстады. Ұсталғандардан жалпы салмағы 267 келi 300 гр «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Күдіктілер кiнәсын мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі заттарын, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

Әдетте, жастар саябаққа отбасымен, достарымен серуендеуге, ғашығымен кездесуге, сырласуға барып жүрсе, бұл күні облыс әкімі Нұржан Нұржігітовпен жүздесуге жиналды. «Жеңіс» саябағындағы ашық аспан астындағы кездесуде белсенді, талапты жастардың ұсыныс-пікірлері талқыланып, өзекті мәселелер қозғалды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Жыл басында өңірдегі жастарға талдау жасалып, зерделеу жұмыстары жүргізіліпті. Зерделеу нәтижесінде өңірдегі жастардың 10 пайызы білім алуға әрі жұмыс істеуге де құлықсыз екені белгілі болған. Дегенмен, биыл облыста жастар саясатын жүзеге асыруға 1,4 миллиард қаржы бөлініпті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл ретте жаңа бастамаларды іске асыру керек. Ал жастардың жақсы, ұтымды идеялары болса, жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп іске асыруға, көмек…

Read More