Author: admin

Жамбыл облысында Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 8 қазанда сағат 02.45-те полицияға Жамбыл облысындағы «Бурный-Сұрым» өткелінде Қызылорда-Семей бағытындағы жолаушылар пойызының электрқондырғысында өрт болғаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы келіп, дереу өртенген вагонның екі жағын ағытып, 34 жолаушыны қауіпсіз вагондарға шығарды. «Пойыз бригадасымен бірлесіп, көлік полициясы патруль нарядының қызметкерлері Шамиль Керімбаев пен Ержан Майсупов жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, адам өміріне араша түсті», – делінген хабарламада. Бірлескен іс-шараның нәтижесінде жолаушылар зардап шеккен жоқ. Бұл дерек бойынша тергеу басталды.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленген болатын. Кешенді жоспар қант қызылшасының егіс алаңдарын кеңейту арқылы шикізат базасын ұлғайту, жаңа суармалы жерлерді іске қосу, суарудың су үнемдеу технологияларын енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту, қант қызылшасын қайта өңдеу бойынша зауыттардың қуаттылығын арттыру міндеттерін көздейді. Бүгінде осы бағыттар бойынша Жамбыл облысында ауқымды жұмыстар қолға алынып, жоспарлы межелер белгіленуде. Аймақта тәтті түбір алқабы жыл сайын ұлғая түсіп, өнімділігі арту үстінде. Ағымдағы жылы қант қызылшасы 5,5 мың гектарға егілсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш екі есе артады деп күтілуде. Оған мемлекет тарапынан қолдау ретінде төленетін субсидия көлемінің 15…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Тараз қаласының №14 және №15 шағын ауданының мәселелері талқыланды. Жиында №14 шағын ауданының құрылысы бойынша жобаның 3 түрлі нұсқасы ұсынылды. Олар бұған дейін жүргізілген инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілілеріне сәйкестендірілгендігі айтылды. Ұсынылған жобалар бойынша жаңа ауданның аумағы 100 гектардан асады. Онда көпқабатты тұрғын үйлермен қатар, онкологиялық диспансерлік орталық, IT лицей-интернаты, көпбейінді аурухана, оңалту орталығы, саябақ салу және тағы басқа нысандардың құрылысы жоспарланған. Облыс әкімі жауаптыларға бірінші нұсқа бойынша жобаны жетілдіруді тапсырды. Жаңа шағын аудан коммерциялық аумақ ретінде қалыптасуына айрықша назар аудартты. Инфрақұрылымдық желілердің әлеуеті барынша ескеріліп, ирригациялық жүйелердің реттілігіне де баса ден қою керектігін…

Read More

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жомарт саяжайында бір отбасының төрт адамы көмірқышқыл газына уланып қаза болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1970 жылғы үй иесі мен оның үш ұлы ұйықтап жатып уланған. Бәрі қаза болды. Бұл уақытта марқұмның әйелі, балалардың анасы үйде болмаған. Ол түнгі ауысымда жұмыс істеп, таңертең үйіне оралғанда туғандарының денесін тапқан. Балалардың үлкені 13 жаста болса, екеуі 8 жаста. «Отбасы бұл саяжайға екі ай бұрын Тараз қаласынан көшіп келген. Қаза тапқандардың анасы 1973 жылы туған азамат Іле ауданындағы мектептердің бірінде аспаз болып жұмыс істейді. Қайғылы жағдай болған күні марқұм күйеуі таңғы сағат 5-те…

Read More

Руководителя отдела образования Жамбылского района управления образования Жамбылской области Рину Жумадилову уволили из-за скандала 2013 года. Рина Жумадилова работала директором средней школы имени Б. Тайшапулы в селе Орнек. 14 января 2013 года приказом и. о. начальника отдела образования акимата Жамбылского района Жамбылской области с ней расторгли трудовой договор по основанию, предусмотренному подпунктом 16 пункта 1 статьи 54 Трудового кодекса РК «за совершение преступления в организации образования в период работы в должности директора средней школы имени Б. Тайшапулы». Оказалось, что в период с 2010-го по 2011 год при проверке школы обнаружились несуществующие дети, которые учились соседнем ауле в другом районе. Во…

Read More

Меркі ауданында заңдылықтың, құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Алдымен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Чалдовар», «Сыпатай батыр», «Меркі теміржолы» бақылау пункттеріндегі шекаралық бақылаудың техникалық құралдарымен танысты. Одан кейін жиында оған қатысушылар заңсыз көші-қонның қарсы әсері, мемлекеттік шекара режимінің бұзылуын болдырмау, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. 2020-2021 жылдары және 2022 жылдың 7 айында облыс аумағында шетелдік азаматтардың қатысуымен 387 қылмыс жасалған. Биыл өткен 7 айда ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы (ҚР-ның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша 55 қылмыстық іс, осы заңның 394-бабы (көші-қонды заңсыз ұйымдастыру) бойынша…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов жылыту маусымына барлық дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін аяқталатынын айтты. Өңірде 9 негізгі жылу энергетика кәсіпорыны және 565 автономды қазандық бар. Олар 1 647 көпқабатты тұрғын үй, 782 білім, 388 денсаулық сақтау, 467 мәдениет, 81 спорт нысанын жылумен қамтамасыз етеді. Жалпы көлемі 1,117 млрд. теңгеге жылыту маусымына дайындық іс-шаралары жұмыс кестесіне сәйкес толығымен атқарылды. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген облыстағы 1 647 көппәтерлі тұрғын үйдің бүгінгі күнге жылыту маусымына дайындығы 98 пайызды құрайды. Бюджеттік ұйымдарды жалпы 65,3 мың тонна…

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда. Айта кетейік, бүгінге дейін облыстағы түрлі деңгейдегі әкімдер халықпен 820-дан астам кездесу өткізсе, оның 23-і облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған. Бүгін аймақ басшысы Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдады. Басқосуларға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Облыс әкімі алдымен Аса ауылдық округінің тұрғындармен кездесті. Нұржан Нұржігітов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру барысына тоқталды. Аймақ басшысы Жолдаудағы «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту»,…

Read More

Шу ауданындық ауруханасына 23, 25 және 26 жастағы (екеу) төрт азаматтың оқ-дәрілермен жарақат алып түсті. Олардың бірі кейінірек аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Хабар Шу аудандық полиция бөліміне 2022 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 00.18-де ауруханадан келді.Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды.Аталған қылмысты жасағаны үшін Төле би ауылының 22 жастағы тұрғынын анықталды, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Қазіргі уақытта толық тексеру жұмыстары жүргізілуде және аудандық прокуратураның қадағалауымен қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларымен рұқсат етілген уақыт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жақын арада оқиғаға тікелей қатысқан жеткізілген адамдарға қатысты заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Read More

Таразда 14 жастағы кәмелетке толмаған бала 12-қабаттан секіріп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. «Жасөспірім оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болған. Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 105-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада. Жасөспірімнің өзіне қол жұмсау себептері анықталып жатқаны айтылды. Оның өлер алдында қалдырған хатын тиісті мамандар зерттейді.

Read More

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Талас ауданының әкімі болып Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы тағайындалды. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы, 1981 жылы туған. Білімі жоғары. 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мұнай және газ кеніштерін игеру және пайдалану», 2007 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «қаржы», 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы болып бастаған. Әр жылдары «Қазақстан Республикасы дзю-до федерациясы» қоғамдық бірлестігінің…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен жиында ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету, байланыс сапасын арттыру мәселелері қаралды. Басқосуда баяндама жасаған цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нокрабековтің айтуынша, Жамбыл облысындағы 371 елді мекеннің 183-і талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылған. Аймақ басшысы аудандық әкімдіктермен, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп, шалғай ауылдарды оптикалық-талшықты байланыс желілері арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін зерделеуді тапсырды. Облыстағы 258 елді мекен төмен жылдамдықты (2G/3G) интернетпен, 112 елді мекен жоғары жылдамдықты (4G) мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін тағы 163 елді мекен жоғары жылдамдықты (4G) мобильді интернетпен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда 11 елді мекен мобильді интернетпен…

Read More

Игембаев Ерқанат Ержанұлы – лейтенант. 2001 жылы 6 шілдеде Қарағанды облысы Қаражал қаласына қарасты Жәйрем кентінде дүниеге келген. 9-сыныптан соң Талғат Бигелдинов атындағы Қарағандыдағы әскери мектеп-интернатына оқуға түсіп екі жыл білім алған. 2018 жылы ҰБТ тапсырып, Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында 4 жыл бойы білімін шыңдаған. Қазіргі уақытта Жамбыл облысындағы Гвардейск гарнизонының 21451 әскери бөлімінде екінші взвод командирі. Әскери институттар арасында ғылыми жоба жарысына қатысып, бірінші орын алған. Домбыраның құлағында ойнайды, түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Дзюдо күресінен спорт шеберіне үміткер дәрежесі бар. Оңтүстік өңірлік қолбасшылығында (Шымкенттен Жаркентке дейін) 100-ге жуық лейтенанттар 10 күндік…

Read More

Жамбыл облысында жыл басынан бері 15,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 3,5 мыңы тұрақты жұмыс орындары. Бұл туралы аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Басқосуда облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ағымдағы жылдың сегіз айында атқарған жұмыстары қаралды. Аталған басқарма басшысы Еркін Келесов баяндама жасап, қалыптасқан көрсеткіштер мен өзекті мәсәлелерге тоқталды. – Негізі халықты жұмыспен қамту мәселелері биылдан бастап Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (ары қарай – Ұлттық жоба) аясында іске асырылуда. Биыл Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49 500 адам тарту жоспарланған болатын.Жыл басынан жоспар 96,9 пайызға орындалып, 47 983 адам белсенді шараларға…

Read More

Ертуған Төрен Серікұлы – 1992 жылы 6 желтоқсанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жетібай ауылында дүниеге келген. 7-сыныптан кейін Тараз қаласындағы облыстық дарынды балалар мектеп-интернатына түскен. Спорт мектебінде жүріп түрлі жарыстарға қатысқан. 03840 әскери бөлімінде қызмет етеді. Үш баланың әкесі. «Алты ағайындымыз, 4 ұл, екі қыз. Мен үйдің үлкенімін. Менен кейінгі інім Төрен Нұрсұлтан да спортшы, Әлем чемпионы, Азия чемпионы болған. Туған нағашым Тамбиев Досан 2006 жылы қаладағы спорт мектебіне алып келді. Қазір Құдайға шүкір, Халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін. 2010 жылы жастар арасында, 2011 жылы ересектер арасында Қазақстан чемпионы болдым. 2010-2016 жылдар аралығында Қазақстанның дзюдо құрамасында 73 келі салмақта өнер көрсеттім.…

Read More

Сембин Ернар Нұржанұлы – 2003 жылғы. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылының тумасы. Қазіргі уақытта Жамбыл облысы Меркі ауданындағы 11971 әскери бөлімінде борышын өтеп жатыр. Бес ағайынды, отбасында ортаншы ұл. Дзюдомен шұғылданып, гитарада ойнағанды ұнатады. «Әскерге келуге ағам себепкер болды. Мұнда келіп мінезім түзелді, еріншектік түбегейлі жойылды, жауапкершілік дегеннің не екенін түсінгендеймін. Еш қиындығы жоқ, мұнда уақыт тез өтеді, бір жыл бір айдай зу ете қалады. Батыстан келгеніме қарамастан, бұл жақтың жеріне, ауасына, адамдарына тез үйренісіп кеттім. Борышын өтеп жүргендер арасында жерлестерім де баршылық. Бастысы асханадағы тәтелерге «апа» демесең болды. Жалпы, болашақта хирург болғым келеді, мен осында келердің алдында өзім…

Read More

Мен бүгін Сіздерге бұрын соңды менің жазбаларымда аты көп аталмаған бір кісі жайлы сөз қозғамақпын деп жазды ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ақын әрі ұстаз Санжар Ғұлама өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Менің өткен өмірімде ерекше орны бар, келешекте де аты ұмытылмайтын, жаныма жақын бір кісі туралы сыр шертпекпін. Нұрбах Тұрарұлы Рустемов. Түркістан өңірінің құрметті азаматы, абыройлы да ардақты тұлғасы Нұрбах ағамның менің өмірімдегі атқарған үлкен рөлі хақында ағымнан ақтарыла сыр шертем. Ол кісінің басшылық қызметтегі жетістіктерін, атақ, мансабы жайлы, жалпы саясат жайлы сөз қозғамаймын. Жәй ғана Нұрбах ағамның бойындағы адами қасиеттерін тілге тиек етіп, бірсыпыра қайырымдылық істерін баян етпекпін. Менің тума жүрек…

Read More

Аға сержант Исаев Арай Кәдірбайұлы 1991 жылы 20 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген. 85395 әскери бөлімінде мото-атқыштар батальонында взвод сержанты лауазымында қызмет атқарады. 2020-2021 жылдар аралығында БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштер миссиясына қатысқан. Үйленген үш қызы бар. Бокстан спорт шеберіне үміткер. «Өзім бала кезден боксты және көкпарды жақсы көремін. Атам Ұлы Отан соғысының ардагері, әкем де әскери борышын өтеген. Сол себепті де мен бала кезден әскери адам болуды армандадым. Әскери адам болған соң басшылық қайда жіберсе де 100 пайыз дайынмын. Қапшағай қаласында іріктеуден өтіп, 120 адам Ливан мемлекетіне бітімгерлік миссиямен жеті айға аттандық. Онда басты міндетіміз бейбітшілікті сақтау болды. Ол жақта…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Айта кетейік, ҚР Үкіметімен Президент Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Ол жоспарды 5 негізгі бағыт бойынша іске асыру экономиканы сапалы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді деп көзделуде. Басқосуда аймақ басшысы Жолдаудың әр бағытына жеке-жеке тоқталып, өңірде атқарылуы тиіс жұмыстарды нақтылап, жауаптыларға тиісті міндеттер жүктеді. – Мемлекет басшысының Жолдауын нәтижелі жүзеге асыру – басты міндет! Жолдаудағы жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту мен бюджет саясатына қатысты тапсырмаларды…

Read More

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Алматы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында тұрғындар көмірді баяу сатып алып жатқанын айтты. Өскенбаевтың айтуынша, қоймаларда көмір жеткілікті болғанымен, мемлекеттік мекеме отынның былтырғы құнын ұстап тұру шараларын қабылдағанымен, бүгінгі таңда халық тұтынған көлемнің 31 пайызы ғана сатып алынған. Оның айтуынша, аталған облыстардың жергілікті атқарушы органдары шұғыл шаралар қабылдауы қажет. Алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындалу үшін әкімдіктер нысандарды уақытылы дайындау бойынша барлық жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, оның тапшылығын жою, көмір бағасының заңсыз өсуін болдырмау мақсатында көмір жеткізушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасауы қажет. монополияға қарсы департаменттің аумақтық бөлімшелерін тарту арқылы шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер…

Read More

Ерболат Ибрайханов пен Қанатбек Мәдібек Жамбыл облысы әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Ибрайханов Ерболат пен Қанатбек Мәдібек Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ерболат Ибрайханов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, цифрлық технологиялар салалары бойынша жетекшілік етеді. Қанатбек Мәдібек ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, табиғи ресурстар, жер қатынастары, ветеринария туризм салаларына жетекшілік етеді.

Read More

Орынбеков Бақытжан Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды. «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Тараз қалалық мәслихатының келісімдері бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлы Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды», – делінген хабарламада. Бақытжан Орынбеков 1971 жылы туған. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» және «тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген. Ол еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы «Заман» фирмасында бөлім бастығы болып бастаған. Әр жылдары «Делдал» жеке кәсіпорны директорының орынбасары, «Жамбыл-Құпарлылық» АҚ-ның механигі, «Шығыс Таңы» Сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС-нің бас директоры, «Тараз көлік жолы» ЖШС-нің президенті, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»…

Read More

Нұр-Сұлтан қаласында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Екі күнге жоспарланған (3-4 қыркүйек күндері) шарада түрлі өнімдер нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен өткерілуде. Жәрмеңке «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаңда ұйымдастырылған. Мұнда барлығы 90 шаруа қожалығы мен кәсіпорын 423,2 млн теңгенің 495,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімін әкелген. Азық-түлік өнімдерінің алуан түрі ұсынылуда десек, олардың қатарында 62 тонна жылқы, сиыр және қой еті, 38,8 тонна сүт өнімдері, алты мың жұмыртқа, 10 тонна кондитерлік, 13 тонна макарон өнімдері, 10 тонна балық, алты тонна бал, 5,5 тонна мақсары майы және 336,1 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 10 тонна қант және тағы басқалар…

Read More

Таразда Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы және Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойына арналған «Ғұмыр-дария» атты ән мен жыр кеші өтті. «Баласағұн» орталық концерт залында өткен шараға ақынның оқырмандары, қалың жұртшылықпен бірге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов те қатысты. Кеш басталмас бұрын фойеде келушілерге арналып «Алатау» фольклорлық ансамблінің орындауында Мұхтар Шаханов әндерінен радио-фон концерт ұсынылды. Қонақтар алдымен ақын шығармашылығына арналған Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көрмесін тамашалады. Шара барысында алдымен үлкен экраннан Мұхтар Шаханов туралы замандастар пікірлері беріліп, қаламгердің «Танакөз» поэмасы желісімен сахналанған композициясы көпшілікке әдемі әсер сыйлады. Автор көпшілік оқырманмен сұхбаттасып, ой-орамдарымен, парасатты пікірлерімен бөлісті.…

Read More

2022 жылдың 31 тамызында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың тұрған жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қаласының көпірлерінің бірінің астынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған орынды тапты. Қара түсті полиэтилен пакеттен «МР-79-9» травматикалық тапаншасы, маркасы белгісіз 2 тапанша, көзден жас ағызатын 1 граната, 5,45 мм калибрлі 22 патрон, 9 мм калибрлі 27 патрон, 12 калибрлі 5 патрон және «Макаров»маркалы тапаншасының оқжатары тәркіленді. Сот – баллистикалық сараптама тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке…

Read More

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қатардағы сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты іс бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараздағы бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тараздың мамандандырылған тергеу соты оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция тағайындады. ҚР ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмеуіне байланысты тергеп-тексеру барысы және қылмыстық істің мән-жайлары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмейді.ҚР ІІМ баспасөз қызметі Қылмыстық іс ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі, яғни «Билігін, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланудың ауыр зардаптарға әкеліп соғуы» бойынша қолға алынғаны нақтыланады. 19 тамызда атыраулық әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағаны…

Read More

Жамбыл облысында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 6 жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылында облыстағы барлығы 447 мектепте 244 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. Биыл 23 мыңға жуық жамбылдық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданған. Жалпы, өңірде адам капиталын дамытудың негізі болып саналатын білім саласына айрықша назар аударылуда. Ағымдағы жылы білім саласына 244,4 млрд.теңге бағытталды десек, бұл облыс бюджетінің 50 пайызынан асады. Саладағы инфрақұрылымды жетілдіре түсу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылы 22 білім нысанының құрылысына 7,6 млрд. теңге қаржы қарастырылып, бүгінге дейін оның 6-ы пайдалануға беріліп үлгерілген. Ал, жаңа оқу жылының басталуына…

Read More

Жамбыл облысындағы кәмелетке толмаған ағайындылар көрші ауылдағы әкесіне бармақ болып, жүк пойызының соңғы вагонына мініп, кейін секіріп түскен. Қазір екі бала ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz. Оқиға 29 тамыз күні кешкі уақытта болған. Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүріп бара жатқан жүк пойызындағы балаларды шопан байқап, полицияға хабарлаған. Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 9 жастағы бала Билекөл ауылының маңынан, ал оның 7 жастағы інісі Жұма станциясының маңынан табылды. Балалар ауруханаға жатқызылды.Көліктегі полиция депарматентінің баспасөз қызметі Ведомствоның мәлімдеуінше, балалар Жамбыл облысы Тамды ауылындағы әжесінің үйінде болған. Қараусыз қалған балалар көрші ауылда тұратын әкесіне баруды ұйғарған. Сол үшін вокзалда балалар жүк пойызының соңғы…

Read More

Көрген кезде жігерлендіріп, бойымызды ерекше сезімге бөлейтін рәміздеріміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – әр қазақ мақтан тұтатын, халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарға айналды. Рәміздерімізді қастерлеу Сіз бен Біздің ортақ парызымыз! «Әскери медиа» жобасы аясында әскери салада жүрген сарбаздар, сержанттар және офицерлердің қызметтік борышынан бөлек, қарапайым өмірдегі қызығушылықтары, өмірлік ұстанымдары және елдің дамуына қосып жатқан үлесі жазылады. Бұл іс-шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың қолдауымен «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырып жатқан «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясындағы «Әскери медиа» шағын грант негізінде жүзеге асырылып отыр.

Read More

Лондонда өткен ағылшын тілі олимпиадасында тараздық оқушы Ихсан Ілесов алтын медаль жеңіп алды. Одан бөлек қазақстандық жасөспірімдердің еншісінде 1 күміс, 1 қола медаль бар, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Төрт ұлым бар, Ихсан үшіншісі. Екінші балам мен үшінші баламның жас айырмашылығы 10 жас. Ихсанның ағылшын тілін жетік білуіне Сарыкемер ауылында ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейтін үлкен ұлымның еңбегі зор. Ал екінші балам Қызылорда қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінде жұмыс істейді және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде биология мамандығы бойынша оқуын аяқтайды», – дейді жетінші сынып оқушысының анасы Ләззат Ілесова. Ихсан Илесов Тараздағы жекеменшік мектептердің бірінде оқиды. Айтуынша, тіл олимпиадасы ол үшін үлкен…

Read More

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағындағы өрт салдарынан болған қайғылы оқиғаға бір жыл толып отыр. Әскери бөлім аумағында инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыс салдарынан қаза болған 17 адамды еске алуға арналған ескерткіш ашылды. Аталған мемориалдың ашылу рәсіміне «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, Жамбыл облысы әкімдігінің, оңтүстік өңірдің әскери прокуратурасының өкілдері, сондай-ақ қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындары мен туыстары қатысты. Рәсімге жиналғандар қаза болғандарды бір минут үнсіз тұрып еске алды. Күштік құрылымдардың өкілдері, қызметтестері, туыстары мен жақындары қаза тапқандар туралы естеліктерін айтып, олардың жанқияр батырлығы жайлы сөз етті. Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының…

Read More

Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының алғашқы әскери және технологиялық дайындық кабинетінің күнтізбелік жоспарына сәйкес 2022 жылдың 26-27 тамыз күндері аралығында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының оқушыларымен және колледж студенттерінің арасында облыстық шатырлық лагері өткізілді. Мақсаты әскери-патриоттық клубтарының жұмысын жандандыру; салауатты өмір салтын қалыптастыру және каникул кезінде балалар сауықтыру демалысын олардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған. Шатырлық лагерінің қорытындысы бойынша:1-орын; Атырау қаласы, Бесікті орта мектеп-интернатының «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының оқушылары2-орын; Мақат ауданы ,Х.Санбаев атындағы орта мектебінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының оқушылары3-орын; Атырау қаласы, Қ.Қайсенов атындағы орта мектебінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбының оқушылар иленді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация…

Read More

Қазақстанның әскери қызметшілері Халықаралық армия ойындарының үш сайысында жеңімпаз атанды. «Артиллериядан оқ ату шеберлері», «Тактикалық мерген» және «Меридиан» жарыстары аяқталып, олардың қорытындысы бойынша қазақстандық жауынгерлер көш бастап тұр, – деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz.  «Артиллериядан оқ ату шеберлері» Жамбыл облысындағы «Гвардейск» полигонында жекелей сайыс, түнгі спринт және эстафета кезеңдерінен тұратын байқау өтті. Бұл жарысқа Армения мен Қазақстан Қарулы күштерінің командалары көк түсті тартқыш техникада өнер көрсетті. Әзербайжан, Беларусь және Тәжікстан құрамаларына бөлінгені жасыл түс. Қызыл түсті техника Венесуэла мен Қырғызстан командаларына берілді. Ресей мен Зимбабвенің зеңбірекшілері тапсырмаларды сары техникада орындады.  Бірінші кезеңнің жеке жарысында біздің артиллеристер барлық тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Көрсетіш уақыты –…

Read More

Тәжбаев Ғазиз Серікұлы – Қостанай қаласының тумасы. Ресейдің Екатеринбурге қаласындағы теміржолшылар университетін тәмамдаған. 2021 жылдың күзінен Жамбыл облысы Гвардейск гарнизонындағы №12 танк бригадасында борышын өтеп жатыр. Ант қабылдау кезінде мыңдаған сарбаздар арасынан іріктеліп, офлайн/онлайн түрде ант берген. «Оқуда жүргенімде университет құрамасының атынан КВН ойнайтынмын, жолаушылар вагонында жолсерік болып жұмыс істейтінмін. Әскерде жүріп, өзімде айтарлықтай өзгерістерді байқаймын. Көптеген сарбаз мұнда біраз нәрсенің қадірін біледі: уақыт, тәртіп, қолжетімділік. Бұрындары әскер туралы ойым мүлде басқа еді, мұнда келген соң өзгеше екенін байқадым. Жас бала болып келіп, жігіт болып шығатын жер. Мен үшін әскер – ересек өмірге деген терезе болды. Әскери борышымды өтеп болған…

Read More

Лейтенант Фоменко Дмитрий Борисұлы. Арнайы барлау топ командирі. Есік қаласының тумасы, 1999 жылғы. Құрлық әскерлері институтын алтын белгімен тәмамдаған. Жас лейтенанттар жиынында үздік атанған, грамота және медаль иегері. «Барлаушылар жиындарының нәтижесінде тиімді тәжірибе алмасамыз. Қажетті нормативтерді орындаймыз. Арнайы жаттығулар, «барлаушы кедергілерінен» өтеміз, қарудан оқ атамыз. Сол себепті жиындардың маңызы өте зор. Әскери адам болу бала кездегі арманым еді. Әскерге дейін жеңіл атлетикамен шұғылдандым және кітап оқығанды жақсы көретінмін. Көптеген ғылыми және тарихи кітаптар оқыдым. Барлаушы болу үшін физикалық дайындығы, моральдық-психологиялық тұрғыдан мықты болу қажет. Қазіргі арманым – генерал болу және Арнайы операциялар күштері (ССО) құрамына ену», – дейді Дмитрий Фоменко.…

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда. Бүгінге дейін облыс бойынша 610 кездесу өтсе, оның 20-сы аймақ басшысының қатысуымен ұйымдастырылған. Бұл жолы облыс әкімі Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты. Алдымен Билікөл ауылдық округінің орталығы Қарабастау ауылындағы Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездескен Нұржан Нұржігітов сан сауалға жауап беріп, мәселелелерді шешу бойынша жоспарлы шараларға тоқталды. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер Лесбек Түгелбайұлы өздерінің аудан орталығынан алшақ орналасқандықтарын, талай жылдан бері бұл ауылға облыс әкімі алғаш рет келіп тұрғанын…

Read More

2022 жылдың 17 тамызында Меркі ауданы полиция қызметкерлерімен «Қарасора-2022» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында осы ауданның құмды алқаптарының бiрiнен 27 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Тiнту кезінде күдіктінiң сөмкесінен 6 келi 520 гр кептiрiлмеген марихуана есірткі заты тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бапқа сәйкес 3 жылдан 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жалпы, «Қарасора-2022» iс-шарасы аясында Меркі ауданы полиция қызметкерлерімен 15 қылмыстық іс ашылған.

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданында өткен “Егінжай күні – 2022” семинарына қатысты. Тәжірибе алмасу мақсатында «Qyzylsha» ЖШС-нің егістік алқабында ұйымдастырылған шараға барлық ауданның әкімдері мен олардың ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін орынбасарлары, елімізге белгілі ғалымдар, арнайы мамандар шақырылған. Қонақтар  алдымен аванкамерамен және  «Келет» компаниясының насос қондырғыларымен, техника, тыңайтқыш, пестицид пен тұқым көрмесімен, «Qyzylsha» ЖШС-нің қант қызылшасы, картоп, дәндік жүгері, мақсары және «Шығын» ШҚ-ның пияз алқабымен танысты. Сондай-ақ,  «Volmant» компаниясының су үнемдеуге негізделген «Valley» қондырғыларын көрді. Семинар барысында еліміздің әр өңірінен келген он бес компания 30-ға жуық ауыл шаруашылығы техникасын және жабдық түрлерін көпшілік назарына ұсынды. Жиынның ашылуында аймақ…

Read More

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы лауазымына полковник Зейнелов Нурбол Қуантқанұлы тағайындалды. 1974 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген, үйленген, 3 баласы бар білімі – жоғарғы, мамандығы «Құқықтану» әскери қызметте 1997 жылдан бастап 2011-2016 жылдар аралығында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және шақыру басқармасының бастығы 2016-2017 жылдар аралығында Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және шақыру басқармасының бастығы 2017-2018 жылдар аралығында Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының…

Read More

Патрульдік Полиция батальоны қызметкерлерімен қала аумағын патрульдеу кезінде жолда жүру ережесін бұзған «BMW» маркалы автокөлігі тоқтатылған. Автокөлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында көлікті Тараз қаласының 17 жастағы тұрғыны тізгіндегені анықталды. Толық мән-жайды білу үшін жасөспірімнің ата-анасы полиция бөліміне шақыртылды. Жасы кәмелетке толмаған жасөспірімге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен (көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 61260 теңге көлемінде айыппұл салынды. Еске сала кетейік, Республика аумағында 18 шілдеден бастап «Қауіпсіз жол» айлығы жүргізілуде.

Read More

Ағымдағы жылдың 14 тамызында таңғы сағат 6:30 шамасында Тараз қаласы Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан мөлтек аудандардың біріндегi тұрақтан «ВАЗ» маркалы автокөлігінің жоғалғандығы туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Байзақ ауданының 33- жастағы тұрғыны анықталды. Күдікті қала аумағында Ресей мемлекеттік тіркеуінде тұрған аталған маркадағы автокөліктердi түнгі мезгілде ұрлап, басқа облыс тұрғындарына төмен бағада сатып отырған. Бүгінгі күнге дейін 13 автокөлікті ұрлаған. Күдікті толығымен өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1- тармағымен (автомобильді құқыққа сыйымсыз иемденіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жамбыл облысы Полиция департаменті осыған ұқсас ұрлықтың…

Read More

Жамбылдық полицейлер алғашқы дозадан-ақ тәуелділікке әкеп соғатын есірткінің ең ауыр түрлерінің бірі героин сатумен айналысқан күдіктіні ұстаған бейнежазбаны жариялады. Күдікті ұзақ уақыт бойы облыс орталығының аумағында аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын өткізумен айналысқан. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында үйінен жалпы салмағы 10 грамм «героин» табылып, тәркіленді. Жедел-іздестіру шаралары  Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ҚР Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің «Бүркіт»  арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесе «Қарасора-2022» республикалық іс-шарасы  аясында өткізілді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жарнама үшін: 87088002208 (@tarazy.kz) Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. – Қазіргі…

Read More

Жыл басынан бері Жамбыл облысының аумағында 853 жол-көлік оқиғасы орын алды. 141 адам қаза тапты.  Статистикалық талдау көрсеткендей, ЖКО-ның 98 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болған. Негізгі себептер – жылдамдық режимінің асып кетуі және көлік жүргізу кезінде ұйықтап кету, қарсы жолға шығу жағдайлары болуда. Жамбылдық полицейлер жүргізушілердің назарын осы мәселеге ерекше аударып, «шок терапиясы»акциясын өткізді. Тараз көшелерімен және республикалық автожолдарда апаттан зақымдалған автокөлігі бар эвакуатор жүріп өтті. Көліктің төбесінде өлім бейнесіндегi кейіпкер болып, тәртіп пен жүргізушілердің жауапсыздығы қайғылы нәтижеге әкелетінін ескерттi. Эвакуатор жол полициясы экипажының сүйемелдеуімен сағатына 20 шақырым қауіпсіз жылдамдықпен жүрді. Осылайша, полиция автокөлік иелерін көлік жүргізу кезінде сергек болуға шақырды.…

Read More

С начала года на территории Жамбылской области произошло 853 ДТП. Погиб 141 человек.  Статистический анализ показывает, что 98 процентов ДТП произошли по вине водителей. Основными причинами являются превышение скоростного режима и сон за рулем, выезд на встречную полосу. Жамбылские полицейские решили обратить внимание водителей на эту проблему необычным способом и провели акцию «Шоковая терапия». По улицам Тараза и республиканской трассе проехал эвакуатор с разбитым в ДТП автомобилем. На крыше автомобиля стояла смерть с косой напоминая о том, что низкая дисциплина и безответственность водителей все чаще приводят к печальному исходу. Эвакуатор двигался с безопасной скоростью 20 километров в час в сопровождении…

Read More

Тараз қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығына сағат 23:50 шамасында Жуалы ауданының тұрғынынан 11 және 12 жастағы балаларының үйден шығып, қайта оралмағандығы жайлы хабарлама келіп түскен. Аталған дерек бойынша Полиция басқармасының жеке құрамы және ерікті азаматтардың қатысуымен қала аумағындағы саябақтар, қараусыз қалған ғимараттар, базарлар мен жасөспірімдердің баруы мүмкін деген жерлердің барлығы жіті тексерілді. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің тәулік бойы жүргізген  іздестіру жұмыстарының нәтижесінде таңғы 07:20 шамасында қала iшiнде орналасқан көпірдің бірінің астынан ұйықтап жатқан жасөспірімдер табылды. Қазіргі таңда балалар аман-есен ата-анасына табысталды. Олармен арнайы психолог мамандар профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Жалпы, талдау нәтижелеріне сәйкес, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Жамбыл облысы…

Read More

Тараз қаласы Полиция басқармасына 31 жастағы қала тұрғыны хабарласып, мөлтек аудандардың бірінде кешкі сағат 21:00 шамасында велосипедiнiң ұрланғандығы туралы арызданды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 60 мың теңгені құрайды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 29 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктінiң айтуынша, ол ұрланған велосипедті сатып, ақшасына алкогольдік ішімдік алмақшы болған. Ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша велосипед ұрлығының 65 дерегі тiркелiп, қазіргі уақытта оның 54-i ашылды. Негізінен велосипед ұрлау дерегi көпқабатты үйлердің кiреберiстерiнде, дүкендер мен супермаркеттердің жанында орын алуда. Құрметті, тұрғындар!…

Read More

Жамбыл облысы тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «12 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаров алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, оған 45 миллион теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», – делінген хабарламада. Айта кетейік, Джапаров 2020 жылдың қыркүйегінде субсидия төлеу заңдылығы бойынша оңтайлы аудиторлық есеп беруге ықпал еткені үшін кәсіпкерден 3 миллион теңге алған болатын.

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді. Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Аймақ басшысы алдымен Тамды ауылдық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуде Тамды ауылдық округінің әкімі Рауан Асқаров жыл басынан бері ауылда іске асқан ілкімді жобалар жайында, ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады. Бұдан соң тұрғындар аймақ басшысына ауылда қордаланған мәселелерді шешу бойынша өтініштерін жеткізді. Ауылдықтарды негізінен су каналын жөндеуден өткізу, күрес залы мен балабақша салу, жол жөндеу мәселелері алаңдататыны белгілі болды. Облыс әкімі барлық сұрақтарға…

Read More

Жамбыл облысының орталығында сенбі күні таңертең мемлекеттік қайраткер Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президенті Болат Қажыақбар, Эльдар Қонаев, Диар Қонаев, Асанәлі Әшімов және қаланың құрметті азаматтары қатысты. Дінмұхамед Қонаев Қазақстан Компартиясы ОК-тің Бірінші хатшысы (1960-1962 және 1964-1986 жылдары), КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі (1971-1987 жылдары), үш рет Социалистік Еңбек Ері атағын алған (1972, 1976 және 1982 жылдары). Сурет: Болат Қажыақбар

Read More

Жамбылдық полицейлер ұрланған қаруларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын үздіксіз жүргізуде. Мәселен, ПД КПБ қызметкерлері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, Тараз қаласында орналасқан зират аумағынан қара түсті полиэтилен пакетін тапты, нәтижесінде 2 тапанша, 1 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 17 патрон және бронежилеттің 1 темір қалқаны тәркіленді. Сондай-ақ, 2022 жылғы 4 тамызда ПД КПБ қызметкерлері УЖД 158/1 қызметкерлерімен бірлесіп, Жамбыл ауданының аумағынан ақ түсті полиэтилен пакетін тапты. Оның ішінен ПД-дан ұрланған 1 автомат, 1 қос ауызды тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. 2022 жылғы 8 тамызда облыс орталығы аумағында тас үйіндісінің астынан көк түсті қап табылып, оның ішіндегі 1 тапанша, 1 тегіс ұңғылы аңшы…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы алдымен Үшарал ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты. Амбулаторияға қарасты Арал, Қайыр ауылдық медпунктері жұмыс істейді десек, онда 2 дәрігер мен 10 мейірбике еңбек етеді. Жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын «НИК-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Стандартқа сай нысан газ, су, жарықпен қамтылған. Президент тапсырмасына сәйкес бүгінде Жамбыл облысында медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда. Облыстың даму жоспары бойынша 2025 жылға дейін өңірде дәл осындай 60 нысан салу көзделген. Кезең-кезеңімен іске асатын ол жобалардың биыл жиырмасы пайдалануға берілмек. – Облыста 367 ауылдық елдімекен болса, қазір…

Read More

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету айлығын өткізу кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері республикалық және аудандық маңызы бар жолдарды күшейтілген режимде патрульдеуде. Сарысу ауданында айлық барысында «Нива» маркалы көлікті мас күйінде басқарған Жаңатас қаласының 57 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, жол қозғалысы ережесін өрескел бұза отырып қашып кетуге тырысқан. – Сондай-ақ, бұрын күдіктінің сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оған сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді…

Read More

Жамбыл облысы Полиция департаментінің «Халық Қаһарманы полиция капитаны Ғ.Байтасов» атындағы оқу-жаттығу полигонында ПД қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыс өткізілді. Жарысқа ПД бөліністерінен және аудандық полиция бөлімдерінен барлығы 19 команда, 66 қызметкер қатысты. Мергендіктерi сынға түскен сайыста үздік өнер көрсеткен Байзақ ауданының полиция бөлімі командалық бірінші орынды иеленсе, екінші орын ПД Кадр саясаты басқармасына бұйырды. Ал үшінші орынды Тараз қ. Полиция басқармасы иеленді. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде әйелдер арасында ПМ-2 жаттығуында 1-орынды ПД Оқу-жаттығу взводының инспекторы полиция майоры Айжан Ракишева, 2-орынды ПД Кадр саясаты басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Гүлмира Қойшыбаева, 3-орынды Жуалы аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Меруерт…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, жай-күйімен танысты. Аймақ басшысы алдымен «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің панелді тұрғын үйлер құрылысы комбинатында болып, жұмысына қанықты. Кәсіпорын темір-бетон бұйымдарын, нақтырақ айтқанда су шаруашылығына қажетті каналдар, көпірлер, мелиоративтік лотоктар мен жеке құрылыс жүргізуге және қабырға панелдерін, арақабырғалар (перегордки) шығарумен айналысады. Комбинат базасында өткен шағын кеңесте «БиномСтройДеталь» ЖШС-нің әлеуетін кеңінен пайдалану, панелді технологиясының тиімділігі мен мүмкіндігін мектеп салуда да қолданып көруге ұсыныстар айтылып, жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді. Бұдан соң облыс әкімі Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжіне барды. Оқу ордасының қызметімен, педагог құрам мен студенттердің жетістігімен танысты. Колледж ғимаратының А корпусы сонау 1920…

Read More

Биыл 19 шілдесі мен 18 тамызы аралығында Жамбыл облысы аумағында “Қауіпсіз жол» айлығы жүргiзiлуде. Осыған орай, Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі алаңында жол қозғалысы тәртібін сақтау үшін жұмылдырылатын полиция қызметтері мен бөліністерінің саптық жиыны өтті. Аталмыш жиында департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ербол Тайбеков жол қауіпсіздігін сақтау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру кезіндегi негізгі ережелер туралы жеке құрамға нұсқаулық өткізді. Жалпы, «Қауіпсіз жол» айлығының мақсаты – жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің назарын жол ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару болып табылады. Полиция қызметкерлері акция басталғалы 17 713 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады. Мас күйінде көлік құралын басқарған 63 жүргізуші…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалінің қатысушыларымен кездесті. Аймақ басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығына тоқталып, оның тарихы терең Тараз төрінде өтуі үлкен мәртебе екендігін атап өтті. – Тәуелсіздік жылдары қаншама қандас бауырларымыз елге, Отанға оралып, мемлекет қамқорлығына алынды. Оның 79,3 мыңы біздің облысқа қоңыстанды. Ағымдағы жылдың өзінде өңірге қоныс аударған 350 отбасының 474 адамына қандас мәртебесі берілді. Бүгінде сырттағы ағайын-бауырлармен мәдени-рухани байланыстарды жандандырудың түрлі жолдары қалыптасуда. Оның бір дәлелі – өздеріңіз қатысқалы отырған «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі. Фестивальге әлемнің 9 елінен 35 өнерпаз бауырымыз қатысуда. Былтыр аталған фестиваль Кереку жерінде ұйымдастырылса, биыл Әулиеата…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте кірістерді қалыптастыру мәселесі қаралды. Жиында 2022-2023 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірістерін ұлғайту, қосымша резервтерді қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жоспарының орындалу барысы талқыланды. Алғашқы болып сөз алған ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Уалихан Әлібеков ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы бойынша бюджеттің кірістері туралы баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың алты айының қорытындысына сәйкес рейтингтік көрсеткіштерді (10 индикатор) жүргізу кезінде Жамбыл облысы Республикадағы өңірлер арасында жалпы 77,44 баллмен екінші орынға тұрақтаған. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуы 117,6 пайызды, республикалық бюджет 102,6 пайызды, ал жергілікті бюджет жоспарының…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен Шу қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Шағын қаланың шырайын кіргізіп, болашағын жарқын ету мақсатындағы жасалып жатқан бүгінгі қадамдар мен жүйеленуі тиіс жұмыстар зерделенген жиында аудан әкімі Сәкен Арубаев баяндама жасады. 38 230 тұрғыны бар Шу қаласы 8 алқаптан тұрады. Тұрғындарға «Темір жол су» ЖШС және «Ауыз су» кәсіпорны ауыз су жеткізумен айналысады. Аудан әкімінің мәліметіне сай қала тұрғындарының 70 пайызы таза ауыз суға қол жеткізген. «Ендігі кезекте «Қант зауыты», «Жанкулиев», «Жайсан», «Горгаз» аталатын 4 тұрғын алқабын ауыз сумен қамту қажет. Биылға «Қант зауыты» тұрғын алқабына қаржы бөлініп, мердігер анықталуда, нысан келесі жылға…

Read More

Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар инвесторлардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды, – деп хабарлайды Тarazy.kz порталы. Нақтырақ айтсақ, «Korcem» ЖШС бас директоры Станислав Щербаков «Жамбыл облысы Қордай ауданында жылдық қуаттылығы 1,2 миллион тонна цемент зауытының құрылысын жүзеге асыру жобасымен таныстырды. Ал, «НұрХим» ЖШС директоры Нұржамал Нұрманалиева аралас кешенді минералды тыңайтқыштар және киім тігін бұйымдары өндірісінде, «Qazaq Soda» ЖШС бас директоры Ибраимов Рамазан кальцийлендірілген сода өндіру зауытының құрылысына қатысты мәселелерге назар аудартты. Аймақ басшысы аталған жобалар жүзеге асқанда ашылатын жұмыс орны, өндірілетін өнім көлемі және оның өткеру нарығы, түсетін инвестициялардың ауықымына айрықша көңіл бөлді. Нұржан…

Read More

Жамбыл облысының Гвардейск полигонында минаатқыш есептоптар арасында Халықаралық әскери ойындар шеңберінде өтетін сайысқа қатысушы командалар қазақстандықтар тарапы дайындаған әскери техниканы қабылдады. Сайысқа жарамды техника, толық тексеруден өткен МТЛБ (жеңіл брондалған көп мақсатты тартқыштар) конкурсқа қатысушылар арасында жеребе тастау арқылы бөлінді. Нәтижесінде Армения мен Қазақстан Қарулы күштерінің командалары көк түсті тартқыш техникада өнер көрсетеді. Әзербайжан, Беларусь және Тәжікстан құрамаларына бөлінгені жасыл түсті. Қызыл түсті техника Венесуэла мен Қырғызстан командаларына берілді. Ресей мен Зимбабвенің зеңбірекшілері тапсырмаларды сары техникада орындайды.  Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Әскери медиа (@as_media2022) Бөлінген техниканың жай-күйіне қатысушы елдер өкілдерінің шағымдары жоқ. – Техниканың бәрінің күй жақсы,…

Read More

Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғындарынан алаяқтық дерегі бойынша арыз түсті. Олар пәтер алу үшін кезекті алдына жылжытып беремін деп айтқан азаматшаға сеніп, қомақты қаражат ұсынған. Азаматша қала тұрғындарынан қажетті соманы алған соң мүлдем байланысқа шықпай, ақшаны өз қажеттілігіне жаратып отырған. Келтірілген шығын сомасы 14 миллион 95 мың теңгені құрайды. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін қауіпсіздік шараларын естен…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды. Алғашқы болып сөз алған энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев қысқы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, зерделеулер кезінде орталық және автономды қазандықтар мен әлеуметтік нысандардың дайындығы, техникалық жай-күйлері, негізгі және резервтік отын қорларымен қамту мәселелері бойынша бірқатар кемшіліктер анықталған. Бүгінде оларды реттеу үшін тиісті тапсырмалар беріліп, жұмыстар жүргізілуде. Басқарма басшысы штабтың жұмыс тобымен қыркүйек айынан бастап аталған жұмыстардың орындалуы зерделенетіндігін жеткізді. Облыс әкімі қазандықтарды дайындыққа келтіру жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс екендігін ескертті. Сондай-ақ, тұрғындар көмір тапшылығы және баға…

Read More

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен КАЛЕНДЕРОВ НҰРЖАН СӘБИТҰЛЫ Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Нұржан Сәбитұлы 1976 жылы Тараз қаласында туған. Ол 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған. Әр жылдары Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Тараз қалалық бөлімшесінде аға маман, Жамбыл облыстық бөлімшесінде бас маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, облыс әкімдігінің қаржы басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған. 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданының әкімі, 2013 жылдың маусым-желтоқсан аралығы Қордай…

Read More

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов Меркі ауданына іссапармен барып, ондағы бірқатар өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Алдымен Аспара ауылында болған аймақ басшысы елді мекендегі 220 орынды №2 мектептің жағдайын көрді. Ертеректе жатақхана болып, кейінірек білім ордасына айналған оқу ошағында қазір екі ауысымда 300-ге жуық бала білім алуда. Бұған қосымша, мектептің бір бөлігінде 50 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектеп директоры Бауыржан Мамырбаевтың айтуынша, іргетасы 1986 жылы қаланған ғимараттың орнына 150 орындық жаңа мектеп бой көтерсе, бұл нысан болашақта балабақша ретінде пайдаланылмақ. Келесі кезекте Нұржан Нұржігітов Ақермен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ауылдықтар көкейлеріндегі өзекті сауалдарын жолдап, жауаптар алды. – Облыс аумағындағы барлық елді мекендерге,…

Read More

Ағымдағы жылдың 7 тамызында Жамбыл облысының Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қордай ауылының көшесінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, аспанға қарумен оқ атқан автокөлік жүргізушілерін анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Олардың барлығына әкімшілік жаза тағайындалып, автокөліктері айып тұрағына қойылды. Атап айтқанда, «Lexus 570» маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігімен, мемлекеттік нөмірсіз жүргені үшін 590-баптың 2-бөлігімен және 590-баптың 10-бөлігімен (алдыңғы терезесіне перде салу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы автокөліктің алдыңғы жолаушысы отыратын орнынан қарумен жоғарыға оқ атқаны үшін 21 жасар ауыл тұрғыны ҚР ӘҚБтК 436-бабының 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылып, тіркелген аңшы мылтығы…

Read More

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мұнай өнімдерін шетелге экспорттаудың көлеңкелі схемаларын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Осы бағытта Департамент жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде жан-жақты тексерулер жүргізуде. Бүгінгі танда жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, басқа мұнай өнімдерін атын жамылып, жанар-жағармай материалдарын экспорттау деректері анықталды. Кейбір жағдайларда жосықсыз кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан. Құрметті азаматтар мен кәсіпкерлер! Егер Сіз жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету деректері туралы хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректерге тап болсаңыз, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментке тәулік бойы…

Read More

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Таразда есірткі таратқан 25 және 19 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту кезінде күдіктілерден таратуға дайындалған және 15 пакетке салынған мефедрон алынды. Олардың әлеуметтік желілердегі хат-хабарларын зерттеу кезінде есірткіге бетбелгі қойылғаны анықталды.  Полицейлер есірткіні тұтынушыға жібермеу, бетбелгілерді іздеу және жою үшін шұғыл шаралар қабылдады. Сондай – ақ «клиенттермен» хат алмасуда көрсетілген геометрия бойынша полиция қызметкерлері Таразда және оның маңында салынған бетбелгілерді алты сағат ішінде жойды. Іздеу әрекеті соңғы бетбелгі орнын пысықтағаннан кейін түнде аяқталды. Нәтижесінде мефедронның 29 бетбелгісі анықталып, дәлел ретінде қосылды. Екі есірткі сатушыны ұстау нәтижелері бойынша барлығы мефедронмен 44…

Read More

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Баймурзин Арманбек Хакимбекұлы жеке құрамға өзінің орынбасарын таныстырды. ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Мұратұлы Ахметжановтың 05.08.2022 жылғы № 417 ж/қ бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Қасенов Нұрғали Нұрсоветұлы тағайындалды. Нұрғали Қасенов 1972 жылы Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызмет жолын 1997 жылы Тараз қаласы 1-ПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы лауазымынан бастаған. Сондай-ақ түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс жасаған және кадр саясаты, қоғамдық қауіпсіздік басқармасы қызметтерінде тәжірибесі мол қызметкер. Қазіргі уақытқа дейін ҚР ІІМ Штаб-департаментінің бақылау және жоспарлау басқармасының бастығы…

Read More

Тараз қаласының Полиция басқармасына 41 жастағы қала тұрғыны хабарласып, бейтаныс ер азаматқа алданып қалғанын айтты. Азаматшаның айтуынша, ол танысына қатысты жүргізіліп жатқан қылмыстық іске көмек көрсету үшін заңды өкілі есебінде қорғаушы жалдайды. Соттың өндірісіндегі іске көмек көрсету үшін оған сұрауы бойынша 500 000 теңге ақша береді. Бірнеше күн аралығында істің мән-жайын толық анықтап, мәселені шешу үшін тағы 100 000 теңге жіберуін сұрайды. Өзін қорғаушымын деп таныстырған азамат қомақты қаражатты алған соң байланысқа шықпай, оның алдап кеткендігі белгілі болады. Жедел іздестіру шаралары барысында Тараз қ. Полиция басқармасының тергеу тобымен облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі…

Read More

На прошедшем под председательством акима Жамбылской области Нуржана Нуржигитова совещании были всесторонне проанализированы вопросы контроля за ценами на продуктовые товары, мониторинговой работы, обеспечения социальных магазинов, готовности хранилищ, – передает Тarazy.kz.   – Главное требование – усилить работу по стабилизации цен на социально значимые товары. Для этого у нас приняты необходимые меры, подготовлен план. Да и потенциала достаточно, чтобы проводить эту работу на должном уровне. И тем не менее мы не можем сказать, что деятельность ответственных за этот процесс лиц удовлетворительна, – дал свою оценку аким области и поинтересовался ходом выполнения данных ранее поручений. Руководитель управления сельского хозяйства доложил о текущем…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік тауарларының бағаларын бақылау, мониторинг жұмыстары, әлеуметтік дүкендердің қамтылуы, сақтау қоймаларының дайындық барысы туралы жан-жақты сараланды, – деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық. – Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылауда ұстау, тұрақтандыру жұмыстары – басты талап. Ол үшін бізде қажетті шаралар қабылданып, жоспар әзірленген. Бұл тұрғыда әлеуетіміз де жеткілікті. Дегенмен, осы орайдағы жауаптылардың жұмыстары ойдағыдай дей алмаймыз,-деген облыс әкімі бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын сұрады. Жиында сөз алған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Көкөніс сақтау қоймаларының ағымдағы жағдайы және шаруашылықтармен жасалған форвардтық келісім шарттар жөнінде баяндады. Облыс әкімінің шаруашылықтармен сауда орындары арасында делдалсыз өнімді өткеру жөніндегі…

Read More

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Құрметті тараздықтар, қадірлі жерлестер! Міндеттің басталатыны сияқты, аяқталатын да кезеңі болады. Ол – заңдылық. Сондықтан мен өзімнің Жамбыл жеріндегі қызметімді тоқтатып, тағы бір өмір белесінен өттім», – деп жазды Ержан Жылқыбаев. Ол 1 жылдан аса облыс әкімінің орынбасары ретінде 9 басқармаға жетекшілік еткенін, ал былтыр наурыздан бастап Тараз қаласының әкімі болып тағайындалғанын айтты. «400 мыңнан аса тұрғыны бар облыс орталығына басшы болу – халықтың әл-ауқатын жақсарту, сан-салаға серпін беру, қаланы көркейту, халық сенімінен шығу сияқты міндеттерді жүктеді. (…) Баршаңызға алғыс білдіремін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш…

Read More

Жұмыстары сапасыз әрі бекітілген кестеден кешіккен мердігерлер үшін шара қолдануда ешқандай сылтау қабылданбайды. Облыстағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларындағы нысандардың күрделі жөндеу жұмыстарының барысы қаралған жиында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов осылай деді. Басқосуда білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов биыл 17 мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатқанын жеткізді. 11 мектептегі күрделі жөндеу бекітілген кестеге сәйкес аяқталады деп күтілуде десек, 3 мектептегі жұмыстар кешігуде. Ал, екі мектептің мердігерлері кеш анықталуына байланысты тапсыру мерзімі қараша айына жоспарланған. Бір мектептің жөндеу жұмыстары келер жылға өтпелі болып табылады. Сол секілді биыл денсаулық сақтау саласындағы 8, мәдениетте 6, спорттық 1 нысанның күрделі жұмыстары жоспарланған.…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында халықаралық даму банктері арқылы құрылысы жүргізіліп жатқан каналдардың жайы қаралды. Жиынға ҚР Экология, геология жне табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Нұржан Алдамжаров, «Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасов қатысты. Аймақ басшысы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы (ИДЖЖ-2) аясында өңірде біршама жұмыстардың қолға алынғандығын айтып, жауаптылардан сол шаралардың барысы туралы сұрады. «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының директоры Қазыбек Бедебаев су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады. – Қазір алқапқа су беру бағытындағы жұмыстар жоспарлы жүзеге асуда. Халықаралық даму банктері арқылы қазіргі кезде 6 мердігер жұмыс істеуде. Аудандардағы каналдар, ұңғымалар…

Read More

Қарағанды және Ұлытау облыстарында жастарға 1 миллион теңге көлемінде грант беріледі 2022 жылы «Zhas project» жобасы пилоттық режимде еліміздің Алматы, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында жүзеге асырылуда. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қарағанды және Ұлытау облыстарында «Zhas project» жобасын іске қосты. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бірлесіп жасалуда. Жоба аясында Қарағанды және Ұлытау облыстарының жастарына сомасы 1 миллион теңге көлеміндегі 63 жобаға қолдау көрсетіледі. Мақсаты – жастарды елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өміріне кеңінен тарту, жұмыспен қамту, сондай-ақ, әлеуметтік осал топтардағы жастарды қолдау. Жобаға 18 және 28 жас…

Read More

Республиканское общественное объединение «Единая детско-юношеская организация «Жас Ұлан» запустило проект «Zhas project» в Карагандинской и Улытауской областях. Проект реализуется совместно при поддержке Министерства информации и общественного развития РК и НАО «Центр поддержки гражданских инициатив». В рамках проекта будет поддержано 63 проекта на сумму 1 миллион тенге для молодежи Карагандинской и Улытауской областях. Цель проекта – широкое вовлечение молодежи в социально-экономическую жизнь населенных пунктов, обеспечение занятости, а также поддержка молодежи из социально уязвимых слоев населения. В проекте могут принять участие молодые люди в возрасте от 18 до 28 лет. Особый приоритет будет отдан уязвимым слоям молодежи. То есть это, имеющая статус…

Read More

Қарағанды және Ұлытау облыстарының жастарына 1 миллион теңге көлемінде грант беріледі, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасованың айтуынша, жоба аясында сомасы 1 миллион теңге көлеміндегі 63 жобаға қолдау көрсетіледі. «Біздің ұйым Қарағанды және Ұлытау облыстарында «Zhas project» жобасын іске қосты. Мақсатымыз жастарды елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өміріне кеңінен тарту, жұмыспен қамту, сондай-ақ, әлеуметтік осал топтардағы жастарды қолдау. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бірлесіп атқарады», – дейді Динара Сәдуақасова. Ұйым басшысының айтуынша, жобаға 18 және…

Read More

«Қарасора-2022» жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп,  елді мекенге  жақын құмды аймақта қарасора жинаумен айналысқан Тасөткел ауылының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде шабылып, кептіруге қойылған, салмағы шамамен 69 келі қарасора есірткі заты табылды. Тиісті сараптамалық қорытынды алынды. Күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жарнама үшін: 87088002208 (@tarazy.kz) Аталған дерекке қатысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296- бабы 4- бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. – Өткізу мақсатында есірткі құралдарын жинау бойынша айыбы дәлелденген жағдайда, күдікті…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басшылығымен кездесуінде несиелендірудің тетіктері және өңірдегі ауқымды жобалар туралы айтылды, – деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. Басқосуда Еуропа қайта құру және даму банкінің тұрақты инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Бахтиёр Файзиев банктің елдегі үлесіне тоқталды. Еуропа қайта құру және даму банкі энергетика және тұрғын-үй, табиғи ресурстар, телекоммуникация, өндіріс, қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік, туризм, сауда, агробизнес сынды экономиканың негізгі секторларына қолдау көрсетуде. Соның ішінде жалпы қаржының 51 пайызы инфрақұрылымға 18 пайызы табиғи ресурстар және 17 пайызы энергетика саласына аударылған. Банк елдегі жетекші салаларға бас аяғы 295 келісім шарт жасаса, оның жалпы…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте облыстағы азық-түлік сақтау қоймаларының дайындығы және әлеуметтік дүкендерді азық-түлікпен қамту мәселелері қаралды, – деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. Оның айтуынша, облыстағы жалпы сыйымдылығы 255,9 мың тоннаны құрайтын 236 сақтау қоймасының 81-і мұздатқышпен жабдықталған (47,2 мың тн). Ал, облыс бойынша мерзімаралық кезеңде (4 ай.  қаңтар-сәуір)  мұздатқышы бар қоймалардың қажеттілігі 57,7 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда Мойынқұм және Талас аудандарында бірде-бір көкөніс сақтау қоймалары жоқ десек, Шу және Сарысу аудандарында мұздатқышпен жабдықталған қоймалар салынбаған. – Облыста биылғы жылы 2,2 млн. тоннаға жуық негізгі және сұранысы жоғары жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру көзделуде. Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төралығымен өткен кеңесте балық шаруашылығын дамыту, күл-қоқысты жинақтау, сұрыптау және өңдеу мәселелері талқыланды. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Айбар Әділбақов күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс аумағында 142 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі бар. Бүгінгі күнде 78 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары 69 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Дегенмен, 64 балық шаруашылығы су айдындары әлі күнге бос тұр. Бұлар жыл соңына дейін Шу-Талас облысаралық балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп бекітіліп берілетін болады.…

Read More