Автор: admin

Жамбыл облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының жаңа сипаттағы жобасы әзірленді. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде баса айтты, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Брифингте аймақ басшысы алдымен ағымдағы жылдың 6 айындағы негізгі даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, алдағы жоспарлар туралы кеңірек баяндады. Бірінші жартыжылдықта облыстың экономикалық өсімі 104,1 пайызды құраса, өнеркәсіп (108,1%), ауыл шаруашылығы (102%), құрылыс (105,7%), тұрғын үй құрылысы (103,7%), сауда (105,3%), байланыс (101,9%) салаларында оң динамика сақталған. Есепті кезеңде өңірге 155,8 млрд. теңге инвестиция тартылған. Басты талап – халықтың табысын арттыру, тұрмысын жақсарту, қордаланған мәселелерін шешу деген Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын жемісті жүзеге асыруға айрықша…

Read More

Жамбыл облысының Полиция департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылады. Полиция департаментінде осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин хабарлады. Жиын барысында жеке құрамға ҚР ІІМ-нің Алқа отырысында Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың алға қойған міндеттері жеткізілді. Жалпы, облыстағы жедел жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың 6 айында тіркелген құқық бұзушылықтар мен қылмыстар саны 1,1%-ға азайды. Есеп беру кезеңінде кісі өлтіру, зорлау, тонау, қарақшылық шабуыл, ұрлық және мал ұрлығы азайды. Патрульдік полиция бөліністерімен iзiн суытпай 361 қылмыс ашылды. Жыл басынан бері 286 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан бір тоннадан астам…

Read More

Ағымдағы жылдың 6 айында жамбылдық кәсіпкерлік субъектілеріне 10,5 млрд. теңге шағын несие берілді. Екі мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд. теңге грант бөлінді. БАҚ өкілдерімен кездесуде осылай деген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов кәсіпкерлерге жағдай жасау, мүмкіншіліктер ұсыну, мәселелерін шешу – басты талап екендігін атап өтті. — Саладағы жұмыстарды жетілдіру, инвесторлармен тығыз қарым-қатынас орнату әрі тиімділігін арттыру мақсатында 4 арнайы алаң жұмысын іске қостық.Біріншіден, апта сайын өтетін инвестициялық штаб жұмысын бастады. Штаб жұмысына әрбір кәсіпкер қатысып, өз жобасын таныстыра алады. Екінші кезекте, прокуратура жанынан құрылған сараптамалық кеңестің жұмысын жалғастырамыз. Ондағы мақсат, әрбір кәсіпкердің құқықтары мен мүддесін қорғау. Үшінші, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы…

Read More

Жамбыл облысының 2022 жылдың 6 айындағы даму қорытындысына арналған брифингте аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов Тараз қаласын дамыту жоспарына ерекше тоқталды. Облыс әкімі ендігі кезекте басымдық имидждік жобаларға емес, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен және кешенді түрде шешуге берілетінін атап өтті. Нұржан Нұржігітов облыс орталығының ирригациялық жүйелерін қалпына келтіру және дамыту жөніндегі жұмыстар іс-шаралар жоспары шеңберінде алдағы 3 жыл бойы жүргізілетінін жеткізді. Ағымдағы жылы 6 негізгі каналды механикалық тазалау жұмыстары басталған. Тараз қаласының кәріз тазарту жүйесінің мәселесін шешу үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. 15 шағын аудандағы инженерлік инфрақұрылым желілерін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінуде. — Тұрғындар мәселелердің шешімін жеке компаниялардан емес, жергілікті билік органдарынан күтеді.…

Read More

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде Жамбыл облысының әкімі аймақта биыл субсидияға 31,2 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырған 50 пайызға артқан, — деп хабарлайды Tarazy.kz сайты. — Аталған қолдау шараларымен әрбір ауыл, әрбір кәсіпкер, шарулар қамтылуы тиіс. Бұл жұмыстарды нәтижелі іске асыру – аудан, ауыл әкімдерінің негізгі міндеті,-деп атап өтті Нұржан Нұржігітов. Жалпы, 2021 жылы облыстың ауылшаруашылығы саласын қолдауға барлық көздерден 36,3 млрд. теңге, оның ішінде 19,4 млрд. теңге субсидия қаралған болса, биыл бұл мақсатқа 60 млрд. теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ, аймақ басшысы 2019 жылы бастау алған ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту бағытындағы пилоттық жоба өзінің жалғасын табатынын…

Read More

БАҚ өкілдерімен өткен кездесуінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов халықты көп толғандыратын мәселенің бірі – коммуналдық шаруашылық саласы екенін ашып айтты. — Халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін сапалы ауыз су мен көгілдір отынға қол жеткізу бағытында атқарылатын жұмыс бағытымызды айқындадық.Бүгінге облыстағы ауылдық елді мекендердің 269-ы (622 мың тұрғын) орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Биыл тағы 30 елді мекендегі  40,2 мың тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізеді.Сондай-ақ,  биыл қосымша 17 елді мекендегі 10 мың үй  газға қосылады.  Осылайша даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай облыстағы 371 елді мекен 100 пайыз ауыз сумен қамтылып, табиғи газды тұтынатын болады, — деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.…

Read More

Жамбылдық полицейлер волонтерлерге арнап кинология орталығына экскурсия ұйымдастырды. «LIDER.KZ» іздеу қозғалысының волонтерлері Жамбыл облысы Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығына экскурсияға барды. Іс-шараны ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Волонтерлер нұсқаушы-кинологтармен, қызметтік иттермен танысты. Оларға Кинологиялық қызмет орталығының жұмысы туралы айтылды. Қонақтар құқық қорғау органдарының төрт аяқты көмекшілерінің көрсетілімдерін тамашалады. Көрсетілім барысында есірткіні алмастыратын арнайы ұнтақтар қолданылды. Криминалистикалық одорологияға (одорология — иістер туралы ғылым) мамандандырылған «Лоя» және «Бава” атты қызметтік иттер есірткі іздеу бойынша өз дағдыларын көрсетті. Полиция қызметкерлері қонақтарға «Есірткісіз болашақ» тақырыбында дәріс өткізді. — Иттер адамдарға пайдалы көптеген функцияларды орындай алады. Олар қылмыстарды ашуда және тергеуде қажет.…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды. Алғашқы болып сөз алған ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев Сібір жарасы және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ошақтарын жою, алдын-алу мәселелері туралы баяндады. Профилактикалық және диагностикалық ветеринариялық іс-шараларға тоқталған ол жыл басынан бері сібір жарасына қарсы ауыл шаруашылығы жануарларынан 466 390 бас МІҚ, 3 026 700 бас ұсақ мал, 134 600 бас жылқы, 9800 бас шошқа, 5090 бас түйе вакцинациялаудан өткенін айтты. Облыс бойынша 189 сібір жарасы ошағы көмінділерінің барлығы талаптарға сай бетондалып, қоршалып, «Қауіпті аймақ» тақтасы ілінген. Дегенмен, жыл басынан бері сібір жарасы ауруына күдікті ретінде 11 адамнан сынама алынып, 5 адамнан…

Read More

«Үйі жоқтың күйі жоқ». Жамбылда 35 жасқа дейінгі жастар санатындағы 7140 тұрғын баспана кезегінде тұр, — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. Бұл ретте биыл өңірде «Әулиеата жастары» бағдарламасы іске қосылмақшы. Шілде айының 20-нан құжат қабылдауды бастайтын бұл бағдарлама негізінде осы жылы 35 жасқа дейінгі 50 отбасы баспаналы болады деп жоспарланып отыр. «Жаңа бағдарламаны облыс әкімдігі мен «Отбасы банк» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп жүзеге асырады. Баспаналы болу үшін жеңілдетілген шарттармен заем алуға 35 жасқа дейінгі жастар санатындағы мұғалім, дәрігер, мейірбике, спорт және мәдениет саласының маманы, журналистер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылыми қызметкерлерге мүмкіндік бар. Бағдарламаға қатысушылардың жұмыс өтілі 12 айдан кем…

Read More

Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына таңғы сағат 4:20 шамасында қаладағы мейрамханалардың бірінің алдынан белгісіз тұлғаның «Volkswagen Passat» маркалы автокөлікті айдап кеткені туралы хабарлама түсті. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қаладан шыға берісте облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны мас күйінде ұсталды. Күдікті өз әрекетін таңғы сағат 4-те таксиді тоқтата алмай, ал үйге қандай да бір жолмен жету керектігімен түсіндірді. Сондай-ақ, ол ұрлаған көлікпен қосымша ақша табуды ойлап, жолай жолаушыларды алып кеткісі келген. Бірақ полиция қызметкерлерін көріп, жасырынуға тырысқан. Нәтижесінде рульді басқара алмай, жол-көлік оқиғасын жасады. Сонымен қатар, күдіктінің 2019 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік…

Read More