Автор: admin

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. Жергілікті атқарушы органдардың халықпен кері байланысы бойынша облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмухаммед Ниязбеков, баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Асқарұлы, цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нокрабеков баяндама жасады. Олар әлеуметтік желіде көтеріліп жатқан өзекті мәселелер, басшылардың белсенділігі, өтініштерге жауап берілу деңгейіне қатысты талдаулар қорытындысына тоқталды. Аймақ басшысы бірқатар кемшіліктер бойынша аудан әкімдері мен басқарма басшыларынан жеке-жеке жауаптар алып, алты айдың қорытындысымен нақты шешімдер қабылданып, шаралар қабылданатынын ескертті. Күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және бюджеттің атқарылуы, 6 айдағы болжамдық көрсеткіштер туралы…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратының мәжіліс залында инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. Оған бірқатар инвесторлар келіп, өздерінің жоба-ұсыныстары мен мәселелерін айтты. Ұсынылған инвестициялық жобалардың қатарында керамика-гранит зауытының құрылысы, су электр станциясын салу, құрамында алтын бар кенді бастапқы өңдеу жөніндегі өндірістік кешен, ескі шиналарды жинау, қайта өңдеу секілді және басқа да маңызды жобалар болды. Олардың кейбірі инфрақұрылым, жер бөлу мәселелерін шешіп беруді сұрады. Аймақ басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жергілікті билік қашан да мүдделі екенін айтып, ұсыныстарды жан-жақты қарастыру бойынша жауаптыларға нақты тапсырлармалар жүктеді. Сондай-ақ, басқосуда облыс әкімі штабтың бұған дейін отырыстарында…

Read More

БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында облыстық «Atyraý» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті. Мемориалдық тақта 1989-2002 жылдары «Atyraý» газетінің редакциясы орналасқан бұрынғы ғимараттың күншығыс бетіне орнатылды. Осылайша алдағы ғасырлық той өз бастауын алып жатыр. Салтанатты шараға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сағадат Әжіғалиев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген, «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ардагерлері және облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті редакциясының қызметкерлері қатысты. Салтанатты шарада «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Исатай Балмағамбетов, ардагер-журналист Ермек Биғали сөз сөйлеп, облыстың төл газеті туралы естеліктерімен бөлісті. «Ғасырлық белес ішінде редакцияда талай майталман қаламгерлердің үлкен толқыны шыңдалып шыққаны да біз үшін…

Read More

23 маусымда жауған нөсер жауынның салдарынан Жамбыл облысы аумағындағы Ырғайты өзенінің суы тасып, ауыл көшелерін су алды, тұрғын үйлердің екі шаруашылық құрылысы қирап, мал шығыны болды, деп хабарлайды Zakon.kz. «23 маусымда сағат 20.00-де Қордай ауданы, Үлкен Сұлутөр ауылында нөсер жаңбыр түріндегі жауын-шашынның салдарынан Ырғайты өзенінің бойында сел болды. Салдарынан ауыл көшелерін су басты. Сондай-ақ су ағынының салдарынан жеке тұрғын үйлердің 2 шаруашылық құрылысы қирады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Алдын ала мәлімет бойынша мал шығыны бар. Жергілікті атқарушы органның комиссиясы залал мөлшерін анықтап жатыр. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация…

Read More

Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Полиция қызметінің қалыптасу кезеңдерінде кәсіби шеберліктерін, адалдықтарын мойындатқан, тіпті, қызмет жолында қаза болған әріптестеріміз аз емес. Оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында Халық Қаһарманы атағын алған алғашқы әрі жалғыз полицей Ғазиз Байтасовтың ерлігі мәңгі өшпес өнеге. Сондай-ақ тәуелсіздік алған жылдары Жамбыл облысы Полиция департаментінің 37 қызметкері мемлекеттік марапаттарға ие болып, 23 қызметкер «Ерлігі үшін» медалімен, 13 қызметкер «Айбын» орденімен наградталған болатын. Осы ретте, мерейлі мерекеге орай Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында батыр полицейлердің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді. Іс-шара барысында қатысушылар қызмет бабында қаза болған полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалында болып, бірқатар мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, дәріс оқыды. Аймақ басшысы өз сөзінде мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы айтып өтті. — Мемлекеттің дамуы мен өркендеуі мемлекеттік қызметшінің білімі мен біліктілігіне, нәтижелі де ұтымды еңбегіне тікелей байланысты.Сондықтан мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой әрі үлкен жауапкершілік.Халықтың сенімін ақтау – мерейлі міндет. Ел тәуелсіздігі жылдарында мемлекеттік қызмет саласында бірқатар реформалар жүзеге асырылып келеді.Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді. Бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде,-деді өз…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Талас ауданына жұмыс сапары Бостандық ауылындағы «Зерхат» шаруа қожалығымен танысудан басталды. Аймақ басшысына мұнда ауданның ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен негізгі көрсеткіштер баяндалды. Аудан бойынша егістіктікке жататын жердің көлемі 21643 гектарды құраса, оның 76 пайызы игерілуде. 220 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізілген. 2022-2025 жылдары салада жалпы көлемі 3 млрд. 54 млн. теңгені құрайтын 65 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Субсидия беру, техникаларды жаңарту, су каналдарын тазалау, балық шаруашылығын дамыту бойынша қолға алынып жатқан шаруалар да баршылық. Облыс әкімі мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктерді, субсидияларды тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталып, ол бойынша ауылдық округ…

Read More

Жамбыл облысында тіркемесіне 25 тонна қарбыз тиелген КамАЗ аударылды. Жолда шашылған қарбыздарды көліктер таптап өтіп жатыр, – деп хабарлады КТК арнасы. Апат болған сәтте машиналардың да аялдауына тура келді. 25 тонна қарбызы бар КамАЗ Түркістаннан Таразға келе жатып, орта жолда аударылған. Полицияның мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жүк көлігі теңселіп барып жол жиегіне төңкерілген. Көлік тізгіндеген 28 жастағы азамат жарақат алып ауруханада жатыр. Ал қарбыздың кімге тиесілі екені, әрі оның қанша шығынға ұшырағаны әзірге белгісіз.

Read More

«Коммерсанть» дереккөздеріне сүйене отырып, Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының жаңа басшысы болып Тюменьдік Есенғали Ибраев сайланды деп жазады newsroom.kz. Ол Тюменьдегі кезектен тыс съезде бес жыл мерзімге сайланды. Е. Ибраев жаңа қызметінде Ресей мен Қазақстан арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға ерекше назар аударатынын мәлімдеді. «Біз түрлі өңірлердегі қазақ ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, Ресейдің ұлттық саясатының міндеттерін шешуде мемлекеттің сенімді серіктесі болуға ұмтылатын боламыз. Одан әрі іс-қимыл өзіндік қазақ мәдениетін сақтауға, халық дипломатиясы желісі бойынша Ресей мен Қазақстан әріптестігінің дамуына жәрдемдесуге, Ресей ұлтының бірлігін нығайтуға бағытталатын болады» Ресей президенті әкімшілігінің ішкі саясат жөніндегі ұлттық саясат бөлімінің меңгерушісі Татьяна Вагина Түмен облысында этномәдени секторды…

Read More

Жамбылдық полицейлер бөгде адамның көлігін ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасаған мас ер адамды ізін суытпай ұстады. Ағымдағы жылдың 13 маусымында сағат 15:30 шамасында «102» тетігіне 23 жастағы жігіт автокөлік ұрлығы туралы өтінішпен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, «Chevrolet Lanos» маркалы көлік Меркі ауылындағы Мәдениет үйінің жанында болған. Көліктің иесі абайсызда есіктерді құлыптамай қалдырған. Белгісіз біреу көлік салонына кіріп, оны ұрлап кеткен. Белгілі болғандай, автокөлік ұрланғаннан кейін тәртіп бұзушы жол-көлік оқиғасын жасаған. Күдікті тұлға бірден ұсталды. Медициналық куәландыру көрсеткендей, ол мас күйде болған. Аталған дерекке қатысты Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінің  200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысының Полиция департаменті автокөлік ұрланған…

Read More