Автор: admin

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өңірдегі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер туралы кеңес өтті. Басқосуға облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев, аталған министрлікке қарасты құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков қатысты. Жиында алдымен Бақытжан Жүнісбеков облыстағы құрылыс саласына қатысты баяндама жасап, бірқатар маңызды жайттарға тоқталды. Оның айтуынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысы бойынша 94 жобаны іске асыруға 31,7 млрд. теңге бөлінген. Соның есебінен 314,4 мың шаршы метр әлеуметтік тұрғын үй (1…

Read More

Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі офицерінің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2022 жылдың 27 шілдесінде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екен анықталды.Дерек бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада. ҰҚК мәліметінше, Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмек көрсету шараларын қабылдап жатыр.

Read More

2022 жылдың 27 шілдесінде Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі  қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының құмды аумағында «Қарасора-2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөнінде көшпелі комиссия құрылған болатын. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жарнама үшін: 87088002208 (@tarazy.kz) Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 30 гектар жерден шабу арқылы 27 тонна жабайы сора өртелінді. Жалпы, профилактикалық іс-шара басталғаннан бері барлығы 60 тоннаға жуық жабайы қарасора жойылды.

Read More

2022 жылдың 26 шілдесiнде сағат 15:00 шамасында Тараз қалалық ПБ-ның жедел бақылау орталығына  белгісіз тұлға «33 жастағы азаматшаның Меркі шипажайына сөмкесіне жарылғыш заттар салып бара жатқаны» туралы хабарлаған. Оқиға орнына жедел түрде жеткен аудандық полиция қызметкерлерімен аумақты тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат және күдікті азаматша анықталған жоқ. Меркі АПБ және ҰҚК қызметкерлерiнiң жедел iздестiру шараларының нәтижесінде террорлық әрекет туралы көрiнеу жалған ақпарат берген 41 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексiнiң 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде түнгі 01:15 шамасында полиция қызметкерлері Тараз қаласы Шөлдала иіні аумағын патрульдеу кезінде күдік тудырған «ВАЗ-2104» маркалы көлігін байқаған. Көлікті тоқтатып, тексеру барысында 51 жастағы жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды. Сондай-ақ, ол жүргізу құжаттарының жоқ екенін мойындады. Оған қоса, 2020 жылдың желтоқсан айында сот шешімімен мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Медициналық куәландыру жүргізушінiң «орташа» дәрежеде iшiмдiк iшкенiн растады. Көлік арнайы автотұраққа қойылып, ал тәртіп бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен (көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдiк масаң күйдегi адамның…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жуалы ауданына жұмыс сапары барысында Теріс ауылының маңындағы «Баркуаб» археологиялық қалашығына барып, қазба жұмыстарының барысымен танысты. Тарихи қалашықтағы қазба жұмыстары 2018 жылы басталған. Оған дейін мұнда тек барлау экспедициялары жүргізілген. Бүгінде қалашықтың құпиясын ашу мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте «Арк ғылыми ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ескендірбек Төрбеков 2018-2019 жылдар аралығында біздің дәуірімізге дейінгі II ғасыр – біздің дәуіріміздің V ғасыры, біздің эрамызға дейінгі VI — XIII ғасырларға жататын 3000-нан астам артефактілер табылғанын жеткізді. Сонымен қатар, аталған елдімекеннен керамикалық ыдыстар, керамика фрагменттері, ұн тартқыштар және тасты диірмендер табылған. Археологиялық жұмыстар облыстық бюджеттен бөлінген…

Read More

Ағымдағы жылдың 28 шілде күні 15 сағат 06 минут шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, ҰҚК және «Охотзоопром «ӨБ» РМК инспекторларымен бірлескен іс-шара өткізу барысында Алматы облысы, Іле ауданының аумағында 3 браконьер ұстады. Олар БҚО, Алматы облысы және ҚХР тумалары. Іздеу барысында 2284 дана мүйіз табылып, тәркіленді, олар 26 қорапқа бөлініп салынған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов БАҚ өкілдерімен кездесуде өңірдің ағымдағы жылдың 6 айындағы негізгі даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарларына кеңінен тоқталды, — деп хабарлайды Tarazy.kz порталы. — Бірінші жарты жылдықта облыстың экономикалық өсімі 104,1 пайыз құрады. Өнеркәсіп (108,1%), ауыл шаруашылығы (102%), құрылыс (105,7%), тұрғын үй құрылысы (103,7%), сауда (105,3%), байланыс (101,9%)салаларында оң динамика қалыптасты. 155,8 миллиард теңге инвестиция тартылды(92,9%). 255 млрд. теңгеге көлік қызметі көрсетілді (98,5%). Инфляция деңгейі жыл басынан(2021ж .желтоқсанына)110%-ды құрады (ҚР–110,5%). Өзіндік кірістер 60 млрд. теңгеге (жоспар – 46,9 млрд. теңге)орындалып, 25,7%-ға артты (ҚР–119,2%),. Бюджет қаражаты 99,9%-ға игерілді (ҚР – 99,2%). Облыс әкімі лауазымына тағайындалған күннен бері Тараз қаласы, аудан…

Read More

Қарағанды облысындағы полигонда балалар жылына және Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған «Айбын» республикалық жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен бүгінде қазақстандық жастарға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жарысқа белсенді түрде қатысып, әскери іспен айналысуды құптадыңдар. Өздеріңнің жетістіктеріңді, білімдерің мен дағдыларыңды көрсеттіңдер, жаңа достар таптыңдар. Төзімділік сыналды», – деді Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов жиынға қатысушыларға. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Jas Sarbaz (@jassarbaz_qozgalysy) Жиынға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әскери-патриоттық клубтарының, Қарулы күштердің, басқа да әскер мен әскери құралымдардының әскери колледждерінің, мектеп-интернаттарының, «Жас ұлан»…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандардың жай-күйімен танысып, құрылыстардың барысын тексерді. Ең алдымен аймақ басшысы Теріс ауылындағы ескі Мәдениет үйінің бос ғимаратын көрді. Бірнеше жыл жеке меншікте болып, қараусыз қалған нысан бүгінде тозығы жетіп, жөндеуге жарамсыз күйге түскен. Бұған дейін бұл мәселені көтерген тұрғындардың өтінішін ескерген облыс әкімі ескі ғимаратты бұзып, орнына жаңа нысан салу қажеттігін атап өтті. Ол бойынша құжаттама жұмыстарын уақыт созбай пысықтау үшін аудан әкімдігіне нақты міндеттер жүктеді. Бұдан соң іргедегі дүкенге тосыннан кірген Нұржан Нұржігітов азық-түлік бағаларын тексерді. Дүкен иесіне үстеме ақыны талапқа сай 15 пайыздан асырмау керектігін ескертті. Келесі…

Read More